Жаңалықтар

Литва

Литва, Литва Республикасы–Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 65,2 мың км2. Халқы 3,61 млн. адам. Астанасы – Вильнюс қаласы. Ресми тілі – литван тілі. Халқының 80%-дан астамын литвандар, 9,4%-ын орыстар, 7%-ын поляктар құрайды. Тұрғындарының көпшілігі католиктер (90%), қалғандары православтар. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады. Ұлттық мейрамы – Литва мемлекетінің қалпына келген күні – 16 ақпан (1918). 1991 жылдан БҰҰ-ға, 2004 жылдан ЕуроОдаққа мүше. Литва климаты теңіздік климаттан континенттік климатқа қарай өзгереді. Орташа температура қаңтарда –5°С, шілдеде 17,2°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 630 мм-ге тең. Жер қойнауы шымтезек, гипс, янтарь, ыстық және минералды суларға бай. Аралас ормандар елдің ширек бөлігін алып жатыр. Ең ірі өзені – Нямунас (Неман), 3000-ға жуық көлдері бар. 3-мыңжылдықта Литва мен оған көршілес жерлерге балтық тайпаларының арғы ата-бабалары келіп қоныстана бастаған. Олар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты. 9 – 12-ғасырларда Литва жерінде алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрылды. 1230 ж. литван тайпалары (жемайте, аукштайте, ятвягалар, т.б.) бір орталыққа бірігіп, Литва Ұлы князьдігінің негізі қаланды. 13-ғасырдан бастап 200 жылдан астам уақыт Литва неміс рыцарларына тойтарыс берумен болды. Басқыншыларға қарсы тұру үшін Литва Польшамен Крев униясын (1385) жасасты. 1387 ж. Литва ресми католик дінін қабылдады. 1410 ж. 15 шілдеде Литва мен Польшаның біріккен күші Грюнвальд шайқасында Тевтон орденінің рыцарьларын талқандады. Люблин униясынан (1569) кейін Литва мен Польша біртұтас мемлекет – Речь Посполитаға бірікті. Речь Посполитаның ыдырауына байланысты 1795 ж. Литва жерінің көпшілігін Ресей өзіне қосып алды. 1-дүниежүзілік соғыстың басынан-ақ Литва жері жойқын ұрыс алаңына айналды. 1915 жылдың күзінде герман әскерлері Литваны түгел жаулап алды. 1918 – 40 ж. Литва тәуелсіз мемлекет болды. Халықаралық жағдайларға байланысты 1940 ж. 3-тамызда Литва Кеңес Одағының құрамына кірді. 1945 – 91 ж. Литва КСРО құрамында болды. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздігі қалпына келтірілді. Литва индустриялды-аграрлы ел. Шаруашылығының жетекші салалары – машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы, балық аулау басым дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдықтар, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 4510 АҚШ доллары. ҚР мен Литва арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынас 1992 ж. шілде айынан басталды.      
05.12.2012 10:10 15382

Литва, Литва Республикасы–Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 65,2 мың км2. Халқы 3,61 млн. адам. Астанасы – Вильнюс қаласы. Ресми тілі – литван тілі. Халқының 80%-дан астамын литвандар, 9,4%-ын орыстар, 7%-ын поляктар құрайды. Тұрғындарының көпшілігі католиктер (90%), қалғандары православтар. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады. Ұлттық мейрамы – Литва мемлекетінің қалпына келген күні – 16 ақпан (1918). 1991 жылдан БҰҰ-ға, 2004 жылдан ЕуроОдаққа мүше.

Литва климаты теңіздік климаттан континенттік климатқа қарай өзгереді. Орташа температура қаңтарда –5°С, шілдеде 17,2°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 630 мм-ге тең. Жер қойнауы шымтезек, гипс, янтарь, ыстық және минералды суларға бай. Аралас ормандар елдің ширек бөлігін алып жатыр. Ең ірі өзені – Нямунас (Неман), 3000-ға жуық көлдері бар.

3-мыңжылдықта Литва мен оған көршілес жерлерге балтық тайпаларының арғы ата-бабалары келіп қоныстана бастаған. Олар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты. 9 – 12-ғасырларда Литва жерінде алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрылды. 1230 ж. литван тайпалары (жемайте, аукштайте, ятвягалар, т.б.) бір орталыққа бірігіп, Литва Ұлы князьдігінің негізі қаланды. 13-ғасырдан бастап 200 жылдан астам уақыт Литва неміс рыцарларына тойтарыс берумен болды. Басқыншыларға қарсы тұру үшін Литва Польшамен Крев униясын (1385) жасасты. 1387 ж. Литва ресми католик дінін қабылдады. 1410 ж. 15 шілдеде Литва мен Польшаның біріккен күші Грюнвальд шайқасында Тевтон орденінің рыцарьларын талқандады. Люблин униясынан (1569) кейін Литва мен Польша біртұтас мемлекет – Речь Посполитаға бірікті. Речь Посполитаның ыдырауына байланысты 1795 ж. Литва жерінің көпшілігін Ресей өзіне қосып алды. 1-дүниежүзілік соғыстың басынан-ақ Литва жері жойқын ұрыс алаңына айналды. 1915 жылдың күзінде герман әскерлері Литваны түгел жаулап алды. 1918 – 40 ж. Литва тәуелсіз мемлекет болды. Халықаралық жағдайларға байланысты 1940 ж. 3-тамызда Литва Кеңес Одағының құрамына кірді. 1945 – 91 ж. Литва КСРО құрамында болды. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздігі қалпына келтірілді.

Литва индустриялды-аграрлы ел. Шаруашылығының жетекші салалары – машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы, балық аулау басым дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдықтар, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 4510 АҚШ доллары. ҚР мен Литва арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынас 1992 ж. шілде айынан басталды.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға