Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Тарихы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны, ғылым орталығы және мәдени-гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады. Университет сертификациялық аудиттен өтіп, ИСО 9001:2000 және IQNet Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестілігі жөніндегі сапа сертификаттарын иеленді. Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне арналған мамандар даярланады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады. Үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарының жалпы рейтинг бойынша Қазақстандағы құрметті үшінші орынды және ұтып алған гранттар саны бойынша да үшінші орынды иеленіп отыр. Оңтүстік аймақта ОҚМУ - оқытушылар мен студенттер құрамындағы ғылым, спорт, музыка және шығармашылық жұлдыздар саны бойынша, сонымен бірге әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысының жоғары деңгейі бойынша да сөзсіз көшбасшы. М.Әуезов атындағы ОҚМУ - көп салалы білім беру мекемесі. Ректордың бастамасы бойынша 2006 жылы ұйымдастыру-құрылымдық қайта құру өткізілді. Соның нәтижесінде оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбиелеу мәселелерін шешуде кең өкілеттіліктер берілген 10 институт құрылды. Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет Қазақстанның оңтүстігіндегі 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда. Олардың ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет iстейдi. ОҚМУ-да 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлері бойынша 20 мыңѓа жуық студенттер оқиды. Олардың ішінде 5265 студент - мемелекеттік грант бойынша оқиды. Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай, атап айтқанда қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 55 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1861 компьютер, олардың ішінде 1560 жаңа үлгідегі компьютерлер, 1641 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Университетте Карьера және маркетинг орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті, кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету мен маркетингтік зерттеулер жүргізу болып табылады. Университет ректоры - ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Бишімбаев, әрдайым уақытпен қатар ғана жүрмей, көбінесе алдында жүреді. Отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып біздің егеменді еліміздің экономикасына ең жақсы кадрларды даярлау - бұл ОҚМУ-дің бүгінгі таңдағы миссиясы. Осындай ұжымды тек ірі жан-жақты, бір туар тұлға басқара алады. Уалихан Бишімбаев оқу процессіне модульдік-рейтингтік жүйені, кредиттік технологияны, сапа менеджменті жүйесін енгізудің бастамашысы болды. 2005 жылдыњ қорытындысы бойынша Уалихан Қозыкеұлына "Қазақстанның озат өнертапқышы" атағы берілген. Уалихан Қозыкеұлы Бишімбаев - облыстық маслихаттың депутаты, "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратының мүшесі. Ол көптеген жоғарғы мемлекеттік марапаттаулардың: "Құрмет белгісі", "Құрмет" ордендерінің иегері. 500-ден астам ғылыми мақаланың, Қазақстан Республикасының 63 авторлық куәлік пен патенттің, 25 оқулық пен монографияның авторы У.Бишімбаев университеттің ғана емес, сонымен қатар қаланың, облыстың, тіпті республиканың өзекті мәселелерін шешу үшін әрдайым ізденісте жүреді. Университеттің құрамында – 14 факультет: 1. Агроөнеркәсіп факультеті 2. Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер факультеті 3. Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті 4. Жаратылыстану-педогогикалық факультеті 5. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті 6. Құрылыс және көлік факультеті 7. Механика және мұнайгаз ісі факультеті 8. Педагогика және мәдениет факультеті 9. Спорт және туризм факультеті 10. Сырттай оқыту факультеті 11. Филология факультеті 12. Химия-технологиялық факультеті 13. Экономика және қаржы факультеті 14. Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті 15. Әскери кафедра Оқу процесі Шет ел студенттерімен жұмыс жасау факультеті және колледж бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 120 – ғылым докторы, 604 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым акадмиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған. Материалдық-техникалық базасы Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Университетте 87 мамандық бойынша 17 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 8873 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы екі жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы 2-ші орынды иеленіп келеді. ОҚМУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын Карьера және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Бишімбаев. Студенттік өмір ОҚМУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚМУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚМУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады. Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жас Отан», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады. Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады. Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.  
05.12.2012 10:11 21751

 

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тарихы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны, ғылым орталығы және мәдени-гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады.
Университет сертификациялық аудиттен өтіп, ИСО 9001:2000 және IQNet Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестілігі жөніндегі сапа сертификаттарын иеленді. Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне арналған мамандар даярланады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады. Үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарының жалпы рейтинг бойынша Қазақстандағы құрметті үшінші орынды және ұтып алған гранттар саны бойынша да үшінші орынды иеленіп отыр. Оңтүстік аймақта ОҚМУ - оқытушылар мен студенттер құрамындағы ғылым, спорт, музыка және шығармашылық жұлдыздар саны бойынша, сонымен бірге әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысының жоғары деңгейі бойынша да сөзсіз көшбасшы. М.Әуезов атындағы ОҚМУ - көп салалы білім беру мекемесі. Ректордың бастамасы бойынша 2006 жылы ұйымдастыру-құрылымдық қайта құру өткізілді. Соның нәтижесінде оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбиелеу мәселелерін шешуде кең өкілеттіліктер берілген 10 институт құрылды.
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет Қазақстанның оңтүстігіндегі 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда.
Олардың ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет iстейдi. ОҚМУ-да 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлері бойынша 20 мыңѓа жуық студенттер оқиды. Олардың ішінде 5265 студент - мемелекеттік грант бойынша оқиды. Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай, атап айтқанда қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады.
Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 55 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1861 компьютер, олардың ішінде 1560 жаңа үлгідегі компьютерлер, 1641 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Университетте Карьера және маркетинг орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті, кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету мен маркетингтік зерттеулер жүргізу болып табылады.
Университет ректоры - ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Бишімбаев, әрдайым уақытпен қатар ғана жүрмей, көбінесе алдында жүреді. Отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып біздің егеменді еліміздің экономикасына ең жақсы кадрларды даярлау - бұл ОҚМУ-дің бүгінгі таңдағы миссиясы.
Осындай ұжымды тек ірі жан-жақты, бір туар тұлға басқара алады. Уалихан Бишімбаев оқу процессіне модульдік-рейтингтік жүйені, кредиттік технологияны, сапа менеджменті жүйесін енгізудің бастамашысы болды. 2005 жылдыњ қорытындысы бойынша Уалихан Қозыкеұлына "Қазақстанның озат өнертапқышы" атағы берілген. Уалихан Қозыкеұлы Бишімбаев - облыстық маслихаттың депутаты, "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратының мүшесі.
Ол көптеген жоғарғы мемлекеттік марапаттаулардың: "Құрмет белгісі", "Құрмет" ордендерінің иегері. 500-ден астам ғылыми мақаланың, Қазақстан Республикасының 63 авторлық куәлік пен патенттің, 25 оқулық пен монографияның авторы У.Бишімбаев университеттің ғана емес, сонымен қатар қаланың, облыстың, тіпті республиканың өзекті мәселелерін шешу үшін әрдайым ізденісте жүреді.
Университеттің құрамында – 14 факультет:
1. Агроөнеркәсіп факультеті
2. Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер факультеті
3. Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті
4. Жаратылыстану-педогогикалық факультеті
5. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті
6. Құрылыс және көлік факультеті
7. Механика және мұнайгаз ісі факультеті
8. Педагогика және мәдениет факультеті
9. Спорт және туризм факультеті
10. Сырттай оқыту факультеті
11. Филология факультеті
12. Химия-технологиялық факультеті
13. Экономика және қаржы факультеті
14. Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті
15. Әскери кафедра
Оқу процесі
Шет ел студенттерімен жұмыс жасау факультеті және колледж бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 120 – ғылым докторы, 604 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым акадмиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған.
Материалдық-техникалық базасы
Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Университетте 87 мамандық бойынша 17 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 8873 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы екі жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы 2-ші орынды иеленіп келеді. ОҚМУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын Карьера және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Бишімбаев.
Студенттік өмір
ОҚМУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚМУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚМУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады. Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жас Отан», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады. Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады. Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға