Жаңалықтар

Алакөл ауданы

  Алакөл ауданы Алакөл ауданы - Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. Жалпы мәліметтер Жерінің аумағы 36,8 мың км2. Тұрғыны 79,6 мың адам (2002). Аудан орталығы — Үшарал қаласы Аудан қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында жатыр. Ол шығысында Қытаймен, оңтүстігі мен бақан. Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзенідері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көліне құяды. Аягөз аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солтұстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар. Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аум. 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай – Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км. 
05.12.2012 09:30 10520

 

Алакөл ауданы

Алакөл ауданы - Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған.

Жалпы мәліметтер

Жерінің аумағы 36,8 мың км2. Тұрғыны 79,6 мың адам (2002). Аудан орталығы — Үшарал қаласы Аудан қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында жатыр. Ол шығысында Қытаймен, оңтүстігі мен бақан. Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзенідері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көліне құяды. Аягөз аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солтұстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар. Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аум. 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай – Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға