Жаңалықтар

ҚАЗАҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ, Ы.Алтынсарин атынд. – республикалық ғыл.-пед. және ғыл.-әдістемелік мекеме. 1998 ж. 24 наурызда құрылған. 20 ғ-дың 30-жылдарының басында «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» туралы Заң қабылданып, Қазақстан мектептерінде пәндік оқу жүйесіне көшу басталды. Оқу бағдарламаларын жасау үшін білім беру, тәрбие мәселелерін жетілдіру ісімен айналысатын арнайы ғыл.-әдістемелік орт. Қажет болды. Сөйтіп, 1933 ж. қаңтарда Респ. Халық ағарту комиссариаты жанынан Пед. ғыл.-зерт. ин-ты құрылды. Алғаш оның құрамында не бары 3 сектор (бағдарламалық-әдістемелік, пед., политех.) болды. Арнайы бағдарламалар жасалып, қазақ тілінде оқулықтар жазу ісіне Ш.Әлжанов, І.Кеңесбаев, С.Балаубаев, І.Жансүгіров, М.Әуезов, М.Қалыбаев, С.Аспандияров, т.б. ат салысты. Оқулықтармен бірге әдістемелік құралдар даярлау ісі қатар жүргізілді. 1938 жылдың аяғында ин-т Мектептер ин-ты болып өзгерді. Ин-тта Е.Бекмаханов, С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Р.Лемберг, Н.Сауранбаев сияқты белгілі ғалымдар еңбек етті. Халық ағарту комиссариаты мен ин-т ғалымдарының белсене араласуымен 1940 жылға дейінгі 5–6 жыл ішінде ұлт мектептері төл және аударма оқулықтар кешенімен толық қамтамасыз етілді. Жиенбаевтың «Орыс мектептерінің 6–8-сыныптарына арналған қазақ тілі» (1932–37), Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» («Синтаксис», 1938), Е.Кротевичтің орыс тіліндегі оқу кітабы (2-сынып), А.Воскресенская мен Л.Головородконың «Орыс тілі» (4-сынып), т.б. оқулықтар жарық көрді. Ин-т жанынан КСРО Конституциясы, география, физика, математика, жаратылыстану, химия, ән-күй, сурет, дене шынықтыру секторлары ашылды. 50-жылдары ин-т сегіз жылдық және жалпы білім беретін политех. орта мектептердің жаңа оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын даярлау ісімен айналысты. 20 ғ-дың 50–60-жылдары Бекмахановтың басшылығымен орта мектептің 8–10-сыныптарына арналған Қазақстан тарихының оқу құралы жазылды. 1950 жылдың соңында ин-т Пед. ғылымдары ғыл.-зерт. ин-ты болып аталды. Ы.Алтынсариннің туғанына 125 жыл толуы құрметіне ин-тқа оның есімі берілді (1966). 1992 ж. Алтынсарин атынд. Пед. ғылымдары ғыл.-зерт. ин-ты мен КСРО Пед. ҒА-ның Пед. ғыл.-зерт. ин-тының Қазақ бөлімшесі қосылып, Қазақтың білім мәселелері ин-ты болып, кейіннен қазіргі атауымен аталды. Қазір Алтынсарин атынд. Қ. б. а. құрамында Мектеп және мектепке дейінгі білім ин-ты, Жоғары білім ин-ты, Кәсіптік білім ин-ты бар. 12 жылдық оқу жүйесіне көшу мәселелері, оқулықтар мен оқу кешендерін сараптау және болжам жасау, жаңашыл сараптама орт-тары жұмыс істейді.
05.12.2012 08:59 4808

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға