Жаңалықтар

Омар һайям

  ОМАР һАЙЯМ, Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям [18.3. 1048, Нишапур – 4.12.1122 (1112/1131), Мерв] – көрнекті парсы-тәжік ақыны, математик, астроном, философ. Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның филос. көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91), “Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б. филос. еңбектер жазды. Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Мұндағы уақыт айырмасы 5000 жылда 1 тәулікке теңеледі. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. О. һ. еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы” трактатында матем. тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геом. тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған. “Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы” атты екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды. “Қатынастарды құру және оларды зерттеу” туралы кітабында шамалардың рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. О. һ. еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-Туси, т.б. математиктер дамытты. “Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы” трактатында Архимед шешкен физ. есептерді жетілдірді. О. һ. медицина, муз. теориясымен де шұғылданды.  О. һ. әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мыс., құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде бейнеледі. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафор. терең ой тұжырымдалды. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады. О. һ. өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді. 19 ғ-да Э.Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859). Бұл аударманы ға-лым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 – 201-б.). О. һ. рубайларының І.Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965 ж. жеке кітап болып шықты. Ө.Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар О. һ. өлеңдерін аударды (2004). О. һ-ның кесенесі Нишапур қ-нда орналасқан. Шығ.: Робаий-иате Хаийам, Тегеран, 1335 с. г. х. (1956); Трактаты (Пер. Б.А. Розенфельда), М., 1961; Рубайят (Пер. и вступ. ст. В.Державина), Душ., 1965; Рубайят (Пер. Г.Плисецкого), М., 1972; Шығыс жұлдыздары, А., 1973, 39-104-б.  Әдеб.: Алиев Р.М., Османов М.Н., Омар Хайям, М., 1959; Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары, А., 1963; Розенфельд Б.А., Юшкевич А.П., Омар Хайям, М., 1965; Көбесов А., Сөнбес жұлдыздар, А., 1973; Күмісбаев Ө., Иран әдебиетінің тарихы, А., 2001. Ә. Құрышжанұлы, Ө. Күмісбаев    
05.12.2012 09:22 8873

 

ОМАР һАЙЯМ, Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям [18.3. 1048, Нишапур – 4.12.1122 (1112/1131), Мерв] – көрнекті парсы-тәжік ақыны, математик, астроном, философ. Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның филос. көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91), “Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б. филос. еңбектер жазды. Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Мұндағы уақыт айырмасы 5000 жылда 1 тәулікке теңеледі. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. О. һ. еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы” трактатында матем. тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геом. тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған. “Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы” атты екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды. “Қатынастарды құру және оларды зерттеу” туралы кітабында шамалардың рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. О. һ. еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-Туси, т.б. математиктер дамытты. “Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы” трактатында Архимед шешкен физ. есептерді жетілдірді. О. һ. медицина, муз. теориясымен де шұғылданды. 
О. һ. әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мыс., құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде бейнеледі. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафор. терең ой тұжырымдалды. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады. О. һ. өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді. 19 ғ-да Э.Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859). Бұл аударманы ға-лым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 – 201-б.). О. һ. рубайларының І.Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965 ж. жеке кітап болып шықты. Ө.Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар О. һ. өлеңдерін аударды (2004). О. һ-ның кесенесі Нишапур қ-нда орналасқан.
Шығ.: Робаий-иате Хаийам, Тегеран, 1335 с. г. х. (1956); Трактаты (Пер. Б.А. Розенфельда), М., 1961; Рубайят (Пер. и вступ. ст. В.Державина), Душ., 1965; Рубайят (Пер. Г.Плисецкого), М., 1972; Шығыс жұлдыздары, А., 1973, 39-104-б. 
Әдеб.: Алиев Р.М., Османов М.Н., Омар Хайям, М., 1959; Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары, А., 1963; Розенфельд Б.А., Юшкевич А.П., Омар Хайям, М., 1965; Көбесов А., Сөнбес жұлдыздар, А., 1973; Күмісбаев Ө., Иран әдебиетінің тарихы, А., 2001.
Ә. Құрышжанұлы, Ө. Күмісбаев
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға