Жаңалықтар

«Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы

«ҚАЗАҚ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ СИПАТТАМАСЫ» – 1975–89 ж. аралығында жарық көрген 6 томдық ұжымдық ғыл. еңбек. Жинақта ҚР ҰҒА Орт. ғыл. кітапханасы мен Әдебиет және өнер ин-тында сақталған қазақ қолжазбаларының ғыл. сипаттамасы берілген. «Қ. қ. ғ. с-на» енген шығармалардың басым бөлігі қазақ халқының арғы-бергі өмірінен алынса, біразы шығыс елдері халықтары шығармаларын қамтиды. Қолжазбалардың жиналуы, басылуы, зерттелуі жайында және олардың авторлары, аудармашылары, көшірушілері, жыршы-жыраулары, жинаушылары туралы мағлұматтар берілген. Ауыз әдебиетін әр жылдары жинаған ғыл. экспедициялардың, геогр. атаулардың, шығармалар тілінің көрсеткіштері мен қай әріпте (араб, латын, кириллица) жазылғандығы көрсетілген. «Қ. қ. ғ. с-ның» 1-томында (1975) «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Көроғлы», «Қамбар», «Қобыланды», «Құламерген», «Қырымның қырық батыры», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Төрехан», т.б. батырлар жырының негізгі нұсқалары қамтылған. 2-томда (1979) «Айман–Шолпан», «Бозжігіт», «Гүлқашима», «Еңлік–Кебек», «Күлше қыз», «Қалқаман–Мамыр», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ләйлі–Мәжнүн», «Мақпал–Сегіз», «Мұңлық–Зарлық», «Сейфүл–Мәлік», «Шәкір–Шәкірат», т.б. лиро-эпостық жырларға ғыл. сипаттама берілген. 3-томы (1981) 18 ғ-дан 20 ғ-дың басына дейін қазақ халқы басынан кешкен оқиғаларды бейнелеген тарихи жырларды қамтиды. Абылай, Ағыбай, Арқалық, Ерден, Есет, Жалаңтөс, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Бекет, Сұраншы, Райымбек, Сәтбек, Тәуке, Досан, Иса, Мырзаш, Бекболат, Амангелді, т.б. аттарына байланысты туған тарихи шығармалар нұсқаларына сипаттама берілген. 4-томында (1985) 15–19 ғ-ларда өмір сүрген қазақ халқының жүз екі ақынының 322 шығармасының қолжазбасына ғыл. сипаттама жасалған. «Қ. қ. ғ. с-ның» 5-томында (1986) 20 ғ-дың бас кезінде өмір сүрген 48 ақын-жазушының 125 шығармасы қамтылған. Бұл томда 1917 жылға дейінгі кезеңде өмір сүрген, шығармалары қалың жұртшылыққа мәлім емес, қолжазба қорларында сақтаулы 478 ақын-жыраудың шығармаларының көрсеткіші бар. 6-том (1989) 1917 жылға дейінгі қазақ ақындарының айтысына арналған. Қолжазба қорларында бар 220-дан астам үлкен айтыстың, 600-дей шағын айтыстың мәтіні қамтылған. Бұл томнан оқырмандар Ақан сері, Әсет, Жанақ, Түбек, Сүйінбай, Орынбай, Майкөт, Мұрат, Кемпірбай, Қашаған, Құлмамбет, Ұлбике, Шөже, Бақтыбай, Біржан, Сара, Жамбыл, Нұрпейіс, Шашубай, т.б. ақындардың айтыстары жайында мәлімет ала алады.
05.12.2012 10:23 4948

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға