Жаңалықтар

Жаңа шерік қосыны

Жаңа шерік қосыны Жаңа шерік қосынының саны шамамен 100-ден 200000-ға дейін өзгеріп отырды. Давид Никольдің бағалауы бойынша, жаңа шеріктердің саны 14-ші ғасырда 1000-ға жетсе, 1475 жылы 6000 шамасында болған, ал тимариоттардың (уәлаяттардағы әскерлер) саны болса сол кездері 40000 болған. 1699 жылғы жеңілістен кейін олардың саны қысқартылды. Бірақ 18-ші ғасырда жаңа шеріктердің саны қайтадан өсіп, 113400-ге жеткен. Бірақ олардың басым көпшілігі нағыз жауынгер емес, жалақы алып отыру үшін ғана пара беру арқылы әскер қатарына өткен жай адамдар ғана еді.Үлгі:Fact Жаңа шерік қосыны orta деп аталатын, шамамен бір полкқа сәйкес келетін топтарға бөлінетін. Ортаны çorbaci («сорпа дайындаушы» деген мағынада) басқаратын. Орталардың барлығы бірлесіп ocak («ошақ») құрайтын. І-ші Сүлейменнің қарамағында 165 орта болатын, уақыт өте олардың саны 196-ға жетті. Сұлтанның өзі бүкіл әскердің, соның ішінде жаңа шеріктердің де жоғарғы қолбасшысы болды, бірақ жаңа шеріктерді іс жүзінде жоғарғы ağa («аға, қолбасшы») басқарды. Бүкіл қосын үш бөлікке бөлінді: cemaat (шекара қосындары), 101 ортадан тұратын beylik (сұлтанның жеке оққағарлары), 61 ортадан тұратын sekban 34 ортадан тұратын Оған қоса 34 ортадан тұратын ажемилер (кадеттер) де бар болатын. Басында жаңа шеріктер тек жасының үлкендігі бойынша және тек өзінің ортасында ғана басшылық ете алатын. Олар өз қосынын тек басқа қосынды басқару үшін ғана тастап кете алатын. Жаңа шерік жауынгерін жазалау хұқығы оның тек өзінің үстінен қарайтын сардарларда ғана болды. Сардарлардың офицерлік лауазымдарының аттары әскер асханасындағы қызметтердің немесе аңшылардың қызметтерінің аттарымен аталды. Бұл олардың сұлтанның қызметкерлері екендігін көрсету үшін болған шығар. Алғашқы кездері жаңа шеріктер шебер садақшылар болатын. Бірақ 1440 жылдары оқатар қарулар пайда болғанда олар бірден соған көшті. 1529 жылы Венаны қамау кезінде олардың әскери инженерлерінің шеберлігі айқын көрінді. Қоян-қолтық айқастың кезінде олар айбалта және қылыш пайдаланатын. Шекара қызметінде болмаса, бейбітшілік кезінде олар тек қанжар алып жүре алатын. Әскери қызметін бір қалада ұзақ уақыт бойы атқарған жаңа шеріктер «ерлия» (жергілікті) деп аталатын. Османлы империясы жаңа шеріктерді өзінің барлық басты жорықтарында қолданды, соның ішінде 1453 жылғы Константинопольді басып алуда, Мысырдың мәмлүктерін талқандауда және Аустрия мен Венгрияға қарсы соғыстарда. Жаңа шеріктерді шайқасқа әрқашан сұлтанның өзі бастап шығатын және оларға соғыс олжасынан әрқашан үлес тиетін. Жаңа шеріктердің беделі мейлінше жоғарылаған тұста, 1683 жылы сұлтан VI-ші Меһмет девшірме жүйесін таратты. Себебі көптеген мұсылман отбасылары өз ұлдарын жаңа шерік қосындарына көптеп бере бастаған болатын. Әрбір уәлаят әкімдеріде өздерініңжеке жаңа шеріктерін ұйымдастырғысы келетін болды.
05.12.2012 09:44 2826

Жаңа шерік қосыны
Жаңа шерік қосынының саны шамамен 100-ден 200000-ға дейін өзгеріп отырды. Давид Никольдің бағалауы бойынша, жаңа шеріктердің саны 14-ші ғасырда 1000-ға жетсе, 1475 жылы 6000 шамасында болған, ал тимариоттардың (уәлаяттардағы әскерлер) саны болса сол кездері 40000 болған. 1699 жылғы жеңілістен кейін олардың саны қысқартылды. Бірақ 18-ші ғасырда жаңа шеріктердің саны қайтадан өсіп, 113400-ге жеткен. Бірақ олардың басым көпшілігі нағыз жауынгер емес, жалақы алып отыру үшін ғана пара беру арқылы әскер қатарына өткен жай адамдар ғана еді.Үлгі:Fact

Жаңа шерік қосыны orta деп аталатын, шамамен бір полкқа сәйкес келетін топтарға бөлінетін. Ортаны çorbaci («сорпа дайындаушы» деген мағынада) басқаратын. Орталардың барлығы бірлесіп ocak («ошақ») құрайтын. І-ші Сүлейменнің қарамағында 165 орта болатын, уақыт өте олардың саны 196-ға жетті. Сұлтанның өзі бүкіл әскердің, соның ішінде жаңа шеріктердің де жоғарғы қолбасшысы болды, бірақ жаңа шеріктерді іс жүзінде жоғарғы ağa («аға, қолбасшы») басқарды. Бүкіл қосын үш бөлікке бөлінді:
cemaat (шекара қосындары), 101 ортадан тұратын
beylik (сұлтанның жеке оққағарлары), 61 ортадан тұратын
sekban 34 ортадан тұратын

Оған қоса 34 ортадан тұратын ажемилер (кадеттер) де бар болатын.


Басында жаңа шеріктер тек жасының үлкендігі бойынша және тек өзінің ортасында ғана басшылық ете алатын. Олар өз қосынын тек басқа қосынды басқару үшін ғана тастап кете алатын. Жаңа шерік жауынгерін жазалау хұқығы оның тек өзінің үстінен қарайтын сардарларда ғана болды. Сардарлардың офицерлік лауазымдарының аттары әскер асханасындағы қызметтердің немесе аңшылардың қызметтерінің аттарымен аталды. Бұл олардың сұлтанның қызметкерлері екендігін көрсету үшін болған шығар.

Алғашқы кездері жаңа шеріктер шебер садақшылар болатын. Бірақ 1440 жылдары оқатар қарулар пайда болғанда олар бірден соған көшті. 1529 жылы Венаны қамау кезінде олардың әскери инженерлерінің шеберлігі айқын көрінді. Қоян-қолтық айқастың кезінде олар айбалта және қылыш пайдаланатын. Шекара қызметінде болмаса, бейбітшілік кезінде олар тек қанжар алып жүре алатын. Әскери қызметін бір қалада ұзақ уақыт бойы атқарған жаңа шеріктер «ерлия» (жергілікті) деп аталатын.


Османлы империясы жаңа шеріктерді өзінің барлық басты жорықтарында қолданды, соның ішінде 1453 жылғы Константинопольді басып алуда, Мысырдың мәмлүктерін талқандауда және Аустрия мен Венгрияға қарсы соғыстарда. Жаңа шеріктерді шайқасқа әрқашан сұлтанның өзі бастап шығатын және оларға соғыс олжасынан әрқашан үлес тиетін.

Жаңа шеріктердің беделі мейлінше жоғарылаған тұста, 1683 жылы сұлтан VI-ші Меһмет девшірме жүйесін таратты. Себебі көптеген мұсылман отбасылары өз ұлдарын жаңа шерік қосындарына көптеп бере бастаған болатын. Әрбір уәлаят әкімдеріде өздерініңжеке жаңа шеріктерін ұйымдастырғысы келетін болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға