Жаңалықтар

Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы

Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы. Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады. Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысканын білесіңдер. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Біздің еліміздің мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады. Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды. Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді. Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады. Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар. Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді. Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар. Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады. Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады. Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі. Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі. Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды. Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады. Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді басқару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Сендер олармен таныстыңдар. Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады. Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен. Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады: ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді. «Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады. Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады. Экономиканың өсуі екі жолмен - экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Экстенсивті (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс. Интенсивті (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған «2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бағытталған. Интенсивті факторлар экономиканың тиімділігін арттырады, оның көрсеткіші еңбек өнімділігімен анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уақыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді. Өнім мөлшерін табиғи өлшем (тонна, текше метр, кВт/сағат) және ақшалай (теңге, доллар) түрінде көрсетуге болады. Еңбек өнімділігі — экономикалық тиімділіктің тағы бір көрсеткіші - өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді. Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын теңгемен алғандағы шығын мөлшері. Шикізат, отын, электр куаты үнемді, өндіріс құралдары тиімді пайдаланылған сайын, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі артып, өнімнің өзіндік құны төмен болады. Қазақстан әлемдік экономикада Халықаралық өлшем бойынша біздің еліміздің экономикасы орташа деңгейде. Ол дүние жүзіндегі жалпы өнімнің 0,23%-ын өндіріп, 54-орынды алады. Қазақстанның шаруашылығы даму қарқынына қарай әлемдік экономикадан 3 есе асып түседі. Ондай артықшылық біздің еліміздің ұстанымын нығайта түсіп, дүние жүзіндегі беделін арттыруда. Қазақстанның дүниежүзілік ірі «жабдықтаушы» ретінде де маңызы өсуде. Еліміз әлемдік нарыққа көп мөлшерде отын, металл, астық шығарады. Бұлар қарапайым, қымбат емес тауарлар. Дегенмен де, олар экономиканың интенсивті дамуы үшін жағдай жасайды. Қазақстан дүниежүзілік инвестиция тарту орталығына айналуда. Елімізде ірі шетелдік компаниялар («Шеврон-Тексако», «Бритиш Газ», т.б.) жұмыс істеуде. Ең алдымен олар өз мәселелерін шешумен қатар, біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына да үлесін қосады. Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын қосатын жаңа көлік дәлізі ретінде де рөлі көтерілуде. Ең соңында біздің елімізді әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық арена ретінде атауға да болады (ғарышты игеру, қоршаған ортаны корғау, т.б.).  
05.12.2012 10:57 75675

Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы. Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады.

Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету.

Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика

Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысканын білесіңдер. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Біздің еліміздің мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады. Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды. Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді.

Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер

Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.
Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.
Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.

Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.
Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.
Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды. Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.
Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді басқару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.

Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері

Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Сендер олармен таныстыңдар.
Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.
Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен.

Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.
«Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.
Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.
Экономиканың өсуі екі жолмен - экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Экстенсивті (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс. Интенсивті (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған «2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бағытталған.

Интенсивті факторлар экономиканың тиімділігін арттырады, оның көрсеткіші еңбек өнімділігімен анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уақыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді.

Өнім мөлшерін табиғи өлшем (тонна, текше метр, кВт/сағат) және ақшалай (теңге, доллар) түрінде көрсетуге болады.
Еңбек өнімділігі — экономикалық тиімділіктің тағы бір көрсеткіші - өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді.
Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын теңгемен алғандағы шығын мөлшері.
Шикізат, отын, электр куаты үнемді, өндіріс құралдары тиімді пайдаланылған сайын, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі артып, өнімнің өзіндік құны төмен болады.

Қазақстан әлемдік экономикада

Халықаралық өлшем бойынша біздің еліміздің экономикасы орташа деңгейде. Ол дүние жүзіндегі жалпы өнімнің 0,23%-ын өндіріп, 54-орынды алады. Қазақстанның шаруашылығы даму қарқынына қарай әлемдік экономикадан 3 есе асып түседі. Ондай артықшылық біздің еліміздің ұстанымын нығайта түсіп, дүние жүзіндегі беделін арттыруда.
Қазақстанның дүниежүзілік ірі «жабдықтаушы» ретінде де маңызы өсуде. Еліміз әлемдік нарыққа көп мөлшерде отын, металл, астық шығарады. Бұлар қарапайым, қымбат емес тауарлар. Дегенмен де, олар экономиканың интенсивті дамуы үшін жағдай жасайды.
Қазақстан дүниежүзілік инвестиция тарту орталығына айналуда. Елімізде ірі шетелдік компаниялар («Шеврон-Тексако», «Бритиш Газ», т.б.) жұмыс істеуде. Ең алдымен олар өз мәселелерін шешумен қатар, біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына да үлесін қосады.
Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын қосатын жаңа көлік дәлізі ретінде де рөлі көтерілуде. Ең соңында біздің елімізді әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық арена ретінде атауға да болады (ғарышты игеру, қоршаған ортаны корғау, т.б.).
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға