Жаңалықтар

Хан

Хан — лауазым. Түркі-моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік иесі. Зерттеушілер Хан сөзі семантикалық-тілдік реңкі өзгерген көне түркілердің “қаған” терминінен қалыптасқан деп есептейді. Жазба дерек көздеріОрталық Азия халықтары Хан терминін Түрік қағандығы ыдырағаннан кейінгі кезеңнен қолдана бастағандығын растайды. Мысалы: Иран мен Ауғанстан көшпелі халықтары тайпа көсемдерін Хан деп атады. Сефеви әулеті тұсындағы Иранда Хан аймақ билеушісі, ал салжұқтар мен хорезмшахтар кезінде князьдік лауазым мағынасын берген. Османсұлтандығында Хан сұлтан лауазымы болды. Қазақ жерінде Қарахан мемлекетінің билеушілері Хан атанды. Кейін қыпшақ, найман, керей, тағы басқалар ұлыстық мемлекеттерді Хандар басқарды. Кез келген адам Хан сайлана алмайтын. Кезінде Шыңғыс хан (1189, 1206 жылдар сайланған) ел тізгінін ұстау үшін әкесі Есукей баһадұр моңғолдардың соңғы қағандарының бірі Хутул (Құтұл) қағанның туысы деген аңыз тараттырды. Нәтижесінде көпшіліктің қолдауымен Хан сайланды. Көрші елдерге жойқын шабуылдар жасап, әлемдік империя құрды да, Хандық билікті өз ұрпақтарына ғана мұра етіп қалдырды. 13 — 14 ғасырлардағы ұлыстарды, Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ыдыраған моңғол империясының орнына келген көптеген мемлекеттерді оның ұрпақтары басқарып, Хан болды. Жаңадан сайланған Хан ең алдымен өзін билік басына көтерген ақсүйектердің мүддесін көздеуі тиіс болды. Оның мемлекеттік ин-ттарды нығайтып, жеке-дара үстемдік құруына жергілікті ақсүйектер қай кезде де мүдделі болған емес. Соған қарамастан көптеген Хандар үнемі өз үстемдігін нығайтуға тырысып отырды. Тарихи жазба дерек көздері жаңадан сайланатын Ханға ақсүйектер өз талаптарын қоя білгендігін айғақтайды. Мысалы: Шыңғыс хан империясында елшілік сапармен болып қайтқан П.Карпинидің деректерін өңдеген Симон Сен-Кентиннің жазғандарына қарағанда, тақта отырған үміткердің алдына ханзадалар қылыштарын қойып, оған “Сенің бізге әмір етуіңді біз қалаймыз, өтінеміз әрі бұйырамыз” деген. Содан кейін болашақ Хан олардан айтқандарын орындаса, өзіне адал қызмет етуге дайын екендіктерін сұраған. Қатысып отырғандар келісетіндерін, әрқашан дайын екендіктерін мәлімдеген. Сонда үміткер “Менің бұйрығым қылыш болады” дейді. Онымен барлығы келіскен. Содан кейін үміткерді ақ киізге отырғызып: “Жоғары қара да құ-дайды таны, ал төмен қарасаң өзің отырған киізді көресің. Егер сен өз патшалығыңды жақсы басқарып, жомарт әрі әділ болсаң және әрбір төрені өз деңгейінде сыйласаң, онда даңқты патшалық құрасың…” деген. Яғни, ақсүйектер Х-ның билігін белгілі бір дәрежеде үнемі шектеуге ұмтылды. Хан көтерурәсімі аяқталғаннан кейін, жаңа билеуші өз міндеттеріне кіріскен. Түрік-моңғол ұлыстарындағы Хан мемлекеттегі ең жоғарғы билік иесі болды. Хан билігі қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті қамтамасыз етті. Ортағасырлық дерек көздерінде Хан қол астындағы бұқара халық үшін еңбек етуі, ал қарапайым халық оның билігін мойындауы және бұйрықтарын орындауы тиіс екендіктері жазылған. Озық ойлы адамдар мемлекет басқарушыға қойылатын негізгі талаптарды айтып отырған (мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулат). Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін Белгілі шығыстанушы Т.Сұлтанов өз еңбектерінде Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін былайша көрсетеді: 1.    Билік етіп отырған әулет басшысы және мемлекеттегі жоғарғы сюзерен ретінде елдегі барлық аумаққа, ұлысқа тиесілі жерге иелік етті, қарулы жасақпен оны сыртқы жаулардан қорғады. 2.    Соғыс жариялау мен бітімге келуге құқылы болды, себебі ол әскер басшысы еді. 3.    Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттің сыртқы саясатын айқындап отырды. 4.    Өзіне бағынышты адамды өлтіруге немесе тірі қалдыруға құқылы болды, яғни ол мемлекетіндегі Жоғарғы Сот қызметін де атқарды. 5.    Заң шығару құқы болды және қол астындағылардың барлығына міндетті бұйрықтар шығарды. Сөйтіп, қоғамдық құрылым мен тәртіпті сақтады. Бөлігі Ортағасырлық дерек көздерінде Ханның кейбір кездері ғана шексіз билікке ие болғандығы айтылады. Кейде олар әулеттің басқа мүшесімен билігін бөлісіп отырды. Өз билігінің қандай дәрежеде болуы ең алдымен Ханның жеке басындағы қасиеттеріне тікелей байланысты еді. Дерек көздерінде билеушілер екі топқа бөлінеді: біріншілері — үлгілі, атақ-даңқымен еліне елеулі болғандар (Хайду, Мұхаммед Шайбани, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан); екіншілер — ел басқаруға қабілетсіз билеушілер (Темір Мәлік хан, Әзиз хан, Таһир хан, Болат хан). Соңғыларының билік құруы ұзаққа созылмаған. Оларды билікке жақын орта тақтан тайдырып, орнына басқа ханзаданы Хан көтеріп отырды. Елді басқаруда Хан өзі тағайындаған адамдардың көмегіне сүйенді. Мемлекеттегі белді қайраткерлермен санасып отырды. КөбінеХанды белгілі бір ру не тайпа өкілдері қолдап, сүйеу көрсетті, оның мемлекеттегі негізгі тірегі болды. Мысалы: Моғолстан мемлекетінің Хандары дулат тайпасының әмірлеріне сүйенді, Хан оларды ұлысбегі етіп тағайындады. Тіпті кімнің Хан болатындығын да солар алдын ала шешіп отырды. Ханға бектер, билер өз ақыл-кеңестерін беріп қана қоймай, жүргізетін саясатына өз ықпалдарын тигізді. Егер Ханның жүргізген саясаты белгілі бір руды не тайпаны қанағаттандырмаса, олардың басқа елдерге көшіп кетуі, қоныс аударуы көшпелі қоғамдағы негізгі наразылықтың бірі болды. Көбіне Хан жарлығы мүлтіксіз орындалды. Ол өзіне тиесілі аймақтардан, ұлыстан әскер жинатты, тәуелді елдерден алым-салық алып тұрды. Еңбегі сіңген адамдарға иелік жерлер бөліп берді, ру, тайпа араларындағы қақтығыстарды реттеді. Хан мемлекеттің саяси-экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарды. Алым-салық ин-ттарын қадағалады, ақша реформасын жүргізді (Кебек хан). Салтанатты жиындарда тақта отырды. Егер Хан беделді тұлға болса, оның билігі шексіз болды. Ал ол шектен тыс шығып кетсе онда оған Жасақ заңы, тағы басқа дәстүрлі құқықтық ережелердің талаптары ескертіліп, билігі шектелді. Кейде Хан лауазымын бірнеше адам иемденді. Сондықтан да деректерде ұлы Хан, кіші Хан сынды лауазымдар кездесіп тұрады. Шынғыс Хан ұрпағымен байланысы Дәстүрлі көшпелі түркі-моңғол қоғамында Хан болып Шыңғыс хан ұрпақтары ғана сайланды. Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін Хан деп атай алмай, көбіне әмір (Ақсақ Темір), би, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығыШыңғыс хан әулетінен тағайындалды. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Мемлекетті басқаруда Хан шексіз билікке ұмтылғанымен, ру-тайпа билеушілерімен санасуға мәжбүр болды. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына сүйенген жергілікті билік иелері — билер мен батырлар Хан билігін белгілі бір дәрежеде шектеп, өздерінің әлеуметтік-саяси мәртебесін нығайтуға тырысты. Ханға тура сөйлеп, кемшіліктерін бетке айтқан ақын-жырауларды, билерді халық әрдайым дәріптеген (Би, Жырау). Ақыл-парасатымен танылған Хандарды данагөйлер оның ізбасарларына үлгі тұтты. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды. Ол ең алдымен билер ин-тына арқа сүйеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елдік тұтастық осы билік жүйелерінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Қазақ жерін Ресей империясы отарлағаннан кейін, құқықтық-әкімш. реформалар жүргізіп, саяси құрылымды өзгертті. 1822 — 1824жылғы реформадан соң Ханның билік жүйесі күйреді. Дегенмен, хандық қазақ халқының негізгі билік жүйесі болғандықтан патшалық үкіметтің отаршылдық саясатына, кеңестік озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер туындағанда, көтерілісшілердің ең алдымен Хан сайлап, сардарбек тағайындап отыруы 20 ғасырдың 1930-жылдарына дейін сақталды.  
05.12.2012 09:00 4584

Хан — лауазым. Түркі-моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік иесі. Зерттеушілер Хан сөзі семантикалық-тілдік реңкі өзгерген көне түркілердің “қаған” терминінен қалыптасқан деп есептейді. Жазба дерек көздеріОрталық Азия халықтары Хан терминін Түрік қағандығы ыдырағаннан кейінгі кезеңнен қолдана бастағандығын растайды.
Мысалы: Иран мен Ауғанстан көшпелі халықтары тайпа көсемдерін Хан деп атады. Сефеви әулеті тұсындағы Иранда Хан аймақ билеушісі, ал салжұқтар мен хорезмшахтар кезінде князьдік лауазым мағынасын берген. Османсұлтандығында Хан сұлтан лауазымы болды. Қазақ жерінде Қарахан мемлекетінің билеушілері Хан атанды. Кейін қыпшақ, найман, керей, тағы басқалар ұлыстық мемлекеттерді Хандар басқарды. Кез келген адам Хан сайлана алмайтын.

Кезінде Шыңғыс хан (1189, 1206 жылдар сайланған) ел тізгінін ұстау үшін әкесі Есукей баһадұр моңғолдардың соңғы қағандарының бірі Хутул (Құтұл) қағанның туысы деген аңыз тараттырды. Нәтижесінде көпшіліктің қолдауымен Хан сайланды. Көрші елдерге жойқын шабуылдар жасап, әлемдік империя құрды да, Хандық билікті өз ұрпақтарына ғана мұра етіп қалдырды. 13 — 14 ғасырлардағы ұлыстарды, Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ыдыраған моңғол империясының орнына келген көптеген мемлекеттерді оның ұрпақтары басқарып, Хан болды. Жаңадан сайланған Хан ең алдымен өзін билік басына көтерген ақсүйектердің мүддесін көздеуі тиіс болды. Оның мемлекеттік ин-ттарды нығайтып, жеке-дара үстемдік құруына жергілікті ақсүйектер қай кезде де мүдделі болған емес. Соған қарамастан көптеген Хандар үнемі өз үстемдігін нығайтуға тырысып отырды. Тарихи жазба дерек көздері жаңадан сайланатын Ханға ақсүйектер өз талаптарын қоя білгендігін айғақтайды.

Мысалы: Шыңғыс хан империясында елшілік сапармен болып қайтқан П.Карпинидің деректерін өңдеген Симон Сен-Кентиннің жазғандарына қарағанда, тақта отырған үміткердің алдына ханзадалар қылыштарын қойып, оған “Сенің бізге әмір етуіңді біз қалаймыз, өтінеміз әрі бұйырамыз” деген. Содан кейін болашақ Хан олардан айтқандарын орындаса, өзіне адал қызмет етуге дайын екендіктерін сұраған. Қатысып отырғандар келісетіндерін, әрқашан дайын екендіктерін мәлімдеген. Сонда үміткер “Менің бұйрығым қылыш болады” дейді. Онымен барлығы келіскен. Содан кейін үміткерді ақ киізге отырғызып: “Жоғары қара да құ-дайды таны, ал төмен қарасаң өзің отырған киізді көресің. Егер сен өз патшалығыңды жақсы басқарып, жомарт әрі әділ болсаң және әрбір төрені өз деңгейінде сыйласаң, онда даңқты патшалық құрасың…” деген. Яғни, ақсүйектер Х-ның билігін белгілі бір дәрежеде үнемі шектеуге ұмтылды. Хан көтерурәсімі аяқталғаннан кейін, жаңа билеуші өз міндеттеріне кіріскен.

Түрік-моңғол ұлыстарындағы Хан мемлекеттегі ең жоғарғы билік иесі болды. Хан билігі қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті қамтамасыз етті. Ортағасырлық дерек көздерінде Хан қол астындағы бұқара халық үшін еңбек етуі, ал қарапайым халық оның билігін мойындауы және бұйрықтарын орындауы тиіс екендіктері жазылған. Озық ойлы адамдар мемлекет басқарушыға қойылатын негізгі талаптарды айтып отырған (мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулат).
Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін

Белгілі шығыстанушы Т.Сұлтанов өз еңбектерінде Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін былайша көрсетеді:

1.    Билік етіп отырған әулет басшысы және мемлекеттегі жоғарғы сюзерен ретінде елдегі барлық аумаққа, ұлысқа тиесілі жерге иелік етті, қарулы жасақпен оны сыртқы жаулардан қорғады.
2.    Соғыс жариялау мен бітімге келуге құқылы болды, себебі ол әскер басшысы еді.
3.    Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттің сыртқы саясатын айқындап отырды.
4.    Өзіне бағынышты адамды өлтіруге немесе тірі қалдыруға құқылы болды, яғни ол мемлекетіндегі Жоғарғы Сот қызметін де атқарды.
5.    Заң шығару құқы болды және қол астындағылардың барлығына міндетті бұйрықтар шығарды. Сөйтіп, қоғамдық құрылым мен тәртіпті сақтады.

Бөлігі

Ортағасырлық дерек көздерінде Ханның кейбір кездері ғана шексіз билікке ие болғандығы айтылады. Кейде олар әулеттің басқа мүшесімен билігін бөлісіп отырды. Өз билігінің қандай дәрежеде болуы ең алдымен Ханның жеке басындағы қасиеттеріне тікелей байланысты еді. Дерек көздерінде билеушілер екі топқа бөлінеді: біріншілері — үлгілі, атақ-даңқымен еліне елеулі болғандар (Хайду, Мұхаммед Шайбани, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан); екіншілер — ел басқаруға қабілетсіз билеушілер (Темір Мәлік хан, Әзиз хан, Таһир хан, Болат хан). Соңғыларының билік құруы ұзаққа созылмаған. Оларды билікке жақын орта тақтан тайдырып, орнына басқа ханзаданы Хан көтеріп отырды. Елді басқаруда Хан өзі тағайындаған адамдардың көмегіне сүйенді. Мемлекеттегі белді қайраткерлермен санасып отырды. КөбінеХанды белгілі бір ру не тайпа өкілдері қолдап, сүйеу көрсетті, оның мемлекеттегі негізгі тірегі болды.

Мысалы: Моғолстан мемлекетінің Хандары дулат тайпасының әмірлеріне сүйенді, Хан оларды ұлысбегі етіп тағайындады. Тіпті кімнің Хан болатындығын да солар алдын ала шешіп отырды. Ханға бектер, билер өз ақыл-кеңестерін беріп қана қоймай, жүргізетін саясатына өз ықпалдарын тигізді. Егер Ханның жүргізген саясаты белгілі бір руды не тайпаны қанағаттандырмаса, олардың басқа елдерге көшіп кетуі, қоныс аударуы көшпелі қоғамдағы негізгі наразылықтың бірі болды. Көбіне Хан жарлығы мүлтіксіз орындалды. Ол өзіне тиесілі аймақтардан, ұлыстан әскер жинатты, тәуелді елдерден алым-салық алып тұрды. Еңбегі сіңген адамдарға иелік жерлер бөліп берді, ру, тайпа араларындағы қақтығыстарды реттеді. Хан мемлекеттің саяси-экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарды. Алым-салық ин-ттарын қадағалады, ақша реформасын жүргізді (Кебек хан). Салтанатты жиындарда тақта отырды. Егер Хан беделді тұлға болса, оның билігі шексіз болды. Ал ол шектен тыс шығып кетсе онда оған Жасақ заңы, тағы басқа дәстүрлі құқықтық ережелердің талаптары ескертіліп, билігі шектелді. Кейде Хан лауазымын бірнеше адам иемденді. Сондықтан да деректерде ұлы Хан, кіші Хан сынды лауазымдар кездесіп тұрады.

Шынғыс Хан ұрпағымен байланысы

Дәстүрлі көшпелі түркі-моңғол қоғамында Хан болып Шыңғыс хан ұрпақтары ғана сайланды. Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін Хан деп атай алмай, көбіне әмір (Ақсақ Темір), би, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығыШыңғыс хан әулетінен тағайындалды. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Мемлекетті басқаруда Хан шексіз билікке ұмтылғанымен, ру-тайпа билеушілерімен санасуға мәжбүр болды. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына сүйенген жергілікті билік иелері — билер мен батырлар Хан билігін белгілі бір дәрежеде шектеп, өздерінің әлеуметтік-саяси мәртебесін нығайтуға тырысты. Ханға тура сөйлеп, кемшіліктерін бетке айтқан ақын-жырауларды, билерді халық әрдайым дәріптеген (Би, Жырау). Ақыл-парасатымен танылған Хандарды данагөйлер оның ізбасарларына үлгі тұтты. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды. Ол ең алдымен билер ин-тына арқа сүйеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елдік тұтастық осы билік жүйелерінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Қазақ жерін Ресей империясы отарлағаннан кейін, құқықтық-әкімш. реформалар жүргізіп, саяси құрылымды өзгертті. 1822 — 1824жылғы реформадан соң Ханның билік жүйесі күйреді. Дегенмен, хандық қазақ халқының негізгі билік жүйесі болғандықтан патшалық үкіметтің отаршылдық саясатына, кеңестік озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер туындағанда, көтерілісшілердің ең алдымен Хан сайлап, сардарбек тағайындап отыруы 20 ғасырдың 1930-жылдарына дейін сақталды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға