Жаңалықтар

Балта

Балта - шабу арқылы зақым салатын жауынгерлік қару. Жауынгерлік балта екі функционалдық бөліктен тұрады: қарудың металдан жасалып, жарақат салуға арналған негізгі бөлігі «басы», қолға ұстайтын бөлігі - «сабы». Жауынгерлік балтада жүзінің жалпақтығы орташа болып, жоғары ұшы тіктеу, төменгі ұшы сағағына қарай сәл дөңгеленіп келеді. Алғашқы балталар тас дәуірінде пайда болғанмен, тікелей жауынгерлік қару ретінде жауынгерлік балта көшпелі халықтарда біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтан қолданыла бастаған, бұл кездердегі балта бастары қоладан арнаулы қалыптарда құйылып жасалған. Жауынгерлік балта ерте заманнан ғұрыптық мәнге ие болған, сондықтан көне заманда жауынгерлік балтаның ғұрыптық нұсқалары да жасалып, олардың жүзінің беттері, шүйдесі, сабы әртүрлі өрнекпен, тотемдік жануарлар мен аңдар бейнелерімен керкемделді. Темір рудасын игеру барысында орта ғасырда жауынгерлік балта басының көптеген жаңа түрлері жасалына бастады. Көшпелі түркі-монғол халықтарында жауынгерлік балта салтатты жауынгердің басты қаруының бірі болды, соғыста жауынгерлер балтаны негізінен қоян-қолтық айқаста пайдаланды. Жауынгерлік балта ер қаруы-бес қарудың құрамына кіріп, айқас алдындағы батырлардың жауынгерлік жекпе- жегі мен әртүрлі тойларда өткізілетін сайыстарда басқа жауынгерлік қарулармен бірге балтамен шабысу сайысы да өткізілген. Қазіргі замандағыдай, бұрынғы кездерде де көшпелі халықтардың әскерінің құрамы қару түрлеріне қарай бөлініп, айқаста жауынгерлік балтаны қолдануды жетік меңгерген жауынгерлерден жеке әскери беліктер, қосындар құрылған. Қазақтарда балтаны жауынгерлік қару ретінде қолдапу XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып келді. Жауынгерлік балталардың басы болаттан, темірден соғылып, сабы қатты ағаштан жасалып, шығып кетпес үшін басы сабына қосымша екі темір бекітпелер арқылы ұстатылды. Сыртындағы темір бекітпеге күміспен қақталып ою салынып, ал алдыңғы жағындағы бекітпе қарсыластың қаруын кесуге арналған өткір жүз түрінде жасалды. Кейбір балта саптары берік болу үшін баспалау әдісімен өрнектелген күміс қаңылтырмен, ал кейбірі терімен қапталып, металл жапсырмалармен көркемделді. Кейбір балталардың шүйдесі төртбұрышты немесе дөңгелек келген балға түрінде жасалып, қосымша ұру, соғу арқылы зақым салуға қолданылды. Қазақ балталарының жүзінің беттері әдетте күміс қақтау, алтынмен, күміспен булау, қырнау әдістері арқылы, ал металмен қапталған саптары баспалау әдісі арқылы өсімдік өрнекпен әшекейленді. Көшпелі түркі халықтарының көне мифологиялық дүниетанымында жауынгерлік қару әлемнің үш сегментін байланыстырып тұратын «әлем ағашының» алломорфы ретінде бейнеленеді. Сондықтан қазақтардың балталарының бастары мен саптарында қолданылатын өрнек түрлері көбінесе «әлем ағашы» өрнегінің әртүрлі вариантары болып келеді. Бұл өрнектердің қолданылуы балтаның көне замандағы ғұрыптық сипатының қазақтарда көркемдік дәстүр ретінде сақталып келгенін айғақтайды. Сәнді балталардың саптары асыл тастармен де әшекейленді, кейде балта бастарында киелі сөздер немесе арнау сөздер жазылды. Қазақтардың жауынгерлік балталары сабының ұзындығына қарай қысқа, орташа және ұзын сапты болып келеді. Қыска сапты балта (балташық) сиректеу қолданылды да, ең көп қолданылғаны сабы орташа ұзындықты балта, ең аз қолданылған ұзын сапты балта болды. Дәстүрлі мәдениетте жауынгерлік балта әскери құрал ретіндегі утилитарлық қызметінен басқа түрлі символдық, белгілік және ғұрыптық мақсаттарда да қолданылды. Көне заманда жауынгерлік балта көп халықтарда оны ұстаушылардың сакральдық рөлін көрсететін символдарының бірі болды. Осы ерекшелігіне сәйкес қасиетті мүлік, жоғары құндылығы бар зат ретінде балта көшпелі қоғамдағы түрлі әлеуметтік және мемлекетаралық қатынастарды белгілейтін әртүрлі ресми сыйлардың құрамына кірді. Көне магиялық сенімдерге сәйкес ерте заманнан айбалтаның зұлым күштерден, рухтардан қорғау, сақтау күші бар деп түсінілді де, апотропеикалық (қорғау, сақтау) магиялық ырымдарда қолданылды. Түркі халықтарында шаман-бақсылардың зұлым рухтармен айқасуға, күресуге көмектестін құралы ретінде балта олардың ғұрыптық қаруларының бірі болған. Қазақ бақсылары да жауынгерлік балтаны зікір салғанда пайдаланды. Батыс Қазақстандағы қазақтардың құлпытастарында, сағанатастарында жауынгерлік символ ретінде бейнеленген әртүрлі жауынгерлік балта бейнелерін көруге болады. Жауынгерлік балтаның символдық, магиялық мәніне байланысты қазақтарда ер адамның есімдері ретінде ер балаларға Балта, Балтабай, Қарабалта деген сияқты есімдер де қойылған.  
05.12.2012 10:47 6300

Балта - шабу арқылы зақым салатын жауынгерлік қару. Жауынгерлік балта екі функционалдық бөліктен тұрады: қарудың металдан жасалып, жарақат салуға арналған негізгі бөлігі «басы», қолға ұстайтын бөлігі - «сабы». Жауынгерлік балтада жүзінің жалпақтығы орташа болып, жоғары ұшы тіктеу, төменгі ұшы сағағына қарай сәл дөңгеленіп келеді. Алғашқы балталар тас дәуірінде пайда болғанмен, тікелей жауынгерлік қару ретінде жауынгерлік балта көшпелі халықтарда біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтан қолданыла бастаған, бұл кездердегі балта бастары қоладан арнаулы қалыптарда құйылып жасалған. Жауынгерлік балта ерте заманнан ғұрыптық мәнге ие болған, сондықтан көне заманда жауынгерлік балтаның ғұрыптық нұсқалары да жасалып, олардың жүзінің беттері, шүйдесі, сабы әртүрлі өрнекпен, тотемдік жануарлар мен аңдар бейнелерімен керкемделді. Темір рудасын игеру барысында орта ғасырда жауынгерлік балта басының көптеген жаңа түрлері жасалына бастады. Көшпелі түркі-монғол халықтарында жауынгерлік балта салтатты жауынгердің басты қаруының бірі болды, соғыста жауынгерлер балтаны негізінен қоян-қолтық айқаста пайдаланды. Жауынгерлік балта ер қаруы-бес қарудың құрамына кіріп, айқас алдындағы батырлардың жауынгерлік жекпе- жегі мен әртүрлі тойларда өткізілетін сайыстарда басқа жауынгерлік қарулармен бірге балтамен шабысу сайысы да өткізілген. Қазіргі замандағыдай, бұрынғы кездерде де көшпелі халықтардың әскерінің құрамы қару түрлеріне қарай бөлініп, айқаста жауынгерлік балтаны қолдануды жетік меңгерген жауынгерлерден жеке әскери беліктер, қосындар құрылған.

Қазақтарда балтаны жауынгерлік қару ретінде қолдапу XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып келді. Жауынгерлік балталардың басы болаттан, темірден соғылып, сабы қатты ағаштан жасалып, шығып кетпес үшін басы сабына қосымша екі темір бекітпелер арқылы ұстатылды. Сыртындағы темір бекітпеге күміспен қақталып ою салынып, ал алдыңғы жағындағы бекітпе қарсыластың қаруын кесуге арналған өткір жүз түрінде жасалды. Кейбір балта саптары берік болу үшін баспалау әдісімен өрнектелген күміс қаңылтырмен, ал кейбірі терімен қапталып, металл жапсырмалармен көркемделді. Кейбір балталардың шүйдесі төртбұрышты немесе дөңгелек келген балға түрінде жасалып, қосымша ұру, соғу арқылы зақым салуға қолданылды.

Қазақ балталарының жүзінің беттері әдетте күміс қақтау, алтынмен, күміспен булау, қырнау әдістері арқылы, ал металмен қапталған саптары баспалау әдісі арқылы өсімдік өрнекпен әшекейленді. Көшпелі түркі халықтарының көне мифологиялық дүниетанымында жауынгерлік қару әлемнің үш сегментін байланыстырып тұратын «әлем ағашының» алломорфы ретінде бейнеленеді. Сондықтан қазақтардың балталарының бастары мен саптарында қолданылатын өрнек түрлері көбінесе «әлем ағашы» өрнегінің әртүрлі вариантары болып келеді. Бұл өрнектердің қолданылуы балтаның көне замандағы ғұрыптық сипатының қазақтарда көркемдік дәстүр ретінде сақталып келгенін айғақтайды. Сәнді балталардың саптары асыл тастармен де әшекейленді, кейде балта бастарында киелі сөздер немесе арнау сөздер жазылды. Қазақтардың жауынгерлік балталары сабының ұзындығына қарай қысқа, орташа және ұзын сапты болып келеді. Қыска сапты балта (балташық) сиректеу қолданылды да, ең көп қолданылғаны сабы орташа ұзындықты балта, ең аз қолданылған ұзын сапты балта болды.

Дәстүрлі мәдениетте жауынгерлік балта әскери құрал ретіндегі утилитарлық қызметінен басқа түрлі символдық, белгілік және ғұрыптық мақсаттарда да қолданылды. Көне заманда жауынгерлік балта көп халықтарда оны ұстаушылардың сакральдық рөлін көрсететін символдарының бірі болды. Осы ерекшелігіне сәйкес қасиетті мүлік, жоғары құндылығы бар зат ретінде балта көшпелі қоғамдағы түрлі әлеуметтік және мемлекетаралық қатынастарды белгілейтін әртүрлі ресми сыйлардың құрамына кірді.
Көне магиялық сенімдерге сәйкес ерте заманнан айбалтаның зұлым күштерден, рухтардан қорғау, сақтау күші бар деп түсінілді де, апотропеикалық (қорғау, сақтау) магиялық ырымдарда қолданылды. Түркі халықтарында шаман-бақсылардың зұлым рухтармен айқасуға, күресуге көмектестін құралы ретінде балта олардың ғұрыптық қаруларының бірі болған. Қазақ бақсылары да жауынгерлік балтаны зікір салғанда пайдаланды. Батыс Қазақстандағы қазақтардың құлпытастарында, сағанатастарында жауынгерлік символ ретінде бейнеленген әртүрлі жауынгерлік балта бейнелерін көруге болады. Жауынгерлік балтаның символдық, магиялық мәніне байланысты қазақтарда ер адамның есімдері ретінде ер балаларға Балта, Балтабай, Қарабалта деген сияқты есімдер де қойылған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға