Жаңалықтар

Ақтөбе облысы

  Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы. Халқы 1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті. Транспорт инфраструктурасы Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған. Өнеркәсібі Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10 % және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55 %, титан — 40 %, фосфор — 34 %, мырыш — 4,7 %, мыс — 3,6 % , алюминий — 2 %, көмірдің 1,4 % жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн. тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн. тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45 % шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд. теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн. дана, ет- 70,5 мың тн. құрады. Мәдени саласы Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Алия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.
05.12.2012 09:20 11493

 

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Халқы

1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.

Транспорт инфраструктурасы

Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.

Өнеркәсібі

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10 % және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55 %, титан — 40 %, фосфор — 34 %, мырыш — 4,7 %, мыс — 3,6 % , алюминий — 2 %, көмірдің 1,4 % жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн. тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн. тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45 % шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд. теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн. дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.

Мәдени саласы

Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Алия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға