Жаңалықтар

Ливия

Ливия      Ресми атауы:      Ұлы Социалистік Халықтық Араб джамахириясы.      Астанасы:      Триполи қаласы (тұрғын саны:1,773,000 (1999 ж.).      Жер көлемі:      1,757,000 км      халқының саны:      5,499,074 (2003 ж.)      Халқының өсу қарқыны:       2,39%  ( 2003ж.)      Ұлттық құрамы:      Ливия халқының 97%-ын арабтар мен берберлер құрайды. Қалған 3%-ын мысырлықтар, гректер, италиандықтар, пакистандықтар, тунистіктер және түріктер. Халықтың 75%теңіз жағалауында Триполи, Бенгази, Зауийя, Дерна, Мусарт және т.б. қалаларға қоныстанған.      Ресми тілі:     Араб тілі.Сонымен бірге бербер, Итальян және ағылшын тілдері де қолданылады.     Діні:     Халықтың 96% суннит мұсылмандар, 2% православ христиандар,1% католиктер және 1%-ды өзге дін өкілдері құрайды.     Ақша бірлігі:     Ливия динары.     Географиялық жағдайы:     Ливия Африка континентінің солтүстігінде орналасқан. Шығысында Мысырмен, солтүстік шығысында Суданмен, батысында Тунис және Алжирмен,  оңтүстігінде Чад және нигериямен, солтүстігінде (2000 шақырым ) Жерорта теңізімен шектесіп жатыр. Ливия Африкада жер көлемі жағынан төртінші орын алатын үлкен мемлекет. Өзінің орналасқан жеріне байланысты Үлкен Араб Мағрибінің (батысының ) шығыс қақпасы және Африканы Еуропамен байланыстыратын көпір рөлін атқаруда.        Негізінен, Ливия жері жазық  даладан, үстірттер ме  алып  алқапты алып жатқан Сахарадан тұрады.Елде  өзен  мен көп  жоқ  болғандықтан, жерасты  сулары  пайдаланылады.Соңғы жылдары, маусымдық  жаңбыр  суларын жинақтайтын су  қоймалары  салынып, жиналған су  егіс егеуге  жұмсалуда.Жаңбыр  суы  жеткіліксіз болғандықтан, егіндік  жерасты  аризиан құбырларына тәуелді.     Климатына келер  болсақ, теңіз  жағалауындағы  аймақтық  қысы жылы, жазы  ыстық және  құрғақ.Ал Сахараның жазы  өте ыстық қысы суық келеді.     Тарихы:     Ливия  басқыншылыққа  көп  ұшыраған ел.1911 ж. илальян  фашистерінің  Ливия  жеріне басып кіргені белгілі.Халықтың  басқыншыларға  қарсы  азаттық  күресі  екінші дүниежүзілік  соғысқа  дейін  жалғасты.Олардан  кейін  елді  Франция  мен Англия өзара бөлісіп  алды.Ағылшындар  Триполи  мен Барка қалаларын, ал француздар Фазан қаласын қол  астында  ұстады.Ел билігі 1969 жылға  дейін  солардың  қолында  болды.1969 жылы  «Еріктік  революционер офицерлер қозғалысының» басшылығымен  жүзеге асқан  «Әл Фатх» төңкерісінің  нәтижесінде  Ливия жері  басқыншылардан тазартылып, тәуелсіздіктің  туы көтерілді.     Басқару жүйесі: жылдың 1 қыркүйегінде «Ерікті  офицерлер» ұйымының  мүшелері  ел  билеушісі  Идристі  тағынан түсіріп, билікті өз  қолына алды.Бұл көтерілісті  бәдәуйдің  «әл Қаддафе» тайпасынан шыққан, солкезде 27 жасар  капитан  Муаммар  әл  Қаддафи бастаға. Муаммар  әл-Қаддафи  әлі  күнге елді басқарып  отыр Ливия 1977 ж. 2  наурызда  жарияланған «Билік, байлық және қару  халықтікі»  деген принципті басшылыққа алған.Бұл  конвенция «Жалпы халықтық  конгресстің» үшінші  сессиясында қабылдаған  болатын.Осыдан отыз  жыл бұрын полковник  Муаммар  Қаддафи өзінің  әйгілі  «Жасыл кітабының» бірінші  бөлімін  жариялап, онда  халық  билігіне қатысты  өзінің көзқарасын  білдірді.Билік басына  келген революциялық  үкімет ең  алдымен Ливия  жерін  шетелдік әскери базалардан  тазарту, мұнай және сақтандыру компаниялары  мен шетелдік  банкілерді  национализациялауды  қолға алды.Мемлекеттік  құқық  жүйесі  Құран  негізінде  жасалды.Конституция орнына  Жалпы Халықтық Конгресс  тарапынан 1988 ж. 12 маусымда  бекітілген «Джамахирия  қоғамындағы  адам құқығы декларациясы» мен 1989 ж.наурызда  қабылданған  «Еркіндікті нығайту туралы» заң басшылыққа алынады.    Басқару  жүйесі административтік  аймақтық негізге  сәйкес құралған. 1986  жылдың  қазан  айынан  бастап  ел 13 муниципалитетке, оның  өзі 55 бөлікке  бөлінген. «Джамахирияның» негізін орам (квартал), аудан  көлеміндегі кәмелетке  толған азаматтардан  құрылған  Бастапқы халық жиналыстары  (БХЖ) құрайды.Олар, жергілікті  және жалпы ұлттық  мәселерді  талқылап, шешім  қабылдауға  құқылы.БХЖ-дан жоғары туған  Джамахирия сатылары: Муниципалитет  бөлімдерінің  (МБ) халық  жиналыстары, Муниципатеттердің  халық  жиналыстары (МХЖ) және Жалпы  Халық  Конгрессі (ЖХк).Осы Конгресс  Джамахирияның  жоғары  органы  болып  табылады. ООНда МХЖ сессияларында  түзетіліп, толықтырылған БХЖ шешімдері мен ұсыныстары біріктіріліп, бекітіледі.Конгресс МБ халық жиналыстары секретарлары  мен  олардың  орынбасарлары, МХЖ секретариятының  мүшелері, сондай-ақ Ливияның  кәсіпкерлік  ұйымдарының  басшылары және  Ливиядағы  шетелдіктердің мүддесін білдіруші  ұлттық және интернационалдық  жиналыстар сектарларынан  құралады.      Жылына  бір рет шақырылатын  ЖХК  сессиясы атқарушы биліктің  ұлттық  органыболып табылатын Жоғарғы Халықтық  Комитет  (ЖХк) құрамын белгілейді.Бұл Комитеттің секретары премьерминистр, БХК секретарлары  министрлер  рөлін, ал секретариаттар  министрліктер қызметін атқарады.       Экономикасы:       Мұндай мен табиғи газ елдің  басты  байлығы болып табылады.Сондай-ақ фосфат, темір және тұз  өндіру, егін мен мал  шаруашылығының  да ел экономикасында алар орны бар.Халықтың 11% ауыл шаруашылығы саласында, 23%  өндіріс саласында, ал 66 %-халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс  істейді.Жерорта теңізі жағалауындағы аймақтарда  цитрустік жемістер: апельсин, зейтін, құрма және т.б. жемістер  өсіріледі. Сондай-ақ, дәнді  дақылдар да  өсіріледі.Алайда  оның  өнімділігін  жаңбыр мөлшеріне  байланысты.ІРі қара мен қой бағуға  қажетті жем  дайындауға  және сүт  фермалары  үшін үлкен жер  бөлінген.Туризм саласына да үлкен көңіл  бөлінеді.Өйткені Ливия  жерінде  Исламдав, грек, Рим  өркениетіне  жататын архитектурасы  өте бай  көне қалалардың  қалдықтары  көптеп кездеседі. Туристерді  тарту  мақсатында Ливияның  әр  бөлігінде, теңіз  жағалауларында  үлкен мейманханалар, туристік тұрақтар  салынған.Жыл  сайын наурыз  айында  туристік көрме  өткізіледі.    
05.12.2012 10:04 11264

Ливия

     Ресми атауы:

     Ұлы Социалистік Халықтық Араб джамахириясы.

     Астанасы:

     Триполи қаласы (тұрғын саны:1,773,000 (1999 ж.).

     Жер көлемі:

     1,757,000 км

     халқының саны:

     5,499,074 (2003 ж.)

     Халқының өсу қарқыны:

      2,39%  ( 2003ж.)

     Ұлттық құрамы:

     Ливия халқының 97%-ын арабтар мен берберлер құрайды. Қалған 3%-ын мысырлықтар, гректер, италиандықтар, пакистандықтар, тунистіктер және түріктер. Халықтың 75%теңіз жағалауында Триполи, Бенгази, Зауийя, Дерна, Мусарт және т.б. қалаларға қоныстанған.

     Ресми тілі:

    Араб тілі.Сонымен бірге бербер, Итальян және ағылшын тілдері де қолданылады.

    Діні:

    Халықтың 96% суннит мұсылмандар, 2% православ христиандар,1% католиктер және 1%-ды өзге дін өкілдері құрайды.

    Ақша бірлігі:

    Ливия динары.

    Географиялық жағдайы:

    Ливия Африка континентінің солтүстігінде орналасқан. Шығысында Мысырмен, солтүстік шығысында Суданмен, батысында Тунис және Алжирмен,  оңтүстігінде Чад және нигериямен, солтүстігінде (2000 шақырым ) Жерорта теңізімен шектесіп жатыр. Ливия Африкада жер көлемі жағынан төртінші орын алатын үлкен мемлекет. Өзінің орналасқан жеріне байланысты Үлкен Араб Мағрибінің (батысының ) шығыс қақпасы және Африканы Еуропамен байланыстыратын көпір рөлін атқаруда.

       Негізінен, Ливия жері жазық  даладан, үстірттер ме  алып  алқапты алып жатқан Сахарадан тұрады.Елде  өзен  мен көп  жоқ  болғандықтан, жерасты  сулары  пайдаланылады.Соңғы жылдары, маусымдық  жаңбыр  суларын жинақтайтын су  қоймалары  салынып, жиналған су  егіс егеуге  жұмсалуда.Жаңбыр  суы  жеткіліксіз болғандықтан, егіндік  жерасты  аризиан құбырларына тәуелді.

    Климатына келер  болсақ, теңіз  жағалауындағы  аймақтық  қысы жылы, жазы  ыстық және  құрғақ.Ал Сахараның жазы  өте ыстық қысы суық келеді.

    Тарихы:

    Ливия  басқыншылыққа  көп  ұшыраған ел.1911 ж. илальян  фашистерінің  Ливия  жеріне басып кіргені белгілі.Халықтың  басқыншыларға  қарсы  азаттық  күресі  екінші дүниежүзілік  соғысқа  дейін  жалғасты.Олардан  кейін  елді  Франция  мен Англия өзара бөлісіп  алды.Ағылшындар  Триполи  мен Барка қалаларын, ал француздар Фазан қаласын қол  астында  ұстады.Ел билігі 1969 жылға  дейін  солардың  қолында  болды.1969 жылы  «Еріктік  революционер офицерлер қозғалысының» басшылығымен  жүзеге асқан  «Әл Фатх» төңкерісінің  нәтижесінде  Ливия жері  басқыншылардан тазартылып, тәуелсіздіктің  туы көтерілді.

    Басқару жүйесі:

  1. жылдың 1 қыркүйегінде «Ерікті  офицерлер» ұйымының  мүшелері  ел  билеушісі  Идристі  тағынан түсіріп, билікті өз  қолына алды.Бұл көтерілісті  бәдәуйдің  «әл Қаддафе» тайпасынан шыққан, солкезде 27 жасар  капитан  Муаммар  әл  Қаддафи бастаға. Муаммар  әл-Қаддафи  әлі  күнге елді басқарып  отыр

Ливия 1977 ж. 2  наурызда  жарияланған «Билік, байлық және қару  халықтікі»  деген принципті басшылыққа алған.Бұл  конвенция «Жалпы халықтық  конгресстің» үшінші  сессиясында қабылдаған  болатын.Осыдан отыз  жыл бұрын полковник  Муаммар  Қаддафи өзінің  әйгілі  «Жасыл кітабының» бірінші  бөлімін  жариялап, онда  халық  билігіне қатысты  өзінің көзқарасын  білдірді.Билік басына  келген революциялық  үкімет ең  алдымен Ливия  жерін  шетелдік әскери базалардан  тазарту, мұнай және сақтандыру компаниялары  мен шетелдік  банкілерді  национализациялауды  қолға алды.Мемлекеттік  құқық  жүйесі  Құран  негізінде  жасалды.Конституция орнына  Жалпы Халықтық Конгресс  тарапынан 1988 ж. 12 маусымда  бекітілген «Джамахирия  қоғамындағы  адам құқығы декларациясы» мен 1989 ж.наурызда  қабылданған  «Еркіндікті нығайту туралы» заң басшылыққа алынады.

   Басқару  жүйесі административтік  аймақтық негізге  сәйкес құралған. 1986  жылдың  қазан  айынан  бастап  ел 13 муниципалитетке, оның  өзі 55 бөлікке  бөлінген. «Джамахирияның» негізін орам (квартал), аудан  көлеміндегі кәмелетке  толған азаматтардан  құрылған  Бастапқы халық жиналыстары  (БХЖ) құрайды.Олар, жергілікті  және жалпы ұлттық  мәселерді  талқылап, шешім  қабылдауға  құқылы.БХЖ-дан жоғары туған  Джамахирия сатылары: Муниципалитет  бөлімдерінің  (МБ) халық  жиналыстары, Муниципатеттердің  халық  жиналыстары (МХЖ) және Жалпы  Халық  Конгрессі (ЖХк).Осы Конгресс  Джамахирияның  жоғары  органы  болып  табылады. ООНда МХЖ сессияларында  түзетіліп, толықтырылған БХЖ шешімдері мен ұсыныстары біріктіріліп, бекітіледі.Конгресс МБ халық жиналыстары секретарлары  мен  олардың  орынбасарлары, МХЖ секретариятының  мүшелері, сондай-ақ Ливияның  кәсіпкерлік  ұйымдарының  басшылары және  Ливиядағы  шетелдіктердің мүддесін білдіруші  ұлттық және интернационалдық  жиналыстар сектарларынан  құралады.

     Жылына  бір рет шақырылатын  ЖХК  сессиясы атқарушы биліктің  ұлттық  органыболып табылатын Жоғарғы Халықтық  Комитет  (ЖХк) құрамын белгілейді.Бұл Комитеттің секретары премьерминистр, БХК секретарлары  министрлер  рөлін, ал секретариаттар  министрліктер қызметін атқарады.

      Экономикасы:

      Мұндай мен табиғи газ елдің  басты  байлығы болып табылады.Сондай-ақ фосфат, темір және тұз  өндіру, егін мен мал  шаруашылығының  да ел экономикасында алар орны бар.Халықтың 11% ауыл шаруашылығы саласында, 23%  өндіріс саласында, ал 66 %-халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс  істейді.Жерорта теңізі жағалауындағы аймақтарда  цитрустік жемістер: апельсин, зейтін, құрма және т.б. жемістер  өсіріледі. Сондай-ақ, дәнді  дақылдар да  өсіріледі.Алайда  оның  өнімділігін  жаңбыр мөлшеріне  байланысты.ІРі қара мен қой бағуға  қажетті жем  дайындауға  және сүт  фермалары  үшін үлкен жер  бөлінген.Туризм саласына да үлкен көңіл  бөлінеді.Өйткені Ливия  жерінде  Исламдав, грек, Рим  өркениетіне  жататын архитектурасы  өте бай  көне қалалардың  қалдықтары  көптеп кездеседі. Туристерді  тарту  мақсатында Ливияның  әр  бөлігінде, теңіз  жағалауларында  үлкен мейманханалар, туристік тұрақтар  салынған.Жыл  сайын наурыз  айында  туристік көрме  өткізіледі.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға