Жаңалықтар

Бала «сатып алу»

Бала «сатып алу» - баласы тоқтамай жүрген ата-ананың келесі туған нәрестесін ырым бойынша басқаға асырауға беріп, кейін қайтадан «сатып алатын» рәсімі. Бала сатып алу ғұрпы есік ауыстыру деп те аталады. Ол үшін бір кемпір бесікке мініп, қамшыланып: Жайық бойынан келеміз, Жалпағынан су кешіп. Еділ бойынан келеміз, Етікпенен cv кешіп, - деп әндетіп,« бала сатасыңдар ма? » деп сұрап айқайлайды. Келесі бір түрі бойынша, сатып алу ырымын жасау үшін бір құшынаш кемпірмен келіседі. Кемпір келісім бойынша баласы тоқтамай жүрген үйді сырттай біліп алады да, бір күні: «Осындағы екі ұры қайда! Көрейін мен ол пәтшағарларды? » Үстіне ала-құла киім киінген, қолында асатаяғы бар, киім-кешегі қоңырауға, бүркіт пен үкінің тұяғына т.б. шылдырмақтарға толы бұл құшынаш көрер көзге де үрейлі болады. «Тақсыр-ай, ой, әулием-ай, бұл бала сіздікі екен ғой. Бізді қара басыпты. Мінеки, балаңыз. Аз уақытта бұл да өліп қалады-ау» деп, әке мен шеше ауырып жатқан баланы құшынышқа керегенің астынан алып береді. Баланың жылағанына қарамай құшынаш ауылдың итін бір қауым жерге дейін үргізіп, көзден ғайып болады. Бұлар көбінесе түнді, қараңғыны бетке алып келеді. Арада бірер ай өткен соң баланың әке-шешесі ешкім танымайтындай ғып қай-қайдағы ескі-құсқыны киіп, баспанасы жоқ адамдай мосы, шәугімдерін алып, бір арқа отын арқалап құшынаштікіне қайыршы болып барады. Айдап барған үш-төрт ұсағы, бір асымдай еті, бір салымдай тұзы болады. Қаңғырып жүрген қайыршы едік, сізден бір қайыр бола ма деп келдік. Бізге жар болатын алдымен Алла, онан соң өзіңіз! - дейді үй сыртында тұрып. Құшынаш: - Менде бары осы, - деп, бұл екеуін өмірі көрмеген адамдай түсін суытып, сынық қарма алып шығады. «Қайыршылар» қарманы алмайды. Ой кезбелер-ау, ой, міскіндер-ау, қоламтаға көміп пісірген күп-күрең қармадан артық не керек сендерге? - деп кемпір өршелене түседі. Қазақ салтында өлген адамды жуындырған соң, жерлеуге алып шығар алдында киіз үйден аяқ жағын есікке қаратып шығарады. Мұнысы бала ана кұрсағынан шыққанда дүниеге басымен шығатындығымен байланысты. Сондықтан қазақтар адамды дүниеге басымен келіп, аяғымен кетеді дейді. Мұнда баланың басын еңкейтіп алдымен шығаруы өмірге бет алсын дегенді тілеп ырымдағаны. Апарған астары да қалады. Мұнысы дәм-тұзымыз үзілмесін дегені. Сатып алған балалары тағы өліп қалса, енді екінші шараға көшіп, бір абысындары босанған күні шарананы етектеріне салып әкетеді де, қашан омыраудан шыққанша әкеліп емізіп, қатарға қосады. Баласын берген туыс ол баланы өмір бойы өзіміздікі демейді. Ашты- тәтті жүргенде де соз айтпайды. Бала да олардың маңын баспайды. Сондай-ақ бала тоқтамаған жағдайда баланың жолдасын киізге тігіп, молдаларға оқытып, күлдіреуішке (шаңырақ ортасына) бала жеті жасқа келгенше іліп қояды. Бала жетіге толған соң «садақасын» беріп, жолдасы салынған киізді ұлы жолдың бойына апарып тастайды. Кейде нәрестеге неше түрлі есім (Боқтыбай, Шылғаубай, Итбай т.б.) қойып, темірбесікке бөлейді, кіндігін балтамен, таспен кесіп, шөппен байлайды. Өмірі ұзақ болсын деп үш немесе жеті кемпірдің екі аяғының арасынан өткізіп алады да Үшкемпір, Жетікемпір,Жетікөт сияқты ат қояды. Кейбір өңірлерде жаңа туған баланы төрт кемпір мен шалдың екі бұтының арасынан өткізіп, осыған орай әлгі балаға Төрткен деген есім береді. АтақтыКенен ақынның Төрткен есімді қызы дәл осындай ғұрыптарды атқарғаннан кейін осы атқа не болған екен. Бұл кешенді рәсім бала тоқтамай қырсық шалған үйден баланы алшақтату арқылы өлімді жаңылдыру, адастыру мәнінде жасалатын магиялық ғұрып болып табылады.  
05.12.2012 10:13 4293

Бала «сатып алу» - баласы тоқтамай жүрген ата-ананың келесі туған нәрестесін ырым бойынша басқаға асырауға беріп, кейін қайтадан «сатып алатын» рәсімі.

Бала сатып алу ғұрпы есік ауыстыру деп те аталады. Ол үшін бір кемпір бесікке мініп, қамшыланып: Жайық бойынан келеміз, Жалпағынан су кешіп. Еділ бойынан келеміз, Етікпенен cv кешіп, - деп әндетіп,« бала сатасыңдар ма? » деп сұрап айқайлайды.

Келесі бір түрі бойынша, сатып алу ырымын жасау үшін бір құшынаш кемпірмен келіседі. Кемпір келісім бойынша баласы тоқтамай жүрген үйді сырттай біліп алады да, бір күні: «Осындағы екі ұры қайда! Көрейін мен ол пәтшағарларды? » Үстіне ала-құла киім киінген, қолында асатаяғы бар, киім-кешегі қоңырауға, бүркіт пен үкінің тұяғына т.б. шылдырмақтарға толы бұл құшынаш көрер көзге де үрейлі болады. «Тақсыр-ай, ой, әулием-ай, бұл бала сіздікі екен ғой. Бізді қара басыпты. Мінеки, балаңыз. Аз уақытта бұл да өліп қалады-ау» деп, әке мен шеше ауырып жатқан баланы құшынышқа керегенің астынан алып береді. Баланың жылағанына қарамай құшынаш ауылдың итін бір қауым жерге дейін үргізіп, көзден ғайып болады. Бұлар көбінесе түнді, қараңғыны бетке алып келеді. Арада бірер ай өткен соң баланың әке-шешесі ешкім танымайтындай ғып қай-қайдағы ескі-құсқыны киіп, баспанасы жоқ адамдай мосы, шәугімдерін алып, бір арқа отын арқалап құшынаштікіне қайыршы болып барады. Айдап барған үш-төрт ұсағы, бір асымдай еті, бір салымдай тұзы болады. Қаңғырып жүрген қайыршы едік, сізден бір қайыр бола ма деп келдік. Бізге жар болатын алдымен Алла, онан соң өзіңіз! - дейді үй сыртында тұрып. Құшынаш: - Менде бары осы, - деп, бұл екеуін өмірі көрмеген адамдай түсін суытып, сынық қарма алып шығады. «Қайыршылар» қарманы алмайды. Ой кезбелер-ау, ой, міскіндер-ау, қоламтаға көміп пісірген күп-күрең қармадан артық не керек сендерге? - деп кемпір өршелене түседі.

Қазақ салтында өлген адамды жуындырған соң, жерлеуге алып шығар алдында киіз үйден аяқ жағын есікке қаратып шығарады. Мұнысы бала ана кұрсағынан шыққанда дүниеге басымен шығатындығымен байланысты. Сондықтан қазақтар адамды дүниеге басымен келіп, аяғымен кетеді дейді. Мұнда баланың басын еңкейтіп алдымен шығаруы өмірге бет алсын дегенді тілеп ырымдағаны. Апарған астары да қалады. Мұнысы дәм-тұзымыз үзілмесін дегені. Сатып алған балалары тағы өліп қалса, енді екінші шараға көшіп, бір абысындары босанған күні шарананы етектеріне салып әкетеді де, қашан омыраудан шыққанша әкеліп емізіп, қатарға қосады. Баласын берген туыс ол баланы өмір бойы өзіміздікі демейді. Ашты- тәтті жүргенде де соз айтпайды. Бала да олардың маңын баспайды.

Сондай-ақ бала тоқтамаған жағдайда баланың жолдасын киізге тігіп, молдаларға оқытып, күлдіреуішке (шаңырақ ортасына) бала жеті жасқа келгенше іліп қояды. Бала жетіге толған соң «садақасын» беріп, жолдасы салынған киізді ұлы жолдың бойына апарып тастайды. Кейде нәрестеге неше түрлі есім (Боқтыбай, Шылғаубай, Итбай т.б.) қойып, темірбесікке бөлейді, кіндігін балтамен, таспен кесіп, шөппен байлайды. Өмірі ұзақ болсын деп үш немесе жеті кемпірдің екі аяғының арасынан өткізіп алады да Үшкемпір, Жетікемпір,Жетікөт сияқты ат қояды. Кейбір өңірлерде жаңа туған баланы төрт кемпір мен шалдың екі бұтының арасынан өткізіп, осыған орай әлгі балаға Төрткен деген есім береді. АтақтыКенен ақынның Төрткен есімді қызы дәл осындай ғұрыптарды атқарғаннан кейін осы атқа не болған екен. Бұл кешенді рәсім бала тоқтамай қырсық шалған үйден баланы алшақтату арқылы өлімді жаңылдыру, адастыру мәнінде жасалатын магиялық ғұрып болып табылады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға