Жаңалықтар

«Қазақ ауылы» танымдық ойыны

«Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деген сөздер киіз үйдің қазақ үшін қаншалықты киелі екендігін көрсетеді. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі елдердің қасиетті баспанасы.
01.11.2012 12:22 7888

Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деген сөздер киіз үйдің қазақ үшін қаншалықты киелі екендігін көрсетеді. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі елдердің қасиетті баспанасы. Қазақ халқы оны қастерлеп, ғасырдан ғасырға жеткізе білген некен саяқ елдің бірі. Киіз үй тек баспана ғана емес, ол – сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды, қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы. Киіз үйді құрайтын сүйектері мен жабындарының, бау-шуларының аттарын, киіз үйді тігу ретін біреу білсе, біреу білмейді. «Қазақ ауылы» ойынының «Киіз үй тігу» бөлімі киіз үйдің негізгі құрамдас бөліктері және оларды тігу (құрастыру) ретімен таныстыру мақсатында жасалды. Ойыншы бір минут ішінде киіз үй бөліктерін реті мен тәртібін сақтай отырып, құрастырып шығуы керек. Бес қателікке дейін кешірімді. Кез келген адам екі-үш қайтара ойнау арқылы киіз үйдің құрылысы мен оның бөліктерінің атауларын жаттап алады.


Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан киіну мәдениеті және ұлттық киім үлгілері бар. Қазір біз ол киімдерді мұражайлар мен театр сахналарынан немесе ұлттық мейрамдарда ғана көреміз. Сондықтан «Қазақ ауылы» ойынының «Ерлер киімі» және «Әйелдер киімі» деген бөлімдері әртүрлі жастағы қазақ ерлері мен әйелдерінің қалай киінгені туралы ақпарат беруді және ұлттық киім үлгілерінің аттарымен таныстыруды мақсат етеді. Сәнді киінген әртүрлі жастағы ерлер мен әйел адамдардың суретін есте сақтау арқылы көрсетілген киім үлгілерін қайта саралап, жас ерекшеліктеріне қарай кімнің қандай киім киіп, қандай әшекейлер тағынғанын есте сақтауға тырысу керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға