Жаңалықтар

Жарқайың ауданы

Жарқайың ауданы – Ақмола обл-ның оңт.-батысындағы әкімш. бөлік. Аудан оңт.-батысында Қостанай обл-мен, солт-нде Есіл, шығысында Жақсы, Атбасар аудандарымен шектеседі. 1955 ж. ұйымдастырылған. Жері 12,0 мың км2. Тұрғыны 19,2 мың адам (2008). Ауданда 40-тан астам ұлттың өкілдері (қазақтар – 44,5%, орыстар – 30,5%, басқа ұлт өкілдері – 25,0%) тұрады. Аудандағы 24 елді мекен 1 қалаға және 18 ауылдық әкімш. округтерге біріктірілген. Орт. – Державинск қ. Ж. а. дала белдемінде, Атбасар, Теңіз жазықтарының батысында орналасқан. Жер бедері ұсақ шоқылы, төбелі-белесті көлдік-аллювийлік жазық, абс. биікт. 100 – 500 м. Климаты тым континенттік. Қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтар айының орташа темп-расы –17 – 18ӘС, шілдеде 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм, оның басым бөлігі (50 – 60%-ы) жылы маусымда жауады. Аудан жері арқылы Есіл, Тастыталды, Қарынсалды өзендерінің салалары ағып өтеді. Қар суымен толысатын ұсақ көлдер мен тоғандар көп. Солт-ндегі қыратты жерлерінде карбонатты қара, оңт-нде қызыл қоңыр топырақ қалыптасқан. Мұндай жерлер бір-бірімен ұласып жатады. Есіл аңғарының топырағы түгелдей аллювийлік шалғындық. Қарынсалды өз-нің аңғары сортаң топырақты. Тың және тыңайған жерлерді игерген жылдары аудан жерінің басым көпшілігі жыртылған. Өсімдігі, негізінен, далалық белдемге тән: жусанды, бетегелі-селеулі және астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Шоққарағай, тобылғы, қараған, т.б. бұталар кездеседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, борсық, сарышұнақ, күзен, қосаяқ, дала тышқандары мекендейді, жазда оңт-тен ақ бөкен ауып келеді. Үйрек, қаз, дуадақ, т.б. далалық белдемге тән құстар кездеседі. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 1,6 адамнан келеді. Түрлі кәсіппен шұғылданатын «Авангард», «Симба», «Тұрмыс», «Агропромтехника» акцион. қоғамы, нан з-ты, наубайхана, макарон, шұжық цехтары, диірмен, баспахана, май, жарма өндіру цехы, т.б. 200-ге жуық заңды тұлға тіркелген. А. ш-на жарамды жері 1161,4 мың га, оның ішінде егіндік 540,0 мың га, шабындық 15,1 мың га, жайылым 531,3 мың га (2008). Егін ш-ның басты салалары астық, картоп, көкөніс егу. А. ш. өнімдерін өсірумен және өңдеумен айналысатын шаруа қожалықтары, серіктестіктер бар. Ж. а-нда 24 орта, 4 бастауыш мектеп, 2 балабақша, ауд. аурухана, 21 фельдш.-акуш. пункт, 18 клуб пен мәдениет үйі, 22 кітапхана бар. Аудан жері арқылы Есіл – Арқалық темір және автомоб. жолдары өтеді.  
05.12.2012 11:06 4553

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға