Жаңалықтар

Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

  Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Жамбыл ауданы - Алматы облысының оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 19,3 мың км². Тұрғыны 122,9 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 6,3 адамнан келеді (2009). Аудан жеріндегі 62 елді мекен 1 кенттік және 23 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – Ұзынағаш аулы. Ж. а-ның оңт-н Іле Алатауының батыс, оңт.-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солт-ке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі. Климаты континенттік, оңт-нде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы оңт-нде –8°С, солт-нде –12°С, шілдеде оңт-нде 20°С, солт-нде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 500 мм, солт-нде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өз-нің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор. Жері оңт-тен солт-ке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аум. 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомоб. жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған. Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аумағы 19320,72 шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 24 ауылдық кенттік округтер, 61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы. Аудан халқының саны 124,4 мың адам, оның 1,6 мыңы қалалық, 122,8 мыңы ауылдық тұрғындар болып есептеледі. Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: қазақтар 78%, орыстар 12,7%, түріктер 2%, уйғырлар 2.9%, немістер 0.9% және өзге ұлттар 3%-ды құрайды. Ауданда 4 балабақша, 58 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық оқу орны бар. 12 мәдениет үйі, 3 мұражай, 22 кітапхана халыққа қызмет атқарады. 61 медициналық мекеме, соның ішінде 4 аурухана, 17 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 медициналық қосын, 1 өкпе ауруларын емдейтін аурухана жұмыс істейді.
05.12.2012 09:26 11368

 

Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

Жамбыл ауданы - Алматы облысының оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 19,3 мың км². Тұрғыны 122,9 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 6,3 адамнан келеді (2009). Аудан жеріндегі 62 елді мекен 1 кенттік және 23 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – Ұзынағаш аулы. Ж. а-ның оңт-н Іле Алатауының батыс, оңт.-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солт-ке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі. Климаты континенттік, оңт-нде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы оңт-нде –8°С, солт-нде –12°С, шілдеде оңт-нде 20°С, солт-нде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 500 мм, солт-нде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өз-нің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор. Жері оңт-тен солт-ке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аум. 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомоб. жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған. Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аумағы 19320,72 шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 24 ауылдық кенттік округтер, 61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы.

Аудан халқының саны 124,4 мың адам, оның 1,6 мыңы қалалық, 122,8 мыңы ауылдық тұрғындар болып есептеледі.

Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: қазақтар 78%, орыстар 12,7%, түріктер 2%, уйғырлар 2.9%, немістер 0.9% және өзге ұлттар 3%-ды құрайды.

Ауданда 4 балабақша, 58 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық оқу орны бар. 12 мәдениет үйі, 3 мұражай, 22 кітапхана халыққа қызмет атқарады. 61 медициналық мекеме, соның ішінде 4 аурухана, 17 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 медициналық қосын, 1 өкпе ауруларын емдейтін аурухана жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға