Жаңалықтар

Омаров Ілияс

  ОМАРОВ Ілияс (1.10.1912, Қостанай обл. Сарыкөл ауд. Қараоба а. – 19.7.1970, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист. Орта Азия жоспарлау экон. және сауда-тауар ісі ин-тын бітірген (1933, Ташкент). 1933 – 36 ж. Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941 – 45 ж. Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. “Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын” ұйымдастыруда, 1944 ж. желтоқсанда Алматы қ-нда өткен респ. ақындар айтысын өткізуде, “Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының” жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-ты мен Құрманғазы атынд. мемл. консерваторияны ұйымдастырды. 1945 – 47 ж. Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары, Шығ. Қазақстан обл. партия к-тінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947 – 52 ж. Қазақстан КП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы. Ол 1949 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігін ұйымдастырды. О. халық өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қосты, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерін өнеге ретінде ұсынды. 1949 ж. жарық көрген “Қазақ КСР тарихының” толықтырылған 2-басылымының жауапты редакторы болды. Е.Бекмахановтың қазақ халқының шын мәніндегі тарихын ашық жазуына, Кенесары, Наурызбай батырлар жайында ақиқаттың айтылуына, І.Жұмалиевтің Исатай мен Махамбет жөніндегі материалдарды бастыруына ұйытқы болды. Осы жағдайлар оның 1951 – 52 ж. “ұлтшылдарды қолдаушы” деген науқаншыл айыппен Қазақстан КП ОК-нің құрамынан шығарылып, қудалануына алып келді. 1952 – 55 ж. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1955 – 59 ж. Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің хатшысы қызметін атқарды. 1959 – 61 ж. “Қазақфильм” киностудиясының директоры, Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кино өнерінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. 1961 – 67 ж. Қазақ КСР-і Мин. Кеңесі жанындағы Мемл. жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары, 1-орынбасары, 1967 – 70 ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрі болды. О. осы кезеңде қазақтың эстрад. өнерін, ұлттық циркті, театр жұмысын жетілдіруге, кәсіби өнердің басқа да салаларын тыңнан дамытуға барынша күш салды. Осы жылдары қазақтың хор капелласын, классик. және халық билерінің хореграф. “Жас балет” ансамблін, Жетісай қ-нда қазақ музыкалы драма театрын ашуға және жастардың эстрад. “Гүлдер” ансамблін құруға ұйтқы болды. “Мәдени ескерткіштерді қорғау туралы” заң қабылданды. “Әдебиет туралы ойлар” (1962), “Оқушы көзімен” (1967), “Серпін” (1970), “Шабыт шалқары” (1973) еңбектері жарық көрген. О. Ленин орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қостанай обл. қазақ драма театры О. есімімен аталады. Әдеб.: Молдағалиев Ж., Жомарт жүрек, А., 1990; Сулейменов М., Сулейменова Ж., Голубев А., Ильяс Омаров. Жизнь и философия, А., 2003; Ибраев К., Нүрпейісов М., Медибаев С., Омаров Т., Ильяс Омаров. Сборник воспоминаний, А., 2003. А. Қайыпбаева  
05.12.2012 09:25 5655

 

ОМАРОВ Ілияс (1.10.1912, Қостанай обл. Сарыкөл ауд. Қараоба а. – 19.7.1970, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист. Орта Азия жоспарлау экон. және сауда-тауар ісі ин-тын бітірген (1933, Ташкент). 1933 – 36 ж. Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941 – 45 ж. Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. “Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын” ұйымдастыруда, 1944 ж. желтоқсанда Алматы қ-нда өткен респ. ақындар айтысын өткізуде, “Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының” жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-ты мен Құрманғазы атынд. мемл. консерваторияны ұйымдастырды. 1945 – 47 ж. Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары, Шығ. Қазақстан обл. партия к-тінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947 – 52 ж. Қазақстан КП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы. Ол 1949 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігін ұйымдастырды. О. халық өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қосты, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерін өнеге ретінде ұсынды. 1949 ж. жарық көрген “Қазақ КСР тарихының” толықтырылған 2-басылымының жауапты редакторы болды. Е.Бекмахановтың қазақ халқының шын мәніндегі тарихын ашық жазуына, Кенесары, Наурызбай батырлар жайында ақиқаттың айтылуына, І.Жұмалиевтің Исатай мен Махамбет жөніндегі материалдарды бастыруына ұйытқы болды. Осы жағдайлар оның 1951 – 52 ж. “ұлтшылдарды қолдаушы” деген науқаншыл айыппен Қазақстан КП ОК-нің құрамынан шығарылып, қудалануына алып келді. 1952 – 55 ж. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1955 – 59 ж. Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің хатшысы қызметін атқарды. 1959 – 61 ж. “Қазақфильм” киностудиясының директоры, Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кино өнерінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. 1961 – 67 ж. Қазақ КСР-і Мин. Кеңесі жанындағы Мемл. жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары, 1-орынбасары, 1967 – 70 ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрі болды. О. осы кезеңде қазақтың эстрад. өнерін, ұлттық циркті, театр жұмысын жетілдіруге, кәсіби өнердің басқа да салаларын тыңнан дамытуға барынша күш салды. Осы жылдары қазақтың хор капелласын, классик. және халық билерінің хореграф. “Жас балет” ансамблін, Жетісай қ-нда қазақ музыкалы драма театрын ашуға және жастардың эстрад. “Гүлдер” ансамблін құруға ұйтқы болды. “Мәдени ескерткіштерді қорғау туралы” заң қабылданды. “Әдебиет туралы ойлар” (1962), “Оқушы көзімен” (1967), “Серпін” (1970), “Шабыт шалқары” (1973) еңбектері жарық көрген. О. Ленин орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қостанай обл. қазақ драма театры О. есімімен аталады.
Әдеб.: Молдағалиев Ж., Жомарт жүрек, А., 1990; Сулейменов М., Сулейменова Ж., Голубев А., Ильяс Омаров. Жизнь и философия, А., 2003; Ибраев К., Нүрпейісов М., Медибаев С., Омаров Т., Ильяс Омаров. Сборник воспоминаний, А., 2003.
А. Қайыпбаева
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға