Жаңалықтар

Операторлық өнер

  ОПЕРАТОРЛЫҚ ӨНЕР – көркем шығармашылықтың кинематографиялық түрі; түсіру әдістері мен құралдары арқылы фильмнің мазмұнын, идеясын ашатын көркем образ жасау. Оператор өз жұмысында О. ө-дің көркемдік бейнелеу құралдарын, кинематогр. техниканың мүмкіндіктерін кеңінен қолданады және фильмнің сценарийі мен түпкі шығарм. мақсатын басшылыққа алады. Оператор кинофильм кадрлерін түсіруді тікелей жүзеге асырады және режиссер, суретші және актерлермен бірлескен ұжымдық жұмыс нәтижесінде кино туындысының О. ө-ге тән өзіндік көркемдік шешімін табады. О. ө-дің кинематогр. жоспар (жалпы, ірі, орта), колориттік шешім, ракурс (жоғ., төм. түсіру нүктелері), кинокамераның қозғалысы (қозғала түсіру, жақындау, алшақтау), т.б. негізгі бейнелеу құралдары бар. О. ө-дің өркендеуі киноөнерінің және кинотехниканың дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік кинематографияның жетістіктері де өз кезегінде О. ө-дің дамуымен тығыз байланысты. Әрбір жаңа кинематогр. бағыт (мыс:, неміс экспрессионизмі, кеңестік киноавангард, итальяндық неореализм, француздың жаңа толқыны, т.б.) реж. ғана емес О. ө-дің де ерекшелігімен айқындалады. Кино өнеріндегі әр түрлі бағыттардың және мектептердің қалыптасып, дамуына лайық О. ө-дің де стильдік ерекшеліктері қалыптасқан. Қазақстандағы О. ө-дің бастауында тұрған адамдардың бірі – Е.Тынышбаев.  Оның оператор ретінде түсірген алғашқы фильмі – “Бурабай”. Ресейдің белгілі кинематографисі Р.Л. Карменмен бірге “Алыста – Шығыста” (1931) фильмін түсіруге қатысты. 1934 ж. “Союзхроника” тресінің қазақстандық базасы Алматы кинохроника студиясы болып қайта құрылды. Онда И.Колсанов, Б.Пумпянский, Е.Тынышбаев, Г.Н. Новожилов, М.Сағымбаев, т.б. жемісті еңбек етті. Осы кезеңдегі деректі ленталарда өмірден алынған материал баяндау түрінде берілді. Қазақстан көркем киносындағы О. ө. мектебі режиссураға Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов, А.Қарсақбаевтың келуімен қалыптаса бастады. Осы кезеңдегі қазақ киносының белгілі операторлары – М.Ф. Аранышев, М.И. Беркович, А.Ашрапов, Ә.Қастеев, т.б. Аранышев Аймановтың “Дала қызы” (1974), “Қиылыс” (1963), Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” (1963), “Бандыны қуған Хамит” (1979); Беркович Аймановтың “Біздің сүйікті дәрігер” (1957), “Ел басына күн туса” (1967), Ә.Мәмбетовтің “Қан мен тер” (1978), т.б. фильмдерін түсірді. 80-жылдары қазақ киносына операторлардың жаңа толқыны келді. Олар Ф.М. Аранышев (“Сүйрік” 1984, реж. А.Әлпиев; “Үш ағайынды” 2000, реж. С.Апырымов), Ә. және Б.Сүлеевтер (“Ауылым Көктөбенің бөктерінде” 1986, реж. Сүлеев; “Балкон” 1988, реж. І.Салықов; “Отырардың күйреуі” 1991, реж. А.Әмірқұлов; “Қайрат”, 1991, реж. Д.Өмірбаев; “Жамбылдың жастық шағы” 1996, реж. І.Қасымбеков, т.б.). Б. Нөгербек   ОПЕРАТОРЛЫҚ ӨНЕР – көркем шығармашылықтың кинематографиялық түрі; түсіру әдістері мен құралдары арқылы фильмнің мазмұнын, идеясын ашатын көркем образ жасау. Оператор өз жұмысында О. ө-дің көркемдік бейнелеу құралдарын, кинематогр. техниканың мүмкіндіктерін кеңінен қолданады және фильмнің сценарийі мен түпкі шығарм. мақсатын басшылыққа алады. Оператор кинофильм кадрлерін түсіруді тікелей жүзеге асырады және режиссер, суретші және актерлермен бірлескен ұжымдық жұмыс нәтижесінде кино туындысының О. ө-ге тән өзіндік көркемдік шешімін табады. О. ө-дің кинематогр. жоспар (жалпы, ірі, орта), колориттік шешім, ракурс (жоғ., төм. түсіру нүктелері), кинокамераның қозғалысы (қозғала түсіру, жақындау, алшақтау), т.б. негізгі бейнелеу құралдары бар. О. ө-дің өркендеуі киноөнерінің және кинотехниканың дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік кинематографияның жетістіктері де өз кезегінде О. ө-дің дамуымен тығыз байланысты. Әрбір жаңа кинематогр. бағыт (мыс:, неміс экспрессионизмі, кеңестік киноавангард, итальяндық неореализм, француздың жаңа толқыны, т.б.) реж. ғана емес О. ө-дің де ерекшелігімен айқындалады. Кино өнеріндегі әр түрлі бағыттардың және мектептердің қалыптасып, дамуына лайық О. ө-дің де стильдік ерекшеліктері қалыптасқан. Қазақстандағы О. ө-дің бастауында тұрған адамдардың бірі – Е.Тынышбаев.  Оның оператор ретінде түсірген алғашқы фильмі – “Бурабай”. Ресейдің белгілі кинематографисі Р.Л. Карменмен бірге “Алыста – Шығыста” (1931) фильмін түсіруге қатысты. 1934 ж. “Союзхроника” тресінің қазақстандық базасы Алматы кинохроника студиясы болып қайта құрылды. Онда И.Колсанов, Б.Пумпянский, Е.Тынышбаев, Г.Н. Новожилов, М.Сағымбаев, т.б. жемісті еңбек етті. Осы кезеңдегі деректі ленталарда өмірден алынған материал баяндау түрінде берілді. Қазақстан көркем киносындағы О. ө. мектебі режиссураға Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов, А.Қарсақбаевтың келуімен қалыптаса бастады. Осы кезеңдегі қазақ киносының белгілі операторлары – М.Ф. Аранышев, М.И. Беркович, А.Ашрапов, Ә.Қастеев, т.б. Аранышев Аймановтың “Дала қызы” (1974), “Қиылыс” (1963), Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” (1963), “Бандыны қуған Хамит” (1979); Беркович Аймановтың “Біздің сүйікті дәрігер” (1957), “Ел басына күн туса” (1967), Ә.Мәмбетовтің “Қан мен тер” (1978), т.б. фильмдерін түсірді. 80-жылдары қазақ киносына операторлардың жаңа толқыны келді. Олар Ф.М. Аранышев (“Сүйрік” 1984, реж. А.Әлпиев; “Үш ағайынды” 2000, реж. С.Апырымов), Ә. және Б.Сүлеевтер (“Ауылым Көктөбенің бөктерінде” 1986, реж. Сүлеев; “Балкон” 1988, реж. І.Салықов; “Отырардың күйреуі” 1991, реж. А.Әмірқұлов; “Қайрат”, 1991, реж. Д.Өмірбаев; “Жамбылдың жастық шағы” 1996, реж. І.Қасымбеков, т.б.). Б. Нөгербек  
05.12.2012 10:21 5319

ОПЕРАТОРЛЫҚ ӨНЕР – көркем шығармашылықтың кинематографиялық түрі; түсіру әдістері мен құралдары арқылы фильмнің мазмұнын, идеясын ашатын көркем образ жасау. Оператор өз жұмысында О. ө-дің көркемдік бейнелеу құралдарын, кинематогр. техниканың мүмкіндіктерін кеңінен қолданады және фильмнің сценарийі мен түпкі шығарм. мақсатын басшылыққа алады. Оператор кинофильм кадрлерін түсіруді тікелей жүзеге асырады және режиссер, суретші және актерлермен бірлескен ұжымдық жұмыс нәтижесінде кино туындысының О. ө-ге тән өзіндік көркемдік шешімін табады. О. ө-дің кинематогр. жоспар (жалпы, ірі, орта), колориттік шешім, ракурс (жоғ., төм. түсіру нүктелері), кинокамераның қозғалысы (қозғала түсіру, жақындау, алшақтау), т.б. негізгі бейнелеу құралдары бар. О. ө-дің өркендеуі киноөнерінің және кинотехниканың дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік кинематографияның жетістіктері де өз кезегінде О. ө-дің дамуымен тығыз байланысты. Әрбір жаңа кинематогр. бағыт (мыс:, неміс экспрессионизмі, кеңестік киноавангард, итальяндық неореализм, француздың жаңа толқыны, т.б.) реж. ғана емес О. ө-дің де ерекшелігімен айқындалады. Кино өнеріндегі әр түрлі бағыттардың және мектептердің қалыптасып, дамуына лайық О. ө-дің де стильдік ерекшеліктері қалыптасқан. Қазақстандағы О. ө-дің бастауында тұрған адамдардың бірі – Е.Тынышбаев.  Оның оператор ретінде түсірген алғашқы фильмі – “Бурабай”. Ресейдің белгілі кинематографисі Р.Л. Карменмен бірге “Алыста – Шығыста” (1931) фильмін түсіруге қатысты. 1934 ж. “Союзхроника” тресінің қазақстандық базасы Алматы кинохроника студиясы болып қайта құрылды. Онда И.Колсанов, Б.Пумпянский, Е.Тынышбаев, Г.Н. Новожилов, М.Сағымбаев, т.б. жемісті еңбек етті. Осы кезеңдегі деректі ленталарда өмірден алынған материал баяндау түрінде берілді. Қазақстан көркем киносындағы О. ө. мектебі режиссураға Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов, А.Қарсақбаевтың келуімен қалыптаса бастады. Осы кезеңдегі қазақ киносының белгілі операторлары – М.Ф. Аранышев, М.И. Беркович, А.Ашрапов, Ә.Қастеев, т.б. Аранышев Аймановтың “Дала қызы” (1974), “Қиылыс” (1963), Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” (1963), “Бандыны қуған Хамит” (1979); Беркович Аймановтың “Біздің сүйікті дәрігер” (1957), “Ел басына күн туса” (1967), Ә.Мәмбетовтің “Қан мен тер” (1978), т.б. фильмдерін түсірді. 80-жылдары қазақ киносына операторлардың жаңа толқыны келді. Олар Ф.М. Аранышев (“Сүйрік” 1984, реж. А.Әлпиев; “Үш ағайынды” 2000, реж. С.Апырымов), Ә. және Б.Сүлеевтер (“Ауылым Көктөбенің бөктерінде” 1986, реж. Сүлеев; “Балкон” 1988, реж. І.Салықов; “Отырардың күйреуі” 1991, реж. А.Әмірқұлов; “Қайрат”, 1991, реж. Д.Өмірбаев; “Жамбылдың жастық шағы” 1996, реж. І.Қасымбеков, т.б.).
Б. Нөгербек
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға