Жаңалықтар

Хорезмшах мемлекеті

Хорезмшах мемлекетінің өрлеуі  Орта Азиядағы жері бай, мәдениеті өркендеген мемлекеттердін бірі Хорезм мемлекеті болды. X ғасырдың соңында Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед елді біріктіріп, біртұтас қуатты мемлекет құрады. Хорезм мемлекетінің астанасы Үргеніш қаласы болды. Мамун ибн-Мұхаммед өлгеннен кейін Хорезмде оның інісі II Мамун ибн-Мамун (999-1017) билік жүргізді. Өте ақылды бұл адам елдің тәуелсіздігін сақтау жолында көп жұмыстар атқарған. Үргеніш, Бұхара қалаларында сәнді ғимараттар салдырған. Шығыстың ғұлама ғалымы Ибн Сина сол кезде Үргеніш қаласының мәдени орталығында Бирунимен бірге өз ілімдерін халыққа дәріс оқу арқылы жеткізіп отырған. Хорезм мемлекетін сұлтан Махмұд Ғазнауи (998-1030) жаулап алуға әрекет жасады. 1014 жылы Ғазнауи Мамун Хорезмшахқа хат жолдап, оны қол астына бағындырғысы келетінін, егер осы хаттағы талап орындалмаса, Мамунды өлтіріп, басын шауып алатынын айтады. Мамун ибн-Мамун қойылған талаптарға көну Хорезмнің тәуеліздігінен айырылуымен бірдей екенін түсініп, хатқа жауап бермейді.1017 жылы шілде айында Хорезм мемлекетіне бірнеше мың әскерімен Махмұд Ғазнауи шабуыл жасап, Хорезмді бағындырды. XII ғасырдың бас кезінде Ануш-тегин Атсыз (1127-1156) салжұқ сұлтаны Санжарды жеңіп, Хорезм мемлекетін біріктіру үшін құрес жүргізеді. Солтүстік-шығыста қыпшақтарға қарсы соғыс ашып, Жент, батыста Маңғыстау жерін өзіне қосып алады. Атсыз шах уақытында Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына Қарақытай (қидан) тайпалары шабуыл жасап, 1138 жылы Шаш, Ферғана, Зеравшан және Қашқария өлкесін, 1141 жылы Мауараннахрды жаулап алды. 1153 жылы Салжұқ мемлекеті құлайды. 1156 жылы Хорезмшах Атсыз өлгеннен кейін, Хорезм тәуелсіздігінен қайтадан айырылады. Арслан кезіндегі Хорезм Атсыз шахтың ісін алға қарай жалғастырып, Хорезм мемлекетін күшейтуге күш салған оның баласы Арслан (1156-1172) қарақытайлармен соғыс жүргізіп, Қорасан, Дехиетан жерін азат етеді. 1172 жылы Мауараннахр жеріндегі қарақытайларға қарсы соғыста Арслан өлгеннен кейін оның баласы Текеш(1172-1200) Хорезм тағына отырып, 1187 жылы - Нишапур, 1193 жылы - Мерв, 1194 жылы Шығыс Иран жерін бағындырады. Монғол шапкыншылығы алдында Хорезмді II Мухаммед(1200 - 1220) биледі. Мұхаммед хорезмшах сол кезде Орта Азиядағы көп әскерімен Қарақытайлар мен Мауараннахрды өзіне бағындырады. Қыпшақ даласына шабуыл жасап, 1218 жылы Торғай даласында Мұхаммед хорезмшах оскері алғаш рет Жошы бастаған монғол әскерімен кездеседі. Бұл соғыста екі жақ тең түсіп, Мұхаммед Хорезмге, Жошы өз әскерімен Монғолияға қайтады. 1219-1220 жылдарда Шыңғысхан бастаған монғол әскері Отырар каласын алғаннан кейін, Мұхаммед хорезмшах әскерін Самаркан қаласында талқандайды. Хорезм мемлекеті жойылып, Орта Азия жерінде монғол үстемдігі орнайды. Хорезм мемлекетінің халқы ертеден отырықшы салтта өмір сүріп, егін шаруашылығымен айналысқан. Өсіресе суармалы егіншілік жақсы дамыды. Каналдар қазып, суландыру жүйесін ежелден білген. Егістікте арпа, бидай, тары, мақта егілді. Бау-бақшада шабдалы, өрік, бадам, жүзім, алма, алмұрт өсірілді. Мал шаруашылығы да өркендеді. Жібек құртын өсіріп, жібек те өндірген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейін Орта Азияда шаруашылық күйзеліске үшырады. Орта Азия және Қазақстан қалалары арқылы өтетін Жібек жолы өзінің маңызын жойды. Тек қана XV ғасырдан бастап суландыру жүйесі кеңейіп, қалалар қайтадан сауда орталығына айналады, қолөнер дами бастайды. Орта Азияда феодалдық жер иеленудің негізгі түрі сойырғал болды. Феодалдар жерін шаруаларға үлестіріп беретін де, олардан ақы алып отыратын. Сойырғалға берілген жер әкеден балаға көшіп отырды. XV-XVI ғасырлар аралығында Орта Азия жерінде түрік тектес бірнеше хандықтар - Бұхара, Хорезм т. б. хандықтар құрылды. Бұл хандықтар бір-бірімен шаруашылық және мәдени байланыста болды. Бұхара мен Самарқандағы көтерілістер. Мұхаммед хорезмшах кезінде Хорезм мемлекетінің қарапайым халқы өте ауыр феодалдық езгіде болды. Салықтардың түрі өте көп болып, салықтан түскен пайдадан ірі феодалдар мен мұсылман дін басшылары шексіз байи түсті. Әсіресе XIII ғасырдың басында қала түрғындары мен қолөнершілердің тұрмыс жағдайы адам төзгісіз болды. Феодалдық қанау қала адамдарын көтеріліске шығуға итермеледі. 1206 жылы Бұхара қаласында Садр Мухаммед ибн Абдуләзиз тұсында көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі – Садр Абдуләзиздің халықтан шектен тыс мөлшерде салық жинауы болды. Ол қарапайым халықпен санаспады әрі өте қатал билік жүргізді. Меккеге кажылыққа баратын болса да халықтан көп салық жинап, олардың ашу-ызасын тудырды. Қолөнершілердің көтерілісін '''Мәлік Санжар''' деген адам басқарып, олар Бұхара қаласын өз колдарына алды. Садр Мұхаммед отбасымен қаладан кетуге мәжбүр болды. Көтерілісті естіген Мұхаммед хорезмшах әскерімен Бұхара қаласына келіп, 1207 жылы көтерілісшілерді аяусыз басып, қаланы өзіне бағындырады. Сөйтіп, Бұхара қаласы Хорезм мемлекетінің құрамына кірді. Хорезм мемлекетінің ірі каласы Самарқанда 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халык көтерілісі болды. Мұхаммед хорезмшах калаға көп әскер жіберді. Көтерілісшілер хорезмшах әскеріне карсылық көрсете алмады. Өскер қала көтерілісшілерін қатал жазалап, үш күн бойына қаланы тонайды. Жазалау барысында Самарқан каласында 10 мыңдай адам қаза табады.  
05.12.2012 09:36 36104

Хорезмшах мемлекетінің өрлеуі
 Орта Азиядағы жері бай, мәдениеті өркендеген мемлекеттердін бірі Хорезм мемлекеті болды. X ғасырдың соңында Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед елді біріктіріп, біртұтас қуатты мемлекет құрады. Хорезм мемлекетінің астанасы Үргеніш қаласы болды. Мамун ибн-Мұхаммед өлгеннен кейін Хорезмде оның інісі II Мамун ибн-Мамун (999-1017) билік жүргізді. Өте ақылды бұл адам елдің тәуелсіздігін сақтау жолында көп жұмыстар атқарған. Үргеніш, Бұхара қалаларында сәнді ғимараттар салдырған. Шығыстың ғұлама ғалымы Ибн Сина сол кезде Үргеніш қаласының мәдени орталығында Бирунимен бірге өз ілімдерін халыққа дәріс оқу арқылы жеткізіп отырған.

Хорезм мемлекетін сұлтан Махмұд Ғазнауи (998-1030) жаулап алуға әрекет жасады. 1014 жылы Ғазнауи Мамун Хорезмшахқа хат жолдап, оны қол астына бағындырғысы келетінін, егер осы хаттағы талап орындалмаса, Мамунды өлтіріп, басын шауып алатынын айтады. Мамун ибн-Мамун қойылған талаптарға көну Хорезмнің тәуеліздігінен айырылуымен бірдей екенін түсініп, хатқа жауап бермейді.1017 жылы шілде айында Хорезм мемлекетіне бірнеше мың әскерімен Махмұд Ғазнауи шабуыл жасап, Хорезмді бағындырды. XII ғасырдың бас кезінде Ануш-тегин Атсыз (1127-1156) салжұқ сұлтаны Санжарды жеңіп, Хорезм мемлекетін біріктіру үшін құрес жүргізеді. Солтүстік-шығыста қыпшақтарға қарсы соғыс ашып, Жент, батыста Маңғыстау жерін өзіне қосып алады. Атсыз шах уақытында Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына Қарақытай (қидан) тайпалары шабуыл жасап, 1138 жылы Шаш, Ферғана, Зеравшан және Қашқария өлкесін, 1141 жылы Мауараннахрды жаулап алды. 1153 жылы Салжұқ мемлекеті құлайды. 1156 жылы Хорезмшах Атсыз өлгеннен кейін, Хорезм тәуелсіздігінен қайтадан айырылады.
Арслан кезіндегі Хорезм

Атсыз шахтың ісін алға қарай жалғастырып, Хорезм мемлекетін күшейтуге күш салған оның баласы Арслан (1156-1172) қарақытайлармен соғыс жүргізіп, Қорасан, Дехиетан жерін азат етеді. 1172 жылы Мауараннахр жеріндегі қарақытайларға қарсы соғыста Арслан өлгеннен кейін оның баласы Текеш(1172-1200) Хорезм тағына отырып, 1187 жылы - Нишапур, 1193 жылы - Мерв, 1194 жылы Шығыс Иран жерін бағындырады. Монғол шапкыншылығы алдында Хорезмді II Мухаммед(1200 - 1220) биледі. Мұхаммед хорезмшах сол кезде Орта Азиядағы көп әскерімен Қарақытайлар мен Мауараннахрды өзіне бағындырады. Қыпшақ даласына шабуыл жасап, 1218 жылы Торғай даласында Мұхаммед хорезмшах оскері алғаш рет Жошы бастаған монғол әскерімен кездеседі. Бұл соғыста екі жақ тең түсіп, Мұхаммед Хорезмге, Жошы өз әскерімен Монғолияға қайтады. 1219-1220 жылдарда Шыңғысхан бастаған монғол әскері Отырар каласын алғаннан кейін, Мұхаммед хорезмшах әскерін Самаркан қаласында талқандайды. Хорезм мемлекеті жойылып, Орта Азия жерінде монғол үстемдігі орнайды.

Хорезм мемлекетінің халқы ертеден отырықшы салтта өмір сүріп, егін шаруашылығымен айналысқан. Өсіресе суармалы егіншілік жақсы дамыды. Каналдар қазып, суландыру жүйесін ежелден білген. Егістікте арпа, бидай, тары, мақта егілді. Бау-бақшада шабдалы, өрік, бадам, жүзім, алма, алмұрт өсірілді. Мал шаруашылығы да өркендеді. Жібек құртын өсіріп, жібек те өндірген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейін Орта Азияда шаруашылық күйзеліске үшырады. Орта Азия және Қазақстан қалалары арқылы өтетін Жібек жолы өзінің маңызын жойды. Тек қана XV ғасырдан бастап суландыру жүйесі кеңейіп, қалалар қайтадан сауда орталығына айналады, қолөнер дами бастайды.

Орта Азияда феодалдық жер иеленудің негізгі түрі сойырғал болды. Феодалдар жерін шаруаларға үлестіріп беретін де, олардан ақы алып отыратын. Сойырғалға берілген жер әкеден балаға көшіп отырды. XV-XVI ғасырлар аралығында Орта Азия жерінде түрік тектес бірнеше хандықтар - Бұхара, Хорезм т. б. хандықтар құрылды. Бұл хандықтар бір-бірімен шаруашылық және мәдени байланыста болды.

Бұхара мен Самарқандағы көтерілістер. Мұхаммед хорезмшах кезінде Хорезм мемлекетінің қарапайым халқы өте ауыр феодалдық езгіде болды. Салықтардың түрі өте көп болып, салықтан түскен пайдадан ірі феодалдар мен мұсылман дін басшылары шексіз байи түсті. Әсіресе XIII ғасырдың басында қала түрғындары мен қолөнершілердің тұрмыс жағдайы адам төзгісіз болды. Феодалдық қанау қала адамдарын көтеріліске шығуға итермеледі. 1206 жылы Бұхара қаласында Садр Мухаммед ибн Абдуләзиз тұсында көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі – Садр Абдуләзиздің халықтан шектен тыс мөлшерде салық жинауы болды. Ол қарапайым халықпен санаспады әрі өте қатал билік жүргізді. Меккеге кажылыққа баратын болса да халықтан көп салық жинап, олардың ашу-ызасын тудырды. Қолөнершілердің көтерілісін '''Мәлік Санжар''' деген адам басқарып, олар Бұхара қаласын өз колдарына алды. Садр Мұхаммед отбасымен қаладан кетуге мәжбүр болды. Көтерілісті естіген Мұхаммед хорезмшах әскерімен Бұхара қаласына келіп, 1207 жылы көтерілісшілерді аяусыз басып, қаланы өзіне бағындырады. Сөйтіп, Бұхара қаласы Хорезм мемлекетінің құрамына кірді. Хорезм мемлекетінің ірі каласы Самарқанда 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халык көтерілісі болды. Мұхаммед хорезмшах калаға көп әскер жіберді. Көтерілісшілер хорезмшах әскеріне карсылық көрсете алмады. Өскер қала көтерілісшілерін қатал жазалап, үш күн бойына қаланы тонайды. Жазалау барысында Самарқан каласында 10 мыңдай адам қаза табады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға