Жаңалықтар

Баланы ұшықтау

Баланы ұшықтау - аластап емдеудің түрі. Көз тиіп не суық тиіп, астан ұшынып ауырған баланы, көнекөз қариялардың айтуынша, ұшықтап емдеудің бірнеше түрі бар. Балаға көздің тиюі де екі түрлі деседі. Егер ер адамның көзі тисе, баланың денесі суып, өзінен-өзі мазасызданым, кіші дәретке жиі-жиі отырады, қолға тұрмай шалқалап жылайды. Егер әйел адамның көзі тисе, керісінше, баланың денесі қызып, шырқырап жылап, тәбеті нашарлап, мүлдем емшек ембей қояды. Мұндай жағдайда әжелер немерелерін тезірек ұшықтауға кіріседі. Кесеге су құйып, оның ішіне жеті тал қара бұрыш салып, анасы баланы сыртқа шығарып ұстап тұрады немесе өзі отыра алатын бала болса өзін отырғызады да, баланы айнала жүріп, бұрыш салынған суды ұрттап балаға бүрку арқылы ұшықтайды. Ұшықтай жүріп «көзі тигеннің көзі шықсын, тілі тигеннің тілі кесілсін» деп көзі тиген адамға қарғыс сөздерін бағыштап айта жүреді. Әбден кеседегі су таусылғанша осылай бірнеше қайталап ұшықтап, содан соң «ауруды саттың ба?» деп сұрайды, баланың анасы «саттық, саттық» деп тез арада үйге кіреді. «Ауруын сатты» деп бапаны жеңсізінің етегімен қағып-қағып жіберіп, кесені жерге төңкеріп тастайды. Баланы жатқызып үстіне жеті киім жабады. Біраздан соң бала терлеп, ауруынан айығып кетеді. Бала астан ұшынып, тәбеті болмай ауырса, әжесі баланы «сәрсенбінің сәтті күні, сәтін бере гөр» деп, баланы таңертең ерте киіндіріп алып шығып, көк шөптің үстінде жүргізеді. Біраз жүргізген соң жерге домапата аунатады. «Жер ана өзің шипа бере гөр, пірім бибі Бәтима» деп тәу ете жүріп, ұшықтауды бірнеше рет қайталайды. Ұшықтап болған соң баланың үстіне жеті киім жауып жатқызады. Бала біраздан кейін өзі-ақ қарнының ашқанын білдіреді. Бала бірдеңеден шошынғанда да осылай ұшықтайды. Ұшықтауды да кез келген қариялар жасай бермейді. Арғы ата тегінде емшілік қасиеті бар кісі ғана ұшықтайды. Қарт әжелердің айтуынша, егер кісі өз-өзіне сенімсіз қалыпта бала ұшықтаса, оның аяқ-қолы сырқырап, өзінен- өзі қысылып, көздері жасаурап, дел-сал халіне түседі. Мұндай жағдайда тез арада жеті шелпек нан пісіріп, ата-бабаларының аруағына бағыштап Құран оқытады. Әлденеден ұшынып сескенген жаңа туған баланы ұшықтауда «тіл-сұңқа» қарсы - тұз, пышақтан ұшынса - пышақ, бір уыс топырақ алып, осы үш затпен сәбиді ұшықтап, үстінен айналдырып, түкіртіп, күре жолға апарып, оң жақтан басынан асыра: «Мына баланың ұшығын кетір, ғұмырын ұзақ қыл» деп, жол айырығына лақтырады. Абайсызда құлаған баланы шошынудан, пәле жабысудан сақтау үшін баланың құлаған жеріне алақанын тигізіп, сонан соң «ұшық, ұшық, тәңірім, бәледен сақтай гөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтай гөр» деп, алақанын баланың ауырсынған жеріне тигізеді. Осылай үш рет қайталайды.  
05.12.2012 10:33 58108

Баланы ұшықтау - аластап емдеудің түрі. Көз тиіп не суық тиіп, астан ұшынып ауырған баланы, көнекөз қариялардың айтуынша, ұшықтап емдеудің бірнеше түрі бар. Балаға көздің тиюі де екі түрлі деседі. Егер ер адамның көзі тисе, баланың денесі суып, өзінен-өзі мазасызданым, кіші дәретке жиі-жиі отырады, қолға тұрмай шалқалап жылайды. Егер әйел адамның көзі тисе, керісінше, баланың денесі қызып, шырқырап жылап, тәбеті нашарлап, мүлдем емшек ембей қояды. Мұндай жағдайда әжелер немерелерін тезірек ұшықтауға кіріседі.

Кесеге су құйып, оның ішіне жеті тал қара бұрыш салып, анасы баланы сыртқа шығарып ұстап тұрады немесе өзі отыра алатын бала болса өзін отырғызады да, баланы айнала жүріп, бұрыш салынған суды ұрттап балаға бүрку арқылы ұшықтайды. Ұшықтай жүріп «көзі тигеннің көзі шықсын, тілі тигеннің тілі кесілсін» деп көзі тиген адамға қарғыс сөздерін бағыштап айта жүреді. Әбден кеседегі су таусылғанша осылай бірнеше қайталап ұшықтап, содан соң «ауруды саттың ба?» деп сұрайды, баланың анасы «саттық, саттық» деп тез арада үйге кіреді. «Ауруын сатты» деп бапаны жеңсізінің етегімен қағып-қағып жіберіп, кесені жерге төңкеріп тастайды. Баланы жатқызып үстіне жеті киім жабады. Біраздан соң бала терлеп, ауруынан айығып кетеді.

Бала астан ұшынып, тәбеті болмай ауырса, әжесі баланы «сәрсенбінің сәтті күні, сәтін бере гөр» деп, баланы таңертең ерте киіндіріп алып шығып, көк шөптің үстінде жүргізеді. Біраз жүргізген соң жерге домапата аунатады. «Жер ана өзің шипа бере гөр, пірім бибі Бәтима» деп тәу ете жүріп, ұшықтауды бірнеше рет қайталайды. Ұшықтап болған соң баланың үстіне жеті киім жауып жатқызады. Бала біраздан кейін өзі-ақ қарнының ашқанын білдіреді.

Бала бірдеңеден шошынғанда да осылай ұшықтайды. Ұшықтауды да кез келген қариялар жасай бермейді. Арғы ата тегінде емшілік қасиеті бар кісі ғана ұшықтайды. Қарт әжелердің айтуынша, егер кісі өз-өзіне сенімсіз қалыпта бала ұшықтаса, оның аяқ-қолы сырқырап, өзінен- өзі қысылып, көздері жасаурап, дел-сал халіне түседі. Мұндай жағдайда тез арада жеті шелпек нан пісіріп, ата-бабаларының аруағына бағыштап Құран оқытады.

Әлденеден ұшынып сескенген жаңа туған баланы ұшықтауда «тіл-сұңқа» қарсы - тұз, пышақтан ұшынса - пышақ, бір уыс топырақ алып, осы үш затпен сәбиді ұшықтап, үстінен айналдырып, түкіртіп, күре жолға апарып, оң жақтан басынан асыра: «Мына баланың ұшығын кетір, ғұмырын ұзақ қыл» деп, жол айырығына лақтырады.

Абайсызда құлаған баланы шошынудан, пәле жабысудан сақтау үшін баланың құлаған жеріне алақанын тигізіп, сонан соң «ұшық, ұшық, тәңірім, бәледен сақтай гөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтай гөр» деп, алақанын баланың ауырсынған жеріне тигізеді. Осылай үш рет қайталайды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға