Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ мәтіні мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қ. ә. ғ-ның мақсаты мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстетик., әдеби теор. және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі Қ. ә. ғ-ның ұлттық ғыл. ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді: 1) Қ. ә. ғ-ның пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен бастап, 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қ. ә. ғ-ның тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды; 2) Қ. ә. ғ-ның туу кезеңі (1900–40). 20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библ. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қ. ә. ғ-ның пайда болғандығын көрсетті. 20 ғ-дың 20-жылдары «Әдеби мұра керек пе, жоқ па?» деген мәселеде Қ. ә. ғ. пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді. Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қ. ә. ғ. үшін ғыл.-зерт. әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Алайда осы кезеңде болған «Ұлтшыл-алашшылдарға» қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қ. ә. ғ-ның ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қ. ә. ғ. 1900–40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады; 3) Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңі (1941–70). Қ. ә. ғ. бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармаларын моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аударарлық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қ. ә. ғ-ның ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады; 4) Қ. ә. ғ-ның даму кезеңі (1970 жылдан бастап). Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңінде талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теор., сыншылдық-эстетик. ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғыл. сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. 1970–80 ж. ғыл.-зерт. жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да, ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теор. мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, хикаят (повесть), әңгіме, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен «ақтаңдақтар» қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғ-ға қарай Қ. ә. ғ. қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісін әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғыл. саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қ. ә. ғ. өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен, мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстетик., әдеби-тарихилық, әдеби-теор. сипаттағы ізденістер ұлттық ғыл.-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тұрғыда тексеріліп, моногр. жағынан тұтас және толық қарастырылды. Әдебиетті теор. тұрғыда зерттеу алға басты, дүниежүзілік теор. ұғым-түсініктерді ұлттық сипатта меңгерумен қатар, жеке жанр түрлерінің туып-өркендеу жолдары жан-жақты сөз болды; қазақ әдебиетінің сыны жеке жанр ретінде қалыптасты, көркемдік дамудағы жетекшілік рөлі артты, эстетик. өрелі биіктерге көтерілді, әдебиеттанудың жеке пәні ретінде кескін-келбетін анықтады; әдеби мұраны игеру мәселесіне сай ғыл.-зерт. әдіснамасы, теориясы, тарихилық принципі біршама дұрыс шешілді; қазақ әдебиеті мектептер мен жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылып, тұрақты оқу құралдарымен қамтамасыз етілді; ғыл.-зерттеушілік ой-пікір кеңес дәуіріндегі әдебиетті теор., әдіснамалық тұрғыдан тексеруде, сыншылдық пен бағалауда дүние жүзіне таныта алатындай дәрежеге көтерілді; кеңестік идеология мен маркстік-лениндік ілім әсерінен түрлі бұрмалаушылықтарға барған теріс тұжырымдарын түзетіп, тарихи тұрғыда әділ, ұлттық сипатта дұрыс, ғыл. бағытта терең зерттей алуына жол ашты; қ. Әдебиеттану; Библиография; Қазақ фольклортану ғылымы. Әдеб.: Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958; Әдеби мұра және оны зерттеу, А., 1961; Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988; Кәкішев Т., Қазақ әдебиеті сынының тарихы, А., 1994; Смағұлов Ж., Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 1999.  
05.12.2012 09:26 11676

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ мәтіні мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қ. ә. ғ-ның мақсаты мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстетик., әдеби теор. және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі Қ. ә. ғ-ның ұлттық ғыл. ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді: 1) Қ. ә. ғ-ның пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен бастап, 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қ. ә. ғ-ның тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды; 2) Қ. ә. ғ-ның туу кезеңі (1900–40). 20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библ. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қ. ә. ғ-ның пайда болғандығын көрсетті. 20 ғ-дың 20-жылдары «Әдеби мұра керек пе, жоқ па?» деген мәселеде Қ. ә. ғ. пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді. Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қ. ә. ғ. үшін ғыл.-зерт. әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Алайда осы кезеңде болған «Ұлтшыл-алашшылдарға» қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қ. ә. ғ-ның ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қ. ә. ғ. 1900–40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады; 3) Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңі (1941–70). Қ. ә. ғ. бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармаларын моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аударарлық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қ. ә. ғ-ның ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады; 4) Қ. ә. ғ-ның даму кезеңі (1970 жылдан бастап). Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңінде талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теор., сыншылдық-эстетик. ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғыл. сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. 1970–80 ж. ғыл.-зерт. жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да, ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теор. мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, хикаят (повесть), әңгіме, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен «ақтаңдақтар» қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғ-ға қарай Қ. ә. ғ. қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісін әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғыл. саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қ. ә. ғ. өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен, мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстетик., әдеби-тарихилық, әдеби-теор. сипаттағы ізденістер ұлттық ғыл.-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тұрғыда тексеріліп, моногр. жағынан тұтас және толық қарастырылды. Әдебиетті теор. тұрғыда зерттеу алға басты, дүниежүзілік теор. ұғым-түсініктерді ұлттық сипатта меңгерумен қатар, жеке жанр түрлерінің туып-өркендеу жолдары жан-жақты сөз болды; қазақ әдебиетінің сыны жеке жанр ретінде қалыптасты, көркемдік дамудағы жетекшілік рөлі артты, эстетик. өрелі биіктерге көтерілді, әдебиеттанудың жеке пәні ретінде кескін-келбетін анықтады; әдеби мұраны игеру мәселесіне сай ғыл.-зерт. әдіснамасы, теориясы, тарихилық принципі біршама дұрыс шешілді; қазақ әдебиеті мектептер мен жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылып, тұрақты оқу құралдарымен қамтамасыз етілді; ғыл.-зерттеушілік ой-пікір кеңес дәуіріндегі әдебиетті теор., әдіснамалық тұрғыдан тексеруде, сыншылдық пен бағалауда дүние жүзіне таныта алатындай дәрежеге көтерілді; кеңестік идеология мен маркстік-лениндік ілім әсерінен түрлі бұрмалаушылықтарға барған теріс тұжырымдарын түзетіп, тарихи тұрғыда әділ, ұлттық сипатта дұрыс, ғыл. бағытта терең зерттей алуына жол ашты; қ. Әдебиеттану; Библиография; Қазақ фольклортану ғылымы.
Әдеб.: Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958; Әдеби мұра және оны зерттеу, А., 1961; Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988; Кәкішев Т., Қазақ әдебиеті сынының тарихы, А., 1994; Смағұлов Ж., Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 1999.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға