Жаңалықтар

Жанайдар Сағындықов

  Жанайдар Сағындықов Жанайдар Сағындықов (1898, Шу өзені алқабы, қазіргі Сарысу ауданы аумағы – 25.2.1938, Алматы) – мемлекет қайраткері. Өмірбаяны 1912 жылға дейін ауыл молдасынан сауат ашқан. 1912 жылы күзде, Байсейіт Әділовтің (1887 – 1928) ықпалымен, әкесі оны Ақмолаға жібереді. Осында Сағындықов 1913 – 15 жылы шіркеу жанындағы мектепте, 1915 – 16 жылы жоғары бастауыш мектепте оқиды. 1916 жылы Д.Әділовпен бірге Омбыға барып, ересектерге арналған гимназияға түседі, Омбыдағы оқушы жастардың «Бірлік» атты мәдени-ағарту және саяси ұйымы жұмысына белсене араласты. 1917 жылы көктемнен қазақ атқару комитетінде ауылдық және болыстық ұйымдар жөніндегі нұсқаушы болып істеді. 1918 жылы басында «Бірлік» идеялық көзқарастарға байланысты екі жарылғанда, оның сол қанатын қолдады. Демократияшыл қазақ жастары кеңесін құруға қатысып, оны басқарады. Колчак билігі орнаған шақта, Д.Әділовпен бірге астыртын жұмыс жүргізген. Жазушы-қайраткер Ф.А. Березовский арқылы саяси ұйымдармен байланысып, 1918 жылы 22 желтоқсандағы қарулы көтеріліске қатысады. Көтеріліс сәтсіздікке ұшырағанда бой тасалап, Әділовтің Омбыдан «Бірлік» ұйымы бойынша үзеңгілестері Әбдірахман Байділдин тұратын Қызылжар өңіріне қашып кетуіне жәрдемдеседі. Халық ағарту саласының қазақ бөлімінде іс жүргізуші қызметінде істей жүріп, Омбы түрмесінен Сәкен Сейфуллин мен басқа да жігіттердің қашып шығуына қажет құжаттар дайындайды. 1919 жылы шілдеде ұсталу қаупі төнгендіктен, Ақмолаға оралады. Осында кеңес өкіметі орнағанда, уездік халық соты комитетінің мүшесі ретінде қызмет істей бастап, 1920 – 22 жылы Ақмола уездік комитетінің мүшесі, оқу бөліміндегі саяси ағарту саласының меңгерушісі, уездік атқару комитетінің іс басқарушысы және төралқа мүшесі, Ақмола губерниясы аткомының хатшысы (қазіргі Астана қаласында), Шарлақ уездік ревкомының төрағасы болды. 1922 – 24 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің жауапты хатшысы (Орынбор қаласы), 1924 – 25 жылы Адай уездік ревкомының төрағасы, 1925 – 26 жылы Қазақ АКСР Қаржы халық комиссарының орынбасары (Қызылорда), 1926 – 28 жылы Сырдария губерниясы аткомының төрағасы (Шымкент) болып істеді. 1928 жылы Әділет халық комиссары және Республика Прокуроры болып тағайындалды. 1929 – 36 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінде мәдени-насихат бөлімінің меңгерушісі, көлік жөніндегі хатшы, кеңестік сауда бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1936 жылы Халкомкеңес төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1937 жылы Қазақстан К(б)П Алматы облыстық комитеті мен Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, сол қызметінде 1937 жылы 17 қыркүйекте тұтқындалғанға дейін істеді. 1938 жылы 25 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасы көшпелі сессиясының үкімімен атылған. Сол күні оққа ұшқан 39 боздақпен бірге Алматы түбіндегі Әли ауылына (қазіргі Жаңалық) жерленген (бірнеше мың жазықсыз жазаланғандар жатқан бұл қорымға 2002 жылы ескерткіш қойылды). Сағындықов республикамыздағы мәдениет пен насихат жұмыстарымен шұғылданып жүрген кезінде «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне де басшылық етті. 1931 жылы Қазақстан партия ұйымы қабылдаған маңызды қаулы-қарарларды жинастырып, құжаттар жинағын шығарды. Әр кезде ағымдағы сәтке байланысты мақалалар жазып тұрды. Алайда, оның публицистикалық мұрасы әлі күнге дейін зерттелген жоқ.
05.12.2012 10:16 3166

 

Жанайдар Сағындықов

Жанайдар Сағындықов (1898, Шу өзені алқабы, қазіргі Сарысу ауданы аумағы – 25.2.1938, Алматы) – мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

1912 жылға дейін ауыл молдасынан сауат ашқан. 1912 жылы күзде, Байсейіт Әділовтің (1887 – 1928) ықпалымен, әкесі оны Ақмолаға жібереді. Осында Сағындықов 1913 – 15 жылы шіркеу жанындағы мектепте, 1915 – 16 жылы жоғары бастауыш мектепте оқиды. 1916 жылы Д.Әділовпен бірге Омбыға барып, ересектерге арналған гимназияға түседі, Омбыдағы оқушы жастардың «Бірлік» атты мәдени-ағарту және саяси ұйымы жұмысына белсене араласты. 1917 жылы көктемнен қазақ атқару комитетінде ауылдық және болыстық ұйымдар жөніндегі нұсқаушы болып істеді. 1918 жылы басында «Бірлік» идеялық көзқарастарға байланысты екі жарылғанда, оның сол қанатын қолдады. Демократияшыл қазақ жастары кеңесін құруға қатысып, оны басқарады. Колчак билігі орнаған шақта, Д.Әділовпен бірге астыртын жұмыс жүргізген. Жазушы-қайраткер Ф.А. Березовский арқылы саяси ұйымдармен байланысып, 1918 жылы 22 желтоқсандағы қарулы көтеріліске қатысады. Көтеріліс сәтсіздікке ұшырағанда бой тасалап, Әділовтің Омбыдан «Бірлік» ұйымы бойынша үзеңгілестері Әбдірахман Байділдин тұратын Қызылжар өңіріне қашып кетуіне жәрдемдеседі. Халық ағарту саласының қазақ бөлімінде іс жүргізуші қызметінде істей жүріп, Омбы түрмесінен Сәкен Сейфуллин мен басқа да жігіттердің қашып шығуына қажет құжаттар дайындайды. 1919 жылы шілдеде ұсталу қаупі төнгендіктен, Ақмолаға оралады. Осында кеңес өкіметі орнағанда, уездік халық соты комитетінің мүшесі ретінде қызмет істей бастап, 1920 – 22 жылы Ақмола уездік комитетінің мүшесі, оқу бөліміндегі саяси ағарту саласының меңгерушісі, уездік атқару комитетінің іс басқарушысы және төралқа мүшесі, Ақмола губерниясы аткомының хатшысы (қазіргі Астана қаласында), Шарлақ уездік ревкомының төрағасы болды. 1922 – 24 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің жауапты хатшысы (Орынбор қаласы), 1924 – 25 жылы Адай уездік ревкомының төрағасы, 1925 – 26 жылы Қазақ АКСР Қаржы халық комиссарының орынбасары (Қызылорда), 1926 – 28 жылы Сырдария губерниясы аткомының төрағасы (Шымкент) болып істеді. 1928 жылы Әділет халық комиссары және Республика Прокуроры болып тағайындалды. 1929 – 36 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінде мәдени-насихат бөлімінің меңгерушісі, көлік жөніндегі хатшы, кеңестік сауда бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1936 жылы Халкомкеңес төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1937 жылы Қазақстан К(б)П Алматы облыстық комитеті мен Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, сол қызметінде 1937 жылы 17 қыркүйекте тұтқындалғанға дейін істеді. 1938 жылы 25 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасы көшпелі сессиясының үкімімен атылған. Сол күні оққа ұшқан 39 боздақпен бірге Алматы түбіндегі Әли ауылына (қазіргі Жаңалық) жерленген (бірнеше мың жазықсыз жазаланғандар жатқан бұл қорымға 2002 жылы ескерткіш қойылды). Сағындықов республикамыздағы мәдениет пен насихат жұмыстарымен шұғылданып жүрген кезінде «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне де басшылық етті. 1931 жылы Қазақстан партия ұйымы қабылдаған маңызды қаулы-қарарларды жинастырып, құжаттар жинағын шығарды. Әр кезде ағымдағы сәтке байланысты мақалалар жазып тұрды. Алайда, оның публицистикалық мұрасы әлі күнге дейін зерттелген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға