Жаңалықтар

Жандарбеков Құрманбек

  Жандарбеков Құрманбек (07.01.1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы — 09.,7.1973, Алматыда жерленген) — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі (1936). 1918 ж. Ташкент педагогика училищесінде, 1928 — 29 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік бөлімінде, 1948 жылы Мемлекктеттік театр өнері институтында оқыған. 1926 — 1934 жылы Қазақ драма театрында, 1934 — 1944 жылы Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті. 1944 — 1948 жылы Қазақ опера және балет театрының көркемдік жетекшісі, 1953 — 1955 жылы директоры, 1949 — 1952 жылы және 1956 — 1959 жылы бас режиссер, ал 1959 — 1961 жылы Қазақ драма театрының бас режиссеры болды. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті (1970 жылдан проф.). Жандарбековтың өнер жолы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастау алады. 1920 жылы Ташкент қаласындағы “Шығыс кештері” деп аталған мерекелік концертте 15 жасар бозбала Жандарбеков 1-бәйгені жеңіп алды. Ұ.Мұратбаев оның оқып, білім алуына, әншілік өнерінің қалыптасып, кең қанат жаюына көп жәрдем етті. Жандарбеков шығарманларының елеулі кезеңі 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдасқан тұңғыш қазақ кәсіби драма театрына келуінен басталды. Ол Қазақ драма театрының артистері С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев бастаған алғашқы өкілдері тобына келіп қосылды. Жандарбековтың бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында оның тамаша образдар галереясын жасауына мүмкіндік берді. Алғашқы рөлі — М.Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясындағы Сырым(1926). Бұдан кейін “Еңлік — Кебекте” Кебектің, “Бүліншілік” спектаклінде (Д.Фурмановтың шығармасы бойынша) жазушы Фурмановтың рөлін ойнады. 1926 — 1930 жылы режиссер ретінде Әуезовтің “Қарагөзін”, Н.Гогольдің “Үйленуін” (Қожамқұловпен бірге) және Ж.Шаниннің “Шахтасын” қойды. 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысты. Сондай-ақ, Жандарбеков қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (Қазақ опера және балет театры) іргетасын қалаушылардың бірі болды. Қазақ операларына арқау болған халық әндерін сұрыптауда Е.Г.Брусиловскийге көп көмек көрсетіп, тұңғыш қазақ операларының жазылуына ықпал етті. Ол Бекежан, Тарғын, Жалбыр (Брусиловскийдің “Қыз-Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында), Тито (З.П. Палиашвилидің “Даисиында”), Ағаларбек (М.М.Магомаевтың “Наргизінде”), Готный (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Ямадари (Дж. Пуччинидің “Чио-Чио-Санында”), т.б. партияларды орындап, актерлік, әншілік шеберлігін әр қырынан танытты. Жандарбековтың үздік опералық партияларының бірі — “Қыз-Жібек” операсындағы Бекежан. Әнші Бекежанның қиыннан жол табар айла-тәсілдерін, өткір де қызба мінезі мен қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін сан түрлі бояумен ашып, әсерлі сомдады. Жандарбеков режиссер ретінде Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Гвардия, алға”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (КСРО Мемлекетінің сыйлығы, 1949), Ж.Бизенің “Кармен”, Қ.Қожамияровтың “Назугум” операларын қойды. Киноға түсіп, Жақас (“Амангелдіде”, 1939), Қадырбай (“Жамбылда”, 1953), Садық (“Біз Жетісуданбызда”, 1958), Ережеп (“Өмір жолында”, 1959), т.б. рөлдерде ойнады. Ленин, Еңбек Қызыл Ту және “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 1944-48 ж. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының көркемдік жағын басқарды. 1953— 55 ж. директоры, ал 1949-52 және 1956-59 ж. бас режиссері болды. Мұнда Е.Г.Брусиловскийдің "Жалбыр", "Ер Тарғын", "Гвардия, алға!", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай", М.Төлебаевтің "Біржан — Сара". А.Г.Рубинштейннің "Демон", К.Бизенің "Кармен", Қ.Қожамияровтың "Назугум" т.б. операларды қойды. 1959-61 ж. Қазақтың М.О.Әуезов атындағы драма театрының бас режиссері болып қызмет етті. 1938 жылдан киноға түсе бастады: Жанас ("Аманкелдіде"), Қадырбай ("Жамбылда", 1952), Садық ("Оның заманы туадыда", 1957), Сары молда ("Біз Жетісуданбызда", 1958), Ережеп ("Өмір жолында", 1959) т. б. Ол пед. қызметпен де шұғылданды (1949). 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.  
05.12.2012 10:26 4480

 

Жандарбеков Құрманбек (07.01.1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы — 09.,7.1973, Алматыда жерленген) — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі,
Қазақстанның халық әртісі (1936). 1918 ж. Ташкент педагогика училищесінде,
1928 — 29 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік бөлімінде,
1948 жылы Мемлекктеттік театр өнері институтында оқыған.
1926 — 1934 жылы Қазақ драма театрында,
1934 — 1944 жылы Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті.
1944 — 1948 жылы Қазақ опера және балет театрының көркемдік жетекшісі,
1953 — 1955 жылы директоры, 1949 — 1952 жылы және
1956 — 1959 жылы бас режиссер,
ал 1959 — 1961 жылы Қазақ драма театрының бас режиссеры болды.
1961 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті (1970 жылдан проф.). Жандарбековтың өнер жолы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастау алады.

1920 жылы Ташкент қаласындағы “Шығыс кештері” деп аталған мерекелік концертте 15 жасар бозбала Жандарбеков 1-бәйгені жеңіп алды. Ұ.Мұратбаев оның оқып, білім алуына, әншілік өнерінің қалыптасып, кең қанат жаюына көп жәрдем етті. Жандарбеков шығарманларының елеулі кезеңі 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдасқан тұңғыш қазақ кәсіби драма театрына келуінен басталды. Ол Қазақ драма театрының артистері С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев бастаған алғашқы өкілдері тобына келіп қосылды. Жандарбековтың бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында оның тамаша образдар галереясын жасауына мүмкіндік берді. Алғашқы рөлі — М.Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясындағы Сырым(1926). Бұдан кейін “Еңлік — Кебекте” Кебектің, “Бүліншілік” спектаклінде (Д.Фурмановтың шығармасы бойынша) жазушы Фурмановтың рөлін ойнады.

1926 — 1930 жылы режиссер ретінде Әуезовтің “Қарагөзін”, Н.Гогольдің “Үйленуін” (Қожамқұловпен бірге) және Ж.Шаниннің “Шахтасын” қойды. 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысты. Сондай-ақ, Жандарбеков қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (Қазақ опера және балет театры) іргетасын қалаушылардың бірі болды. Қазақ операларына арқау болған халық әндерін сұрыптауда Е.Г.Брусиловскийге көп көмек көрсетіп, тұңғыш қазақ операларының жазылуына ықпал етті. Ол Бекежан, Тарғын, Жалбыр (Брусиловскийдің “Қыз-Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында), Тито (З.П. Палиашвилидің “Даисиында”), Ағаларбек (М.М.Магомаевтың “Наргизінде”), Готный (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Ямадари (Дж. Пуччинидің “Чио-Чио-Санында”), т.б. партияларды орындап, актерлік, әншілік шеберлігін әр қырынан танытты.

Жандарбековтың үздік опералық партияларының бірі — “Қыз-Жібек” операсындағы Бекежан. Әнші Бекежанның қиыннан жол табар айла-тәсілдерін, өткір де қызба мінезі мен қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін сан түрлі бояумен ашып, әсерлі сомдады. Жандарбеков режиссер ретінде Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Гвардия, алға”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (КСРО Мемлекетінің сыйлығы, 1949), Ж.Бизенің “Кармен”, Қ.Қожамияровтың “Назугум” операларын қойды. Киноға түсіп, Жақас (“Амангелдіде”, 1939), Қадырбай (“Жамбылда”, 1953), Садық (“Біз Жетісуданбызда”, 1958), Ережеп (“Өмір жолында”, 1959), т.б. рөлдерде ойнады. Ленин, Еңбек Қызыл Ту және “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

1944-48 ж. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының көркемдік жағын басқарды. 1953— 55 ж. директоры, ал 1949-52 және 1956-59 ж. бас режиссері болды. Мұнда Е.Г.Брусиловскийдің "Жалбыр", "Ер Тарғын", "Гвардия, алға!", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай", М.Төлебаевтің "Біржан — Сара". А.Г.Рубинштейннің "Демон", К.Бизенің "Кармен", Қ.Қожамияровтың "Назугум" т.б. операларды қойды. 1959-61 ж. Қазақтың М.О.Әуезов атындағы драма театрының бас режиссері болып қызмет етті. 1938 жылдан киноға түсе бастады: Жанас ("Аманкелдіде"), Қадырбай ("Жамбылда", 1952), Садық ("Оның заманы туадыда", 1957), Сары молда ("Біз Жетісуданбызда", 1958), Ережеп ("Өмір жолында", 1959) т. б. Ол пед. қызметпен де шұғылданды (1949). 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға