Жаңалықтар

Орыс география қоғамы

  Орыс география қоғамы – белгілі география қоғамдарының бірі. Түрлі кезеңдерде әр түрлі аталған – Орыс география қоғамы (1845 – 50, 1917 – 26), Императорлық орыс география қоғамы (1850 – 1917), Мемлекеттік география қоғамы (1926 – 1938), Бүкілодақтық география қоғамы (1938 – 1991), 1991 жылдан Ресей география қоғамы. О. г. қ. 1845 ж. 6(18) тамызда Санкт-Петербургте құрылды. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының 7-і Қазақ жерін ғыл.-зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлері: Г.Гельмерсен, Ф.Берг, А.Левшин, В.Даль, В.Струве, В.Перовскийлер болды. О. г. қ. құрылған кезден бастап Ресей және оған іргелес елдер туралы геогр. мәліметтер жинады. Қоғамның жаңа игеріле бастаған Сібір мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен Кавказға, ғылымға беймәлім Орт. Азия мен полюстік аймақтарға, т.б. ұйымдастырған экспед-лары дүниежүз. география ғылымына теңдесі жоқ үлес қосты. О. г. қ. географиямен қатар оған іргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1851 жылдан бастап Ресейдің ірі қалаларында О. г. қ-ның бөлімшелері құрыла бастады. Солардың ішінде Орынбор, Батыс Сібір, Семей, Түркістан бөлімшелері қазақ жеріне көптеген ғыл.-зерт. экспед-ларын жабдықтап жіберді. Бұл жұмысқа Кеңес үкіметі жылдарында Қазақ география қоғамы және оның Батыс Қазақстан бөлімшесі қосылды. О. г. қ. төрағасы болып патша әулеті – ұлы князьдар белгіленген (1845 – 92 ж. Константин Николаевич, 1892 – 1917 ж. Николай Михайлович). Бірақ нақты басқару жұмысын вице-төраға, кейін президент атқарып келді. Вице-төраға қызметіне Ф.Литке, П.Семенов-Тян-Шанский, Ю.Шокальский, президенттікке Л.Берг, Е.Павловский, С.Калесник, т.б. сайланды. Географиядан үздік ғыл. жұмыстарға берілетін 4 алтын (үлкен медаль, Ф.Литке, П.Семенов-Тян-Шанский, Н.Пржевальский атынд.), бірнеше күміс, қола медальдар және сыйлықтар тағайындалған. Әр кезде О. г. қ. мүшелігіне қазақтан шыққан зерттеуші ғалымдар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Бабажанов, т.б. сайланды. М.Бабажанов этногр. зерттеулері үшін қоғамның күміс медалімен марапатталды. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы Ш.Уәлиханов еңбектерінің тұңғыш жинағын О. г. қ. жинақтап, бастырып шығарды. Әдеб.: Берг Л.С., Всесоюзное географическое общество за сто лет, М.–Л., 1946; соныкі, Летопись Географического общества за 1845 – 1945 гг. Изв. В ГО, т. 78, вып. 1, 1946; Географическое общество за 125 лет. Ответственный редактор акад. С.В. Калесник, Л., 1970. Ә. Бірмағамбетов  
05.12.2012 10:16 8662

 

Орыс география қоғамы – белгілі география қоғамдарының бірі. Түрлі кезеңдерде әр түрлі аталған – Орыс география қоғамы (1845 – 50, 1917 – 26), Императорлық орыс география қоғамы (1850 – 1917), Мемлекеттік география қоғамы (1926 – 1938), Бүкілодақтық география қоғамы (1938 – 1991), 1991 жылдан Ресей география қоғамы. О. г. қ. 1845 ж. 6(18) тамызда Санкт-Петербургте құрылды. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының 7-і Қазақ жерін ғыл.-зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлері: Г.Гельмерсен, Ф.Берг, А.Левшин, В.Даль, В.Струве, В.Перовскийлер болды. О. г. қ. құрылған кезден бастап Ресей және оған іргелес елдер туралы геогр. мәліметтер жинады. Қоғамның жаңа игеріле бастаған Сібір мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен Кавказға, ғылымға беймәлім Орт. Азия мен полюстік аймақтарға, т.б. ұйымдастырған экспед-лары дүниежүз. география ғылымына теңдесі жоқ үлес қосты. О. г. қ. географиямен қатар оған іргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1851 жылдан бастап Ресейдің ірі қалаларында О. г. қ-ның бөлімшелері құрыла бастады. Солардың ішінде Орынбор, Батыс Сібір, Семей, Түркістан бөлімшелері қазақ жеріне көптеген ғыл.-зерт. экспед-ларын жабдықтап жіберді. Бұл жұмысқа Кеңес үкіметі жылдарында Қазақ география қоғамы және оның Батыс Қазақстан бөлімшесі қосылды. О. г. қ. төрағасы болып патша әулеті – ұлы князьдар белгіленген (1845 – 92 ж. Константин Николаевич, 1892 – 1917 ж. Николай Михайлович). Бірақ нақты басқару жұмысын вице-төраға, кейін президент атқарып келді. Вице-төраға қызметіне Ф.Литке, П.Семенов-Тян-Шанский, Ю.Шокальский, президенттікке Л.Берг, Е.Павловский, С.Калесник, т.б. сайланды. Географиядан үздік ғыл. жұмыстарға берілетін 4 алтын (үлкен медаль, Ф.Литке, П.Семенов-Тян-Шанский, Н.Пржевальский атынд.), бірнеше күміс, қола медальдар және сыйлықтар тағайындалған. Әр кезде О. г. қ. мүшелігіне қазақтан шыққан зерттеуші ғалымдар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Бабажанов, т.б. сайланды. М.Бабажанов этногр. зерттеулері үшін қоғамның күміс медалімен марапатталды. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы Ш.Уәлиханов еңбектерінің тұңғыш жинағын О. г. қ. жинақтап, бастырып шығарды.

Әдеб.: Берг Л.С., Всесоюзное географическое общество за сто лет, М.–Л., 1946; соныкі, Летопись Географического общества за 1845 – 1945 гг. Изв. В ГО, т. 78, вып. 1, 1946; Географическое общество за 125 лет. Ответственный редактор акад. С.В. Калесник, Л., 1970.

Ә. Бірмағамбетов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға