Жаңалықтар

Янсо Тегін

ЯНСО ТЕГІН, Янг Саух тегін, Савэ, Шири-Кишвар (т. ж. б. – 589 ж.) – қолбасшы, Түрік қағандығының билеушісі Қара Шор Түріктің кіші ұлы. Парсы деректерінде Савэ, Шири-Кишвар деген есімдермен белгілі. Түрік қағандығындағы билік үшін болған соғыстарда әкесіне көмектесті. Бұхара аймағына билік жүргізген Абруй қағанның озбырлығына қарсы жергілікті халық көтеріліс жасады. Көтерілісшілерге көмекке Қара Шор Түрік өз ұлы Я. т-ді әскерімен аттандырды. Я. т. Абруй қағанды талқандап, өзін қолға түсірді. Көтерілісшілердің келісімімен Абруйдың орнына Я. т. таққа отырды. 589 ж. Я. т-ді әкесі Иранға қарсы жорыққа аттандырды. Түркілердің шабуылы 589 ж. тамызда басталды. Табаридің мәліметтері бойынша Я. т-нің әскерінде 300 мыңдай (Фирдоуси бойынша – 400 мыңдай) жауынгер мен әскери пілдер болған. Шекарадағы 70 мыңдық Иран әскерлері жеңіліске ұшырап, елдің ішіне қарай шегінді. Түркілерге Хорасан, Талекан мен ежелгі Бактрияға жол ашылды. Иран шахиншахы Хормизд Савэ шахқа (Я. т-ге) қарсы Армения мен Әзербайжанның билеушісі (марзбаны) Бахрамды аттандырды. Ол тәжірибелі (жастары 40 пен 50-дің арасындағы) 12 мың садақшы жауынгерлерді ғана талап етті. Сондай-ақ Иран билеушісі Я. т-ге ақыл-айласы мол, тәжірибелі мәмілегер Хуррад Бурзинді жіберді. Оған Я. т-нің сеніміне кіру, түркі әскерінің шабуыл бағытын өзгерту, сөйтіп оларды көп әскердің қимылына қолайсыз Герат жазығына алып шығу тапсырылды. Бәрі ойдағыдай болса, Бахрам Чубин өзінің арнайы әскери жоспарын іскер асыруға тиіс болды. Оқиғалардың бұдан кейінгі барысы ирандықтар ойластырғандай болып, түркілер шабуыл бағытын өзгертті. Хуррад Бурзин Иран әскеріне жақындаған кезде Я. т-нен қашып кетті. Түркі әскері қақпанға түсіп, азық-түліксіз, өздерінің тылынан алыста қалып қойды. Осыны пайдаланған Бахрам түркі әскерлеріне қарсы шабуылын бастады. Түркі әскерлері қатты қарсылық көрсеткенімен, шешуші сәтте шегінуге мәжбүр болып, тар тау шатқалына қамалды. Бұл шайқаста әрбір он түркі жауынгерінің тек біреуінің ғана аман қалғаны тарихи деректерде келтірілген. Өкшелей қуу кезінде Я. т-ді Бахрам Чубин өз қолымен өлтірді. Түркі әскерінің қалдығын ұйымдастырып, қарсылық жасамақ болған Я. т-нің ұлы Пармуданың (Нили хан деген атпен белгілі) әрекеті де нәтижесіз аяқталды. Түркілер Пайкендке кері шегініп кетті. Әдеб.: Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1993. С. Сыздықов  
05.12.2012 09:02 3041

ЯНСО ТЕГІН, Янг Саух тегін, Савэ, Шири-Кишвар (т. ж. б. – 589 ж.) – қолбасшы, Түрік қағандығының билеушісі Қара Шор Түріктің кіші ұлы. Парсы деректерінде Савэ, Шири-Кишвар деген есімдермен белгілі. Түрік қағандығындағы билік үшін болған соғыстарда әкесіне көмектесті. Бұхара аймағына билік жүргізген Абруй қағанның озбырлығына қарсы жергілікті халық көтеріліс жасады. Көтерілісшілерге көмекке Қара Шор Түрік өз ұлы Я. т-ді әскерімен аттандырды. Я. т. Абруй қағанды талқандап, өзін қолға түсірді. Көтерілісшілердің келісімімен Абруйдың орнына Я. т. таққа отырды. 589 ж. Я. т-ді әкесі Иранға қарсы жорыққа аттандырды. Түркілердің шабуылы 589 ж. тамызда басталды. Табаридің мәліметтері бойынша Я. т-нің әскерінде 300 мыңдай (Фирдоуси бойынша – 400 мыңдай) жауынгер мен әскери пілдер болған. Шекарадағы 70 мыңдық Иран әскерлері жеңіліске ұшырап, елдің ішіне қарай шегінді. Түркілерге Хорасан, Талекан мен ежелгі Бактрияға жол ашылды. Иран шахиншахы Хормизд Савэ шахқа (Я. т-ге) қарсы Армения мен Әзербайжанның билеушісі (марзбаны) Бахрамды аттандырды. Ол тәжірибелі (жастары 40 пен 50-дің арасындағы) 12 мың садақшы жауынгерлерді ғана талап етті. Сондай-ақ Иран билеушісі Я. т-ге ақыл-айласы мол, тәжірибелі мәмілегер Хуррад Бурзинді жіберді. Оған Я. т-нің сеніміне кіру, түркі әскерінің шабуыл бағытын өзгерту, сөйтіп оларды көп әскердің қимылына қолайсыз Герат жазығына алып шығу тапсырылды. Бәрі ойдағыдай болса, Бахрам Чубин өзінің арнайы әскери жоспарын іскер асыруға тиіс болды. Оқиғалардың бұдан кейінгі барысы ирандықтар ойластырғандай болып, түркілер шабуыл бағытын өзгертті. Хуррад Бурзин Иран әскеріне жақындаған кезде Я. т-нен қашып кетті. Түркі әскері қақпанға түсіп, азық-түліксіз, өздерінің тылынан алыста қалып қойды. Осыны пайдаланған Бахрам түркі әскерлеріне қарсы шабуылын бастады. Түркі әскерлері қатты қарсылық көрсеткенімен, шешуші сәтте шегінуге мәжбүр болып, тар тау шатқалына қамалды. Бұл шайқаста әрбір он түркі жауынгерінің тек біреуінің ғана аман қалғаны тарихи деректерде келтірілген. Өкшелей қуу кезінде Я. т-ді Бахрам Чубин өз қолымен өлтірді. Түркі әскерінің қалдығын ұйымдастырып, қарсылық жасамақ болған Я. т-нің ұлы Пармуданың (Нили хан деген атпен белгілі) әрекеті де нәтижесіз аяқталды. Түркілер Пайкендке кері шегініп кетті.

Әдеб.: Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1993.

С. Сыздықов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға