Жаңалықтар

Омыртқасыздар

  ОМЫРТҚАСЫЗДАР (Іnvertebrata) – жануарлар әлеміндегі ең үлкен топ. Бұлардың омыртқасы болмайды. О-дың қай кезде пайда болғаны туралы дәл дерек жоқ, бірақ қарапайымдылар кембрийге дейін, бір клеткалы организмдерден көпклеткалылардың осыдан 1 млрд. жыл бұрын пайда болғаны белгілі. Жануарлар патшалығын бір жүйеге келтіруде Ж.Б. Ламарктың еңбегі зор. Ол 19 ғ-дың басында жануарларды: О. және омыртқалылар деп 2 топқа бөліп, оларды сатылай орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделілене түсуін Ламарк градация (жоғары көтерілу) деп атап, мұны олардың іштей прогреске ұмтылушылық қабілетінен болады деп түсіндірді. Қазіргі кезде О-дың 2 млн-нан астам түрі 22 типке бірігеді: саркомастигофоралар, споралылар, микроспоридиялар, инфузориялар, тақталылар, губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер, жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар, қармалауыштылар, тікентерілілер, погонофоралар, қылтанжақтылар, жартылай хордалылар және книдоспоридиялар немесе миксоспоридиялар (Myxosporіdіa). Бұлардың 1 мыңға жуық түрі белгілі, бұлар тіндік және қуыс аралық паразиттер болып табылады. Тін арасында тіршілік ететіндері диам. 1 – 2 см-дей цитоплазмаға толы циста түзеді. Оның ішінде өте көп ядролар (вегетативті және генеративті) болады. Вегетативті ядролар зат алмасу, белокты синтездеу, өсу, т.б. қызметтер атқарады. Генеративті ядролар көбею процесіне қажетті екі спораға бастама береді. Барлық ядролар диплоидты, тек спора қалыптасқан кезде ядроның бөлінуі мейоз жолымен жүреді, соның нәтижесінде спора түзетін ядролар гаплоидты болады. Спорадан шыққан екі ядролы, амебатәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып, қайтадан диплоидты түрге айналады (қ. Автогамия). Спора ішіндегі ұрықтың екі ядросының гаплоидты болуы – книдоспориялардың споралылардан ерекшелігі болып саналады. О-дың табиғатта алатын орны зор. Олардың бірқатар түрлері пайдалы, азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізаты өнімдерін береді, а. ш. дақылдарының тозаңдандырушылары, топырақ түзушілер, азық қорлары, органик. заттардың ыдыратушылары болса, сонымен қатар а. ш-на көп зиян келтіреді, адамға және жануарларға ауру таратушылар, ауруды қоздырушылар және тікелей паразиттер болып табылады.  К. Дәуітбаева   
05.12.2012 09:53 29669

 

ОМЫРТҚАСЫЗДАР (Іnvertebrata) – жануарлар әлеміндегі ең үлкен топ. Бұлардың омыртқасы болмайды. О-дың қай кезде пайда болғаны туралы дәл дерек жоқ, бірақ қарапайымдылар кембрийге дейін, бір клеткалы организмдерден көпклеткалылардың осыдан 1 млрд. жыл бұрын пайда болғаны белгілі. Жануарлар патшалығын бір жүйеге келтіруде Ж.Б. Ламарктың еңбегі зор. Ол 19 ғ-дың басында жануарларды: О. және омыртқалылар деп 2 топқа бөліп, оларды сатылай орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделілене түсуін Ламарк градация (жоғары көтерілу) деп атап, мұны олардың іштей прогреске ұмтылушылық қабілетінен болады деп түсіндірді. Қазіргі кезде О-дың 2 млн-нан астам түрі 22 типке бірігеді: саркомастигофоралар, споралылар, микроспоридиялар, инфузориялар, тақталылар, губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер, жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар, қармалауыштылар, тікентерілілер, погонофоралар, қылтанжақтылар, жартылай хордалылар және книдоспоридиялар немесе миксоспоридиялар (Myxosporіdіa). Бұлардың 1 мыңға жуық түрі белгілі, бұлар тіндік және қуыс аралық паразиттер болып табылады. Тін арасында тіршілік ететіндері диам. 1 – 2 см-дей цитоплазмаға толы циста түзеді. Оның ішінде өте көп ядролар (вегетативті және генеративті) болады. Вегетативті ядролар зат алмасу, белокты синтездеу, өсу, т.б. қызметтер атқарады. Генеративті ядролар көбею процесіне қажетті екі спораға бастама береді. Барлық ядролар диплоидты, тек спора қалыптасқан кезде ядроның бөлінуі мейоз жолымен жүреді, соның нәтижесінде спора түзетін ядролар гаплоидты болады. Спорадан шыққан екі ядролы, амебатәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып, қайтадан диплоидты түрге айналады (қ. Автогамия). Спора ішіндегі ұрықтың екі ядросының гаплоидты болуы – книдоспориялардың споралылардан ерекшелігі болып саналады. О-дың табиғатта алатын орны зор. Олардың бірқатар түрлері пайдалы, азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізаты өнімдерін береді, а. ш. дақылдарының тозаңдандырушылары, топырақ түзушілер, азық қорлары, органик. заттардың ыдыратушылары болса, сонымен қатар а. ш-на көп зиян келтіреді, адамға және жануарларға ауру таратушылар, ауруды қоздырушылар және тікелей паразиттер болып табылады. 
К. Дәуітбаева 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға