Жаңалықтар

Шайбани мемлекеті

Шайбани мемлекеті, Шейбани мемлекеті — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет (1500 — 98). Орталығы алғашында Самарқанд, 1560 жылдан Бұхара қаласы болды. Шайбани мемлекетінің құрылуы бұрын Дешті Қыпшақта тұрған көшпелі өзбек тайпаларынан шыққан Мұхаммед Шайбани ханның Мауераннахрды жаулап алуымен тығыз байланысты. Шайбани мемлекеті Каспий т-нен Тянь-Шаньға, Сырдариядан Орталығы Ауғанстанға дейінгі аумақты қамтыды. 1510 жылы Иран шаїы, Сефеви әулетінен шыққан Исмаил Қ Шайбани ханды талқандағаннан кейін Шайбани әулеті екі өзбек мемлекетіне бөлінді. Бірі — Мауераннахрдағы Шайбани мемлекеті де, екіншісі — оған тәуелді емес Хиуа хандығы (орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуа) болды. Темір әулетінің бұрынғы хорасандық иелігі Иранға қарады. Көшпелі өзбектердің Дешті Қыпшақтан Мауераннахрға ауысуы нәтижесінде Шайбани әулеті қазіргі қазақ даласындағы ықпалынан айрылып, далалық жерлерде қазақ хандарының билігі орнады. Көшпелі өзбектердің отырықшы халықтың арасынан қоныс тебуі егіншіліктің біршама құлдырауына және суландыру құрылыстары жұмысының бұзылуына әкеп соқтырды. Жерді сыйға тарту, мұрагерлік жолмен меншіктену құқығы кең тарады. Шайбани мемлекетінде ірі жер иеленушілер, сопы шейхтары мен үлкен вакуфтарды иемденген мұсылман дінбасылары болды. Жердің бір бөлігі хан меншігі болып есептелді. Бұл жерді пайдаланған шаруалардан салық — харадж алынды. Барлық өзбектерді өз қол астына біріктірген Абдолла ханның тұсы Шайбани мемлекетінің гүлденген кезі болды. Ресей, Қазақ хандығы, Сібір хандығы мен Үндістандағы Ұлы Моғолдармен қатынас орнатылды. Бірақ үздіксіз әскери жорықтар мен билеуші топтардың арасындағы тартыстардың қолөнер мен саудаға тигізген зиянды зардабы зор болды. Шайбани мемлекетінің тұсында Мауераннахр мен Хорасанның түркі тілдес халқына “өзбектер” деген этнонимі бекіді. Абдолла хан тұсында мемлекет астанасы Бұхара болды да, кейінгі деректерде Шайбани мемлекеті Бұхар хандығы деп аталды. Бұхара қаласы ірі мәдени орталыққа айналды. 16 ғасырда Шайбани мемлекетінде белгілі ақын-жазушылар Хожа Хасан Нисари, Зайниддин Уасифи, Камал әд-Дин Бинаи, Абдурахман Мушфики, т.б. өмір сүрді. Шайбани мемлекетіне арналған Бинаидың “Шайбанинама”, “Футухат-и хани”, Мұхаммед Салихтың “Шайбанинама”, Хондемирдің “Хабиб-ас-сияр” тәрізді тарихи шығармалары да осы 16 ғасырда жазылды.
05.12.2012 10:54 11485

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға