Жаңалықтар

Ақсүйектер.

  Ақсүйектер. Сүйік сұлтанның отбасы.  Сейіттер әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген. Өйткені сейіт қызынан туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу қурметі қымбат бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соңшалық, XVIII-XIX ғ. тіпті Шыңғыс туқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің кейбірі өз үрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне «сейіт» деген жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов. Қожалар кейбір жорамал бойынша, Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері, төрт әулие халифтің (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли) оның Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатимадантуған балаларынан басқа) ұрпақтары деп саналатын адамдарға берілген. Тағы бір болжамда олар ортаазиялық қосөзен Әмудария мен Сыр- дария аралығы (Мәуереннахр) мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған (VIII ғасыр) алғашқы арабтардың урпағы деп аталады (толығырақ қ. Қожа; Сейіт). Әлеуметтік пирамиданың үстінгі қабаттарына шығып, әртүрлі артықшылықтармен пайдаланған. Сонымен, қазақ қоғамының жоғары әлеуметтік жігі болған Шыңғысхан нәсіліне жататын төрелер, оның ішінде хан, сұлтандардың араб нәсілді сейіттер мен қожалардың сауатты білімді болғаны олардың арасында оқымысты адамдардың көп шыққаны жазба деректерден, ауызша тараған эпсаналардан айқын байқалады. М.Михайлов келтірген дерегі бойынша аксүйектср, оқып және жаза білген сауатты жоғары топ деп саналған. Сондай-ақ, ақсүйектер жолын жалғастырушы балаларының сауатын ашу мақсатында алдымен молдадан дәріс алған. Ақсүйектердің саяси, әлеуметтік құқығында артықшылықтар болды. Айталық, әдет-ғүрып құқығында ақсүйектердің артық- шылықтары арнайы белгіленді: қожаны өлтіргені үшін 3000 қой, ал төрені, сұлтанды өлтіргені үшін 7000 қой құн төленді, ал ханның құны қарапайым жеті қазақтың құнына тең болды. Негізгі уэж хан жеті рудың немесе жеті ру тармағының әміршісі екендігі. Ақсүйектер өкілдері қазақтың XVIII ғ. дейін олар қазақ қоғамында хандық билікті иеленіп, қоғамдық-саяси өміріне үстемдік етті. XIX ғ. бірінші жартысында қазақ жерін патшалық Ресейдің отарлауына байланысты хандық билік жойылып ақсүйектер ұрпақтары қалың бұқарамен етене араласып кетті.
05.12.2012 09:22 6154

 

Ақсүйектер. Сүйік сұлтанның отбасы.  Сейіттер әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген. Өйткені сейіт қызынан туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу қурметі қымбат бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соңшалық, XVIII-XIX ғ. тіпті Шыңғыс туқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің кейбірі өз үрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне «сейіт» деген жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов.

Қожалар кейбір жорамал бойынша, Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері, төрт әулие халифтің (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли) оның Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатимадантуған балаларынан басқа) ұрпақтары деп саналатын адамдарға берілген. Тағы бір болжамда олар ортаазиялық қосөзен Әмудария мен Сыр- дария аралығы (Мәуереннахр) мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған (VIII ғасыр) алғашқы арабтардың урпағы деп аталады (толығырақ қ. Қожа; Сейіт). Әлеуметтік пирамиданың үстінгі қабаттарына шығып, әртүрлі артықшылықтармен пайдаланған. Сонымен, қазақ қоғамының жоғары әлеуметтік жігі болған Шыңғысхан нәсіліне жататын төрелер, оның ішінде хан, сұлтандардың араб нәсілді сейіттер мен қожалардың сауатты білімді болғаны олардың арасында оқымысты адамдардың көп шыққаны жазба деректерден, ауызша тараған эпсаналардан айқын байқалады.

М.Михайлов келтірген дерегі бойынша аксүйектср, оқып және жаза білген сауатты жоғары топ деп саналған. Сондай-ақ, ақсүйектер жолын жалғастырушы балаларының сауатын ашу мақсатында алдымен молдадан дәріс алған. Ақсүйектердің саяси, әлеуметтік құқығында артықшылықтар болды. Айталық, әдет-ғүрып құқығында ақсүйектердің артық- шылықтары арнайы белгіленді: қожаны өлтіргені үшін 3000 қой, ал төрені, сұлтанды өлтіргені үшін 7000 қой құн төленді, ал ханның құны қарапайым жеті қазақтың құнына тең болды. Негізгі уэж хан жеті рудың немесе жеті ру тармағының әміршісі екендігі.

Ақсүйектер өкілдері қазақтың XVIII ғ. дейін олар қазақ қоғамында хандық билікті иеленіп, қоғамдық-саяси өміріне үстемдік етті. XIX ғ. бірінші жартысында қазақ жерін патшалық Ресейдің отарлауына байланысты хандық билік жойылып ақсүйектер ұрпақтары қалың бұқарамен етене араласып кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға