Жаңалықтар

Бальцерович бағдарламасы

  Бальцерович бағдарламасы (пол. Plan Balcerowicza) — Польша Республикасының қаржы министрі Л. Бальцеровичтің елді әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығару мақсатында ұсынған жоспары. Бальцерович бағдарламасы Экономикалық жүйенің негізі мемлекеттік меншікті жекешелендіру арқылы жоспарлы экономиканы нарықтық негізде жаңадан құруға бағытталды. Оның негізгі тұжырымдамалары: 1) инфляцияны шектеу үшін бағаны ырықтандыру және ақша табысын шектеу саясатын жүргізу; 2) мемлекеттік бюджет тепе-теңдігін қалыптастыруға жету; 3) тауарлар мен қызмет көрсету рыногын теңестіру; 4) қоғамдық негіздегі кәсіпорындардың нарықтық экономика талаптарына бейімделуін қамтамасыз ету; 5) капитал рыногын құру үшін мемл. кәсіпорындарды шұғыл жекешелендіру; 6) шектелген жұмыссыздыққа жол беру арқылы еңбек рыногын қалыптастыру; 7) ашық экономикалық саясат негізінде шетел капиталының ішке енуіне кең жол ашу арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне кіруді қамтамасыз ету және злотый (ел ақшасы) курсын тұрақтандыру. Бұл шараларды жүзеге асыру өндіріс көлемін 10 — 15%-ке кемітеді деп күтілді. Ал, 6 — 7 айдан кейінгі (1989 жылы күзі — 1990 жылы маусым) нарықтық экономиканың өз негізінде дамуының екінші кезеңінде (8 — 10 жыл) түбегейлі өзгерістер өндіріс тиімділігін арттыруға, халықаралық еңбек бөлінісіне кіруге мүмкіндік беріп, әлеуметтік жағдай нығаяды деп болжанды. Сөйтіп, бағдарламаға сәйкес, аталмыш шаралар бірнеше бағытта жүргізілді: 1) Бағаны ырықтаныру саясаты. 1989 жылдың күзінен стихиялы түрде жүре бастады. 1990 жылдың 1 қаңтарынан Мазовецкий үкіметі ресми түрде өнеркәсіп өнімдеріне бағаны бірнеше есе көтерді. 1990 жылы қаңтар — наурыз айларында бағалардың күрт өсуі және халық табысының шектелуіне байланысты дүкен сөрелері тауарларға “толып” тұрды, сұраныс “шектелді”, рыноктық тепе-теңдік барлық секторларда тұтынудың төм. шектерінде орнықты. 2) Еңбекақы және әлеуметтік саясатта Халықаралық валюта қоры ұсынысы бойынша шектеулі механизм енгізілді (еркін баға және шектеулі табыс). Жалпы баға өсімі мен еңбекақы өсімі арақатынасы 1990 жылдың қаңтарында тиісінше, 79 және 20% шамасында болса, ақпанда 20 және 12, наурызда 6 — 9% болды. Жұмыссыздық деңгейі күрт өсті. 3) Бюджеттік саясатта, ақша-несие жүйесінде, валюта курсын тұрақтандыруда да елеулі табыстарға қол жетті. 4) Шаруашылық байланыстарын жаңа негізде құру саясаты белгілі дәрежеде жүзеге асырылды. Бұрынғы салалық жабдықтау орнына сауда саласын бақылайтын Ішкі рынок мин. құрылды. 5) Шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған саясатта да ілгерілеушіліктер байқалды. 1990 жылы сырттан 1 млрд. доллар, ал, 1990—1993 жылдары 10 млрд. доллар көлемінде көмек алу көзделді. Польша бұл көмекті, негізінен, портфельді инвестиция түрінде алып, шет ел қаржысына тікелей бірлескен кәсіпорындар құру бағытын ұстанды. Бальцерович бағдарламасы өзінің тиімді жақтарының болуына қарамастан, өндірістік қатынастарды шұғыл өзгертуден, әсіресе, халық тұтынатын өнім шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары көп зардап шекті. Сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындарға рыноктық тұлға құқығын толық бермей тұрып, бағаны ырықтандыру және табысты шектеу саясатын жүзеге асыру шаралары да оларды күйретуге алып келді. Сол сияқты, өндірістік құрылымдық саясат толық айқындалмай тұрып, жұмыссыздық жүйесін қалыптастыру да оң шешімге жатпады. Ақыр аяғында ішкі инвестиция көздерінің тапшылығынан шет ел капиталына иек арту, фискальды салық саясаты, экспорттағы кейбір келеңсіздіктер елдің экономикасын ауыр жағдайға ұшыратты. Сөйтіп, 1993 жылы экономикалық сәтсіздіктер реформалардың парламент сайлауында жеңіліске ұшырауына алып келді. КСРО-ның ыдырауы, ТМД елдерінде экономикалық дағдарыстың орын алуы ғана Польша реформасының тағдырына тиімді сыртқы ахуал қалыптастырды. ТМД елдері тарапынан 1991 — 1994 жылдары Польша өнеркәсібіне сұраныс туды да, оның тығырықтан шығуына біршама жағдай жасалды.
05.12.2012 11:05 4459

 

Бальцерович бағдарламасы (пол. Plan Balcerowicza) — Польша Республикасының қаржы министрі Л. Бальцеровичтің елді әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығару мақсатында ұсынған жоспары. Бальцерович бағдарламасы Экономикалық жүйенің негізі мемлекеттік меншікті жекешелендіру арқылы жоспарлы экономиканы нарықтық негізде жаңадан құруға бағытталды. Оның негізгі тұжырымдамалары: 1) инфляцияны шектеу үшін бағаны ырықтандыру және ақша табысын шектеу саясатын жүргізу; 2) мемлекеттік бюджет тепе-теңдігін қалыптастыруға жету; 3) тауарлар мен қызмет көрсету рыногын теңестіру; 4) қоғамдық негіздегі кәсіпорындардың нарықтық экономика талаптарына бейімделуін қамтамасыз ету; 5) капитал рыногын құру үшін мемл. кәсіпорындарды шұғыл жекешелендіру; 6) шектелген жұмыссыздыққа жол беру арқылы еңбек рыногын қалыптастыру; 7) ашық экономикалық саясат негізінде шетел капиталының ішке енуіне кең жол ашу арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне кіруді қамтамасыз ету және злотый (ел ақшасы) курсын тұрақтандыру.

Бұл шараларды жүзеге асыру өндіріс көлемін 10 — 15%-ке кемітеді деп күтілді. Ал, 6 — 7 айдан кейінгі (1989 жылы күзі — 1990 жылы маусым) нарықтық экономиканың өз негізінде дамуының екінші кезеңінде (8 — 10 жыл) түбегейлі өзгерістер өндіріс тиімділігін арттыруға, халықаралық еңбек бөлінісіне кіруге мүмкіндік беріп, әлеуметтік жағдай нығаяды деп болжанды. Сөйтіп, бағдарламаға сәйкес, аталмыш шаралар бірнеше бағытта жүргізілді: 1) Бағаны ырықтаныру саясаты. 1989 жылдың күзінен стихиялы түрде жүре бастады. 1990 жылдың 1 қаңтарынан Мазовецкий үкіметі ресми түрде өнеркәсіп өнімдеріне бағаны бірнеше есе көтерді. 1990 жылы қаңтар — наурыз айларында бағалардың күрт өсуі және халық табысының шектелуіне байланысты дүкен сөрелері тауарларға “толып” тұрды, сұраныс “шектелді”, рыноктық тепе-теңдік барлық секторларда тұтынудың төм. шектерінде орнықты. 2) Еңбекақы және әлеуметтік саясатта Халықаралық валюта қоры ұсынысы бойынша шектеулі механизм енгізілді (еркін баға және шектеулі табыс). Жалпы баға өсімі мен еңбекақы өсімі арақатынасы 1990 жылдың қаңтарында тиісінше, 79 және 20% шамасында болса, ақпанда 20 және 12, наурызда 6 — 9% болды. Жұмыссыздық деңгейі күрт өсті. 3) Бюджеттік саясатта, ақша-несие жүйесінде, валюта курсын тұрақтандыруда да елеулі табыстарға қол жетті. 4) Шаруашылық байланыстарын жаңа негізде құру саясаты белгілі дәрежеде жүзеге асырылды. Бұрынғы салалық жабдықтау орнына сауда саласын бақылайтын Ішкі рынок мин. құрылды. 5) Шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған саясатта да ілгерілеушіліктер байқалды. 1990 жылы сырттан 1 млрд. доллар, ал, 1990—1993 жылдары 10 млрд. доллар көлемінде көмек алу көзделді. Польша бұл көмекті, негізінен, портфельді инвестиция түрінде алып, шет ел қаржысына тікелей бірлескен кәсіпорындар құру бағытын ұстанды. Бальцерович бағдарламасы өзінің тиімді жақтарының болуына қарамастан, өндірістік қатынастарды шұғыл өзгертуден, әсіресе, халық тұтынатын өнім шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары көп зардап шекті. Сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындарға рыноктық тұлға құқығын толық бермей тұрып, бағаны ырықтандыру және табысты шектеу саясатын жүзеге асыру шаралары да оларды күйретуге алып келді. Сол сияқты, өндірістік құрылымдық саясат толық айқындалмай тұрып, жұмыссыздық жүйесін қалыптастыру да оң шешімге жатпады. Ақыр аяғында ішкі инвестиция көздерінің тапшылығынан шет ел капиталына иек арту, фискальды салық саясаты, экспорттағы кейбір келеңсіздіктер елдің экономикасын ауыр жағдайға ұшыратты. Сөйтіп, 1993 жылы экономикалық сәтсіздіктер реформалардың парламент сайлауында жеңіліске ұшырауына алып келді. КСРО-ның ыдырауы, ТМД елдерінде экономикалық дағдарыстың орын алуы ғана Польша реформасының тағдырына тиімді сыртқы ахуал қалыптастырды. ТМД елдері тарапынан 1991 — 1994 жылдары Польша өнеркәсібіне сұраныс туды да, оның тығырықтан шығуына біршама жағдай жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға