Жаңалықтар

Жандармерия

Жандармерия Жандармерия (французша gendarmerіe) — елдің ішіндегі және армиядағы тәртіпті қадағалаушы міндеті бар әскери ұйымдық негіздегі полиция. Франция, Түркия, Аргентина, т.б. елдерде қарулы күштердің бөлімі. Патшалық Ресейде де саяси полицияны жандармерия деп атаған. Алғаш 1791 жылы Францияда, одан соң Пруссияда (кейін Германия) және Австрияда құрылды. Ресейде жандармерия 1792 жылы Гатчинада, болашақ император Павел 1-ге бағынған әскер құрамындағы шағын аттылы отряд ретінде пайда болды. 1796 жылға дейін әскери полиция қызметін атқарды. 1815 жылы әскердегі көңіл күй мен тәртіпті қадағалауға тиісті алғашқы жандармерия бөлімшесі (полк және гвардиялық жартылай эскадрон) жасақталды. 1817 жылдан бастап Санкт-Петербургте, Мәскеу мен 56 губернияда және портты қалаларда, ішкі күзет корпусы құрамындағы, саяси полиция міндетіндегі жандармерия командасы (дивизия) құрылды. Ол жоғары мәртебелі император канцеляриясының жеке императордың “үшінші бөлімі” құрылуына (1826) байланысты, 1827 жылы жандармерия корпусына біріктіріліп (1836 жылдан бастап жеке корпус), жандармерия корпусының шефі болып табылатын “үшінші бөлімнің” бас бастығына бағындырылды. Жандармерия корпусы “үшінші бөлімнің” атқарушы органы болды. 1880 жылы бөлім таратылып, Ішкі істер министрінің полиция департаментіне бағындырылды да, штабтан және 5 (кейін 8) жандармериялық округтен тұрды. Округ бірнеше губернияларды қамтыды және бөлімшелерге бөлінді (әрқайсысында 1 — 3 губерния). 19 ғасырдыңдың ортасы мен 20 ғасырдың басында бұлардың құрамында Санкт-Петербургте, Мәскеу мен Варшавада жандармериялық дивизиондар, басқа қалаларда жандармерия командасы (барлығы 123 команда) құрылды. Жандармерия қызметі, ең алдымен, Ресей империясы құрамындағы ұлттардың ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысына қарсы бағытталды. Жандармерия саяси тыңшылық және мемлекеттік қылмыс жөніндегі істер бойынша тергеу жұмыстарын жүргізді, саяси қылмыскерлерді күзетпен алып жүрді. Тұрғындардың әр түрлі тобына саяси қадағалау жасады. Сонымен қатар жандармерия қашқын шаруаларды (кіріптарлық құқық жойылғанға дейін), әскери қашқындарды, қылмыскерлерді ұстауды басқарды және темір жолдардағы тәртіпті, шекарадағы паспортқа виза қоюды қадағалады. 1867 жылдан бастап Ресейдің территориясында (Кавказ, Польша және Сібірде округтер сақталды) жандармерия негізгі органы губерниялық (облыстық) жандармерия басқармасы деп аталды. Ресейдің шеткі аймағы болып саналатын Түркістан өлкесінде жандармерия басқармасының бөлімшелері (темір жол, далалық, орман, Түркістан аудандық сақшылар бөлімі және т.б.) қызмет етті. Жандармерия корпусының құрамдық саны: офицерлер мен шенеуніктер — 521 адам, вахмистр, унтерофицер және қатардағылар — 6187 адам (1880) болды. 1916 жылдың қазанына таман оның құрамы 1051 және 14667 адамға жетті. Жандармерия Ресейде 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін жойылды.Францияда жандармерия департаменттік, шұғыл қимылдық (1955 жылға дейін республикалық гвардия деп аталды), теңіздік және әуе күштері деп бөлінді; сонымен қатар жандармерия құрамына Париждің республикалық гвардиясы (2 арнаулы полкі) кіреді. Француз жандармериясы азаматтар мен армиядағы жалпы тәртіп пен заңдардың орындалуын қамтамасыз етті. Полицейлік міндеттерді атқаруға, жұмысшы, шаруа, солдаттар мен матростардың саяси толқуларын басуға қатысты. Мемлекет шекараны күзетті, әскерге шақыру мен жинауды қамтамасыз етті, шетелдік азаматтарды есепке алып, оларға бақылау жүргізді. Жандармерия өлттық қорғаныс министріне тікелей бағынышты болды. Департаменттік жандармерия территориялық бригадалардан (әр кантонға 1 рота), роталардан (округке 1), топтардан (департаментке 1), легионнан (4 — 5 департаментке 1) және арнайы бөлімшелерден, кіші бөлімшелерден (көше қозғалысын реттеуші, мотоциклистер бригадасы, вертолеттер взводы және т.б.) тұратын. Шұғыл қимылдық жандармерия моторландырылған және танкілік эскадронға, топтарға, легиондарға бөлініп, жергілікті полициямен бірігіп әрекет етті. Теңіз (әуе күштері) легионы жандармериялық бригададан, рота, взвод және топтан тұрады. Франция әскеріндегі жандармерияның барлық саны: 73 мың (1976). Бір бөлігі “республика қауіпсіздігі ротасының” құрамында қызмет етті. Түркияда жандармерияның әскери бөлімшелері халықтың ереуілдерін басуға және Қарулы Күштермен бірігіп, сыртқы әскери акциялар жасауға бейімделіп құрылған. Құрамы штабтан, далалық және территориялық әскерден, бөлімшеден, командостан, теңіздік бақылау қызметінен, сонымен қатар білім беру орындары мен т.б. мекемелерден тұрады. Жандармерияның әскери бөлімшелерінде барлығы 75 мың адам бар (1975). Аргентинада құрғақтағы әскердің құрамына ұлттық жандармерия енеді, оның саны 11 мың адам (1975).  
05.12.2012 10:29 2605

Жандармерия
Жандармерия (французша gendarmerіe) — елдің ішіндегі және армиядағы тәртіпті қадағалаушы міндеті бар әскери ұйымдық негіздегі полиция. Франция, Түркия, Аргентина, т.б. елдерде қарулы күштердің бөлімі. Патшалық Ресейде де саяси полицияны жандармерия деп атаған. Алғаш 1791 жылы Францияда, одан соң Пруссияда (кейін Германия) және Австрияда құрылды. Ресейде жандармерия 1792 жылы Гатчинада, болашақ император Павел 1-ге бағынған әскер құрамындағы шағын аттылы отряд ретінде пайда болды. 1796 жылға дейін әскери полиция қызметін атқарды. 1815 жылы әскердегі көңіл күй мен тәртіпті қадағалауға тиісті алғашқы жандармерия бөлімшесі (полк және гвардиялық жартылай эскадрон) жасақталды. 1817 жылдан бастап Санкт-Петербургте, Мәскеу мен 56 губернияда және портты қалаларда, ішкі күзет корпусы құрамындағы, саяси полиция міндетіндегі жандармерия командасы (дивизия) құрылды. Ол жоғары мәртебелі император канцеляриясының жеке императордың “үшінші бөлімі” құрылуына (1826) байланысты, 1827 жылы жандармерия корпусына біріктіріліп (1836 жылдан бастап жеке корпус), жандармерия корпусының шефі болып табылатын “үшінші бөлімнің” бас бастығына бағындырылды. Жандармерия корпусы “үшінші бөлімнің” атқарушы органы болды. 1880 жылы бөлім таратылып, Ішкі істер министрінің полиция департаментіне бағындырылды да, штабтан және 5 (кейін 8) жандармериялық округтен тұрды. Округ бірнеше губернияларды қамтыды және бөлімшелерге бөлінді (әрқайсысында 1 — 3 губерния). 19 ғасырдыңдың ортасы мен 20 ғасырдың басында бұлардың құрамында Санкт-Петербургте, Мәскеу мен Варшавада жандармериялық дивизиондар, басқа қалаларда жандармерия командасы (барлығы 123 команда) құрылды. Жандармерия қызметі, ең алдымен, Ресей империясы құрамындағы ұлттардың ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысына қарсы бағытталды. Жандармерия саяси тыңшылық және мемлекеттік қылмыс жөніндегі істер бойынша тергеу жұмыстарын жүргізді, саяси қылмыскерлерді күзетпен алып жүрді. Тұрғындардың әр түрлі тобына саяси қадағалау жасады. Сонымен қатар жандармерия қашқын шаруаларды (кіріптарлық құқық жойылғанға дейін), әскери қашқындарды, қылмыскерлерді ұстауды басқарды және темір жолдардағы тәртіпті, шекарадағы паспортқа виза қоюды қадағалады. 1867 жылдан бастап Ресейдің территориясында (Кавказ, Польша және Сібірде округтер сақталды) жандармерия негізгі органы губерниялық (облыстық) жандармерия басқармасы деп аталды. Ресейдің шеткі аймағы болып саналатын Түркістан өлкесінде жандармерия басқармасының бөлімшелері (темір жол, далалық, орман, Түркістан аудандық сақшылар бөлімі және т.б.) қызмет етті. Жандармерия корпусының құрамдық саны: офицерлер мен шенеуніктер — 521 адам, вахмистр, унтерофицер және қатардағылар — 6187 адам (1880) болды. 1916 жылдың қазанына таман оның құрамы 1051 және 14667 адамға жетті. Жандармерия Ресейде 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін жойылды.Францияда жандармерия департаменттік, шұғыл қимылдық (1955 жылға дейін республикалық гвардия деп аталды), теңіздік және әуе күштері деп бөлінді; сонымен қатар жандармерия құрамына Париждің республикалық гвардиясы (2 арнаулы полкі) кіреді. Француз жандармериясы азаматтар мен армиядағы жалпы тәртіп пен заңдардың орындалуын қамтамасыз етті. Полицейлік міндеттерді атқаруға, жұмысшы, шаруа, солдаттар мен матростардың саяси толқуларын басуға қатысты. Мемлекет шекараны күзетті, әскерге шақыру мен жинауды қамтамасыз етті, шетелдік азаматтарды есепке алып, оларға бақылау жүргізді. Жандармерия өлттық қорғаныс министріне тікелей бағынышты болды. Департаменттік жандармерия территориялық бригадалардан (әр кантонға 1 рота), роталардан (округке 1), топтардан (департаментке 1), легионнан (4 — 5 департаментке 1) және арнайы бөлімшелерден, кіші бөлімшелерден (көше қозғалысын реттеуші, мотоциклистер бригадасы, вертолеттер взводы және т.б.) тұратын. Шұғыл қимылдық жандармерия моторландырылған және танкілік эскадронға, топтарға, легиондарға бөлініп, жергілікті полициямен бірігіп әрекет етті. Теңіз (әуе күштері) легионы жандармериялық бригададан, рота, взвод және топтан тұрады. Франция әскеріндегі жандармерияның барлық саны: 73 мың (1976). Бір бөлігі “республика қауіпсіздігі ротасының” құрамында қызмет етті. Түркияда жандармерияның әскери бөлімшелері халықтың ереуілдерін басуға және Қарулы Күштермен бірігіп, сыртқы әскери акциялар жасауға бейімделіп құрылған. Құрамы штабтан, далалық және территориялық әскерден, бөлімшеден, командостан, теңіздік бақылау қызметінен, сонымен қатар білім беру орындары мен т.б. мекемелерден тұрады. Жандармерияның әскери бөлімшелерінде барлығы 75 мың адам бар (1975). Аргентинада құрғақтағы әскердің құрамына ұлттық жандармерия енеді, оның саны 11 мың адам (1975).
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға