Жаңалықтар

Алаша хан күмбезі

Алаша хан күмбезі — Ұлытаудағы сәулет өнерінің ескерткіші. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, Түркістанның бір ханы (Қызыл Арслан) баласы ала болып туғандықтан, оны ұнатпай “Алаша” деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жібереді. Аз уақыттың ішінде оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі асады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, оны қадірлеп хан көтереді. Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өз-нің құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы (10-13 ғ.ғ.) сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер әлі де жаңа болжамдар (15-16 ғ. деушілер де бар) айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы — 9,73 х 11,9. Биікт. — 10 м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230 х 14 х 60 мм, 260 х 230 мм, 320 х 320 х 60 мм, т.с.с әртүрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық (231 см) барабан — күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көпқырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалған бұл белдеулердің диам. — 743, 673, 643 см. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстынды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғаны белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғарғы жағы жойылып кеткен. Кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік екінші айналма қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен ешнәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезіің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол негізінен Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түрікменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезіін, сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі Айша бибі (11-12 ғ.), Жошы хан (13 ғ.), Қожа Ахмет Йасауи (14 ғ.) мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады. Әсіресе көне Сығанақ маңындағы Көк кесене ғимаратының көркемдік нақыштарымен үндестік бірден көзге түседі. Алаша хан күмбезінің әр түсті және әр көлемді кірпіштерді қиюластыра қалау арқылы геом. бейне жасап, күмбездің барлық беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеуі өзінен кейінгі Талмас ата, Жұбан ана, Болған ана, Қайып ата, Дүзен, Ерден мазарларына үлгі болған. 1894 ж. жарық көрген “Қырғыз даласының очерктерінде” орыс ориенталисі Е.И.Шмидт жазған шыны сияқты ақ сылақ пен көк сылақ, төрт құбыласы сай ғажайып пропорция Айша бибі, Қожа Ахмет Йасауи кесенелерінде кездеседі.
05.12.2012 09:59 5378

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға