Жаңалықтар

Жүз жылдық соғыс

Жүз жылдық соғыс (1337 – 1453) – Франция мен Англияның арасындағы ұзаққа созылған, дүние жүзі тарихына ықпал еткен соғыс. Соғыстың басталуы 1328 жылы француз королі Карл IV қайтыс болды да, таққа мұрагер табылмады. Осыны пайдаланған ағылшын королі Эдуард III (1327 – 1377) өзін қайтыс болған корольдің жиені ретінде тақтың мұрагерімін деп жариялады. Бірақ француз ақсүйектері әйелдер жағынан тараған ұрпақтың Франция тағын иеленуіне тыйым салатын ежелгі дәстүрге сүйеніп, қайтыс болған корольдің алыс туысы, Валуа әулетінен шыққан Филипп IV -ны король тағына отырғызды. Эдуард III алғашында бұл шешіммен келісті. Көп ұзамай жаңа корольдің белсенді әрекеттерінен өзінің Франциядағы иеліктеріне қауіп төнетінін түсінді. 1339 ж. ағылшындар Францияға сәтсіз жорық жасады. Келесі жылы жорықтарын тағы қайталады. Бұл жолғы шабуыл сәтті аяқталып, француз флоты толық жойылды. Филипп IV бітім сұрауға мәжбүр болды. Алайда бұл бітім ұзаққа созылмады. 1346 ж. ағылшын әскерлері Нормандияға басып кірді. Олар Париж қаласына дейін келіп жетіп, Францияның солтүстік аймағына қарай шабуылға шықты. Француз әскерлері, негізінен, рыцарлардан құралған еді. Ал ағылшын әскерлерінің негізін ерікті шаруалардан құралған садақшылар құрады. 1346 ж. 26 тамызда олардың арасында үлкен шайқас болды. Шайқас барысында француз жасақтары оннан аса шабуыл ұйымдастырды. Бірақ бір орталықтан басқарылмаған, бей-берекет шабуылдар ешқандай нәтиже бермеді. Ұзын садақпен қаруланған тәртіпті ағылшын садақшылары оларды 150 м-ден артық жақындатпай, алдымен рыцарлар мінген аттарды мертіктірді. Осыдан кейін шайқасқа ағылшын атты әскерлері араласты. 1,5 мыңға жуық француз рыцарлары қазаға ұшырап, ағылшындар 3 сарбазынан ғана айырылды. Жеңіске жеткен Эдуард III аса ірі порты бар Кале қ-сын қоршауға алды. Кале қ-сы 10 айдан аса ерлікпен қорғанғанына қарамастан берілуге мәжбүр болды. Бұл қала 1558 жылға дейін ағылшындардың Франциядағы әскери тірегіне айналды. Кале бекінісі құлағаннан кейін екі арада 8 жылдай бейбітшілік орнады. 1350 ж. Франция тағын Валуа әулетінен шыққан Иоан II иеленді. 1355 ж. ағылшындар соғыс қимылдарын қайта бастады. Эдуард III Бретания мен Фландрияны, оның ұлы Эдуард Қара ханзада Лантедок қамалын басып алды. Эдуард Қара ханзада 1356 ж. 19 қыркүйекте Пуатье қаласы түбінде француз королі Иоан II-ні тұтқынға алды. 1359 ж. Лондонда француздар үшін аса қолайсыз бітім шартына қол қойылды. Халықтың тұрмысы күрт нашарлап, жаппай бас көтерулер (Жакерия көтерілісі) басталды. Осыны пайдаланған ағылшындар елді оңт-тен және солт-тен бірдей қысымға алды. Жаңа король Карл V (1364 – 84) ағылшындармен жаңа бітім шартын жасасып, солардың көмегімен халық толқуын басып тастады. Франция өз жерінің көп бөлігінен айрылып қалды. Карл V рыцарларды жалдамалы жасақтармен алмастырып, алғашқы далалық артиллерия бөлімдерін құрды, отандық флотты қалпына келтіруге тырысты. Ол 1369 ж. соғысты қайтадан бастап, ағылшындарды елден ығыстыра бастады және Оңтүстік Англияға бірнеше сәтті жорықтар жасады. Бұл кезде Англияда Эдуард III қайтыс болып, таққа Ричард II (1377 – 91) отырды. Елде шаруалар қозғалысы (Уат Тайлер көтерілісі) өрістеді. Ричард II француздармен бітім жасасуға мәжбүр болды. Бірақ Францияның жаңа королі Карл VI (1384 – 1422 ж. билік құрған) ел билеуге икемсіз болып шықты. Билік үшін ақсүйектер арасында өзара қырқыс басталды. Ал Англияда Ричард II тақтан тайдырылып, билікке Ланкастер әулеті келді. Екі ел арасындағы соғыс ағылшын королі Генрих V (1413 – 22) тұсында қайта жалғасты. Ол 1415 ж. көп әскермен Нормандияға келіп түсті де Бургундия герцогтығының көмегімен елдің бүкіл солт-гін Париж қ-мен қоса басып алды. 1421 жылғы бітім бойынша Карл VI тақта қалдырылды, бірақ Генрих V оның қызына үйленіп, іс жүзінде тақтың мұрагеріне айналды. Көп ұзамай екі король де қайтыс болып, соғыс әрі қарай жалғасып кетті. Енді соғысқа шаруалар мен қала кедейлерінен құралған жасақтар да араласа бастады. 1428 ж. Франция аса ауыр жағдайда қалды. Қазан айында Орлеан қ-н ағылшындар қоршауға алды. Осындай қиын жағдайда Жанна Д’Арк бастаған жасақ пайда болды (қ. Жанна Д’Арк). Олар 1429 ж. мамырда Орлеанды азат етіп, Карл VII-нің таққа отыруын қамтамасыз етті. Алайда француз ақсүйектері ержүрек қызды ағылшындарға ұстап берді. Жанна Д’Арк өлгеннен кейін Францияда халық жасақтары жер-жерде құрылып, күшейе бастады. Олар 1436 ж. Париж бен оның төңірегін азат етіп, 1450 ж. Нормандияны бағындырды. 1453 ж. 19 қазанда Франциядағы ағылшындардың ең соңғы бекінісі Бордо құлады да, жүзжылдық соғыс ешқандай келісімшартсыз аяқталды. Бұл соғыс екі ел тарихында да үлкен рөл атқарды. Еуропадағы иеліктерінен айрылған ағылшындар басқа құрлықтардан отарлар басып алуға кірісті де, көп ұзамай аса күшті теңіз державасына айналды. Ал Франция бір орталыққа бағынған мемлекет болып қалыптасты. жүзжылдық соғыс рыцарлардың дәурені өткендігін, болашақ соғыстарда шешуші рөлді оқ-дәрімен атылатын қарулармен қаруланған халық жасақтары атқаратынын көрсетіп берді.  
05.12.2012 10:40 42421

Жүз жылдық соғыс (1337 – 1453) – Франция мен Англияның арасындағы ұзаққа созылған, дүние жүзі тарихына ықпал еткен соғыс.
Соғыстың басталуы
1328 жылы француз королі Карл IV қайтыс болды да, таққа мұрагер табылмады. Осыны пайдаланған ағылшын королі Эдуард III (1327 – 1377) өзін қайтыс болған корольдің жиені ретінде тақтың мұрагерімін деп жариялады. Бірақ француз ақсүйектері әйелдер жағынан тараған ұрпақтың Франция тағын иеленуіне тыйым салатын ежелгі дәстүрге сүйеніп, қайтыс болған корольдің алыс туысы, Валуа әулетінен шыққан Филипп IV -ны король тағына отырғызды. Эдуард III алғашында бұл шешіммен келісті.
Көп ұзамай жаңа корольдің белсенді әрекеттерінен өзінің Франциядағы иеліктеріне қауіп төнетінін түсінді. 1339 ж. ағылшындар Францияға сәтсіз жорық жасады. Келесі жылы жорықтарын тағы қайталады. Бұл жолғы шабуыл сәтті аяқталып, француз флоты толық жойылды. Филипп IV бітім сұрауға мәжбүр болды. Алайда бұл бітім ұзаққа созылмады. 1346 ж. ағылшын әскерлері Нормандияға басып кірді. Олар Париж қаласына дейін келіп жетіп, Францияның солтүстік аймағына қарай шабуылға шықты. Француз әскерлері, негізінен, рыцарлардан құралған еді. Ал ағылшын әскерлерінің негізін ерікті шаруалардан құралған садақшылар құрады. 1346 ж. 26 тамызда олардың арасында үлкен шайқас болды. Шайқас барысында француз жасақтары оннан аса шабуыл ұйымдастырды. Бірақ бір орталықтан басқарылмаған, бей-берекет шабуылдар ешқандай нәтиже бермеді. Ұзын садақпен қаруланған тәртіпті ағылшын садақшылары оларды 150 м-ден артық жақындатпай, алдымен рыцарлар мінген аттарды мертіктірді. Осыдан кейін шайқасқа ағылшын атты әскерлері араласты. 1,5 мыңға жуық француз рыцарлары қазаға ұшырап, ағылшындар 3 сарбазынан ғана айырылды. Жеңіске жеткен Эдуард III аса ірі порты бар Кале қ-сын қоршауға алды.
Кале қ-сы 10 айдан аса ерлікпен қорғанғанына қарамастан берілуге мәжбүр болды. Бұл қала 1558 жылға дейін ағылшындардың Франциядағы әскери тірегіне айналды. Кале бекінісі құлағаннан кейін екі арада 8 жылдай бейбітшілік орнады. 1350 ж. Франция тағын Валуа әулетінен шыққан Иоан II иеленді. 1355 ж. ағылшындар соғыс қимылдарын қайта бастады. Эдуард III Бретания мен Фландрияны, оның ұлы Эдуард Қара ханзада Лантедок қамалын басып алды. Эдуард Қара ханзада 1356 ж. 19 қыркүйекте Пуатье қаласы түбінде француз королі Иоан II-ні тұтқынға алды. 1359 ж. Лондонда француздар үшін аса қолайсыз бітім шартына қол қойылды. Халықтың тұрмысы күрт нашарлап, жаппай бас көтерулер (Жакерия көтерілісі) басталды. Осыны пайдаланған ағылшындар елді оңт-тен және солт-тен бірдей қысымға алды.
Жаңа король Карл V (1364 – 84) ағылшындармен жаңа бітім шартын жасасып, солардың көмегімен халық толқуын басып тастады. Франция өз жерінің көп бөлігінен айрылып қалды. Карл V рыцарларды жалдамалы жасақтармен алмастырып, алғашқы далалық артиллерия бөлімдерін құрды, отандық флотты қалпына келтіруге тырысты. Ол 1369 ж. соғысты қайтадан бастап, ағылшындарды елден ығыстыра бастады және Оңтүстік Англияға бірнеше сәтті жорықтар жасады. Бұл кезде Англияда Эдуард III қайтыс болып, таққа Ричард II (1377 – 91) отырды. Елде шаруалар қозғалысы (Уат Тайлер көтерілісі) өрістеді. Ричард II француздармен бітім жасасуға мәжбүр болды. Бірақ Францияның жаңа королі Карл VI (1384 – 1422 ж. билік құрған) ел билеуге икемсіз болып шықты. Билік үшін ақсүйектер арасында өзара қырқыс басталды. Ал Англияда Ричард II тақтан тайдырылып, билікке Ланкастер әулеті келді. Екі ел арасындағы соғыс ағылшын королі Генрих V (1413 – 22) тұсында қайта жалғасты. Ол 1415 ж. көп әскермен Нормандияға келіп түсті де Бургундия герцогтығының көмегімен елдің бүкіл солт-гін Париж қ-мен қоса басып алды. 1421 жылғы бітім бойынша Карл VI тақта қалдырылды, бірақ Генрих V оның қызына үйленіп, іс жүзінде тақтың мұрагеріне айналды. Көп ұзамай екі король де қайтыс болып, соғыс әрі қарай жалғасып кетті. Енді соғысқа шаруалар мен қала кедейлерінен құралған жасақтар да араласа бастады. 1428 ж. Франция аса ауыр жағдайда қалды. Қазан айында Орлеан қ-н ағылшындар қоршауға алды. Осындай қиын жағдайда Жанна Д’Арк бастаған жасақ пайда болды (қ. Жанна Д’Арк). Олар 1429 ж. мамырда Орлеанды азат етіп, Карл VII-нің таққа отыруын қамтамасыз етті. Алайда француз ақсүйектері ержүрек қызды ағылшындарға ұстап берді. Жанна Д’Арк өлгеннен кейін Францияда халық жасақтары жер-жерде құрылып, күшейе бастады. Олар 1436 ж. Париж бен оның төңірегін азат етіп, 1450 ж. Нормандияны бағындырды. 1453 ж. 19 қазанда Франциядағы ағылшындардың ең соңғы бекінісі Бордо құлады да, жүзжылдық соғыс ешқандай келісімшартсыз аяқталды. Бұл соғыс екі ел тарихында да үлкен рөл атқарды. Еуропадағы иеліктерінен айрылған ағылшындар басқа құрлықтардан отарлар басып алуға кірісті де, көп ұзамай аса күшті теңіз державасына айналды. Ал Франция бір орталыққа бағынған мемлекет болып қалыптасты. жүзжылдық соғыс рыцарлардың дәурені өткендігін, болашақ соғыстарда шешуші рөлді оқ-дәрімен атылатын қарулармен қаруланған халық жасақтары атқаратынын көрсетіп берді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға