Жаңалықтар

Бақан

БАҚАН - киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндікті көтеріп жабуға пайдаланылатын ұзындау келген ағаш. Басынан ұшына қарай бірте-бірте жіңішкеріп келген, бір ұшы (жоғарғы) екі аша етіп жасалады. Бақанның ашалы жағы басы, үшкіл келген жерге тірелетін жағы аяғы немесе ұшы деп аталады. Ұз. 2-3 құлаш. Жуандығы қос тұтам ағашты шала кептіріп, жұмырлап жонып, тезге салып түзетіп дайындайды. Бақан әдетте майыспайтын, мықты, түзу қайың, тал ағаштан жасалады. Бақан шаңырақты көтеріп тұруға арналған уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Үй ішінің адам қолы жетпейтін тұстарын реттеп, жөндеп отыруға, таңертеңгісін түндікті ашуға, түнге қарай жауып қоюға пайдаланады. Кішкене түрін бақанша деп атайды. ҚР MOM қорында сақталған екі бақанның (КП 16333/127, 128) бірінің ұз. 3,93 см, жуандығы 21 см.; екіншісінің - 3,33 см. х 16 см. Оның бірінің басында ағаштың өз бұтағынан шыққан табиғи ашасы, бірінде темірден жасалып қондырған ашасы бар. Темірден орнатылған V пішінді аша жоғары қаратыла орналастырылған, ашаның бірі екіншісінен сәл ұзын. Әдетте бақан ашаларының салмақ түсер дәл ортасы - бұтақтың ұрысы тегістеле өнделіп, оған ағаштың шайыры жағылады немесе темірмен қапталады. Киіз үйді баспана еткен көшпелі қазақтарда бақанды таңдау мен жасаудың өзіндік дәстүрі бар: оған көп ретте берік, әрі қабығының, жоңқасының иісі ерекше болатын ең таңдаулы ағаш - қайыңды қолайлы көреді. Бақан кейбір өңірлерде талдан жасалса, ағашсыз жерлерде морт сынатын болса да қарағайдан дайындалады. Сондай- ақ тобылғы, қайың, тал, терек сияқты ағаштар да жарай береді Бақан түрлері Қазақта бақан түрлері бірнешеу: аша (бақан) - ат әбзелдерін ілуге және малды жоғары іліп сойғанда пайдаланылады; тіреу бақан немесе белбақан - жел күшті тұрғанда көлденең ағашқа сыптығыр түзу ағаш салып тірейтін бақанның ашалы түрі; адалбақан - киім, қамшы, ат әбзелдерін, кейде тұтқалы ыдыс-аяқ ілетін бұтақтары бар, ағаштан жонып немесе темірден ілгіш салынатын, күміс құймалармен әшекейленетін, көбінесе бұталы арша ағашынан кесіп жасалынатын бақан түрі; желбақан немесе балуан бақан қатты дауылда шаңыраққа тіреуге және үйді тігіп, жыққанда шаңырақ көтеруге ғана қолданылады. Бақанның ең үлкен түрі - қарабақан. Жуантық келген және ұзақ қолданыста болған бақанның бұл үлкен түрін басына шүберек байлап, «ту еткен», киелі санаған. Бақанға қатысты ырымдар және жосын-жоралғылар Бақан киіз үй жабдықтарының ішіндегі ең қадірлі, қасиетті атрибут саналады. Отбасының ырыс-берекесі, құты бақанда тұрақтайды деген наным болған. Сондықтан отбасылық және шаруашылыққа (әсіресе, төрт түлікке) байланысты ғұрыптың шешуші сәттері бақанмен атқарылады. Ертеде бай-манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген екен. Алғаш отау тіккенде және басқа үйлердің шаңырағын, ырым етіп, үлкен үйдің бақанымен көтерген. Байырғы ортада бақан үстінен аттамаған, отқа жақпаған. Ескірген бақанға ақтық байлап, май жағып құз жартасқа апарып тастайды немесе таза жерге қояды. Сиыр ошақ (ауру түрі) болып ауырса, бақанмен түрткен. Бақан әлем ағашы қызметін де атқарады: шаңыраққа бақанды тірегенде жел тұратын бағытқа қарама-қарсы бағытта тірейді; үйдің орнықтылығын, ішкі әсемдігін қамтамасыз ету үшін шаңырақты ұзын сырық - бақанмен тіреген; бір шаңырақты бір ғана бақанмен тірейді. Бақанды үйден сүт тамызып шығарған. «Бақан аттаған байымайды» дейтін қазақтар бақанның үстінен аттамайды, айналып жүреді. Ертедегі түсінік бойынша «баланың кіндігі бұралып қалмау» үшін әйел екіқабат кезінде бақан, арқан аттамау керек. Бақанды жерге көлденеңінен тастауға болмайды; бақанмен кісі ұрмайды. Жаугершілік кезенде ғана бақан қару орнына жүрген. Бақанның (сондай-ақ уықтың қарын бауының шашағы) басқа тиюі - жаман ырым. Мұндай жағдайда адамның періштесі қашады-мыс. Бақанды киіз үйге басымен (ашасымен) кіргізіп, аяғымен шығарады. Түнде бақанды үйден сыртқа шығармайды Көшкенде бақанның айырын қомға (артына) қаратып қыстырады. Баланың бақанды құшақтауына, сүйенуіне, болмайды. Дәстүрлі ортада жетім қалған, сүйеніші жоқ, ата-анасыз бала ғана бақан құшақтайды деп, тыйым жасаған. Босанатын әйел бақанға асылады; жайшылықта бақанға асылған, сүйенген адамға «бақанға сүйенетіндей көзің қарауытып тұр ма?» деп, яғни «босанатын әйелдің күйіне түсесің» деген түсінікпен тыйым айтылады. Үй иесі өлгенде киіз үйге бақанын тіремейді, үйдің сүйеніші құлады ұғымды білдіреді. Отыққан төлді өріске алғаш шығарарда және отарға малды айдарда қой-ешкіні бақанның үстінен секіртеді (амандығын тілеп бір мал сойып таратады). Малдың құрсағының астынан бақан салып көтереді. Әсіресе ірі қара мал туа алмай жатса, бақанды астына өткізіп көтеріп қояды. Ғылымда мұны «Шефер тәсілі» деп атайды Қазақы түсінік бойынша бақанның емдік киелі қасиеті де бар. Ауырған үлкен қойдың екі тірсегін байланыстырып алған соң бақанның басына іліп, жоғары көтеріп екі кісі бақанды бірнеше қайтара ақырындап жерге түймештейтін де, қойды босатып жіберетін; егіз баланың сыңары ауырса, екіншісі ауырмасын деп (көз тисе, қарықса, сырқаттанса) ашa бақанды сау баланың кіндігіне тигізіп, үшкіріп кіндікті айыру, ажырату ем-домын жасайды. Мұны әдетте бақсы атқарды. Бақайқұрт болған қой, сарып болған сиырдың тұяғын бақанмен түртеді. Індет жэне басқа да себептермен шығын тым көп болса, қораның ортасына бақан қойып, малды астынан өткізеді; малды домдағанда, індеттен айықпай қойса, бақанның (бақаннан басқадай сырық, аша, жай ағаш жарамайды) басына шүберек байлап, майлап тұтатады да малды артына ертіп ауруды адастырады; кемтар төл көп туса, қошқардың сауырына, күйегіне бақанды тигізіп «кет, пәлекет кет!» деп қуады. Бөгдеге малый сатқан кезде бас жіп, ноқта, жүгенін шешіп алады да, мал сатқан үйдің бақанын сатылған малдың жал, кұйырығына тигізіп алады. Онысы «мал басы сенде кетсе де, байлық ырысы өзімде талсын» деп ырымдағаны; Отау көтеру кезінде тұз, қайрақ, дәм, шайды дорбаға салып, бақанның кесек ашасына іліп, екінші ашасына бір жапырақ кұйрықмай шаншиды да, жоғары көтеріп, шаңырақтың әр күлдіреуішіне тигізіп алады. Бақанның ашасындағы әлгі бір жапырақ майды кішкене ұл балаға тістетіп алдырады, ал дорбадағы дәнді алып сақтап қояды. Сонымен қатар атауында бақан аты сақталып қалған немесе бақанның өзін тікелей араластырып атқарылатын салт түрлері бар. Отбасы ғұрпында үйленген кезде қалыңдығын көруге келген күйеу (кейде іс құда-құдағилар келгенде) «бақан» жасайды. Ол күйеудің бөгде ортаға кірігу нышанын белгілейтін кәде берумен аяқталады. Кейін күйеу есік аша келгенде қайын жұрт жағының адамдары күйеудің жатқан үйінің түңлігін түргені үшін «Бақан салды» аталатын кәде талап етеді Сырдың бойындағы қазақтарда ертеде барымтаға ұшыраған ауыл ортасына басына қызыл шүберек байланған бақан қадап қою ырымы болған. Бұл осы ауыл малының қолды болғанын білдірген. Үй иесі қайтыс болғанда бақан ашасының үш жеріне қара шүберек жыртындысын байлап, шаңырақтан шығарып, шай қайнатым уақыт көтереді; ұл туса бақанға ақ шүберек яғни ақтық байлап көтереді. Бақанның этномәдени қызметі мен бағзыда атқарған әлеуметтік статусына қарай тілімізде қалыптасқан Бақан ала қуу деген тұрақты тіркесі зәрін төккен, ашуға берілген адамның іс-әрекетін бейнелесе, «әпербақан» деген сөз ұрда-жық, сөзге тоқтамайтын мінезді адамдарға қатысты қолданылады. «Бақан тірес, ит тартыс» бақастық, тым-тырағай айтысу, жұлкысу мағынасында айтылады. Бақаядау қатты ұрып-соғу әрекетін, бақандай сын есімі білдей, дырдай, үлкен деген мағыналарды білдіреді.
05.12.2012 09:06 10428

БАҚАН - киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндікті көтеріп жабуға пайдаланылатын ұзындау келген ағаш.

Басынан ұшына қарай бірте-бірте жіңішкеріп келген, бір ұшы (жоғарғы) екі аша етіп жасалады. Бақанның ашалы жағы басы, үшкіл келген жерге тірелетін жағы аяғы немесе ұшы деп аталады. Ұз. 2-3 құлаш. Жуандығы қос тұтам ағашты шала кептіріп, жұмырлап жонып, тезге салып түзетіп дайындайды. Бақан әдетте майыспайтын, мықты, түзу қайың, тал ағаштан жасалады. Бақан шаңырақты көтеріп тұруға арналған уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Үй ішінің адам қолы жетпейтін тұстарын реттеп, жөндеп отыруға, таңертеңгісін түндікті ашуға, түнге қарай жауып қоюға пайдаланады. Кішкене түрін бақанша деп атайды. ҚР MOM қорында сақталған екі бақанның (КП 16333/127, 128) бірінің ұз. 3,93 см, жуандығы 21 см.; екіншісінің - 3,33 см. х 16 см. Оның бірінің басында ағаштың өз бұтағынан шыққан табиғи ашасы, бірінде темірден жасалып қондырған ашасы бар. Темірден орнатылған V пішінді аша жоғары қаратыла орналастырылған, ашаның бірі екіншісінен сәл ұзын. Әдетте бақан ашаларының салмақ түсер дәл ортасы - бұтақтың ұрысы тегістеле өнделіп, оған ағаштың шайыры жағылады немесе темірмен қапталады.

Киіз үйді баспана еткен көшпелі қазақтарда бақанды таңдау мен жасаудың өзіндік дәстүрі бар: оған көп ретте берік, әрі қабығының, жоңқасының иісі ерекше болатын ең таңдаулы ағаш - қайыңды қолайлы көреді. Бақан кейбір өңірлерде талдан жасалса, ағашсыз жерлерде морт сынатын болса да қарағайдан дайындалады. Сондай- ақ тобылғы, қайың, тал, терек сияқты ағаштар да жарай береді

Бақан түрлері
Қазақта бақан түрлері бірнешеу: аша (бақан) - ат әбзелдерін ілуге және малды жоғары іліп сойғанда пайдаланылады; тіреу бақан немесе белбақан - жел күшті тұрғанда көлденең ағашқа сыптығыр түзу ағаш салып тірейтін бақанның ашалы түрі; адалбақан - киім, қамшы, ат әбзелдерін, кейде тұтқалы ыдыс-аяқ ілетін бұтақтары бар, ағаштан жонып немесе темірден ілгіш салынатын, күміс құймалармен әшекейленетін, көбінесе бұталы арша ағашынан кесіп жасалынатын бақан түрі; желбақан немесе балуан бақан қатты дауылда шаңыраққа тіреуге және үйді тігіп, жыққанда шаңырақ көтеруге ғана қолданылады.
Бақанның ең үлкен түрі - қарабақан. Жуантық келген және ұзақ қолданыста болған бақанның бұл үлкен түрін басына шүберек байлап, «ту еткен», киелі санаған.

Бақанға қатысты ырымдар және жосын-жоралғылар
Бақан киіз үй жабдықтарының ішіндегі ең қадірлі, қасиетті атрибут саналады. Отбасының ырыс-берекесі, құты бақанда тұрақтайды деген наным болған. Сондықтан отбасылық және шаруашылыққа (әсіресе, төрт түлікке) байланысты ғұрыптың шешуші сәттері бақанмен атқарылады. Ертеде бай-манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген екен. Алғаш отау тіккенде және басқа үйлердің шаңырағын, ырым етіп, үлкен үйдің бақанымен көтерген. Байырғы ортада бақан үстінен аттамаған, отқа жақпаған. Ескірген бақанға ақтық байлап, май жағып құз жартасқа апарып тастайды немесе таза жерге қояды. Сиыр ошақ (ауру түрі) болып ауырса, бақанмен түрткен. Бақан әлем ағашы қызметін де атқарады: шаңыраққа бақанды тірегенде жел тұратын бағытқа қарама-қарсы бағытта тірейді; үйдің орнықтылығын, ішкі әсемдігін қамтамасыз ету үшін шаңырақты ұзын сырық - бақанмен тіреген; бір шаңырақты бір ғана бақанмен тірейді. Бақанды үйден сүт тамызып шығарған. «Бақан аттаған байымайды» дейтін қазақтар бақанның үстінен аттамайды, айналып жүреді. Ертедегі түсінік бойынша «баланың кіндігі бұралып қалмау» үшін әйел екіқабат кезінде бақан, арқан аттамау керек. Бақанды жерге көлденеңінен тастауға болмайды; бақанмен кісі ұрмайды. Жаугершілік кезенде ғана бақан қару орнына жүрген. Бақанның (сондай-ақ уықтың қарын бауының шашағы) басқа тиюі - жаман ырым. Мұндай жағдайда адамның періштесі қашады-мыс. Бақанды киіз үйге басымен (ашасымен) кіргізіп, аяғымен шығарады. Түнде бақанды үйден сыртқа шығармайды Көшкенде бақанның айырын қомға (артына) қаратып қыстырады. Баланың бақанды құшақтауына, сүйенуіне, болмайды. Дәстүрлі ортада жетім қалған, сүйеніші жоқ, ата-анасыз бала ғана бақан құшақтайды деп, тыйым жасаған. Босанатын әйел бақанға асылады; жайшылықта бақанға асылған, сүйенген адамға «бақанға сүйенетіндей көзің қарауытып тұр ма?» деп, яғни «босанатын әйелдің күйіне түсесің» деген түсінікпен тыйым айтылады. Үй иесі өлгенде киіз үйге бақанын тіремейді, үйдің сүйеніші құлады ұғымды білдіреді. Отыққан төлді өріске алғаш шығарарда және отарға малды айдарда қой-ешкіні бақанның үстінен секіртеді (амандығын тілеп бір мал сойып таратады). Малдың құрсағының астынан бақан салып көтереді. Әсіресе ірі қара мал туа алмай жатса, бақанды астына өткізіп көтеріп қояды. Ғылымда мұны «Шефер тәсілі» деп атайды

Қазақы түсінік бойынша бақанның емдік киелі қасиеті де бар. Ауырған үлкен қойдың екі тірсегін байланыстырып алған соң бақанның басына іліп, жоғары көтеріп екі кісі бақанды бірнеше қайтара ақырындап жерге түймештейтін де, қойды босатып жіберетін; егіз баланың сыңары ауырса, екіншісі ауырмасын деп (көз тисе, қарықса, сырқаттанса) ашa бақанды сау баланың кіндігіне тигізіп, үшкіріп кіндікті айыру, ажырату ем-домын жасайды. Мұны әдетте бақсы атқарды. Бақайқұрт болған қой, сарып болған сиырдың тұяғын бақанмен түртеді. Індет жэне басқа да себептермен шығын тым көп болса, қораның ортасына бақан қойып, малды астынан өткізеді; малды домдағанда, індеттен айықпай қойса, бақанның (бақаннан басқадай сырық, аша, жай ағаш жарамайды) басына шүберек байлап, майлап тұтатады да малды артына ертіп ауруды адастырады; кемтар төл көп туса, қошқардың сауырына, күйегіне бақанды тигізіп «кет, пәлекет кет!» деп қуады.

Бөгдеге малый сатқан кезде бас жіп, ноқта, жүгенін шешіп алады да, мал сатқан үйдің бақанын сатылған малдың жал, кұйырығына тигізіп алады. Онысы «мал басы сенде кетсе де, байлық ырысы өзімде талсын» деп ырымдағаны; Отау көтеру кезінде тұз, қайрақ, дәм, шайды дорбаға салып, бақанның кесек ашасына іліп, екінші ашасына бір жапырақ кұйрықмай шаншиды да, жоғары көтеріп, шаңырақтың әр күлдіреуішіне тигізіп алады. Бақанның ашасындағы әлгі бір жапырақ майды кішкене ұл балаға тістетіп алдырады, ал дорбадағы дәнді алып сақтап қояды. Сонымен қатар атауында бақан аты сақталып қалған немесе бақанның өзін тікелей араластырып атқарылатын салт түрлері бар. Отбасы ғұрпында үйленген кезде қалыңдығын көруге келген күйеу (кейде іс құда-құдағилар келгенде) «бақан» жасайды. Ол күйеудің бөгде ортаға кірігу нышанын белгілейтін кәде берумен аяқталады. Кейін күйеу есік аша келгенде қайын жұрт жағының адамдары күйеудің жатқан үйінің түңлігін түргені үшін «Бақан салды» аталатын кәде талап етеді
Сырдың бойындағы қазақтарда ертеде барымтаға ұшыраған ауыл ортасына басына қызыл шүберек байланған бақан қадап қою ырымы болған. Бұл осы ауыл малының қолды болғанын білдірген. Үй иесі қайтыс болғанда бақан ашасының үш жеріне қара шүберек жыртындысын байлап, шаңырақтан шығарып, шай қайнатым уақыт көтереді; ұл туса бақанға ақ шүберек яғни ақтық байлап көтереді.
Бақанның этномәдени қызметі мен бағзыда атқарған әлеуметтік статусына қарай тілімізде қалыптасқан Бақан ала қуу деген тұрақты тіркесі зәрін төккен, ашуға берілген адамның іс-әрекетін бейнелесе, «әпербақан» деген сөз ұрда-жық, сөзге тоқтамайтын мінезді адамдарға қатысты қолданылады. «Бақан тірес, ит тартыс» бақастық, тым-тырағай айтысу, жұлкысу мағынасында айтылады. Бақаядау қатты ұрып-соғу әрекетін, бақандай сын есімі білдей, дырдай, үлкен деген мағыналарды білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға