Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
05.12.2012 11:02
28620
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Қытай жерінде құлдык коғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас дами бастады. Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы күлаған кезде Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар -Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймактарына дейінгі жерлерді алып жатты.
Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды.Қытай елі күні бүгінге дейін жібек елі деп аталады. Оның себебі, Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді. Сондықтан да Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады. Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бүйымдар шетке көп шығарылған.
Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді, олар шаруалардың жерлерін басып алып, өздерінің жер иеліктерін кеңейтіп отырған. Сонымен қатар шаруалардың да үлестік жерлері болған. Әр шаруаға 120 му жер берілген. Қытай императорларының сарайы. 1 му - 0,06 га. Шаруа 70 му жердің өнімін өзі пайдаланып, ал 50 му жердің өнімін мемлекетке өткізіп отыруға міндетті болған. Феодалдық қатынас тереңдеген сайын күшейе түскен бақталастық ішкі соғыстар IV ғасырда Цзинь империясын әлсіретті.
Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстіғіндегі көршісі ғұн тайпалары шабуыл жасайды. 311 жылы ғұндар Лоянды, 316 жылы екінші астанасы Чанъанды алады, Қытайдың солтүстік аймағын түгелдей бағындырады. Сөйтіп өз мемлекетін құрады.
Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстіғіндегі көршісі ғұн тайпалары шабуыл жасайды. 311 жылы ғұндар Лоянды, 316 жылы екінші астанасы Чанъанды алады, Қытайдың солтүстік аймағын түгелдей бағындырады. Сөйтіп өз мемлекетін құрады.
Қытай жеріне көрші тұрған ғүндардан басқа көшпелі тайпалар - моюн, сэньби, танғұт-тибет, тоба т.б. да әлсін-әлсін шабуыл жасап тұрған, бірақ олар өздерінің жеке мемлекетін құра алмаған. 589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылады. ЯнъЦзянъ елдің императоры болады. Осыдан бастап 616 жылға дейін елді Суй әулеті басқарады. 618 жылы оның орнына Тан әулеті (618-907) келді. Елдегі шаруалар көтерілісінен әлсіреген бұл әулет X ғасырдың екінші жартысында ыдырап кетті. Сун әулетінің (960-1279) билігі кезінде қытай елі қайта бірікті.
Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы
Императордың билігі шексіз болды. Ескі дәстүр бойынша императорды «көктің баласы», кұдайдың жердегі әміршісі деп түсінген. Император жанында кеңес құрылды. Сонымен бірге императордың өзі үш кеңесші палата кұрды.
• Бірінші палатада кеңсе шенеуніктерін басқарушы,салық жинаушы және дін басшысы болған.
• Екінші палатада әскери басшы және сот ісін басқарушы,
• үшінші палатада император мен оның отбасына, кеңесшілеріне қызмет жасайтын сарай басшысы болды.
Бұлардан басқа тексеруші палатасы болды. Қытай жері әкімшілік жағынан 10 аймаққа, әрбір аймақ округке, әр округ уезге бөлінді. XIII ғасырдың екінші жартысында монғол феодалдары Қытайды толықтай дерлік басып алды. Билік монғолдардың Юань әулетінің (1271-1368) қолына көшті. 1367 жылы қытай халкы монғол басқыншыларынан жерін толық азат етті. Өкімет басына қытайлардың Мин әулеті (1368-1644) келді.
Діннің таралуы
IV-V ғасырларда Қытай мемлекетінде будда діні кең тарады. Буддизм Қытайға Үндістаннан келген. Басқа діндер сияқты буддизм де адамдарды қиындыққа шыдамды болуға шақырды.Дінді уағыздаушы және таратушы Будда храмы болды. Қытайда храмның жер иеліктері болып, бұл діни орын ірі феодалдық шаруашылық саналды.
Жаңа заманның I ғасырында Қытайда даосизм діні тарай баста- ды. Оның негізін қалаушы Чжан Лин (Чжан Даолин) адамдарды аңыз арқылы аспанға, жеке адамдардың күдіретіне табындырып отырды. Ежелгі Қытай аңыздарының кейіпкерлеріне тағзым жасау даосизмнің негізгі қағидасы болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сот жүйесі
Келесі жаңалық
БҚО-да студенттер курстастарынан ақша бопсалап келген