Жаңалықтар

Өнерге өнеге

Өнерге өнеге Қазақ көркемөнері мен әдебиетінің екі онкүндігі - 1936 жылғысы мен қазіргісі ұлттық тарихымызда, рухани мәдениетіміздің тарихында аса маңызды кезеңдер болып отыр. Бірінші онкүндік - бастамасы еді, сол кездің өзінде де біз белгілі бір шын нысаналы шыңға шыққанбыз. Екінші онкүндік - шабыт пен шарықтаудың, қазақ халқының көркемөнері мен әдебиетінің орасан зор өрлеу онкүндігі болып отыр; қазіргі қол жеткен табысымыздың шыңына бұрынғы тең келмейді, онан әлдеқайда биік тұрмыз. Қазір онкүндікте біз өресін жайған көркемөнер мен әдебиеттің есейгенін, құлашын кең жайғанын көріп отырмыз. Халқымыз, мәдениетіміз өзінің алтын ғасырының саясында өмір сүруде деп тайсалмай айтқызып отыр ол бізге. Мәдениет саласына зер салсақ, біз жасаған көркемөнердің балетін, драмасын, киносын көреміз, опералары мен симфониялық музыкасын көріп, тыңдаймыз, сахнаның, бейнелеу өнерінің тамаша ансамбльдеріне, көрнекті шеберлеріне қол соғамыз. Ал әдебиет ше, ол - әрі алуан түрлі, әрі талапты, алға ұмтылған әдебиет. Москвада, астана маңындағы поселкелер мен қалаларда күн сайын дерлік әрқилы өнер көрсетілді. Спектакльдер, концерттер, творчестволық талқылау, сауық кештері өтіп жатты. Ойын көрушілер мен кітап оқушылар көргендері мен естігендерінің бәрін жай тамашалап қана қоймай, спектакльдерді, кітаптарды, бейнелеу суреттерін, полиграфиялық жұмыстардың сапасын, тағысын, тағыларды белсене талқыласып, талғампаздық талаптар қойғаны бізді қандай қуандырғанын айтсаңызшы. Талқылаулар, айтыстар әр жерде - ақ болып жатты  мұның өзі үлкен мамандық тәжірибесі бар адамдардың пікірін білу үшін де арнайы ұйымдастырылды. Сол кезде бұл талқылау мен айтыстар театр мен кітаптың "қарапайым" әуесқойларының арасында да өзінен - өзі туып отырды. Осы талқылау, әңгімелесу мейлі орыс, мейлі қазақ, мейлі украин, қай ұлттың әдебиеті болса да, советтік көп ұлттық мәдениетті сүюші, терең түсінуші адамдармен тікелей бас қосу бізге өте көп пайдалы, бағалы, рухтандырушы ақыл берді және бізге деген тілектер тамаша жемісті ой салды. Осы ойлар жаңа өлеңдердің, романдардың, балеттердің тууына сөзсіз себеп болмақ. Ия, біз шабытымызға шын мәнінде аса зор өнеге алдық. Біз өнерпаздық құлашымызды бәсеңсітпеуім із керек, мен тіпті қуанышты іске қызу үстінде (кемшіліктер мен әділсіздіктер бар да ғой, ол туралы бізге бе торай тіке айтылды), онкүндік кезіндегі кеңестер мен игілікті тәжірибені ескере тезірек кірісуіміз керек дер едім. Өзім жазушы болғандықтан, әсіресе москвалық әдебиетшілермен кездесу менің есімде қалды, Жазушылар одағында әдебиетіміздің әрқилы жанрларын талқылау маған өте-мөте әсер етті. Прозаны үш күн талқылауда отыздан аса адам сөйледі. Олар талдап, нақтылап, жаны ашып айтты. Мұның маңыздылығы сол, нақтылы талдау - туысқан әдебиеттердің бәріне ортақ мәселелер жөнінде сөз болып жүрген проблемамен ұштасты. Осы бағдарда ұлттық өзгешелік туралы айтылған пікір есте қалды. Жазушылардың творчестволық психологиясы туралы, көркем әдебиетте халықтар достығын бейнелеу туралы айтылған пікірлер де барлық жұрттың назарын аударды. Туысқан халықтардың өкілдерін көркем әдебиетте бейнелеу туралы мәселенің барлық жазушылар үшін ортақ көптеген қиыншылықтары мен шектері бар. Бұл жөнінде де, басқа мәселелер туралы да өзара творчестволық тәжірибе ауыстырулар үлгі аларлық қызғылықты болды. Біздің әдеби мұрагерлеріміз үшін - жас жазушылар мен ақындар үшін онкүндіктің өте пайдалы болғаны мені қатты қуантты. Әдебиетшілер саны соңғы жылдар ішінде, жақсы әзірленген мәдениетті жас әдебиетшілер есебінен толықтырылып отыр. Меніңше, онкүндікте олар өз мамандығы жөнінде көптеген сұрауларына жауап алды және бәрінен бұрын біздің бәрімізге, әсіресе сол жастарға, қазіргі ұлы шындықтың ынталы замандастарына дәл қазіргі осы шындық туралы, біздің бүгінгіміз туралы жазу қандай маңызды екеніне олардың тағы да бір рет көзі жетті. Біз Москваға өлеңдер, суреттер, музыкалар, билер, кітаптар әкелдік. Сонымен бірге біз үлкен арман да ала келдік - кітап оқушы және өнер көруші Москвалықтар өзімізді таныса екен, жаңа жоспарлар және тәжірибелермен "қаруландырса" екен деген арманмен келдік. Біз үшін бағалы болғаны сол - қызу еңбек күндерінен кейін біздің арманымыз орындалды, арманымыз ақталды деген сеніммен қайтып барамыз. Біздің Қазақстанда даналық - орындалған армандардан туар болар деседі. Сөйтіп, біз достарымызға, туысқан Москваға зор алғыс айтамыз.   Мұхтар Әуезов    
05.12.2012 11:11 4676

Өнерге өнеге

Қазақ көркемөнері мен әдебиетінің екі онкүндігі - 1936 жылғысы мен қазіргісі ұлттық тарихымызда, рухани мәдениетіміздің тарихында аса маңызды кезеңдер болып отыр. Бірінші онкүндік - бастамасы еді, сол кездің өзінде де біз белгілі бір шын нысаналы шыңға шыққанбыз. Екінші онкүндік - шабыт пен шарықтаудың, қазақ халқының көркемөнері мен әдебиетінің орасан зор өрлеу онкүндігі болып отыр; қазіргі қол жеткен табысымыздың шыңына бұрынғы тең келмейді, онан әлдеқайда биік тұрмыз.

Қазір онкүндікте біз өресін жайған көркемөнер мен әдебиеттің есейгенін, құлашын кең жайғанын көріп отырмыз. Халқымыз, мәдениетіміз өзінің алтын ғасырының саясында өмір сүруде деп тайсалмай айтқызып отыр ол бізге. Мәдениет саласына зер салсақ, біз жасаған көркемөнердің балетін, драмасын, киносын көреміз, опералары мен симфониялық музыкасын көріп, тыңдаймыз, сахнаның, бейнелеу өнерінің тамаша ансамбльдеріне, көрнекті шеберлеріне қол соғамыз. Ал әдебиет ше, ол - әрі алуан түрлі, әрі талапты, алға ұмтылған әдебиет.

Москвада, астана маңындағы поселкелер мен қалаларда күн сайын дерлік әрқилы өнер көрсетілді. Спектакльдер, концерттер, творчестволық талқылау, сауық кештері өтіп жатты. Ойын көрушілер мен кітап оқушылар көргендері мен естігендерінің бәрін жай тамашалап қана қоймай, спектакльдерді, кітаптарды, бейнелеу суреттерін, полиграфиялық жұмыстардың сапасын, тағысын, тағыларды белсене талқыласып, талғампаздық талаптар қойғаны бізді қандай қуандырғанын айтсаңызшы.

Талқылаулар, айтыстар әр жерде - ақ болып жатты  мұның өзі үлкен мамандық тәжірибесі бар адамдардың пікірін білу үшін де арнайы ұйымдастырылды. Сол кезде бұл талқылау мен айтыстар театр мен кітаптың "қарапайым" әуесқойларының арасында да өзінен - өзі туып отырды. Осы талқылау, әңгімелесу мейлі орыс, мейлі қазақ, мейлі украин, қай ұлттың әдебиеті болса да, советтік көп ұлттық мәдениетті сүюші, терең түсінуші адамдармен тікелей бас қосу бізге өте көп пайдалы, бағалы, рухтандырушы ақыл берді және бізге деген тілектер тамаша жемісті ой салды. Осы ойлар жаңа өлеңдердің, романдардың, балеттердің тууына сөзсіз себеп болмақ.

Ия, біз шабытымызға шын мәнінде аса зор өнеге алдық. Біз өнерпаздық құлашымызды бәсеңсітпеуім із керек, мен тіпті қуанышты іске қызу үстінде (кемшіліктер мен әділсіздіктер бар да ғой, ол туралы бізге бе торай тіке айтылды), онкүндік кезіндегі кеңестер мен игілікті тәжірибені ескере тезірек кірісуіміз керек дер едім. Өзім жазушы болғандықтан, әсіресе москвалық әдебиетшілермен кездесу менің есімде қалды, Жазушылар одағында әдебиетіміздің әрқилы жанрларын талқылау маған өте-мөте әсер етті. Прозаны үш күн талқылауда отыздан аса адам сөйледі. Олар талдап, нақтылап, жаны ашып айтты.

Мұның маңыздылығы сол, нақтылы талдау - туысқан әдебиеттердің бәріне ортақ мәселелер жөнінде сөз болып жүрген проблемамен ұштасты. Осы бағдарда ұлттық өзгешелік туралы айтылған пікір есте қалды. Жазушылардың творчестволық психологиясы туралы, көркем әдебиетте халықтар достығын бейнелеу туралы айтылған пікірлер де барлық жұрттың назарын аударды. Туысқан халықтардың өкілдерін көркем әдебиетте бейнелеу туралы мәселенің барлық жазушылар үшін ортақ көптеген қиыншылықтары мен шектері бар. Бұл жөнінде де, басқа мәселелер туралы да өзара творчестволық тәжірибе ауыстырулар үлгі аларлық қызғылықты болды.

Біздің әдеби мұрагерлеріміз үшін - жас жазушылар мен ақындар үшін онкүндіктің өте пайдалы болғаны мені қатты қуантты. Әдебиетшілер саны соңғы жылдар ішінде, жақсы әзірленген мәдениетті жас әдебиетшілер есебінен толықтырылып отыр. Меніңше, онкүндікте олар өз мамандығы жөнінде көптеген сұрауларына жауап алды және бәрінен бұрын біздің бәрімізге, әсіресе сол жастарға, қазіргі ұлы шындықтың ынталы замандастарына дәл қазіргі осы шындық туралы, біздің бүгінгіміз туралы жазу қандай маңызды екеніне олардың тағы да бір рет көзі жетті.

Біз Москваға өлеңдер, суреттер, музыкалар, билер, кітаптар әкелдік. Сонымен бірге біз үлкен арман да ала келдік - кітап оқушы және өнер көруші Москвалықтар өзімізді таныса екен, жаңа жоспарлар және тәжірибелермен "қаруландырса" екен деген арманмен келдік. Біз үшін бағалы болғаны сол - қызу еңбек күндерінен кейін біздің арманымыз орындалды, арманымыз ақталды деген сеніммен қайтып барамыз. Біздің Қазақстанда даналық - орындалған армандардан туар болар деседі. Сөйтіп, біз достарымызға, туысқан Москваға зор алғыс айтамыз.

 

Мұхтар Әуезов

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға