Жаңалықтар

Цирк

Цирк (лат. cіrcus — дәлме-дәл, шеңбер) — сахналық өнердің бір түрі. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын (клоунада, акробатика, гимнастика, шабандоздық және жонглерлік өнер, эквилибристика, муз. эксцентрика, иллюзионизм, т.б.) қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады. Еуропалық тарих Цирк өнерінің алғаш пайда болуы ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жораларымен және ойын-сауықтарымен тығыз байланысты. Шығыста, соның ішінде Қытайда ертедегі қолөнершілер ескен арқанының үзілмес беріктігін өзгелерге сендіру мақсатымен екі тіреудің ұшар басынан керіліп байланған сол арқанның үстімен өздері әрлі-берлі жүріп көрсеткен. Осыдан келе-келе дар ойыны туған. Кәсіби акробаттар, жонглерлер, эквилибристер өнері Ежелгі Грекия мен Римде, Қытай мен Византияда, т.б. елдерде кеңінен белгілі болды. Орта ғасырларда кезбе артистер акробатик. нөмірлерін қала мен ауыл алаңдарында көрсетіп отырды. 16 ғ-дан бастап Еуропада ат үстінде түрлі акробатик. жаттығулар жасауға ден қойған арнаулы шабандоздар мектебі кең етек алды. Асау аттарды үйретіп, ойын көрсету үшін арнайы манеждер (амфитеатрлар) салынды. Осы тақылеттес амфитеатрларды 1764 ж. Мәскеуде және 1765 ж. Санкт-Петербургте ағылшын шабандозы Дж. Бейтс тұрғызды. Ф.Астлей 1770 ж. Лондон қ-нда ат ойнын көрсететін шабандоздар мектебін ұйымдастырды. Ол 1780 ж. дүние жүзінде тұңғыш рет шабандоздардың, акробаттардың және жабайы аңдарды үйретуші — машықтандырушылардың тұрақты ойын-сауық көрсетуіне арнап Цирк ғимаратын тұрғызды. Осыдан кейін Астлей 1782 ж. Париж қ-нда Цирк ойын-сауығын ұйымдастырды.Наполеон Қ-нің бұйрығымен Л. және А. Франконилер 1807 ж. Париж қ-нда жаңа ғимарат тұрғызып, оны Олимп. цирк деп атады. Бұдан былай осы сияқты ойын-сауық орындары барлық елдерде Цирк деп аталатын болды. Франкони ат ойындарына театр элементтерін енгізді. Циркте негізінен атпен шабуыл жасау секілді соғыс көріністерін бейнелейтін эффектілі феериялар (“Генрих ҚV-нің Парижге басып кіруі”, “Орлеан қызы”, т.б., Франция) қойылып, мұндай ойын көріністерінде Наполеон жорықтары мадақталды. Кейіннен бірқатар еур. елдерде тұрақты және жартылай тұрақты Цирктер ұйымдастырылды. Солардың қатарынан 19 ғ-дың 40-жылдары ойын-сауық нөмірлерінің трюктік және комед. бағытын күшейткен Э.Ренцтің Циркі алдыңғы қатарға шықты. Ол 1856 ж. Берлин қ-нда Цирк ғимаратын тастан тұрғызды. 19 ғ-дың ортасында Голландияда, Данияда, Швецияда Б.Луассенің және Балкан елдерінде В. Карренің Цирктері кең танылып, қалың көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Г.Шуман Берлин қ-нда (1868), ал Э.Вульф Брюссель қ-нда (1892) тұрақты ойын-сауықтар қоятын Цирктер ашты. Бұл Цирктерде негізінен ат ойыны мен акробатик. нөмірлер дамыды. Ойын көрсетуге үйретілген жылқы үйірлері молайып, көпшілік алдында орындалатын сан қилы трюктер де күрделілене түсті. 1873 ж. Париж қ-нда өнер көрсеткен ағылшын Д.Филлис шабандоздық шеберлігімен танылды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Цирк аренасына кілем клоундары шыға бастады. Олар көбіне ойын-сауық үзілістері кезінде күлкілі интермедиялар орындап отырды. Металл арқанды пайдаланудың нәтижесінде даршылар 19 ғ-дың ортасында өте күрделі пирамидалар жасау (тартылған арқан бойымен бір-бірінің үстінде тұрып сан алуан трюктер көрсету) шеберлігін меңгерді. Әуе гимнастик. жанрымен қатар (Ж.Леотар,Франция) театр элементтері енгізілген жонглерлік және акробатик. ойын нөмірлері де (ағайынды ағылшын акробаттары Котелли мен венгр акробаттары Волерт, т.б.) дамыды. Әсіресе, жабайы аңдарды қолға үйрететін машықтандырушылардың (Т.Батти, 1863), велосипед және шығыршық дөңгелекпен ғажайып ойын-трюктер жасайтын өнерпаздардың (Ш.Наузет, 19 ғ-дың 90-жылдары), т.б. келіп қосылуы Цирк өнерінің жан-жақты дамып, өркендеуіне кең жол ашты. Феериялық қойылымдардың тех. тәсілдері жетілдіріліп, жақсара түсті. Мыс., 1886 ж. Париж қ-нда не бары бірнеше минутта аренасы суға толтырылатын жаңа Цирк ғимараты тұрғызылды. Кәсіпкер Ф.Т. Барнум 1873 ж. АҚШ-та бірден 3 манежінде ойын-сауықтар көрсете алатын үлкен көшпелі Цирк ашты. Оның бағдарламасы соғыс пантомималарын, оған қоса әр түрлі кемтарлықты көрсетуге құрылды. 1883 ж. антрепренер әрі актер Буффало Билл ауғандар мен үндістер арасындағы соғыстар сюжетіне негізделген ат пантомималарын қоятын және родео деп аталатын ковбойлар мен үндістердің спорттық ат ойындарын көрсететін “Жабайы батыс” Циркін ұйымдастырды. Цирк өз ерекшеліктерімен Азия елдерінде де өркен жайды. Классик. театр ойын-сауықтарына жақын болған қытайЦиркі лента және қолшатырмен өнер көрсету, турникпен жаттығулар жасау, лаулап жанған оттан секіру, ұзын арқан бойымен жоғары өрмелеу секілді ойын түрлерін қамтыды. Жапонияда пышақпен нысана көздеу, саты үстінде жаттығулар көрсету, көлбеу тартылған арқан бойымен жоғары көтеріліп, төмен түсу сияқты Цирк жанрлары бой көрсетті. Yндістанда қолға үйретілген жыланмен ойын қою, ал Африка елдерінде діни салт-жораларымен байланысты биіктіктен секіретін акробаттар сауығы кең өріс алды. 19 ғ-да Еуропа елдері ареналарында арабтардың акробат-секіргіштері өнер көрсетеді. 20 ғ-дың басында және 1-дүниежүз. соғыстан кейін Цирк тоқырауға ұшырады. Тұрақты ойын-сауық көрсететін Цирктердің саны шұғыл азайды. Бұған қоса айқын шығарм. принципі мен режиссурасы болмауы салдарынан Цирк өнері эклектизмге бой ұрды. Бүгiнгi ТМД елдерiндегi цирктiң пайда болуы 18 ғ-дан бастап Ресейде Цирк артистерінің қатысуымен халық думаны кезінде ойын-сауықтар көрсететін балағандар кең қанат жайды. 18 — 19 ғ-ларда театр элементтерін бойына жиған атты әткеншектер мен салт аттылар тобы ойын көрсете бастады. Кавказда, Орт. Азияда және Қазақстанда ат ойны кең тарады. 1827 ж. Ж.Турниер, 1845 ж. италиялық А.Гверра, француздар Ж.Лежар мен П.Кюзан Петербург қ-нда Цирк ғимаратын тұрғызды. 1849 ж. мұнда қазыналық (императорлық) Цирк ашылып, жұмыс істей бастады. Сол жылы театр уч-щесінің жанынан Цирк артистерін даярлайтын арнаулы бөлім құрылды. 1853 ж. В.Н. Новосильцев Мәскеу қ-нда тұрақты ойын-сауық көрсететін Цирк ғимаратын тұрғызады. *19 ғ-дың аяғында Санкт-Петербург пен Мәскеуден басқа Киевте, Одессада, Ташкентте, Нижний Новгородта,Харьковта, Ригада, т.б. қалаларда тұрақты Цирктер жұмыс істеді. Осы жылдары Ресейде өнер көрсеткен Цирктердің саны 100-ге жуық болды. Сатирик-клоундар А.Л. және В.Л. Дуровтар, акробат-клоун В. Е.Лазаренко, атбегілер П.С. Крутиков, Е.З. Панкратов, даршы Ф.Ф. Молодцов, шабандоздар Н.М. Сычев, В.Т. Соболевский, Р.С. Гамсахурдия, ат жонглерлері Н.А. Никитин, атлет-палуандар И.М. Поддубный, И.М. Заикин,Қажымұқан Мұңайтпасов, Балуан Шолақ, т.б. өз өнерімен көпшілікке кең танылды. Провинц. Цирктер аренасында халық қаҺармандарын паш еткен пантомималар (“Тарас Бульба”, т.б.) қойылды. Бірақ, 20 ғ-дың басында халық өнерінен қол үзген орыс Циркі идеялық және көркемдік тоқырауға ұшырап, ойын-сауық бағдарламасынан көбіне арзанқол туындылар мен мазмұны төмен нөмірлер орын алды. 20 ғ-да Цирк өнері жаңа қарқынмен дами бастады. Ақын-жазушылар (В.В. Маяковский, Демьян Бедный, А.М. Арго), балетмейстрлер (А.А. Горский, К.Я. Голейзовский, Н.М. Фореггер) және сәулетшілер (П.В. Кузнецовпен Б.Р. Эрдман, т.б.) Цирк өнерін өркендетуге қызу ат салысты. Бұл жылдары Цирк репертуарынан көбіне үгіт-насихат түріндегі пантомималар, балеттер мен интермедиялар мол орын алды. Артистер әскери бөлімдерге барып, жауынгерлер алдында өнер көрсетті. 1927 ж. Мәскеу қ-нда цирк өнері уч-щесі, ал 1930 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Циркнің жанынан нөмірлер дайындайтын шеберхана ұйымдастырылды. 20 ғ-дың 30-жылдарынан бастап Цирк ойын-сауығын қоюға режиссерлер, суретшілер және композиторлар қатысатын болды. Мұндай ойын-сауықтар негізінен белгілі бір тақырыпқа құрылды. Цирктерде тарихи және замани тақырыпта үлкен пантомима — феериялар, сонымен қатар балаларға арналған пантомималар қойыла бастады. Осы кездегі Цирк өнерінің ерекше бір белгісі ТМД елдерінің өнер дәстүрін (мыс., өзбек даршылары мен осетин шабандоздарының өнер дәстүрі) әр кезде пайдаланып отыру болып табылды. Цирк өнерінің үздік шеберлері — клоундар В.Г. Дуров, В.Е. және В.В. Лазаренколар, Карандаш (М.Н. Румянцев) пен О.К. Попов, машықтандырушылар И.Н. Бугримова, А.Н. және Т.Н. Буслаевтар, М.П. Назарова, В.И. Филатов, даршы Е.Ташкенбаев, көз байлаушы Кио, т.б. өз өнерінің жаңа бір қырын танытты. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Цирк бригадалары майдан шептерінде, госпитальдар мен шақыру пункттерінде ойын-сауықтар көрсетті. Соғыстан кейін Беларусь (Минск), Ресей (Дондағы Ростов, қазіргі Нижний Новгород, Ярославль,Иркутск, Пенза), Украина (Киев) қалаларында жаңа Цирк ғимараттары тұрғызылды. Сонымен бірге Грузияның, Арменияның, Әзербайжанның, Латвияның, Литваның ұлттық Цирк ұжымдары құрылды. Цирк өнері көрермендерге батылдық пен жылдамдық, ептілік пен күштілік, әсемдік пен сұлулық сияқты адам бойындағы ізгі қасиеттерді паш етіп, озық эстет. принциптерді тұжырымдады. Белгілі Цирк шеберлерінің қатарында О.К.Попов, Ю.В. Никулин, М.И. Шуйдин, т.б. болды. Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Кореяда, Моңғолияда, Румынияда, Чехословакияда, Польшада . Қазақстандағы Цирк өнерінің элементтері ертеден келе жатқан ұлттық ойын-сауықтар (көкпар, жамбы ату, күрес, теңге ілу, т.б.) мен тұрмыс-салт жораларына (бақсылық, сиқыршылық, көзбайлаушылық, т.б.) саяды. 20 ғ-дың 20-жылдары негізінен әуесқойлар Циркі кең өріс алды. Палуандар Қажымұқан мен Балуан Шолақ, сонымен бірге Зәрубай Құлсейітов пен Шашубай Қошқарбаев, т.б. халық өнерпаздары қызғылықты нөмірлерімен ерекше көзге түсті. 1965 ж. Алматы қ-нда эстрада және цирк өнері студиясы ашылып, жұмыс істей бастады. 1970 ж. Алматы қ-нда тұңғыш кәсіби Қазақ циркі, ал 1983 ж. Қарағанды циркі құрылды. Бұдан басқа көптеген жергілікті әуесқойлар және халық Цирктері қалың көрермендерге мәдени қызмет көрсетті; қ. Қазақ цирк өнері.  
05.12.2012 10:26 7783

Цирк (лат. cіrcus — дәлме-дәл, шеңбер) — сахналық өнердің бір түрі. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын (клоунада, акробатика, гимнастика, шабандоздық және жонглерлік өнер, эквилибристика, муз. эксцентрика, иллюзионизм, т.б.) қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады.

Еуропалық тарих

Цирк өнерінің алғаш пайда болуы ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жораларымен және ойын-сауықтарымен тығыз байланысты. Шығыста, соның ішінде Қытайда ертедегі қолөнершілер ескен арқанының үзілмес беріктігін өзгелерге сендіру мақсатымен екі тіреудің ұшар басынан керіліп байланған сол арқанның үстімен өздері әрлі-берлі жүріп көрсеткен. Осыдан келе-келе дар ойыны туған. Кәсіби акробаттар, жонглерлер, эквилибристер өнері Ежелгі Грекия мен Римде, Қытай мен Византияда, т.б. елдерде кеңінен белгілі болды. Орта ғасырларда кезбе артистер акробатик. нөмірлерін қала мен ауыл алаңдарында көрсетіп отырды. 16 ғ-дан бастап Еуропада ат үстінде түрлі акробатик. жаттығулар жасауға ден қойған арнаулы шабандоздар мектебі кең етек алды. Асау аттарды үйретіп, ойын көрсету үшін арнайы манеждер (амфитеатрлар) салынды. Осы тақылеттес амфитеатрларды 1764 ж. Мәскеуде және 1765 ж. Санкт-Петербургте ағылшын шабандозы Дж. Бейтс тұрғызды. Ф.Астлей 1770 ж. Лондон қ-нда ат ойнын көрсететін шабандоздар мектебін ұйымдастырды. Ол 1780 ж. дүние жүзінде тұңғыш рет шабандоздардың, акробаттардың және жабайы аңдарды үйретуші — машықтандырушылардың тұрақты ойын-сауық көрсетуіне арнап Цирк ғимаратын тұрғызды. Осыдан кейін Астлей 1782 ж. Париж қ-нда Цирк ойын-сауығын ұйымдастырды.Наполеон Қ-нің бұйрығымен Л. және А. Франконилер 1807 ж. Париж қ-нда жаңа ғимарат тұрғызып, оны Олимп. цирк деп атады. Бұдан былай осы сияқты ойын-сауық орындары барлық елдерде Цирк деп аталатын болды. Франкони ат ойындарына театр элементтерін енгізді. Циркте негізінен атпен шабуыл жасау секілді соғыс көріністерін бейнелейтін эффектілі феериялар (“Генрих ҚV-нің Парижге басып кіруі”, “Орлеан қызы”, т.б., Франция) қойылып, мұндай ойын көріністерінде Наполеон жорықтары мадақталды. Кейіннен бірқатар еур. елдерде тұрақты және жартылай тұрақты Цирктер ұйымдастырылды. Солардың қатарынан 19 ғ-дың 40-жылдары ойын-сауық нөмірлерінің трюктік және комед. бағытын күшейткен Э.Ренцтің Циркі алдыңғы қатарға шықты. Ол 1856 ж. Берлин қ-нда Цирк ғимаратын тастан тұрғызды. 19 ғ-дың ортасында Голландияда, Данияда, Швецияда Б.Луассенің және Балкан елдерінде В. Карренің Цирктері кең танылып, қалың көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Г.Шуман Берлин қ-нда (1868), ал Э.Вульф Брюссель қ-нда (1892) тұрақты ойын-сауықтар қоятын Цирктер ашты. Бұл Цирктерде негізінен ат ойыны мен акробатик. нөмірлер дамыды. Ойын көрсетуге үйретілген жылқы үйірлері молайып, көпшілік алдында орындалатын сан қилы трюктер де күрделілене түсті. 1873 ж. Париж қ-нда өнер көрсеткен ағылшын Д.Филлис шабандоздық шеберлігімен танылды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Цирк аренасына кілем клоундары шыға бастады. Олар көбіне ойын-сауық үзілістері кезінде күлкілі интермедиялар орындап отырды. Металл арқанды пайдаланудың нәтижесінде даршылар 19 ғ-дың ортасында өте күрделі пирамидалар жасау (тартылған арқан бойымен бір-бірінің үстінде тұрып сан алуан трюктер көрсету) шеберлігін меңгерді. Әуе гимнастик. жанрымен қатар (Ж.Леотар,Франция) театр элементтері енгізілген жонглерлік және акробатик. ойын нөмірлері де (ағайынды ағылшын акробаттары Котелли мен венгр акробаттары Волерт, т.б.) дамыды. Әсіресе, жабайы аңдарды қолға үйрететін машықтандырушылардың (Т.Батти, 1863), велосипед және шығыршық дөңгелекпен ғажайып ойын-трюктер жасайтын өнерпаздардың (Ш.Наузет, 19 ғ-дың 90-жылдары), т.б. келіп қосылуы Цирк өнерінің жан-жақты дамып, өркендеуіне кең жол ашты. Феериялық қойылымдардың тех. тәсілдері жетілдіріліп, жақсара түсті. Мыс., 1886 ж. Париж қ-нда не бары бірнеше минутта аренасы суға толтырылатын жаңа Цирк ғимараты тұрғызылды. Кәсіпкер Ф.Т. Барнум 1873 ж. АҚШ-та бірден 3 манежінде ойын-сауықтар көрсете алатын үлкен көшпелі Цирк ашты. Оның бағдарламасы соғыс пантомималарын, оған қоса әр түрлі кемтарлықты көрсетуге құрылды. 1883 ж. антрепренер әрі актер Буффало Билл ауғандар мен үндістер арасындағы соғыстар сюжетіне негізделген ат пантомималарын қоятын және родео деп аталатын ковбойлар мен үндістердің спорттық ат ойындарын көрсететін “Жабайы батыс” Циркін ұйымдастырды. Цирк өз ерекшеліктерімен Азия елдерінде де өркен жайды. Классик. театр ойын-сауықтарына жақын болған қытайЦиркі лента және қолшатырмен өнер көрсету, турникпен жаттығулар жасау, лаулап жанған оттан секіру, ұзын арқан бойымен жоғары өрмелеу секілді ойын түрлерін қамтыды. Жапонияда пышақпен нысана көздеу, саты үстінде жаттығулар көрсету, көлбеу тартылған арқан бойымен жоғары көтеріліп, төмен түсу сияқты Цирк жанрлары бой көрсетті. Yндістанда қолға үйретілген жыланмен ойын қою, ал Африка елдерінде діни салт-жораларымен байланысты биіктіктен секіретін акробаттар сауығы кең өріс алды. 19 ғ-да Еуропа елдері ареналарында арабтардың акробат-секіргіштері өнер көрсетеді. 20 ғ-дың басында және 1-дүниежүз. соғыстан кейін Цирк тоқырауға ұшырады. Тұрақты ойын-сауық көрсететін Цирктердің саны шұғыл азайды. Бұған қоса айқын шығарм. принципі мен режиссурасы болмауы салдарынан Цирк өнері эклектизмге бой ұрды.

Бүгiнгi ТМД елдерiндегi цирктiң пайда болуы

18 ғ-дан бастап Ресейде Цирк артистерінің қатысуымен халық думаны кезінде ойын-сауықтар көрсететін балағандар кең қанат жайды.
18 — 19 ғ-ларда театр элементтерін бойына жиған атты әткеншектер мен салт аттылар тобы ойын көрсете бастады. Кавказда, Орт. Азияда және Қазақстанда ат ойны кең тарады. 1827 ж. Ж.Турниер, 1845 ж. италиялық А.Гверра, француздар Ж.Лежар мен П.Кюзан Петербург қ-нда Цирк ғимаратын тұрғызды.
1849 ж. мұнда қазыналық (императорлық) Цирк ашылып, жұмыс істей бастады. Сол жылы театр уч-щесінің жанынан Цирк артистерін даярлайтын арнаулы бөлім құрылды.
1853 ж. В.Н. Новосильцев Мәскеу қ-нда тұрақты ойын-сауық көрсететін Цирк ғимаратын тұрғызады. *19 ғ-дың аяғында Санкт-Петербург пен Мәскеуден басқа Киевте, Одессада, Ташкентте, Нижний Новгородта,Харьковта, Ригада, т.б. қалаларда тұрақты Цирктер жұмыс істеді. Осы жылдары Ресейде өнер көрсеткен Цирктердің саны 100-ге жуық болды. Сатирик-клоундар А.Л. және В.Л. Дуровтар, акробат-клоун В. Е.Лазаренко, атбегілер П.С. Крутиков, Е.З. Панкратов, даршы Ф.Ф. Молодцов, шабандоздар Н.М. Сычев, В.Т. Соболевский, Р.С. Гамсахурдия, ат жонглерлері Н.А. Никитин, атлет-палуандар И.М. Поддубный, И.М. Заикин,Қажымұқан Мұңайтпасов, Балуан Шолақ, т.б. өз өнерімен көпшілікке кең танылды. Провинц. Цирктер аренасында халық қаҺармандарын паш еткен пантомималар (“Тарас Бульба”, т.б.) қойылды. Бірақ, 20 ғ-дың басында халық өнерінен қол үзген орыс Циркі идеялық және көркемдік тоқырауға ұшырап, ойын-сауық бағдарламасынан көбіне арзанқол туындылар мен мазмұны төмен нөмірлер орын алды.
20 ғ-да Цирк өнері жаңа қарқынмен дами бастады. Ақын-жазушылар (В.В. Маяковский, Демьян Бедный, А.М. Арго), балетмейстрлер (А.А. Горский, К.Я. Голейзовский, Н.М. Фореггер) және сәулетшілер (П.В. Кузнецовпен Б.Р. Эрдман, т.б.) Цирк өнерін өркендетуге қызу ат салысты. Бұл жылдары Цирк репертуарынан көбіне үгіт-насихат түріндегі пантомималар, балеттер мен интермедиялар мол орын алды. Артистер әскери бөлімдерге барып, жауынгерлер алдында өнер көрсетті. 1927 ж. Мәскеу қ-нда цирк өнері уч-щесі, ал 1930 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Циркнің жанынан нөмірлер дайындайтын шеберхана ұйымдастырылды. 20 ғ-дың 30-жылдарынан бастап Цирк ойын-сауығын қоюға режиссерлер, суретшілер және композиторлар қатысатын болды. Мұндай ойын-сауықтар негізінен белгілі бір тақырыпқа құрылды. Цирктерде тарихи және замани тақырыпта үлкен пантомима — феериялар, сонымен қатар балаларға арналған пантомималар қойыла бастады. Осы кездегі Цирк өнерінің ерекше бір белгісі ТМД елдерінің өнер дәстүрін (мыс., өзбек даршылары мен осетин шабандоздарының өнер дәстүрі) әр кезде пайдаланып отыру болып табылды. Цирк өнерінің үздік шеберлері — клоундар В.Г. Дуров, В.Е. және В.В. Лазаренколар, Карандаш (М.Н. Румянцев) пен О.К. Попов, машықтандырушылар И.Н. Бугримова, А.Н. және Т.Н. Буслаевтар, М.П. Назарова, В.И. Филатов, даршы Е.Ташкенбаев, көз байлаушы Кио, т.б. өз өнерінің жаңа бір қырын танытты. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Цирк бригадалары майдан шептерінде, госпитальдар мен шақыру пункттерінде ойын-сауықтар көрсетті. Соғыстан кейін Беларусь (Минск), Ресей (Дондағы Ростов, қазіргі Нижний Новгород, Ярославль,Иркутск, Пенза), Украина (Киев) қалаларында жаңа Цирк ғимараттары тұрғызылды. Сонымен бірге Грузияның, Арменияның, Әзербайжанның, Латвияның, Литваның ұлттық Цирк ұжымдары құрылды. Цирк өнері көрермендерге батылдық пен жылдамдық, ептілік пен күштілік, әсемдік пен сұлулық сияқты адам бойындағы ізгі қасиеттерді паш етіп, озық эстет. принциптерді тұжырымдады. Белгілі Цирк шеберлерінің қатарында О.К.Попов, Ю.В. Никулин, М.И. Шуйдин, т.б. болды. Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Кореяда, Моңғолияда, Румынияда, Чехословакияда, Польшада . Қазақстандағы Цирк өнерінің элементтері ертеден келе жатқан ұлттық ойын-сауықтар (көкпар, жамбы ату, күрес, теңге ілу, т.б.) мен тұрмыс-салт жораларына (бақсылық, сиқыршылық, көзбайлаушылық, т.б.) саяды. 20 ғ-дың 20-жылдары негізінен әуесқойлар Циркі кең өріс алды. Палуандар Қажымұқан мен Балуан Шолақ, сонымен бірге Зәрубай Құлсейітов пен Шашубай Қошқарбаев, т.б. халық өнерпаздары қызғылықты нөмірлерімен ерекше көзге түсті. 1965 ж. Алматы қ-нда эстрада және цирк өнері студиясы ашылып, жұмыс істей бастады. 1970 ж. Алматы қ-нда тұңғыш кәсіби Қазақ циркі, ал 1983 ж. Қарағанды циркі құрылды. Бұдан басқа көптеген жергілікті әуесқойлар және халық Цирктері қалың көрермендерге мәдени қызмет көрсетті; қ. Қазақ цирк өнері.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға