Жаңалықтар

Жаһаннам

  Жаһаннам, Джаханнам - Исламда тозақтың негізгі атауларының бірі. Құранда және мұсылмандық ақырзаман туралы ілімде адамдардың, дінсіздер мен күнәһарлардың жазаланатын орны. Жаһаннамның синонимдері әннар (көбірек тарағаны), ниран, саир, лахаб, эл-жаһим («от», «жалын») сақар, әл-хутама («қиратушы»), хауийа («түпсіз шыңырау»). Дозақ азабын бейнелеу Құран уағызында маңызды орын алып, тыңдаушыларды иландыру мен үрейлендірудің басты тәсілінің бірі болды. Жаһаннам құрбандары отқа жанады; «Ал енді сорлылар, тозақта қатты азап шеғеді». «Біз оларды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты тартулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз». «Олардың беттерін от шалып, онда күңгірт болып көрінеді. Күнәкарлар онда шынжырмен бұғауланады. Олардың тамағы - Жаһаннам түбінде өсетін заққұм ағашы - «Оның жемістері шайтанның басындай». «Сусыны - «ішек-қарынды тілетін» қайнап тұрған су және сасық су». «Оны жұтуға тырысады, бірақ тамағынан өткізе алмайды, сонда оған әр тараптан ажал келеді. Ол өле алмайды, оның артынан тағы ауыр азап келеді». Жаһаннамның тағы бір азабы - ызғарлы суық. Күнәкарлардың әрқилысы Жаһаннамның әр қабатына орналасады, оған әр түрлі қақпалар арқылы кірелі. Жаһаннамды періште сақшылар күзетеді. Оның бас сақшысы - Мәлік есімді пері. Құраннан кейінгі аңыздар Жаһаннамда болатын сасық және қайнап тұрған суы бар тоғандарды, шыңырау құдықтарды, т.б. суреттейді. Құранда Жаһаннамның бейнесі туралы екі түсінік белгілі. Біреуі - «ашуы сыртына тепкен» қорқынышты, дүлей, күнәкарларды жұтып қоятын аң кейпінде. Бұл түсінік кейін қосымша түсініктермен, әл-Ғазали ад-Дурр әл-Фа-хирдің трактатында сұрыпталған. Келесі бір түсінік бойынша ол жеті қақпа арқылы кіретін терең шыңырау. Бұл сипаттау біртіндеп әрқилы күнәһарларды бөліп тұратын айналма қабаттары бар жанартаудың түпсіз тұңғиығы бейнесіне айналады. Төзақтың бұл бейнесі көне Шығыс дәстүріне негізделеді. Мұсылмандық түрінде ол дозақтың құрылымы жөніндегі ортағасырлық еуропалық түсінікке, соның ішінде Дантенің «Құдіретті комедиясындағы» сипаттауларға да әсер етті. Жаһаннамның Құранда сипатталуы мұсылмандық дін ілімінің алдында бірнеше мәселелерді қойды. Бірі - күнәһарлардың Жаһаннамда мүлдем қалуы. Құранның аяттары мәңгілікті де, уақытша жазалауды да айтуға мүмкіндік береді. Екінші мәселе Жаһаннамның жаратылуы мен ғұмыры туралы. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны Жаһаннамның мутазилашылар тұжырымдайтындай Қиямет күніне жасалынбайтыны, жәннат тектес жаратылғаны жөніндегі көзқарас. Сондай-ақ, Жаһаннамды сппаттауда рәміздік түсіндіру мәселесі де әрдайым кездес у отырады. Мутазилашылар дәстүрлі түсініктердің дөрекі келген айшықты бейнелерін осылайша ұғындыруға тырысты: соның ішінде, олар Жаһаннам үстінде қылкөпірдің бар екендігін жоққа шығарды. Жаһаннамның кейбір сынақтары мен азаитарының рухани мінезін әртүрлі бағыттағы дін ғұламалары, мәселен әлҒазали мен ибн Сина атап өтті. Жаһаннамның сипатталуын символдық түрде түсіндіруге қазіргі мұсылман модернистері де ыңғай танытыл отыр. Керісінше дәстүрді берік ұстанушылар Жаһаннамның мұсылмандық бейнелеуін өздерінің жолын ұстаушыларға әсер ету үшін табысты пайдаланып келеді.
05.12.2012 10:21 6154

 

Жаһаннам, Джаханнам - Исламда тозақтың негізгі атауларының бірі. Құранда және мұсылмандық ақырзаман туралы ілімде адамдардың, дінсіздер мен күнәһарлардың жазаланатын орны. Жаһаннамның синонимдері әннар (көбірек тарағаны), ниран, саир, лахаб, эл-жаһим («от», «жалын») сақар, әл-хутама («қиратушы»), хауийа («түпсіз шыңырау»). Дозақ азабын бейнелеу Құран уағызында маңызды орын алып, тыңдаушыларды иландыру мен үрейлендірудің басты тәсілінің бірі болды. Жаһаннам құрбандары отқа жанады; «Ал енді сорлылар, тозақта қатты азап шеғеді». «Біз оларды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты тартулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз». «Олардың беттерін от шалып, онда күңгірт болып көрінеді. Күнәкарлар онда шынжырмен бұғауланады. Олардың тамағы - Жаһаннам түбінде өсетін заққұм ағашы - «Оның жемістері шайтанның басындай». «Сусыны - «ішек-қарынды тілетін» қайнап тұрған су және сасық су». «Оны жұтуға тырысады, бірақ тамағынан өткізе алмайды, сонда оған әр тараптан ажал келеді. Ол өле алмайды, оның артынан тағы ауыр азап келеді». Жаһаннамның тағы бір азабы - ызғарлы суық. Күнәкарлардың әрқилысы Жаһаннамның әр қабатына орналасады, оған әр түрлі қақпалар арқылы кірелі. Жаһаннамды періште сақшылар күзетеді. Оның бас сақшысы - Мәлік есімді пері.

Құраннан кейінгі аңыздар Жаһаннамда болатын сасық және қайнап тұрған суы бар тоғандарды, шыңырау құдықтарды, т.б. суреттейді. Құранда Жаһаннамның бейнесі туралы екі түсінік белгілі. Біреуі - «ашуы сыртына тепкен» қорқынышты, дүлей, күнәкарларды жұтып қоятын аң кейпінде. Бұл түсінік кейін қосымша түсініктермен, әл-Ғазали ад-Дурр әл-Фа-хирдің трактатында сұрыпталған. Келесі бір түсінік бойынша ол жеті қақпа арқылы кіретін терең шыңырау. Бұл сипаттау біртіндеп әрқилы күнәһарларды бөліп тұратын айналма қабаттары бар жанартаудың түпсіз тұңғиығы бейнесіне айналады. Төзақтың бұл бейнесі көне Шығыс дәстүріне негізделеді. Мұсылмандық түрінде ол дозақтың құрылымы жөніндегі ортағасырлық еуропалық түсінікке, соның ішінде Дантенің «Құдіретті комедиясындағы» сипаттауларға да әсер етті.

Жаһаннамның Құранда сипатталуы мұсылмандық дін ілімінің алдында бірнеше мәселелерді қойды. Бірі - күнәһарлардың Жаһаннамда мүлдем қалуы. Құранның аяттары мәңгілікті де, уақытша жазалауды да айтуға мүмкіндік береді. Екінші мәселе Жаһаннамның жаратылуы мен ғұмыры туралы. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны Жаһаннамның мутазилашылар тұжырымдайтындай Қиямет күніне жасалынбайтыны, жәннат тектес жаратылғаны жөніндегі көзқарас.

Сондай-ақ, Жаһаннамды сппаттауда рәміздік түсіндіру мәселесі де әрдайым кездес у отырады. Мутазилашылар дәстүрлі түсініктердің дөрекі келген айшықты бейнелерін осылайша ұғындыруға тырысты: соның ішінде, олар Жаһаннам үстінде қылкөпірдің бар екендігін жоққа шығарды. Жаһаннамның кейбір сынақтары мен азаитарының рухани мінезін әртүрлі бағыттағы дін ғұламалары, мәселен әлҒазали мен ибн Сина атап өтті. Жаһаннамның сипатталуын символдық түрде түсіндіруге қазіргі мұсылман модернистері де ыңғай танытыл отыр. Керісінше дәстүрді берік ұстанушылар Жаһаннамның мұсылмандық бейнелеуін өздерінің жолын ұстаушыларға әсер ету үшін табысты пайдаланып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға