Жаңалықтар

Жақұт- яһудилер

  Жақұт- яһудилер. Бұл термин Құранға Медине дәуірінде енді, Мұхаммедпен (с.а.у.) замандас яһудиліктерді немесе жалпы яһудиліктерді білдіреді. Мединеге дейін яһудилік қасиетті әңгімеге көптеген сілтемелер жасалғанда, негізінен, бәни Исраилдың «Әзірейілдің ұлдары» деген анықтамасы қолданылатын. Құранда яһудилерге деген екі ұшты көзқарас көрініс тапқан. Бір жағынан, олар мұсылмандар сияқты бір Құдайға табыну қағидасын ұстанып, Ибраһимге байланысты болса да, Ислам яһуди ілімі жоғалтып алған, бір Құдайға қатаң табынушылықты тазалап, қалпына келтірғен. Яһудилер ам әл-кітап категориясына - «Жазу адамдарына» жатқызылатын. Меккеде және Мединеде болған кезінің басында Мұхаммед (с.а.у.) яһудилер арасынан серіктестерін және өзінің ісін жалғастырушыларды іздеген болатын, яһудилер Медине халқының едәуір бөлігінде, Солтүстік Араб жерінің көптеген алқаптарында қоныстанған еді. Рухы жағынан жақын адамдар ретінде Құран оларға да бағытталған. Алайда, Меккенің яһудилері Мұхаммедті (с.а.у.) Пайғамбар деп мойындамады, (сенімсіздік білдіріп, келеке етті, содан кейін құрайыштармен одақтасып, ашық түрде қарсыласа бастады. Нәтижесінде хижраның «алғашқы жылдарында мұсылмандар мен яһуди ілімін уағыздаған йасрибтықтар арасында бірқатар қақтығыстар болды. Бұл қақтығыстар қайнұқ, құрайза және нәдір тайпалары мүшелерінің Мединеден қуылуына әкеп соқты, содан кейін яһуди орталықтары Хайбар, Фалаққа, т.б. жорықтар жасалды.   Арабтың яһуди қауымдарымен жауласу жағдайы да Құранда көрініс тапқан. Діни тұрғыдан алғанда Мединелік кезеңде Мұхаммед (с.а.у.) Исламды яһуди ілімі мен христиандықтан бөлек жеке дін ретінде сезініп қабылдады, Ислам діні басқа діндердің шығуына ықпал етті.   Құранның жалпы діншілдік қағидасы Жақұтты аһл әл-кітап сияқты дінге сенушілер мен дінге сенбеушілер арасындағы аралық қалыпқа қояды. Ибраһим еврейлер мен арабтардың ортақ арғы аталары боп саналған, мұсылман мен яһудилердің құрметтеу қастерлейтін ортақ кейіпкерлері мен қасиетті орындары көп-ақ (мәселен, Иерусалим, әл-Халилдеғі Ибраһимнің мазары). Мұсылмандық құқықтық теорияға сәйкес жақұт аһл-аз-зимма категориясына енеді, бұлар мұсылмандық мемлекеттің қарауындағы адамдар. Жақұттың қауымдары өз жетекшілеріне бағынған. Ал олар жақұт қауымдарының ішкі істеріне араласпайтын мұсылман басқарушыларымен бүкіл қарым-қатынасты жүргізіп отырған. Орта ғасырларда Мұхаммед (с.а.у.) араб түбегін Исламнан басқа кез-келген діннен тазалауды тапсырыпты-мыс делінсе де, жақұттар мұсылман дүниесіне барлық аудандарында, тіпті Оңтүстік Араб елінде де тату-тәтті өмір сүрген. Мұсылман мемлекеттерінде, әсіресе, VIII - IX ғасырларда Исламды қабылдаған және өзінің дінін сақтаған жақұттар көрнекті әкімшілік басшы орындарда қызмет істеді. Яһудилік саудагерлер ортағасырлық мұсылмандардың экономикалық өмірінде аса үлкен рөл атқарған. Мұсылман елдеріндегі яһудилік қауымдарда ортағасырларда белсенді мәдени қызмет дамытылды. Құдайға сиынатын және филос, мектептер ашылды. Көркем әдебиет пайда бола бастады. Діндері бөлек қауымдардың мәдениеті өздерінің айналасындағы халықтардың мәдениеттерімен араласып, біте қайнасып жатты. Алғашқыда, VIII - IX ғасырларда араб-мұсылман мәдениеті яһудилік қоғамның тарихи көріністерінен, аңыз-сюжеттерінен және Құдайға сиыну идеяларынан нәр алған болатынды. Бірте-бірте кері процесс пайда болды. Мұсылмандық аңыздар, көркем әдебиет, грамм, оқытулар, филос, идеялар яһудилік ортаға ене бастады. Орта ғасырларда араб тілі Таяу Шығыс яһудилерінің тұрмыста қолданатын тілі боп саналған. Еврей әрпімен араб тілінде бірқатар хаттар жазылды, ертегілер мен аңыздар қағазға түсірілді, өзіндік әдебиет қалыптаса бастады. Отаршылдық дәуірле европалық мемлекеттер яһудилік және христиандық қауымдарды мұсылмандық Шығыс елдеріне ену мақсатында пайдалана бастады. ХХ ғасырларда араб елдерінің яһудилік қауымдарында сионистік насихат кеңінен тарай бастады. Бұл көптеген жағдайларда қауымдардың өзара қарым-қатынасының күрт шиеленісуіне әкеп соқты. 1918 жылы Израил мемлекеті құрылғаннан кейін, араб және мұсылман елдеріндегі көптеген яһудилер сол жаққа кешті, сөйтіп Израилдегі халықтың ерекше бөлігін құрады. Шағын яһудилік қауымдар әлі күнге дейін кейбір мұсылман елдерінде, мәселен Мароккода, Иракта, Сирияда бар.
05.12.2012 09:15 10551

 

Жақұт- яһудилер. Бұл термин Құранға Медине дәуірінде енді, Мұхаммедпен (с.а.у.) замандас яһудиліктерді немесе жалпы яһудиліктерді білдіреді. Мединеге дейін яһудилік қасиетті әңгімеге көптеген сілтемелер жасалғанда, негізінен, бәни Исраилдың «Әзірейілдің ұлдары» деген анықтамасы қолданылатын. Құранда яһудилерге деген екі ұшты көзқарас көрініс тапқан. Бір жағынан, олар мұсылмандар сияқты бір Құдайға табыну қағидасын ұстанып, Ибраһимге байланысты болса да, Ислам яһуди ілімі жоғалтып алған, бір Құдайға қатаң табынушылықты тазалап, қалпына келтірғен. Яһудилер ам әл-кітап категориясына - «Жазу адамдарына» жатқызылатын. Меккеде және Мединеде болған кезінің басында Мұхаммед (с.а.у.) яһудилер арасынан серіктестерін және өзінің ісін жалғастырушыларды іздеген болатын, яһудилер Медине халқының едәуір бөлігінде, Солтүстік Араб жерінің көптеген алқаптарында қоныстанған еді. Рухы жағынан жақын адамдар ретінде Құран оларға да бағытталған. Алайда, Меккенің яһудилері Мұхаммедті (с.а.у.) Пайғамбар деп мойындамады, (сенімсіздік білдіріп, келеке етті, содан кейін құрайыштармен одақтасып, ашық түрде қарсыласа бастады. Нәтижесінде хижраның «алғашқы жылдарында мұсылмандар мен яһуди ілімін уағыздаған йасрибтықтар арасында бірқатар қақтығыстар болды. Бұл қақтығыстар қайнұқ, құрайза және нәдір тайпалары мүшелерінің Мединеден қуылуына әкеп соқты, содан кейін яһуди орталықтары Хайбар, Фалаққа, т.б. жорықтар жасалды.

 

Арабтың яһуди қауымдарымен жауласу жағдайы да Құранда көрініс тапқан. Діни тұрғыдан алғанда Мединелік кезеңде Мұхаммед (с.а.у.) Исламды яһуди ілімі мен христиандықтан бөлек жеке дін ретінде сезініп қабылдады, Ислам діні басқа діндердің шығуына ықпал етті.

 

Құранның жалпы діншілдік қағидасы Жақұтты аһл әл-кітап сияқты дінге сенушілер мен дінге сенбеушілер арасындағы аралық қалыпқа қояды. Ибраһим еврейлер мен арабтардың ортақ арғы аталары боп саналған, мұсылман мен яһудилердің құрметтеу қастерлейтін ортақ кейіпкерлері мен қасиетті орындары көп-ақ (мәселен, Иерусалим, әл-Халилдеғі Ибраһимнің мазары). Мұсылмандық құқықтық теорияға сәйкес жақұт аһл-аз-зимма категориясына енеді, бұлар мұсылмандық мемлекеттің қарауындағы адамдар. Жақұттың қауымдары өз жетекшілеріне бағынған. Ал олар жақұт қауымдарының ішкі істеріне араласпайтын мұсылман басқарушыларымен бүкіл қарым-қатынасты жүргізіп отырған.

Орта ғасырларда Мұхаммед (с.а.у.) араб түбегін Исламнан басқа кез-келген діннен тазалауды тапсырыпты-мыс делінсе де, жақұттар мұсылман дүниесіне барлық аудандарында, тіпті Оңтүстік Араб елінде де тату-тәтті өмір сүрген. Мұсылман мемлекеттерінде, әсіресе, VIII - IX ғасырларда Исламды қабылдаған және өзінің дінін сақтаған жақұттар көрнекті әкімшілік басшы орындарда қызмет істеді. Яһудилік саудагерлер ортағасырлық мұсылмандардың экономикалық өмірінде аса үлкен рөл атқарған. Мұсылман елдеріндегі яһудилік қауымдарда ортағасырларда белсенді мәдени қызмет дамытылды. Құдайға сиынатын және филос, мектептер ашылды. Көркем әдебиет пайда бола бастады. Діндері бөлек қауымдардың мәдениеті өздерінің айналасындағы халықтардың мәдениеттерімен араласып, біте қайнасып жатты. Алғашқыда, VIII - IX ғасырларда араб-мұсылман мәдениеті яһудилік қоғамның тарихи көріністерінен, аңыз-сюжеттерінен және Құдайға сиыну идеяларынан нәр алған болатынды. Бірте-бірте кері процесс пайда болды. Мұсылмандық аңыздар, көркем әдебиет, грамм, оқытулар, филос, идеялар яһудилік ортаға ене бастады. Орта ғасырларда араб тілі Таяу Шығыс яһудилерінің тұрмыста қолданатын тілі боп саналған. Еврей әрпімен араб тілінде бірқатар хаттар жазылды, ертегілер мен аңыздар қағазға түсірілді, өзіндік әдебиет қалыптаса бастады. Отаршылдық дәуірле европалық мемлекеттер яһудилік және христиандық қауымдарды мұсылмандық Шығыс елдеріне ену мақсатында пайдалана бастады. ХХ ғасырларда араб елдерінің яһудилік қауымдарында сионистік насихат кеңінен тарай бастады. Бұл көптеген жағдайларда қауымдардың өзара қарым-қатынасының күрт шиеленісуіне әкеп соқты. 1918 жылы Израил мемлекеті құрылғаннан кейін, араб және мұсылман елдеріндегі көптеген яһудилер сол жаққа кешті, сөйтіп Израилдегі халықтың ерекше бөлігін құрады. Шағын яһудилік қауымдар әлі күнге дейін кейбір мұсылман елдерінде, мәселен Мароккода, Иракта, Сирияда бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға