Жаңалықтар

Балық аулау

Балық аулау - тіршілік қамымен немесе емдік дәру ушін балық ұстау. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар ертеде балық аулауды арнайы кәсіпке айналдырмағанымен үлкендария мен теңіз, көл жағасындағылар қарапайым тәсілдермен балық аулағандығы туралы бізге жеткен деректерде айтылады. Олар қарапайым құрал түрлерімен, шанышқымен, қармақ сапу, найзамен түйреу, ілме салу, тоспа, сүзу сияқты тәсілдермен аулаған. Балық аулауға сере, шанышқы, тартпа (шаппа) сияқты шаншып аулау құралдарын, қармақты пайдапанған. Сонымен қатар ұзын таяққа аттың құйрық қылын бекітіп жасаған ілмені суға салып, балық түсуін асықпай күтіп, ілме қозғалғанда оны тартып алып ұстайтын болған. Қармақтың түрі көп, соған орай құраушы бөлшектері де сан алуан: ине қармақ, әттік, жебе, темелек, жұтпа, шортан қармақ, жалтырауық, топтап салған бір етек қармақ, шаппа қармақ, салма қармақ т.б. Қазақтар орыс қоныстанушыларынан ау құрудың, көл ортасына «ыспамен» жетудің жолдарын үйренген. Балықшылық кәсібіне үйренген қазақтар малға айырбастап қайық сатып ала бастады. Ташкент темір жолы жүргізілген соң балық аулау одан әрі дами түсті. Балық аулауға сәуір мен маусым аралығы және қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы ыңғайлы деп есептелген. Балықтың уылдырық шашар кезі су жылып, өзен тасыған маусым-шілде айларында болады. Өзендер тасып арнасынан асқан кезде, жайылма суларға да уылдырық шашады. Бұл кезде балық ауланбайды. Балық мәселесін арнайы зерттеген Л.С. Бергтің жазуына қарағанда 1930 жылдары Аралда көктем мен күзде құрма, тоспа аулармен, бекіре мен аққайран, сазан, торта, шортан, көксерке, ақмарқа, жайын ауланған. Қаяз бен бекіреге ақан аулар салады. Сүзгі аулармен өзен суларынан ұсақ қаяз, тісті және ақмарқа аулайды. Қазақтар итбалықты еті мен майы үшін қыстыгүні аулаған. Балық аулаудың күрделі түрі желі қармақпен балық аулау әдісі. Желі қармақ ұзындығы 50-60 м кендір арқанның бойына 2 м сайын 20-30 қармақ, бір жерге 40- 60 желі қатарынан жалғастырылып құрылатын құрылғы. Жүз елудей қармақ байланған алты кішкене желінің қосындысын балықшылар «сүре» деп атайды. Сүрелердің аралығына байлап, су түбіне тасталатын салмағы 20 кг-дай ауыртпалық желілерді бір орында қозғалтпай ұстап тұрады. Су бетінде жиырма шақты қалтқыдан тұратын көтергі оны батырмай көтеріп тұрады. Ертедегі қарапайым желінің ұзындығы 11-13 құлаш, желі аралары 18 см етіп байланған, бауы қысқалау бір қарыс қана кендірден жасалған. Бекіре, шоқыр, қорытпа аулаудың бір әдісі - қарашағырмаққа кендірден желі жасап, жіптің бойына 8-10 см сайын қара қармақтар байлау. Қамап аулау Балықты қамап аулау - судың арнасын жырып жасаған жасанды айырықтан бөгеу (қарабура) жасап, айырықтың соңына тоғанша істеп, қамалған балықты аулау әдісі. Сондай-ақ иірімдегі балықты атпен, құрал көмегімен таяз қайраңға қаумалап айдап, жондары көрініп қашқан балықты таяқ, сабау, серемен соғып алады. Қыстыгүні аулау Балықты қыстыгүні аулау - қыстыгүні балық жиналатын орынды - балық қазанын тауып, самал деп аталатын құралмен мұзын ойып, «үкіжасап», жылымды су түбіне салады. Ойылған «үкінің» біріншісінен екіншісіне қарай жылымның қанатын нәрелмен (ұзын сырықпен) айдап отырады. Егер кішілеу ay болса, үкі аралығын сегіз метрдей етіп ояды да, астаумен байланыстырып қойып, ауды бір ойықтан салып, екінші жағынан түскен балықтарды майлық ыдысқа тоғытып ала береді. Мұз ойып, аумен балық сүзіп алуды «үкі сүзу» деп атайды. Жылымды қыстыгүні мұз астына құлақ / жетек арқанмен тартып жылжытып отырады да, мұз бетіне шығарар кезде айыр ағаш тәпекпен оның екі қанатын қосып, арасынан балық шығып кетуін бөгейді. Аудың қатқан мұзын шаулап қайтадан суға салып отырады. Жылымды тек қыста ғана салып отыратын болса, алты-жеті жылға, ұдайы қолданса екі жыл ғана қолдануға жарайды.  
05.12.2012 10:55 17575

Балық аулау - тіршілік қамымен немесе емдік дәру ушін балық ұстау. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар ертеде балық аулауды арнайы кәсіпке айналдырмағанымен үлкендария мен теңіз, көл жағасындағылар қарапайым тәсілдермен балық аулағандығы туралы бізге жеткен деректерде айтылады. Олар қарапайым құрал түрлерімен, шанышқымен, қармақ сапу, найзамен түйреу, ілме салу, тоспа, сүзу сияқты тәсілдермен аулаған. Балық аулауға сере, шанышқы, тартпа (шаппа) сияқты шаншып аулау құралдарын, қармақты пайдапанған. Сонымен қатар ұзын таяққа аттың құйрық қылын бекітіп жасаған ілмені суға салып, балық түсуін асықпай күтіп, ілме қозғалғанда оны тартып алып ұстайтын болған. Қармақтың түрі көп, соған орай құраушы бөлшектері де сан алуан: ине қармақ, әттік, жебе, темелек, жұтпа, шортан қармақ, жалтырауық, топтап салған бір етек қармақ, шаппа қармақ, салма қармақ т.б. Қазақтар орыс қоныстанушыларынан ау құрудың, көл ортасына «ыспамен» жетудің жолдарын үйренген. Балықшылық кәсібіне үйренген қазақтар малға айырбастап қайық сатып ала бастады. Ташкент темір жолы жүргізілген соң балық аулау одан әрі дами түсті.

Балық аулауға сәуір мен маусым аралығы және қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы ыңғайлы деп есептелген. Балықтың уылдырық шашар кезі су жылып, өзен тасыған маусым-шілде айларында болады. Өзендер тасып арнасынан асқан кезде, жайылма суларға да уылдырық шашады. Бұл кезде балық ауланбайды.

Балық мәселесін арнайы зерттеген Л.С. Бергтің жазуына қарағанда 1930 жылдары Аралда көктем мен күзде құрма, тоспа аулармен, бекіре мен аққайран, сазан, торта, шортан, көксерке, ақмарқа, жайын ауланған. Қаяз бен бекіреге ақан аулар салады. Сүзгі аулармен өзен суларынан ұсақ қаяз, тісті және ақмарқа аулайды. Қазақтар итбалықты еті мен майы үшін қыстыгүні аулаған.

Балық аулаудың күрделі түрі желі қармақпен балық аулау әдісі. Желі қармақ ұзындығы 50-60 м кендір арқанның бойына 2 м сайын 20-30 қармақ, бір жерге 40- 60 желі қатарынан жалғастырылып құрылатын құрылғы. Жүз елудей қармақ байланған алты кішкене желінің қосындысын балықшылар «сүре» деп атайды. Сүрелердің аралығына байлап, су түбіне тасталатын салмағы 20 кг-дай ауыртпалық желілерді бір орында қозғалтпай ұстап тұрады. Су бетінде жиырма шақты қалтқыдан тұратын көтергі оны батырмай көтеріп тұрады. Ертедегі қарапайым желінің ұзындығы 11-13 құлаш, желі аралары 18 см етіп байланған, бауы қысқалау бір қарыс қана кендірден жасалған. Бекіре, шоқыр, қорытпа аулаудың бір әдісі - қарашағырмаққа кендірден желі жасап, жіптің бойына 8-10 см сайын қара қармақтар байлау.

Қамап аулау
Балықты қамап аулау - судың арнасын жырып жасаған жасанды айырықтан бөгеу (қарабура) жасап, айырықтың соңына тоғанша істеп, қамалған балықты аулау әдісі. Сондай-ақ иірімдегі балықты атпен, құрал көмегімен таяз қайраңға қаумалап айдап, жондары көрініп қашқан балықты таяқ, сабау, серемен соғып алады.

Қыстыгүні аулау
Балықты қыстыгүні аулау - қыстыгүні балық жиналатын орынды - балық қазанын тауып, самал деп аталатын құралмен мұзын ойып, «үкіжасап», жылымды су түбіне салады. Ойылған «үкінің» біріншісінен екіншісіне қарай жылымның қанатын нәрелмен (ұзын сырықпен) айдап отырады. Егер кішілеу ay болса, үкі аралығын сегіз метрдей етіп ояды да, астаумен байланыстырып қойып, ауды бір ойықтан салып, екінші жағынан түскен балықтарды майлық ыдысқа тоғытып ала береді. Мұз ойып, аумен балық сүзіп алуды «үкі сүзу» деп атайды. Жылымды қыстыгүні мұз астына құлақ / жетек арқанмен тартып жылжытып отырады да, мұз бетіне шығарар кезде айыр ағаш тәпекпен оның екі қанатын қосып, арасынан балық шығып кетуін бөгейді. Аудың қатқан мұзын шаулап қайтадан суға салып отырады. Жылымды тек қыста ғана салып отыратын болса, алты-жеті жылға, ұдайы қолданса екі жыл ғана қолдануға жарайды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға