Жаңалықтар

Ораза тек аштықта болу ғана емес

  Бізді жоқтан бар еткен, өмір берген жаратушы жаббар иеміз Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ, мақтаулар болсын. Аллаһтың сүйікті құлы, екі дүниенің шам-шырағы, пайғамбар-лардың тәжі, мұсылман үмбетінің жол бастаушысы, сүйікті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға сансыз салауат болсын. Мінекей, әні-міне дегенше бақыт айы, харам мен халалды ажыратушы, адам баласының жан дүниесін нұрға бөлеп, жан рахатын сыйлаушы, мың айдан да артық қадір түні болған кешірім айы, мейірімділік пен сүйіспеншілік айы, құлдың нағыз Жаратушысының құлыекенін мойындау айы, құлшылық һәм тазару айы, екі дүниенің жол бастаушысы қасиетті Құранның түскен айы қасиетті «Рамазан айы» келіп те қалды. Біз Аллаһсыз қадамды басамыз ба? Бейнет көрмей шыңдардан асамыз ба? Қасиетті Ұлы ай нұрын төккен, «Рамазан» Құтты болсын баршаңызға. Құрметті Қазақстандық бауырлар! Баршаңызға Рамазан айы құт береке алып келсін, жүректеріңізге иман нұрын сыйласын! Иә сөзге тиек етіп отырған тақырыбымыз «Ораза» тек аштықта болу ғана емес. Хақ Тағала Құран аятында: «Ол санаулы күндер Рамазан айы деп аталады; Ол Рамазан айы сондай бір ай, онда адам баласына тура жолды көрсететін және ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты, халал мен харамды айыратын дәлел ретінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса (сол айға жетсе) ораза ұстасын!.. . (Бақара сүресі 185-аят) «Ей, иман келтіргендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» - деп бұйырады. Құдси хадисте: (Сөзі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздікі, мағы-насы Аллаһтан) «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарады. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен сусағандықтан шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де тамаша», - деп сүйіншілейді. Шіркін бұдан басқа арман, бақыт бар ма? Он бір ай бойы тіршілікпен, уайым-қайғымен, араға уақыт салмай түрлі тамақтарды жеумен, бала-шаға, туған-туысқанның мәсе-лелерімен мидың да, жүректің де шаршаған уақытында; ыстық, аптап жаз, жауын-шашынды күз, суық, боран, аязды қыс мезгілінен кейін күннің көзі жарқырап, табиғат әсем күйге еніп, шиқылдап ұшқан құстар, көкпенбек болып өскен жайсаң дала, әлем нұрға бөленіп, көңілі аспанға самғаған көктем айының келгені сияқты адам денесіне де, жан дүниесіне де «ораза» мен бірге көктем айы келеді. Ол өзімен бірге кешірім, береке, бірлік, сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, кіші пейілділік қасиеттірін; ояу болса күшейту үшін, ұйқыда болса ояту үшін келеді. Ол біздің рухымыз-дағы әдепсіздікті, имансыздықты, зұлымдықты, екі жүзділікті, тәкаппарлықты, өзімшілдік пен сабырсыздықты жойып тазарту үшін келеді. Сонымен қатар, әрине, онбір ай бойы тоқтамай, кейде қиналып, кейде бұзылып жұмыс істеп тұрған асқазан деген керемет аппаратты демалысқа шығарып, ауыз қуысынан бастап шикі заттарды қорытып шығаратын барлық жолдарды демалысқа аттандырып, іштегі жиналған бүткіл қалдық, жинақтардың барлығын тазартып, адамның денсаулығын сауықтыру үшін келеді. Ойланып қарасақ Аллаһ Тағала не үшін «намаз оқыңдар, зекет беріңдер, арамнан алшақ болыңдар, ораза ұстаңдар т.б.» деп бұйырады? Әлбетте Ол Рахман, Рахим біздің қамымызды ойлағандықтан, бізге жаны ашығандықтан, өзінің құлдарына бақыт тілегендіктен әмір етеді. Болмаса Аллаһ үшін еш нәрсе кеміп немесе артып кетпейді. Қандай да бір парыз болған құлшылық біз үшін, біздің пайдамыз үшін жасалған. Жоғарыдағы аятта «Күнәлардан тазарсын деп Сендерге оразаны парыз еттік» деп бұл аятта бірінші мағына құлдың жанын күнәлардан жуып-шайып тазартатындығын және жаманшылықтан қорғап тақуалыққа үйрететіндігін айтқан. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыз: «Кімде-кім сеніммен отырып, сауабын жалғыз Аллаһтан күтіп Рамазан оразасын ұстайтын болса, өткендегі күнәлары кешіріледі» деп бұл аяттың тәфсірін жасайды. Рамазан айын құрмет тұтыңыздар, Нәпсіңізді бір жолата тыйыңыздар. Әр қашан сауап істер жасай беріп, Пәк Құранмен күнәларды жойыңыздар! Екінші мағынасы: Адам бала-сын тақуалыққа үйретеді дедік. Тақуалық деген сөз: қорқу, қорғану, сақтану, сыйыну деген мағыналарға келеді. Ал терминдік мағынасы: «Аллаһтан қорқу». Шындығында қорқу деген сөздің өзі қорқынышты. Біз Аллаһтан қорқуды арыстаннан қорқумен шатастырмауымыз керек. Аллаһтан «Ол бізден разы ма разы емес пе, сүйе ме әлде сүймей ме?» міне осыдан қорқуымыз керек. Бұл деген сөз, екі дүниенің Иесі Аллаһ Тағала бізден разы болуы үшін, Оның сүйікті құлы болу үшін Оның әмірлеріне бас иуіміз керек деген сөз. Демек тақуалық – көркем мінезді, иманды, инабатты, парасатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойын-сұнып ыстық қайратты, нұрлы ақылды, жылы жүректі «адам» болу. Жанды, рухани, ішкі сыртқы кірлерден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, «Мықты болсаң нәпсіңді жең демекші» нәпсіге ауыздық салып, тізгінді қолға алу. «Мен сендердің ұлы раббыларыңмын» (Назиат сүресі 24-аят) деп шектен шыққан Перғауын секілді өздігінше құдайы-лық сипатты иеленгісі келген, өз дегенін жасағысы келген таудай нәпсіні тәрбиелеп, арқандау. Ардақты, сүйікті Пайғамбары-мыз Мұхаммед (с.а.у.) айтқан ғой: «Кімде-кімнің нәпсісі ақылынан үстем болса ол адам хайуаннан да төмен, ал кімде-кімнің ақылы нәпсісінен үстем болса оның дәрежесі періштеден де жоғары болады» - деп. Бұл үшін не істеу керек? Әрине оның ең бірінші шешімі, ұстазы – «ораза». Ойшыл, ғалым ибн Рушд деген кісі былай деген екен: «Егер кімде-кім өз еркімен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын деп санасын». Нәпсі ешуақытта тойған емес, тоймайды да. Ол өзіне хош келетін барлық нәрсеге қол сұққысы, татқысы келіп тұрады. Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңімен, мәңгілік бақытына сатып немесе айырбастап жіберуге қашан да дайын тұрады. Міне, осы кезде оразаның нұрымен тазарған рух (жүрек), ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл мен жүрек бірігіп Аллаһтың бұйрығын орындап, ауыз бекітеді. Нәпсінің барлық күш-қуаты осы бекітілетін ауыз арқылы өтеді. Нәпсі байғұс қанша ақыл мен қалауды ауыз ашуға зорласа да, ол екеуі Ұлы Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан нәпсі құмарлық сезім қолы әлсіреп, әлжуаз болып, күш-қуаты кете бастайды. Осы сәтте адам бойына рухани қарғын жүре бастайды да, жүректің түкпірінде, нәпсінің қойнында құшақтаулы қалған ар-ождан қасиеті күллі адамгершілік сезімдерін оятып, туралыққа бастайды. Яғни негізгі тізгінді ар-ождан қолға алып, адам жан-дүниесі рухани ләззатқа бөленеді. Мінекей осы мақсатта ашығу процесі жүретін болса, жоғарыдағы тізбектелген жетістіктерге жете аламыз. Яғни «Ораза» Аллаһ үшін болуы шарт. Өйткені ораза – Аллаһ үшін жасалатын құлшылық, Аллаһтың бұйырған әмірі. Адам баласы тек өздігінен аш қалып, асқазанымды тазартуым керек немесе арықтауым керек т.б. деп ораза ұстайтын болса, бұл жетістіктерге жету мүмкін емес. Жоғарыда құдси хадисте айтып өткеніміздей Аллаһ: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарсын. Ораза тек Мені мен құлымның арасындағы жасырын ғибадат. Оған берілетін сыйды Өзім берем» - деп уәде беріп отыр. Аллаһ Тағала әрқашан уәдесінде тұрушы. Дана халқымыз: «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» - деп дөп басып айтқан. Осы қасиетті Рамазан айында «тоқ бала аш баламен ойнайтын» күн туады. Бұл айда Мейірімді Аллаһ Тағала әл-ауқатты бай адамдарды нанын таба алмай, аш құрсақ болып жүрген қаншама кедей жандарға қол ұшын беруге шақырады. Яғни оразаның қоғамға да зор әсерін айтпақшымыз. Дәлірек айтқанда «ораза»: көкірегіне нан бітіп, өзін көтере алмай жүргендердің, байлыққа малып, мас болып жүргендердің, шын кедейшілік пен аш қалудың не екенін білмей жүргендердің қалауының (нәпсісінің) тас-талқанын шығарып тәрбиелеп, жуас мінезді, мейірімді, жанашыр, дәл қасында жүріп аш жүргендердің жағдайын өз бала-шағасының хал-ахуалын, өзінің қамын қалай білсе солай танып, шүкір етуші «адам» етіп шығарады. Алласын сүйген, халқын сүйген Абай атамыз: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі? Қара қидан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы. Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқан айналасы. Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы», - демекші түсінгенге үлкен мән-мағына жатыр емес пе? Егер ораза болмаса қарақан басын ойлайтын көптеген байлар кедейлердің күнделікті жай-күйін, олардың мейірім мен жанашырлыққа қаншалықты мұқтаж екендігін білмес еді. Адам ораза ұстап, сәресіден кешке күн батқанға дейін аш қалғанда ғана айналасына басқаша көзбен қарай бастайды. Өйткені ауыз бекіткен адам күні бойы аш қалып, аштықтың дәмін бірте-бірте сезе бастайды. Аш адамның ішкі жай-күйін толық ұғыну үшін тоқ адамның да ашығып көруі шарт. Соның бастан кешкен қиындығын өзі де бастан кешпесе, онда қажетінше жанашырлық білдіріп, бауырмашылдық көрсете алмас еді. Ол үшін бір ғана жол бар ол – ораза ұстау. Тоқтаусыз жаза берсем «оразаның» артықшылығын айтып тауысу мүмкін емес. Оразаны Аллаһ үшін ұстау керек екендігін және Аллаһ үшін аш қалу керектігін түсінсеңіз тізбектеп жазған ораза-ның негізгі пайдаларын түсінген боласыз. «Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін» деген Аллаһтың уәдесін ешуақытта есіңізден шығармағайсыз.   Нұрлыбек Күзенбаев Дінтанушы    
05.12.2012 10:12 4794

 

Бізді жоқтан бар еткен, өмір берген жаратушы жаббар иеміз Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ, мақтаулар болсын.

Аллаһтың сүйікті құлы, екі дүниенің шам-шырағы, пайғамбар-лардың тәжі, мұсылман үмбетінің жол бастаушысы, сүйікті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға сансыз салауат болсын.

Мінекей, әні-міне дегенше бақыт айы, харам мен халалды ажыратушы, адам баласының жан дүниесін нұрға бөлеп, жан рахатын сыйлаушы, мың айдан да артық қадір түні болған кешірім айы, мейірімділік пен сүйіспеншілік айы, құлдың нағыз Жаратушысының құлыекенін мойындау айы, құлшылық һәм тазару айы, екі дүниенің жол бастаушысы қасиетті Құранның түскен айы қасиетті «Рамазан айы» келіп те қалды.

Біз Аллаһсыз қадамды басамыз ба?

Бейнет көрмей шыңдардан асамыз ба?

Қасиетті Ұлы ай нұрын төккен,

«Рамазан» Құтты болсын баршаңызға.

Құрметті Қазақстандық бауырлар! Баршаңызға Рамазан айы құт береке алып келсін, жүректеріңізге иман нұрын сыйласын!

Иә сөзге тиек етіп отырған тақырыбымыз «Ораза» тек аштықта болу ғана емес.

Хақ Тағала Құран аятында: «Ол санаулы күндер Рамазан айы деп аталады; Ол Рамазан айы сондай бір ай, онда адам баласына тура жолды көрсететін және ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты, халал мен харамды айыратын дәлел ретінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса (сол айға жетсе) ораза ұстасын!.. . (Бақара сүресі 185-аят)

«Ей, иман келтіргендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» - деп бұйырады.

Құдси хадисте: (Сөзі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздікі, мағы-насы Аллаһтан) «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарады. Ораза Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен сусағандықтан шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де тамаша», - деп сүйіншілейді. Шіркін бұдан басқа арман, бақыт бар ма?

Он бір ай бойы тіршілікпен, уайым-қайғымен, араға уақыт салмай түрлі тамақтарды жеумен, бала-шаға, туған-туысқанның мәсе-лелерімен мидың да, жүректің де шаршаған уақытында; ыстық, аптап жаз, жауын-шашынды күз, суық, боран, аязды қыс мезгілінен кейін күннің көзі жарқырап, табиғат әсем күйге еніп, шиқылдап ұшқан құстар, көкпенбек болып өскен жайсаң дала, әлем нұрға бөленіп, көңілі аспанға самғаған көктем айының келгені сияқты адам денесіне де, жан дүниесіне де «ораза» мен бірге көктем айы келеді. Ол өзімен бірге кешірім, береке, бірлік, сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, кіші пейілділік қасиеттірін; ояу болса күшейту үшін, ұйқыда болса ояту үшін келеді. Ол біздің рухымыз-дағы әдепсіздікті, имансыздықты, зұлымдықты, екі жүзділікті, тәкаппарлықты, өзімшілдік пен сабырсыздықты жойып тазарту үшін келеді. Сонымен қатар, әрине, онбір ай бойы тоқтамай, кейде қиналып, кейде бұзылып жұмыс істеп тұрған асқазан деген керемет аппаратты демалысқа шығарып, ауыз қуысынан бастап шикі заттарды қорытып шығаратын барлық жолдарды демалысқа аттандырып, іштегі жиналған бүткіл қалдық, жинақтардың барлығын тазартып, адамның денсаулығын сауықтыру үшін келеді.

Ойланып қарасақ Аллаһ Тағала не үшін «намаз оқыңдар, зекет беріңдер, арамнан алшақ болыңдар, ораза ұстаңдар т.б.» деп бұйырады? Әлбетте Ол Рахман, Рахим біздің қамымызды ойлағандықтан, бізге жаны ашығандықтан, өзінің құлдарына бақыт тілегендіктен әмір етеді. Болмаса Аллаһ үшін еш нәрсе кеміп немесе артып кетпейді. Қандай да бір парыз болған құлшылық біз үшін, біздің пайдамыз үшін жасалған.

Жоғарыдағы аятта «Күнәлардан тазарсын деп Сендерге оразаны парыз еттік» деп бұл аятта бірінші мағына құлдың жанын күнәлардан жуып-шайып тазартатындығын және жаманшылықтан қорғап тақуалыққа үйрететіндігін айтқан. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыз: «Кімде-кім сеніммен отырып, сауабын жалғыз Аллаһтан күтіп Рамазан оразасын ұстайтын болса, өткендегі күнәлары кешіріледі» деп бұл аяттың тәфсірін жасайды.

Рамазан айын құрмет тұтыңыздар,

Нәпсіңізді бір жолата тыйыңыздар.

Әр қашан сауап істер жасай беріп,

Пәк Құранмен күнәларды жойыңыздар!

Екінші мағынасы: Адам бала-сын тақуалыққа үйретеді дедік. Тақуалық деген сөз: қорқу, қорғану, сақтану, сыйыну деген мағыналарға келеді. Ал терминдік мағынасы: «Аллаһтан қорқу».

Шындығында қорқу деген сөздің өзі қорқынышты. Біз Аллаһтан қорқуды арыстаннан қорқумен шатастырмауымыз керек. Аллаһтан «Ол бізден разы ма разы емес пе, сүйе ме әлде сүймей ме?» міне осыдан қорқуымыз керек. Бұл деген сөз, екі дүниенің Иесі Аллаһ Тағала бізден разы болуы үшін, Оның сүйікті құлы болу үшін Оның әмірлеріне бас иуіміз керек деген сөз.

Демек тақуалық – көркем мінезді, иманды, инабатты, парасатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойын-сұнып ыстық қайратты, нұрлы ақылды, жылы жүректі «адам» болу. Жанды, рухани, ішкі сыртқы кірлерден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, «Мықты болсаң нәпсіңді жең демекші» нәпсіге ауыздық салып, тізгінді қолға алу. «Мен сендердің ұлы раббыларыңмын» (Назиат сүресі 24-аят) деп шектен шыққан Перғауын секілді өздігінше құдайы-лық сипатты иеленгісі келген, өз дегенін жасағысы келген таудай нәпсіні тәрбиелеп, арқандау.

Ардақты, сүйікті Пайғамбары-мыз Мұхаммед (с.а.у.) айтқан ғой: «Кімде-кімнің нәпсісі ақылынан үстем болса ол адам хайуаннан да төмен, ал кімде-кімнің ақылы нәпсісінен үстем болса оның дәрежесі періштеден де жоғары болады» - деп. Бұл үшін не істеу керек? Әрине оның ең бірінші шешімі, ұстазы – «ораза».

Ойшыл, ғалым ибн Рушд деген кісі былай деген екен: «Егер кімде-кім өз еркімен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын деп санасын». Нәпсі ешуақытта тойған емес, тоймайды да. Ол өзіне хош келетін барлық нәрсеге қол сұққысы, татқысы келіп тұрады. Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңімен, мәңгілік бақытына сатып немесе айырбастап жіберуге қашан да дайын тұрады. Міне, осы кезде оразаның нұрымен тазарған рух (жүрек), ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл мен жүрек бірігіп Аллаһтың бұйрығын орындап, ауыз бекітеді. Нәпсінің барлық күш-қуаты осы бекітілетін ауыз арқылы өтеді. Нәпсі байғұс қанша ақыл мен қалауды ауыз ашуға зорласа да, ол екеуі Ұлы Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан нәпсі құмарлық сезім қолы әлсіреп, әлжуаз болып, күш-қуаты кете бастайды. Осы сәтте адам бойына рухани қарғын жүре бастайды да, жүректің түкпірінде, нәпсінің қойнында құшақтаулы қалған ар-ождан қасиеті күллі адамгершілік сезімдерін оятып, туралыққа бастайды. Яғни негізгі тізгінді ар-ождан қолға алып, адам жан-дүниесі рухани ләззатқа бөленеді. Мінекей осы мақсатта ашығу процесі жүретін болса, жоғарыдағы тізбектелген жетістіктерге жете аламыз. Яғни «Ораза» Аллаһ үшін болуы шарт. Өйткені ораза – Аллаһ үшін жасалатын құлшылық, Аллаһтың бұйырған әмірі. Адам баласы тек өздігінен аш қалып, асқазанымды тазартуым керек немесе арықтауым керек т.б. деп ораза ұстайтын болса, бұл жетістіктерге жету мүмкін емес.

Жоғарыда құдси хадисте айтып өткеніміздей Аллаһ: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарсын. Ораза тек Мені мен құлымның арасындағы жасырын ғибадат. Оған берілетін сыйды Өзім берем» - деп уәде беріп отыр. Аллаһ Тағала әрқашан уәдесінде тұрушы.

Дана халқымыз: «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» - деп дөп басып айтқан. Осы қасиетті Рамазан айында «тоқ бала аш баламен ойнайтын» күн туады. Бұл айда Мейірімді Аллаһ Тағала әл-ауқатты бай адамдарды нанын таба алмай, аш құрсақ болып жүрген қаншама кедей жандарға қол ұшын беруге шақырады. Яғни оразаның қоғамға да зор әсерін айтпақшымыз. Дәлірек айтқанда «ораза»: көкірегіне нан бітіп, өзін көтере алмай жүргендердің, байлыққа малып, мас болып жүргендердің, шын кедейшілік пен аш қалудың не екенін білмей жүргендердің қалауының (нәпсісінің) тас-талқанын шығарып тәрбиелеп, жуас мінезді, мейірімді, жанашыр, дәл қасында жүріп аш жүргендердің жағдайын өз бала-шағасының хал-ахуалын, өзінің қамын қалай білсе солай танып, шүкір етуші «адам» етіп шығарады. Алласын сүйген, халқын сүйген Абай атамыз:

«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы», - демекші түсінгенге үлкен мән-мағына жатыр емес пе? Егер ораза болмаса қарақан басын ойлайтын көптеген байлар кедейлердің күнделікті жай-күйін, олардың мейірім мен жанашырлыққа қаншалықты мұқтаж екендігін білмес еді. Адам ораза ұстап, сәресіден кешке күн батқанға дейін аш қалғанда ғана айналасына басқаша көзбен қарай бастайды. Өйткені ауыз бекіткен адам күні бойы аш қалып, аштықтың дәмін бірте-бірте сезе бастайды. Аш адамның ішкі жай-күйін толық ұғыну үшін тоқ адамның да ашығып көруі шарт. Соның бастан кешкен қиындығын өзі де бастан кешпесе, онда қажетінше жанашырлық білдіріп, бауырмашылдық көрсете алмас еді. Ол үшін бір ғана жол бар ол – ораза ұстау.

Тоқтаусыз жаза берсем «оразаның» артықшылығын айтып тауысу мүмкін емес. Оразаны Аллаһ үшін ұстау керек екендігін және Аллаһ үшін аш қалу керектігін түсінсеңіз тізбектеп жазған ораза-ның негізгі пайдаларын түсінген боласыз. «Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін» деген Аллаһтың уәдесін ешуақытта есіңізден шығармағайсыз.

 

Нұрлыбек Күзенбаев

Дінтанушы

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға