Жаңалықтар

Жағымпаздың соңғы қатесі

  Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл және өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі. Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен. Күндердің күнінде басқарушының жанына жағымпаз және өзімшіл бір көмекші тағайындалыпты. Бірақ ол қала халқына мүлде жақсы қарамапты. Көңілінен шыққанға көмектесіп, көңілі қаламағанға көмектеспепті. Әрі ұнатпаған адамдарын басқарушыға жамандайды екен. Уақыт өте келе қала тұрғындары оған ренішін білдіре бастапты. Халықтың басқарушыға деген көзқарасы да бұрынғыдай емес, өзгере бастапты. Халықтың бұл наразылығы падишахтың да құлағына жетіпті. Падишах басқарушыны сол күнге дейін ешқашан көрмеген, бірақ жасаған істеріне қарай оны ұнатады екен. Сондықтан оны өз көзімен көрмей, сұрастырмай қызметінен шығарғысы келмепті. Бір күні үстіндегі киімін ауыстырып, ақкөңіл басқарушының тұрып жатқан қаласына барыпты. Қонақүйде оны алдымен басқарушының жағымпаз көмекшісі қарсы алыпты. Үстіндегі киімін ауыстырған падишахты танымай, одан не қалайтынын ашуланып сұрапты. Падишах оған: – Өте маңызды бір іс үшін ауыл ағасымен кездескім келеді, - деп жауап беріпті. Көмекші: – Басқарушының құзырына келуге қалай ғана сенің батылың барады. Жылдам кет, бұл жерден - деп айқай салыпты. Падишах: – Менің өте бір маңызды ісім бар. Міндетті түрде оны көруім керек, - деп аузын ашып жиғанша, жағымпаз қызметшілерді шақырып, падишахты қуып жібермекші болыпты. Сол кезде күңгірлеген дауысты естіген басқарушы не болып жатқанын сұрапты. Падишах: – Құрметті басқарушы, сізбен көріскім келіп еді. Көмекшіңіз рұқсат бермеді, - депті. Басқарушы да падишахты танымайды екен, бірақ «Келіңіз, келіңіз» деп күлімсіреп жылы шырай танытып сәлемдесіпті. Сөзін өткізе алмаған көмекші бірден араға түсіп, басқарушыға: «Қымбатты басқарушым, мен бұл адамды жақсы танимын. Суайттың біреуі. Абайлаңыз онымен кездессеңіз басыңызға бәле келеді» - деп, падишахты кездеспеуге көндіріпті. Сосын оған: – Басқарушының бір жұмысы бар. Сенімен кездеспейді, - депті. Падишах сарайына ренжіп қайтыпты. Сол күні хабар жіберіп, басқарушы мен көмекшісін сарайға алдырыпты. Екеуі де падишахтың құзырына келіпті. Падишахтың алдында көмекшінің жерге иілгені соншалық, падишах біразға дейін оның жүзін көре алмапты. Бірақ басқарушы табалдырықтан аттай сала, падишахты танып, жүгіріп барып оның қолын сүйіп, кешірім сұрапты. Жағымпаз сол кезде ғана падишахтың бетіне қарап, істеген қателігін түсініп, падишахтың аяғына жығылып, кешіруін өтініпті. Бірақ падишах жағымпазды кешірмей, жұмыстан қуып жіберіпті. Ақкөңіл басқарушыға басқаның ығымен кетпей, өз көңілінің қалауынша әрекет етуін және шешім қабылдайтын кезде бірнеше кісінің ойын біліп, соған қарай шешім қабылдау керектігі жөнінде кеңес беріпті. Басқарушы падишахтың кеңестерін сол күннен бастап жүзеге асырып, қайтадан қала халқының сенімінен шығыпты.  
05.12.2012 08:58 3969

 

Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл және өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі.

Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен.

Күндердің күнінде басқарушының жанына жағымпаз және өзімшіл бір көмекші тағайындалыпты. Бірақ ол қала халқына мүлде жақсы қарамапты. Көңілінен шыққанға көмектесіп, көңілі қаламағанға көмектеспепті. Әрі ұнатпаған адамдарын басқарушыға жамандайды екен.

Уақыт өте келе қала тұрғындары оған ренішін білдіре бастапты. Халықтың басқарушыға деген көзқарасы да бұрынғыдай емес, өзгере бастапты. Халықтың бұл наразылығы падишахтың да құлағына жетіпті.

Падишах басқарушыны сол күнге дейін ешқашан көрмеген, бірақ жасаған істеріне қарай оны ұнатады екен. Сондықтан оны өз көзімен көрмей, сұрастырмай қызметінен шығарғысы келмепті.

Бір күні үстіндегі киімін ауыстырып, ақкөңіл басқарушының тұрып жатқан қаласына барыпты. Қонақүйде оны алдымен басқарушының жағымпаз көмекшісі қарсы алыпты. Үстіндегі киімін ауыстырған падишахты танымай, одан не қалайтынын ашуланып сұрапты. Падишах оған:

– Өте маңызды бір іс үшін ауыл ағасымен кездескім келеді, - деп жауап беріпті. Көмекші:

– Басқарушының құзырына келуге қалай ғана сенің батылың барады. Жылдам кет, бұл жерден - деп айқай салыпты. Падишах:

– Менің өте бір маңызды ісім бар. Міндетті түрде оны көруім керек, - деп аузын ашып жиғанша, жағымпаз қызметшілерді шақырып, падишахты қуып жібермекші болыпты. Сол кезде күңгірлеген дауысты естіген басқарушы не болып жатқанын сұрапты. Падишах:

– Құрметті басқарушы, сізбен көріскім келіп еді. Көмекшіңіз рұқсат бермеді, - депті. Басқарушы да падишахты танымайды екен, бірақ «Келіңіз, келіңіз» деп күлімсіреп жылы шырай танытып сәлемдесіпті. Сөзін өткізе алмаған көмекші бірден араға түсіп, басқарушыға: «Қымбатты басқарушым, мен бұл адамды жақсы танимын. Суайттың біреуі. Абайлаңыз онымен кездессеңіз басыңызға бәле келеді» - деп, падишахты кездеспеуге көндіріпті. Сосын оған:

– Басқарушының бір жұмысы бар. Сенімен кездеспейді, - депті.

Падишах сарайына ренжіп қайтыпты. Сол күні хабар жіберіп, басқарушы мен көмекшісін сарайға алдырыпты. Екеуі де падишахтың құзырына келіпті. Падишахтың алдында көмекшінің жерге иілгені соншалық, падишах біразға дейін оның жүзін көре алмапты. Бірақ басқарушы табалдырықтан аттай сала, падишахты танып, жүгіріп барып оның қолын сүйіп, кешірім сұрапты. Жағымпаз сол кезде ғана падишахтың бетіне қарап, істеген қателігін түсініп, падишахтың аяғына жығылып, кешіруін өтініпті. Бірақ падишах жағымпазды кешірмей, жұмыстан қуып жіберіпті. Ақкөңіл басқарушыға басқаның ығымен кетпей, өз көңілінің қалауынша әрекет етуін және шешім қабылдайтын кезде бірнеше кісінің ойын біліп, соған қарай шешім қабылдау керектігі жөнінде кеңес беріпті. Басқарушы падишахтың кеңестерін сол күннен бастап жүзеге асырып, қайтадан қала халқының сенімінен шығыпты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға