Жаңалықтар

Христиандық сана

Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі. Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады. Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды. Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті, Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік, яғни православиелік деп аталды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балг'ерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, өсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестерБатыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді. Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңңзы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген. Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады. Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды. XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай ; индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды. Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады. Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» —грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға ) арналған арнайы мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды. XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038 жылы) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді. Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дөлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде жоғарғы мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманның үлгісімен жүзеге асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі — «Мириобиблионаның» (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды. IX ғасыр жаратылыстану ғылымдары жаңа арнаға түсіп, дами бастады. Ғылымның әртүрлі салаларына байланысты энциклопедиялар жарыққа шыға бастады, онда Византия коғамы жайында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан халықтар туралы да әр түрлі қызықты мағлұматтар берілді. Хирургиялық ғылыми еңбектер, математика оқулықтары жарық көрді. Дөл ғылымдармен қатар алхимия, астрономия, магия, және тағы да басқа ғылым салалары да өз өрісін кеңейте бастады. Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатьш субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат — адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған әдістері күмәнді жене қиялға жақын болғанымен алхимия көп жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі — ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жөй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл сенген және алтынды «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген. Роджер Бэкон «патша арағында» еріген алтын өмірдің шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі болды. Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі — әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын — саксондық қаһармандық эпостардың бірі — 700 жылдар шамасында жазылған «Беовульф» поэмасы болды. Маман-ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі — құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын — «Старшая Эдца» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғасыр бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра-француздардың халықтық ерлік эпосы — «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған өскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. XII—XIII ғасыр неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы — «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда V ғасырдағы Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары — уақиғаның негізгі арқауы болған. Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады. Германияда лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезинглер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай маңындағы) поэзия» — француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары — Бертран де Борн (1140— 1215 жылдар шамасы), Джауфре Рюдель (1140—1170 жылдар шамасы) және тағы да басқалары болды. XII—XIII ғасырда француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды. Ваганттар деп (латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі — вагант ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық ісөрекетін өділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі болып саналады. XIII г. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі — Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы — ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады. Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, соннеттер басым болып келеді. XII ғасыр ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатгы дәріптейтін соны бағыт — «жаңа өдемілік стиль» пайда болды. Бұл стильдің негізін салушы — болондық ақын Гвидо Гвиницелли (1230—1276 жылдар шамасы) болды. XIII ғасыр аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық коре бастады. Солардың тырнақалдысы — новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды. Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті екілдері — Чекко Анджольерн, Гвидо Орланди (XII ғасыр аяғы) және тағы да басқалары. Олардың шыгармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты. Францияда қала мәдениеті XI—XII ғасырларда туындады. Қаланың халық көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы — қала мәдениетінің ең басты көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғасырдан бастап театр қойылымдары латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдар бұрынғыдай шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылатын болды. Олардың сюжеттері қала халқының тұрмыс-тіршілігін, күнделікті өмірін жан-жақты қамтыды. Бірақ, өкінішке орай христиан шіркеуі жонглерлардің мұндай шығармашылығын еркін ойлылықтың көрінісі деп санап, олардан қатты қауіптенді. Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдарды XIII ғасырдан бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше түрі — «моролитенің» пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың бірі болды. Онда ізгілік пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері — Махаббат, Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сараңдық сияқты адам бойындағы қасиеттерді шыңдық тұрғысынан бейнелей білді. Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда шіркеулік емес мектептердің ашыла бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бұл мектептер материалдық жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мұғалімдері оқушылылардан түсетін қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы — дәл осындай қала мектептерінің көбеюі қала халқының сауаттылығын артгыру мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал жасады. XII ғасырда шіркеуден тәуелсіз дәл осындай мектептердің негізін қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр Фраіщияның ең беделді магастрі болып саналды. Оның диалектикалық логиканың келелі мәселелерін қамтыған «Иә және жоқ» атгы шығармасы өз заманының тамаша туьшдыларыньщ бірі болды. Петр Абелярдың тартымды, әрі қызықты дәрістері көпшілік көңілінен щықты, өйткені онда ғылымньщ атқаратын рөлі сияқты келелі мәселелер көтеріліп отырды. Орта ғасырлар мәдениетінде Византия мәдениеті ерекше орьш алады, өйткені ол Еуропалық мәдениеттің, яғни христиан дінінің үстемдігі Батыс пен Шығыс Еуропаны өзара жақындастырып, біріктіре түсті. Шындығында да дін тіпті көне заманда да дәл орта ғасырлардағыдай құдіретгі күшке айналған жоқ. Сөйтіп Еуропада христиан діні түпкілікті салтанат құрды. Бұл тарихи кезенде дін тек философия ғана емес, сонымен қатар құқық жүйесіне де, саяси доктринаға да, моральдық ілімге де айналды. Византия мәдениетінің шоқтығы өте биік болды, олай болатын себебі, византиялықтар Батыс Еуропаға қарағанда көне мәдени дөстүрлерге ерте ден қойды, олар Грекия мен Рим мәдениетін жалғастырушы — мирасқорлар болды. «Екінші Рим» аталған Константинополь қаласында алып құрылыстар қанат жайды. Солардың бірі — өз заманындағы тендесі жоқ ғимарат — София ғибадатханасы еді. Оның қабырғалары түрлі-түсті мозаикалармен безендіріліп, төбесіне көз тартарлық әсем күмбез орнатылды. 1453 жылы Византияны түріктердің жаулап алуына қарамастан, Византия мәдениеті өзінің өміршендігін көрсетіп, дүниежүзілік мәдениетке өз ықпалын тигізді. Оның мәдени дәстүрлері Италия, Румыния, Сербия, Ежелгі Русьте, Болгария және тағы да басқа мемлекеттер топырағында қайта түлеп, жаңа арнаға түсті. Византия Шығыс мәдениетінің де, Батыс мәдениетінің де тамаша үлгілерін өз бойына сіңіре білді. Атап айтқанда, Шығыстың абстрактылық өрнегі мен Батыс Римнің әшекейлік динамикалық өрнегі мен Батыс Римнің (бірінші Римнің) сақталып қалған мәдени мол мұраларын, сәулет өнерінің жаңа туындылары мен мозаикалық өнердің жетістіктерін, Сирия көркем мектебінің көріністік әсерлігін, Иран өнерінің әшекейлік нәзіктігі мен бейнелеу қуаттылығын және эллинизмнің адамзаггы ізгілікке бастайтын барлық ізденістерін өз бойына сіңіре білді. Міне, сондықтан да болар, Батыс Еуропа мәдениеті ғасырлар бойы византиялықтардың мәдени бай мұраларынан сусындай отырып, оларды өздерінің мәдени бастауларында үлгі етті. Бүкіл орта ғасырлар дәуірінің өн бойында алыста жатқан ұлан-ғайыр империяның мәдени жетістіктері мен мұндалап, ғажайып сұлулығымен өзіне тартатын да тұратын. Ұлы Карл өз империясының құдіретін арттыруда Византияның мәдени үлгілеріне көз тігіп, ұлы арманның діңгегі деп санаса, Германия императорлары да одан қалыспауға тырысты. Бір айта кететін жәйт, дін ортақтастығының, яғни провославие дінінде болудың арқасында Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіңдіктер алды. Шығыс Еуропа мемлекеттері өэдерінің ұлттық мәдениетін жандандыруда Византия сияқты озық елдерге еліктеуге ешбір арланған жоқ, қайта бұл өнер ордасының атақты мүсіншілерін, сәулетшілерін, суретшілерін өздеріне шақырумен қатар, византиялықтардың қолынан шыққан тамаша өнер туындыларын өз елдеріне әкеліп отырды. Тіпті, батыс еуропалықтардың Константинополь шеберханаларында жасалған шіркеу есіктеріне деген сұраныстары өте күшті болды. 988 жылы христиан дінін қабылдаған Русьте храмдар салу мен оларды әшекейлеу ісінде византиялық сәулетшілер мен суретшілерді үнемі пайдаланып отырған.  
05.12.2012 09:41 47097

Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі.

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті, Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік, яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балг'ерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, өсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестерБатыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді.

Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңңзы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.

Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.

XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай ; индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.

Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді.

Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» —грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға ) арналған арнайы мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038 жылы) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.
Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді.

Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.

Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дөлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде жоғарғы мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманның үлгісімен жүзеге асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі — «Мириобиблионаның» (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды.

IX ғасыр жаратылыстану ғылымдары жаңа арнаға түсіп, дами бастады. Ғылымның әртүрлі салаларына байланысты энциклопедиялар жарыққа шыға бастады, онда Византия коғамы жайында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан халықтар туралы да әр түрлі қызықты мағлұматтар берілді. Хирургиялық ғылыми еңбектер, математика оқулықтары жарық көрді. Дөл ғылымдармен қатар алхимия, астрономия, магия, және тағы да басқа ғылым салалары да өз өрісін кеңейте бастады.

Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатьш субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат — адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған әдістері күмәнді жене қиялға жақын болғанымен алхимия көп жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі — ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жөй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл сенген және алтынды «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген. Роджер Бэкон «патша арағында» еріген алтын өмірдің шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі болды.

Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі — әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын — саксондық қаһармандық эпостардың бірі — 700 жылдар шамасында жазылған «Беовульф» поэмасы болды. Маман-ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі — құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын — «Старшая Эдца» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғасыр бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған.

Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра-француздардың халықтық ерлік эпосы — «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған өскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. XII—XIII ғасыр неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы — «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда V ғасырдағы Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары — уақиғаның негізгі арқауы болған.

Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады. Германияда лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезинглер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай маңындағы) поэзия» — француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары — Бертран де Борн (1140— 1215 жылдар шамасы), Джауфре Рюдель (1140—1170 жылдар шамасы) және тағы да басқалары болды.
XII—XIII ғасырда француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды. Ваганттар деп (латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі — вагант ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық ісөрекетін өділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі болып саналады.

XIII г. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі — Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы — ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.

Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, соннеттер басым болып келеді. XII ғасыр ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатгы дәріптейтін соны бағыт — «жаңа өдемілік стиль» пайда болды. Бұл стильдің негізін салушы — болондық ақын Гвидо Гвиницелли (1230—1276 жылдар шамасы) болды. XIII ғасыр аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық коре бастады. Солардың тырнақалдысы — новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды.

Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті екілдері — Чекко Анджольерн, Гвидо Орланди (XII ғасыр аяғы) және тағы да басқалары. Олардың шыгармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.
Францияда қала мәдениеті XI—XII ғасырларда туындады. Қаланың халық көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы — қала мәдениетінің ең басты көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғасырдан бастап театр қойылымдары латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдар бұрынғыдай шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылатын болды. Олардың сюжеттері қала халқының тұрмыс-тіршілігін, күнделікті өмірін жан-жақты қамтыды. Бірақ, өкінішке орай христиан шіркеуі жонглерлардің мұндай шығармашылығын еркін ойлылықтың көрінісі деп санап, олардан қатты қауіптенді.

Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдарды XIII ғасырдан бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше түрі — «моролитенің» пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың бірі болды. Онда ізгілік пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері — Махаббат, Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сараңдық сияқты адам бойындағы қасиеттерді шыңдық тұрғысынан бейнелей білді.
Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда шіркеулік емес мектептердің ашыла бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бұл мектептер материалдық жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мұғалімдері оқушылылардан түсетін қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы — дәл осындай қала мектептерінің көбеюі қала халқының сауаттылығын артгыру мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал жасады. XII ғасырда шіркеуден тәуелсіз дәл осындай мектептердің негізін қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр Фраіщияның ең беделді магастрі болып саналды. Оның диалектикалық логиканың келелі мәселелерін қамтыған «Иә және жоқ» атгы шығармасы өз заманының тамаша туьшдыларыньщ бірі болды. Петр Абелярдың тартымды, әрі қызықты дәрістері көпшілік көңілінен щықты, өйткені онда ғылымньщ атқаратын рөлі сияқты келелі мәселелер көтеріліп отырды. Орта ғасырлар мәдениетінде Византия мәдениеті ерекше орьш алады, өйткені ол Еуропалық мәдениеттің, яғни христиан дінінің үстемдігі Батыс пен Шығыс Еуропаны өзара жақындастырып, біріктіре түсті. Шындығында да дін тіпті көне заманда да дәл орта ғасырлардағыдай құдіретгі күшке айналған жоқ. Сөйтіп Еуропада христиан діні түпкілікті салтанат құрды. Бұл тарихи кезенде дін тек философия ғана емес, сонымен қатар құқық жүйесіне де, саяси доктринаға да, моральдық ілімге де айналды. Византия мәдениетінің шоқтығы өте биік болды, олай болатын себебі, византиялықтар Батыс Еуропаға қарағанда көне мәдени дөстүрлерге ерте ден қойды, олар Грекия мен Рим мәдениетін жалғастырушы — мирасқорлар болды. «Екінші Рим» аталған Константинополь қаласында алып құрылыстар қанат жайды. Солардың бірі — өз заманындағы тендесі жоқ ғимарат — София ғибадатханасы еді. Оның қабырғалары түрлі-түсті мозаикалармен безендіріліп, төбесіне көз тартарлық әсем күмбез орнатылды. 1453 жылы Византияны түріктердің жаулап алуына қарамастан, Византия мәдениеті өзінің өміршендігін көрсетіп, дүниежүзілік мәдениетке өз ықпалын тигізді. Оның мәдени дәстүрлері Италия, Румыния, Сербия, Ежелгі Русьте, Болгария және тағы да басқа мемлекеттер топырағында қайта түлеп, жаңа арнаға түсті. Византия Шығыс мәдениетінің де, Батыс мәдениетінің де тамаша үлгілерін өз бойына сіңіре білді. Атап айтқанда, Шығыстың абстрактылық өрнегі мен Батыс Римнің әшекейлік динамикалық өрнегі мен Батыс Римнің (бірінші Римнің) сақталып қалған мәдени мол мұраларын, сәулет өнерінің жаңа туындылары мен мозаикалық өнердің жетістіктерін, Сирия көркем мектебінің көріністік әсерлігін, Иран өнерінің әшекейлік нәзіктігі мен бейнелеу қуаттылығын және эллинизмнің адамзаггы ізгілікке бастайтын барлық ізденістерін өз бойына сіңіре білді.

Міне, сондықтан да болар, Батыс Еуропа мәдениеті ғасырлар бойы византиялықтардың мәдени бай мұраларынан сусындай отырып, оларды өздерінің мәдени бастауларында үлгі етті. Бүкіл орта ғасырлар дәуірінің өн бойында алыста жатқан ұлан-ғайыр империяның мәдени жетістіктері мен мұндалап, ғажайып сұлулығымен өзіне тартатын да тұратын. Ұлы Карл өз империясының құдіретін арттыруда Византияның мәдени үлгілеріне көз тігіп, ұлы арманның діңгегі деп санаса, Германия императорлары да одан қалыспауға тырысты. Бір айта кететін жәйт, дін ортақтастығының, яғни провославие дінінде болудың арқасында Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіңдіктер алды. Шығыс Еуропа мемлекеттері өэдерінің ұлттық мәдениетін жандандыруда Византия сияқты озық елдерге еліктеуге ешбір арланған жоқ, қайта бұл өнер ордасының атақты мүсіншілерін, сәулетшілерін, суретшілерін өздеріне шақырумен қатар, византиялықтардың қолынан шыққан тамаша өнер туындыларын өз елдеріне әкеліп отырды. Тіпті, батыс еуропалықтардың Константинополь шеберханаларында жасалған шіркеу есіктеріне деген сұраныстары өте күшті болды. 988 жылы христиан дінін қабылдаған Русьте храмдар салу мен оларды әшекейлеу ісінде византиялық сәулетшілер мен суретшілерді үнемі пайдаланып отырған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға