Жаңалықтар

Бақұлдасу

Бақұлдасу - адамның дүниеден озар алдында жақын туысқандарымен қоштасу рәсімі. Төсек тартқан адамның соңғы сәттері жақындаған кезін байқаған туысқандары оның қал-жағдайын сұрап, көңілін аулайды. Албақилық боларын сезген адам бауыр-туған, дос-жаран, бала-шағасын шақыртып, тірлікте араз болған, ренжіткен жайлары болса кешірім сұрап, жакындары мен балаларына өсиет қалдырып, біреуден алар алашағын, біреуге берер берешегін, тірлікте құпия ретінде сақтап келген, ерекше арнайы тапсыратын жайттарын айтады. Адамның ақырғы демі үзілгенге дейін оның көңіліне келеді деп кейінге шегеріліп, жасырылып келген біраз жайттардың басы ашылады. Бақұлдасышы адамнан қайда, қалай жерлеу, жаназаға, жуындыруға кімдер қатысуы керектігі, ғұрыптарды қалай өткізу, зиратты қалай көтеру туралы сұрайды. Халық ауыз әдебиеті нұсқаларында ақын-жанды жандардың өлеңмен бақұлдасқан үлгілері де кездеседі. Одан ары оның артын қалай атқаруды, жерлеу, арулауға сайлайтын адамдарын, біреуге берешегі мен біреуден алашағын айтып,аманаттап тапсырады. О дүниенің алдында баз кешкен ауқатты, қолы ұзын адамдар араздасқан адамы алыста болса да, арнайы ат-көлік жіберіп алдырып, кешірім сұрайды. Жақын ағайын мен көрші-қолаңнан осы жалған тіршілікте артық-ауыс кеткен қылықтары үшін кешірім жасауын өтінеді. Кешірген адам үш мәрте кештім деп бақұлдасышы жанның көзінше дауыстап айтады. Бақұлдасы ғұрпының қазақы ортадағы айрықша әлеуметтік мәні бар. Бақұлдасы бұ дүниеде қалған адамдарға ежелден қалыптаскан этикалық нормалар мен ұстанымдарды сақтап отырудың қажеттілігін ескертеді. Қазақы бақұлдасыдың классикалық үлгісі ретінде әйгілі Әсет пен Кемпірбайдың «айтысын» айтуға болады. Бақи дүниеге аттанайын деп жатқан Кемпірбай ақын өзінің үзеңгілес, әрі сырлас жан досы Әсет ақынмен және Әсет арқылы ел-жұртпен, ағайын-туыспен былайша бақұлдасады. Әсет: Ассалаумагалейкүм, нар Кемпірбай, Насихат аузында сөз бар Кемпірбай, Сырқат деп Сарыарқадан естіп келдім, Жақсы ма, қандай боп тұр хал, Кемпірбай? Аспанда айнала ұшқан сұңқар едің, Кез болдың жайған торға бүгін мұндай. Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң,  Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай. Дауысымды танимысың, атым — Әсет, Мен келдім әдейі іздеп көңілің сұрай. Апырай жауап қатпай кеткенің бе Алашқа атың шыққан қыраным-ай! Сәлем ал, басың көтер, кешуіңді айт, Адамның бірі емессің әншейін жай... Кемпірбай: Көңілді Әсет келді-ау көтергелі, Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі, Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын, Басымды жастықпенен көтер бері. Өлсем де «Көккептерге» бір басайын, Қу тақтай қос ішекті әпер бері, Аузыма өлерімде сөз салмасаң, Қонғанын өлең шіркін бекер ме еді?! ... Ей Әсет осы аурудан өлем білем, Алланың аманатын берем білем, Кеудемнен көк ала үйрек «қош!» деп ұшты, Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем. Кеудемде біраз тұрды қимай тоқтап, Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап, «Серігім, қош-аман бол, Кемпірбай» деп Жылады бұрыңғы өткен күнді жоқтап. ... Сәлем де Арқадағы хан, қараға Қара Ертіс, Қарқарапы жандараға, Атығай, қарауыл мен өрдегі үйсін, Қараөткел таныс едім екі араға. Семейде топырағым қалды менің, Дұға қыл Кемпірбайдай бейшараға, - деп Кемпірбай ақын көз жұмыпты деседі. Бұл жерде ақынның өлең деп отырғаны оның шығар жаны, ал ұшқалы отырған көкала үйрек өлең-жанның символы іспеттес.  
05.12.2012 10:05 4740

Бақұлдасу - адамның дүниеден озар алдында жақын туысқандарымен қоштасу рәсімі. Төсек тартқан адамның соңғы сәттері жақындаған кезін байқаған туысқандары оның қал-жағдайын сұрап, көңілін аулайды. Албақилық боларын сезген адам бауыр-туған, дос-жаран, бала-шағасын шақыртып, тірлікте араз болған, ренжіткен жайлары болса кешірім сұрап, жакындары мен балаларына өсиет қалдырып, біреуден алар алашағын, біреуге берер берешегін, тірлікте құпия ретінде сақтап келген, ерекше арнайы тапсыратын жайттарын айтады. Адамның ақырғы демі үзілгенге дейін оның көңіліне келеді деп кейінге шегеріліп, жасырылып келген біраз жайттардың басы ашылады. Бақұлдасышы адамнан қайда, қалай жерлеу, жаназаға, жуындыруға кімдер қатысуы керектігі, ғұрыптарды қалай өткізу, зиратты қалай көтеру туралы сұрайды. Халық ауыз әдебиеті нұсқаларында ақын-жанды жандардың өлеңмен бақұлдасқан үлгілері де кездеседі. Одан ары оның артын қалай атқаруды, жерлеу, арулауға сайлайтын адамдарын, біреуге берешегі мен біреуден алашағын айтып,аманаттап тапсырады. О дүниенің алдында баз кешкен ауқатты, қолы ұзын адамдар араздасқан адамы алыста болса да, арнайы ат-көлік жіберіп алдырып, кешірім сұрайды. Жақын ағайын мен көрші-қолаңнан осы жалған тіршілікте артық-ауыс кеткен қылықтары үшін кешірім жасауын өтінеді. Кешірген адам үш мәрте кештім деп бақұлдасышы жанның көзінше дауыстап айтады. Бақұлдасы ғұрпының қазақы ортадағы айрықша әлеуметтік мәні бар. Бақұлдасы бұ дүниеде қалған адамдарға ежелден қалыптаскан этикалық нормалар мен ұстанымдарды сақтап отырудың қажеттілігін ескертеді.
Қазақы бақұлдасыдың классикалық үлгісі ретінде әйгілі Әсет пен Кемпірбайдың «айтысын» айтуға болады. Бақи дүниеге аттанайын деп жатқан Кемпірбай ақын өзінің үзеңгілес, әрі сырлас жан досы Әсет ақынмен және Әсет арқылы ел-жұртпен, ағайын-туыспен былайша бақұлдасады. Әсет:

Ассалаумагалейкүм, нар Кемпірбай,
Насихат аузында сөз бар Кемпірбай,
Сырқат деп Сарыарқадан естіп келдім,
Жақсы ма, қандай боп тұр хал, Кемпірбай?
Аспанда айнала ұшқан сұңқар едің,
Кез болдың жайған торға бүгін мұндай.
Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң, 
Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.
Дауысымды танимысың, атым — Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңілің сұрай.
Апырай жауап қатпай кеткенің бе
Алашқа атың шыққан қыраным-ай!
Сәлем ал, басың көтер, кешуіңді айт,
Адамның бірі емессің әншейін жай...

Кемпірбай:
Көңілді Әсет келді-ау көтергелі,
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі,
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері.
Өлсем де «Көккептерге» бір басайын,
Қу тақтай қос ішекті әпер бері,
Аузыма өлерімде сөз салмасаң,
Қонғанын өлең шіркін бекер ме еді?! ...
Ей Әсет осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем,
Кеудемнен көк ала үйрек «қош!» деп ұшты,
Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем.
Кеудемде біраз тұрды қимай тоқтап,
Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап,
«Серігім, қош-аман бол, Кемпірбай» деп
Жылады бұрыңғы өткен күнді жоқтап. ...
Сәлем де Арқадағы хан, қараға
Қара Ертіс, Қарқарапы жандараға,
Атығай, қарауыл мен өрдегі үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым қалды менің,
Дұға қыл Кемпірбайдай бейшараға,
- деп Кемпірбай ақын көз жұмыпты деседі. Бұл жерде ақынның өлең деп отырғаны оның шығар жаны, ал ұшқалы отырған көкала үйрек өлең-жанның символы іспеттес.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға