Жаңалықтар

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы (ағылш. Manchester United Football Club; ағылшынша айтылуы [ˈmæntʃɛstə ju:ˈnaɪtɪd]) — Үлкен Манчестер графтығына (феодалдық иелік) кіретін Стретфорд қаласының ағылшын кәсiби футбол клубы. 1878 жылы алғаш құрылған кезінде атауы «Ньютон Хит (Ланкашир энд Йоркшир Рейлуэй)» болған, кейінірек 1902 жылы «Манчестер Юнайтед»-ке өзгерді. Әлемдегi ең әйгiлi футбол клубтарының қатарына кіреді. 1992 жылғы ағылшын Премьер-лигасының негізін салған клубтардың бірі. «Манчестер Юнайтед»-тің жергілікті стадионы — «Олд Траффорд» — 1910 жылы ашылған болатын. «Олд Траффорд» Англиядағы Уэмблидан кейiнгі ең iрi футбол стадионы болып табылады және бұл стадионға 76 мыңға тарта көрермен сыяды. «Манчестер Юнайтед» ең әйгілі ағылшын клубтарының бірі болып табылады. 1986 жылдың 27 қарашасында команданы сэр Алекс Фергюсон қолға алуынан бастап, «Манчестер Юнайтед» 27 трофейлерді ұтып, соңғы 20 жылда - Англия футболының ең табысты клубы болып саналады. 2010/11 маусымында «Манчестер Юнайтед» «Ливерпуль» көрсеткiшiнен асып түсіп, рекордтық 19-шы ретке Англия чемпионатын ұтып алды. 1968 жылы «Манчестер Юнайтед» «Бенфика» португалдық футбол клубын финалда ұтып (4:1), Еуропа чемпиондарының кубогін ұтқан бiрiншi ағылшын клубы болып табылады. 1999 жылы «Манчестер Юнайтед» мюнхендік «Баварияны» финалда ұтып (2:1), Еуропа чемпиондарының кубогін екінші мәрте жеңіп алады. 2008 жылы «Манчестер Юнайтед» лондондық «Челсиді» финалда ұтып, Чемпиондар лигасын тағы бір мәрте ұтып алды. Бұдан басқа, «Манчестер Юнайтед» Англия Кубогінің рекордсмен жеңімпазы болып табылады (11 мәрте жеңімпаз). «Манчестер Юнайтед» қазіргі кездегі әлемнің ең табысты футбол клубтарының үштігіне кiредi. 2011 жылдың сәуiрiнде Forbes журналы клубты $1, 86 миллиардқа бағалады. 1986 жылдың 6 қарашасында Рон Аткинсон бас жаттықтырушы қызметінен босатылғаннан кейін оның орнына сэр Алекс Фергюсон тағайындалды. 2011 жылдың ақпанында мансабын бітірген Гари Невиллды Неманья Видич ауыстырды. Клуб формасының түсі, формасы, эмблемасы. Клуб «Ньютон Хит» атында болғанда әр түрлі түсте ойынын көрсеткен, соның ішіндегі әйгілі түсі 1878 - 1892 және 1894-1896 жылдардың сары-жасыл жейделері. «Ньютон Хит» формасының басқа комплектісі қызыл-ақ түстерімен (1892—1894) және түгел ақ түсінен (1896—1902) тұрып, екі комплектісі де көк шортыдан тұрды. 1902 жылы клубтың аталуы «Манчестер Юнайтед» болып ауысқаннан кейін, клубтың түстері қызыл жейделеріне, ақ шортысына және қара шұлыққа ауысып, «Манчестер Юнайтед» ойынының стандарт комплектісі болып қалыптасты. Ең әйгілі ережеден ерекше болған формасы 1909 жылғы Англия кубогінің финалында «Бристоль Ситиге» қарсы шыққан қызыл лентамен құралған «V» әрпінен тұрған ақ түсті формасы болды. Бұл дизайн 1920 жылдары қайта жаңарған. 2009/2010 мерзімінде «Олд Траффорд» ойынына 100-жылдығына байланысты меншікті және қонақтық клубының формасына «V» әрпі қайта жаңарды. Қонақтық формасының негізінде көбінесе ақ жейделер, қара шортысы және ақ шұлықтан тұрды, алайда кей кездері ерекшеліктері болып тұрды. Мысалы, 1903-1916 жылдарда команда ақты-көкті жейделерінде өнерін көрсетсе, 1994-2003 жылдары қара жейделерінде шығып, 2000 жылы горизонтальды күміс жолақтардан тұрған қаралы көк формасымен ойнады. Ең танымал қонақтық комплектерінің бірі 1995/96 мерзіміндегі түгел сұр түсінен тұрған формасы болды. «Манчестер Юнайтедтың» бұл формасымен бірде-бір ойындарды ұта алмағаны үшін, олардан бас тартуға мәжбүр етті. «Саутгемптон» және «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойынының үзілісінде, клубтың 3:0 ұтылып тұрғаны үшін, форманы ақты-көкті түске ауыстыруға шешім қабылданды, алайда матч «Манчестер Юнайтедтың» 3:1 есебінің жеңілісімен аяқталды. Футболистердің айтуы бойынша, сұр түс көзге түсерліктей бола алмады, сонымен команда ісінің тиімділігіне нашар әсерін тигізді.  «Манчестер Юнайтед» үшінші резервтік формасы 1968 жылы УЕФА чемпиондар лигасын ұтқан құрметіне орай дәстүрлі көк түс болып келеді. Қазіргі кезде «Манчестер Юнайтед» негізгі формасы ақ жағалы қызыл жейдеден тұрады. Клуб логотипі жейденің сол жағында, ақ түсті Nike логотипі оң жағында, ақ түсті Aon логотипі жейденің орта жағында тұрады. Бұл жейде қызыл жолақты шорты мен жілікшіктегі қызыл шевронды қара шұлықты комплектісінен тұрады. Ағымдағы қонақтық формасы — иықтағы қызыл және қара жолақтан тұратын ақ түсті болса, шортысы қара түсті болып келеді. Үшінші формасы — бүйір мен мойын жақтарында көк жолақтан тұратын және жейде ортасындағы көк шевронды қара жейде. Жаға қызыл түсті жамаудан тұрады. Жағаның артқы жағында MUFC әріптері орналасқан. Клуб логотипі жейденің үстіңгі сол жағында ақ түсінің өрісінде орналасқан. «Манчестер Юнайтед» логотипі бірнеше рет ауысқанмен, негізгі тұлғасы бір қалпында қалып өзгермеді. Клуб эмблемасының дизайны Манчестер қаласының елтаңбасында негiзделген. Эмблемадағы сайтан команданың «қызыл сайтандар» лақапатына негізделген. Бұл лақап атты Мэтт Басби 1960 жылдары «Солфорд Сити» регби клубының атына негізделіп алған. 1960 жылдардың соңында клуб бағдарламаларында және бөкебайларда сайтан пайда бола бастаса, 1970 жылы ресми қолында үшашалы жезлді ұстаған сайтан қалыптасты. 1998 жылы логотип тағыда өзгерді: ендігі жағдайда эмблемадан Football Club сөзі жоғалды.
05.12.2012 11:14 3352

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы (ағылш. Manchester United Football Club; ағылшынша айтылуы [ˈmæntʃɛstə ju:ˈnaɪtɪd]) — Үлкен Манчестер графтығына (феодалдық иелік) кіретін Стретфорд қаласының ағылшын кәсiби футбол клубы. 1878 жылы алғаш құрылған кезінде атауы «Ньютон Хит (Ланкашир энд Йоркшир Рейлуэй)» болған, кейінірек 1902 жылы «Манчестер Юнайтед»-ке өзгерді. Әлемдегi ең әйгiлi футбол клубтарының қатарына кіреді. 1992 жылғы ағылшын Премьер-лигасының негізін салған клубтардың бірі.

«Манчестер Юнайтед»-тің жергілікті стадионы — «Олд Траффорд» — 1910 жылы ашылған болатын. «Олд Траффорд» Англиядағы Уэмблидан кейiнгі ең iрi футбол стадионы болып табылады және бұл стадионға 76 мыңға тарта көрермен сыяды.

«Манчестер Юнайтед» ең әйгілі ағылшын клубтарының бірі болып табылады. 1986 жылдың 27 қарашасында команданы сэр Алекс Фергюсон қолға алуынан бастап, «Манчестер Юнайтед» 27 трофейлерді ұтып, соңғы 20 жылда - Англия футболының ең табысты клубы болып саналады. 2010/11 маусымында «Манчестер Юнайтед» «Ливерпуль» көрсеткiшiнен асып түсіп, рекордтық 19-шы ретке Англия чемпионатын ұтып алды. 1968 жылы «Манчестер Юнайтед» «Бенфика» португалдық футбол клубын финалда ұтып (4:1), Еуропа чемпиондарының кубогін ұтқан бiрiншi ағылшын клубы болып табылады. 1999 жылы «Манчестер Юнайтед» мюнхендік «Баварияны» финалда ұтып (2:1), Еуропа чемпиондарының кубогін екінші мәрте жеңіп алады. 2008 жылы «Манчестер Юнайтед» лондондық «Челсиді» финалда ұтып, Чемпиондар лигасын тағы бір мәрте ұтып алды. Бұдан басқа, «Манчестер Юнайтед» Англия Кубогінің рекордсмен жеңімпазы болып табылады (11 мәрте жеңімпаз).

«Манчестер Юнайтед» қазіргі кездегі әлемнің ең табысты футбол клубтарының үштігіне кiредi. 2011 жылдың сәуiрiнде Forbes журналы клубты $1, 86 миллиардқа бағалады.

1986 жылдың 6 қарашасында Рон Аткинсон бас жаттықтырушы қызметінен босатылғаннан кейін оның орнына сэр Алекс Фергюсон тағайындалды. 2011 жылдың ақпанында мансабын бітірген Гари Невиллды Неманья Видич ауыстырды.

Клуб формасының түсі, формасы, эмблемасы. Клуб «Ньютон Хит» атында болғанда әр түрлі түсте ойынын көрсеткен, соның ішіндегі әйгілі түсі 1878 - 1892 және 1894-1896 жылдардың сары-жасыл жейделері. «Ньютон Хит» формасының басқа комплектісі қызыл-ақ түстерімен (1892—1894) және түгел ақ түсінен (1896—1902) тұрып, екі комплектісі де көк шортыдан тұрды. 1902 жылы клубтың аталуы «Манчестер Юнайтед» болып ауысқаннан кейін, клубтың түстері қызыл жейделеріне, ақ шортысына және қара шұлыққа ауысып, «Манчестер Юнайтед» ойынының стандарт комплектісі болып қалыптасты. Ең әйгілі ережеден ерекше болған формасы 1909 жылғы Англия кубогінің финалында «Бристоль Ситиге» қарсы шыққан қызыл лентамен құралған «V» әрпінен тұрған ақ түсті формасы болды. Бұл дизайн 1920 жылдары қайта жаңарған. 2009/2010 мерзімінде «Олд Траффорд» ойынына 100-жылдығына байланысты меншікті және қонақтық клубының формасына «V» әрпі қайта жаңарды.

Қонақтық формасының негізінде көбінесе ақ жейделер, қара шортысы және ақ шұлықтан тұрды, алайда кей кездері ерекшеліктері болып тұрды. Мысалы, 1903-1916 жылдарда команда ақты-көкті жейделерінде өнерін көрсетсе, 1994-2003 жылдары қара жейделерінде шығып, 2000 жылы горизонтальды күміс жолақтардан тұрған қаралы көк формасымен ойнады. Ең танымал қонақтық комплектерінің бірі 1995/96 мерзіміндегі түгел сұр түсінен тұрған формасы болды. «Манчестер Юнайтедтың» бұл формасымен бірде-бір ойындарды ұта алмағаны үшін, олардан бас тартуға мәжбүр етті. «Саутгемптон» және «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойынының үзілісінде, клубтың 3:0 ұтылып тұрғаны үшін, форманы ақты-көкті түске ауыстыруға шешім қабылданды, алайда матч «Манчестер Юнайтедтың» 3:1 есебінің жеңілісімен аяқталды. Футболистердің айтуы бойынша, сұр түс көзге түсерліктей бола алмады, сонымен команда ісінің тиімділігіне нашар әсерін тигізді.

 «Манчестер Юнайтед» үшінші резервтік формасы 1968 жылы УЕФА чемпиондар лигасын ұтқан құрметіне орай дәстүрлі көк түс болып келеді.

Қазіргі кезде «Манчестер Юнайтед» негізгі формасы ақ жағалы қызыл жейдеден тұрады. Клуб логотипі жейденің сол жағында, ақ түсті Nike логотипі оң жағында, ақ түсті Aon логотипі жейденің орта жағында тұрады. Бұл жейде қызыл жолақты шорты мен жілікшіктегі қызыл шевронды қара шұлықты комплектісінен тұрады. Ағымдағы қонақтық формасы — иықтағы қызыл және қара жолақтан тұратын ақ түсті болса, шортысы қара түсті болып келеді. Үшінші формасы — бүйір мен мойын жақтарында көк жолақтан тұратын және жейде ортасындағы көк шевронды қара жейде. Жаға қызыл түсті жамаудан тұрады. Жағаның артқы жағында MUFC әріптері орналасқан. Клуб логотипі жейденің үстіңгі сол жағында ақ түсінің өрісінде орналасқан.

«Манчестер Юнайтед» логотипі бірнеше рет ауысқанмен, негізгі тұлғасы бір қалпында қалып өзгермеді. Клуб эмблемасының дизайны Манчестер қаласының елтаңбасында негiзделген. Эмблемадағы сайтан команданың «қызыл сайтандар» лақапатына негізделген. Бұл лақап атты Мэтт Басби 1960 жылдары «Солфорд Сити» регби клубының атына негізделіп алған. 1960 жылдардың соңында клуб бағдарламаларында және бөкебайларда сайтан пайда бола бастаса, 1970 жылы ресми қолында үшашалы жезлді ұстаған сайтан қалыптасты. 1998 жылы логотип тағыда өзгерді: ендігі жағдайда эмблемадан Football Club сөзі жоғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға