Жаңалықтар

ОРДОВИК

  ОРДОВИК, Ордовик жүйесі (кезеңі) (лат. Ordovіces – Англиядағы Уэльс аралын мекендеген байырғы тайпалардың атынан шыққан) – палеозой эратемасының төменнен санағанда екінші жүйесі; стратиграфия (геохронология) шкаласында кембрий мен силур арасындағы жыныстар жүйесі және олардың жаралуына сәйкес тарихи кезең. Ұзақтығы 44,6 млн. ж. (488,317 – 443,715 млн. ж.). Терминді алғаш ағылшын геологі Ч.Лапуорс ұсынған (1879). Жеке геол. жүйе ретінде Халықар. геол. конгрестің 21-сессиясында бекітілді (1960). О. жүйесі төм., ортаңғы және жоғ. үш бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы бірнеше жікқабат (ярус) пен белдемдерге бөлінеді. Қазақстанда О-тің шөгінді түзілімдері жөнінде алғашқы нақты мағлұматтар 19 ғ-дың екінші жартысында Баянауыл ауд-нда (А.К. Мейстер) және Шу-Іле тауларында (Г.Д. Романов) органик. қалдықтардың (триболиттердің) табылуына байланысты алынды. Ордовик түзілімдері Н.Г. Кассин, Г.И Водорезов, Г.Ц. Медоев, Е.Д. Шлыгин, Н.Г. Марков, т.б. ғалымдардың зерттеулерінің арқасында Қазақстанның басқа да өңірлерінен табылып, жүйелі зерттеулер 2-дүниежүз. соғыстан кейін басталды. Б.М. Келлердің басшылығымен Оңт. Қазақстанда О-тің бірінші биостратиграф. сұлбасы жасалды. Бұл сұлба Қазақстандағы О. түзілімдерінің негізі болды. Осы бағытта Солт. Қазақстанда (М.Н. Королева және ММУ қызметкерлері Н.П. Четвериков, т.б.), Орт. және Шығ. Қазақстанда (О.П. Ковалев, Л.Е. Попов, т.б.) көп жұмыстар атқарылды. І.Сәтбаев атынд. ГҒИ-дың ғалымдары (И.Ф. Никитин, М.К. Аполлонов, Д.Т. Цай, т.б.) Қазақстанның және Солт. Тянь-Шаньның алғашқы құрылымдық-фациальды аудандастыруын, палеогеография, палеотектоника негіздерін және осы аймақтың стратигр. жүйесін жасады. Палеогеографиясы мен шөгінділері. О. жүйесінде әсіресе ерте және орта замандарда жер қабатының көп бөлігін теңіздер мен мұхиттар басып жатты. Палеоалаптар платформалық (эпиконтиненттік), шеткі теңіздік, мұхиттық болып үш типке бөлінді. Платформалық тип жер қабығының тұрақты телімдерінде дамыған және олар негізінен теңіздің саяз жерінде карбонатты шөгінділер жиналған тұста кездеседі. Шеткі теңіздік тип мұхиттар мен құрлықтардың тектоник. жылжымалы шекарасында дамыған. Мұндай жерлерде жанартаулық белсенді әрекет басым байқалады. Оларға тереңдігі әр түрлі таяз қайраңдар, терең ойыстар мен шұңғымалар, сынық және кесек шөгінділер, кремнийлі, карбонатты жиылымдар, лава және туфтардың қалың қабаттары тән. Соңғы мұхиттық типке терең сулы кремнийлі шөгінділер, вулканиттерден тұратын орта мұхиттық жоталар, мұхиттық аралдар мен су асты таулары тән. О. түзілімдері Қазақстан аумағының  шығыс жартысында және солт.-батысында (оңт. Орал) тараған. Құрылымдық тұрғыдан олар палеозой дәуірінің Орал – Қазақстан – Монғол – Охот қатпарлы белдеуінің бөлігі. О. жүйесінің негізгі құрылымды-фациалды және палеогеограф. элементтеріне жықпыл (кулис), доғал аралдар тәрізді орналасқан Көкшетау – Бетпақдала – Солт. Тянь-Шань және Бозщакөл – Шыңғыс – Тарбағатай жанартаулық белдемі жатады. Оларға жанаса орналасқан доға алды және доға аралық майысулар (Есіл – Қаратау, Сілеті – Шу – Іле, Ерейментау – Бұрынтау, Мойынты – Оңт. Жоңғар) да кіреді. Доғалы аралдар аймағы үлкен мөлшерде жанартаутекті және жанартаутекті-шөгінді жиылымдарымен сипатталады. Палеогеогр. жағынан Қазақстан О. жүйесінде экваторлық белдеудің тропиктік климатына жатады. Органикалық дүниесі. О. жүйесінде теңіздерде тіршілік еткен омыртқасыз жәндіктер мен балдырлар көп тарады, құрлықты тек бактериялар мен балдырлар ғана мекендеді. Теңіздерде трилобиттер, граптолиттер, ішек қуыстылардың кластары, иін аяқтылар, тікен терілілердің кластары, бас аяқтылардың наутилидтер отряды, жылы теңіздерде 50 м-ге дейінгі тереңдікте әкті жасыл және қызыл балдырлар көп тараған. Кезеңнің аяғында олардың көптеген туыс-тұқымдары жойылып кеткен. Теңіз балдырлары мен ішек қуыстылар теңіз түбінде рифтер түзіп, көлемді әк тасты тау жыныстарын құрады. О. теңіздерін радиолярлар, фораминифералар, губкалар, қосжақтаулы және бауыр аяқты моллюскілер де мекендеген. Жүйе жыныстарынан ең көне омыртқалылардың – балық тәрізді бас сүйексіздер тістерінің, құрттардың таңбасы да табылды. Пайдалы қазындылар. О. магматизмінде түзілген мұнай және газ (солт. Америка), жанғыш тақтатас, фосфорит кен орындарының маңызы зор. Қазақстанда төм. және ортаңғы О-тің кремнийлі қабаты барит (Шығанақ, т.б.) кен орындарымен, шағын темір және марганец кен орындары стратиформалы қорғасын-мырышты шоғырларымен (Текелі кен ауд.), алтын және полиметалл кен орындары көміртекті-кремнийлі-карбонатты формациялармен байланысты. Сондай-ақ, О. магматизмімен мыс кендерінің (Ақбастау, Қосмұрын, т.б.) колчеданды кен орындары байланысты екендігі анықталған. Әдеб.: Никитин И.Ф., Ордовик Казахстана, ч. 1 – 2, А.-А., 1972 – 73.  Ғ. Ерғалиев     
05.12.2012 11:14 7232

 

ОРДОВИК, Ордовик жүйесі (кезеңі) (лат. Ordovіces – Англиядағы Уэльс аралын мекендеген байырғы тайпалардың атынан шыққан) – палеозой эратемасының төменнен санағанда екінші жүйесі; стратиграфия (геохронология) шкаласында кембрий мен силур арасындағы жыныстар жүйесі және олардың жаралуына сәйкес тарихи кезең. Ұзақтығы 44,6 млн. ж. (488,317 – 443,715 млн. ж.). Терминді алғаш ағылшын геологі Ч.Лапуорс ұсынған (1879). Жеке геол. жүйе ретінде Халықар. геол. конгрестің 21-сессиясында бекітілді (1960). О. жүйесі төм., ортаңғы және жоғ. үш бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы бірнеше жікқабат (ярус) пен белдемдерге бөлінеді. Қазақстанда О-тің шөгінді түзілімдері жөнінде алғашқы нақты мағлұматтар 19 ғ-дың екінші жартысында Баянауыл ауд-нда (А.К. Мейстер) және Шу-Іле тауларында (Г.Д. Романов) органик. қалдықтардың (триболиттердің) табылуына байланысты алынды. Ордовик түзілімдері Н.Г. Кассин, Г.И Водорезов, Г.Ц. Медоев, Е.Д. Шлыгин, Н.Г. Марков, т.б. ғалымдардың зерттеулерінің арқасында Қазақстанның басқа да өңірлерінен табылып, жүйелі зерттеулер 2-дүниежүз. соғыстан кейін басталды. Б.М. Келлердің басшылығымен Оңт. Қазақстанда О-тің бірінші биостратиграф. сұлбасы жасалды. Бұл сұлба Қазақстандағы О. түзілімдерінің негізі болды. Осы бағытта Солт. Қазақстанда (М.Н. Королева және ММУ қызметкерлері Н.П. Четвериков, т.б.), Орт. және Шығ. Қазақстанда (О.П. Ковалев, Л.Е. Попов, т.б.) көп жұмыстар атқарылды. І.Сәтбаев атынд. ГҒИ-дың ғалымдары (И.Ф. Никитин, М.К. Аполлонов, Д.Т. Цай, т.б.) Қазақстанның және Солт. Тянь-Шаньның алғашқы құрылымдық-фациальды аудандастыруын, палеогеография, палеотектоника негіздерін және осы аймақтың стратигр. жүйесін жасады.

Палеогеографиясы мен шөгінділері. О. жүйесінде әсіресе ерте және орта замандарда жер қабатының көп бөлігін теңіздер мен мұхиттар басып жатты. Палеоалаптар платформалық (эпиконтиненттік), шеткі теңіздік, мұхиттық болып үш типке бөлінді. Платформалық тип жер қабығының тұрақты телімдерінде дамыған және олар негізінен теңіздің саяз жерінде карбонатты шөгінділер жиналған тұста кездеседі. Шеткі теңіздік тип мұхиттар мен құрлықтардың тектоник. жылжымалы шекарасында дамыған. Мұндай жерлерде жанартаулық белсенді әрекет басым байқалады. Оларға тереңдігі әр түрлі таяз қайраңдар, терең ойыстар мен шұңғымалар, сынық және кесек шөгінділер, кремнийлі, карбонатты жиылымдар, лава және туфтардың қалың қабаттары тән. Соңғы мұхиттық типке терең сулы кремнийлі шөгінділер, вулканиттерден тұратын орта мұхиттық жоталар, мұхиттық аралдар мен су асты таулары тән. О. түзілімдері Қазақстан аумағының  шығыс жартысында және солт.-батысында (оңт. Орал) тараған. Құрылымдық тұрғыдан олар палеозой дәуірінің Орал – Қазақстан – Монғол – Охот қатпарлы белдеуінің бөлігі. О. жүйесінің негізгі құрылымды-фациалды және палеогеограф. элементтеріне жықпыл (кулис), доғал аралдар тәрізді орналасқан Көкшетау – Бетпақдала – Солт. Тянь-Шань және Бозщакөл – Шыңғыс – Тарбағатай жанартаулық белдемі жатады. Оларға жанаса орналасқан доға алды және доға аралық майысулар (Есіл – Қаратау, Сілеті – Шу – Іле, Ерейментау – Бұрынтау, Мойынты – Оңт. Жоңғар) да кіреді. Доғалы аралдар аймағы үлкен мөлшерде жанартаутекті және жанартаутекті-шөгінді жиылымдарымен сипатталады. Палеогеогр. жағынан Қазақстан О. жүйесінде экваторлық белдеудің тропиктік климатына жатады.

Органикалық дүниесі. О. жүйесінде теңіздерде тіршілік еткен омыртқасыз жәндіктер мен балдырлар көп тарады, құрлықты тек бактериялар мен балдырлар ғана мекендеді. Теңіздерде трилобиттер, граптолиттер, ішек қуыстылардың кластары, иін аяқтылар, тікен терілілердің кластары, бас аяқтылардың наутилидтер отряды, жылы теңіздерде 50 м-ге дейінгі тереңдікте әкті жасыл және қызыл балдырлар көп тараған. Кезеңнің аяғында олардың көптеген туыс-тұқымдары жойылып кеткен. Теңіз балдырлары мен ішек қуыстылар теңіз түбінде рифтер түзіп, көлемді әк тасты тау жыныстарын құрады. О. теңіздерін радиолярлар, фораминифералар, губкалар, қосжақтаулы және бауыр аяқты моллюскілер де мекендеген. Жүйе жыныстарынан ең көне омыртқалылардың – балық тәрізді бас сүйексіздер тістерінің, құрттардың таңбасы да табылды.

Пайдалы қазындылар. О. магматизмінде түзілген мұнай және газ (солт. Америка), жанғыш тақтатас, фосфорит кен орындарының маңызы зор. Қазақстанда төм. және ортаңғы О-тің кремнийлі қабаты барит (Шығанақ, т.б.) кен орындарымен, шағын темір және марганец кен орындары стратиформалы қорғасын-мырышты шоғырларымен (Текелі кен ауд.), алтын және полиметалл кен орындары көміртекті-кремнийлі-карбонатты формациялармен байланысты. Сондай-ақ, О. магматизмімен мыс кендерінің (Ақбастау, Қосмұрын, т.б.) колчеданды кен орындары байланысты екендігі анықталған.

Әдеб.: Никитин И.Ф., Ордовик Казахстана, ч. 1 – 2, А.-А., 1972 – 73. 

Ғ. Ерғалиев   

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға