Жаңалықтар

Еуропа елдерінде ғылым мен білімнің дамуы

Еуропа елдерінде ғылым мен білімнің дамуы Географиялык ашулар тұсындағы Колумбпен Васко да Гаманың саяхаттарынан кейін, басқа теңізшілер де дүние жүзінің түкпір-түкпіріне қауіпті теңіз саяхаттарына шығуды тоқтатқан жоқ. XVII ғасырдың басында Австралия құрлығы ашылды. Орыс аңшылары Солтүстік Азияның зерттелмеген жерлеріне еніп, Тынық мұхит жағаларына шықты. Батыл саяхатшылар құрлықтың, теңіздер мен мұхиттардың көп бөлігін зерттеді. География ғылымы тамаша табысқа жетті. Ашық теңізде кеменің қай жерде жүргенін дұрыс анықтау үшін планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы білу керек болды. Дінбасылар Птолемейдің аспан шырағы эпицикл шеңберлерімен айналады, әрбір шеңбердің ортасы Жерді айналады, Жер қозғалмайды деген ілімін қуаттады. Бұл ілім Жер мен адамды Құдай жаратты, ол Күн мен планеталарды Жерді айналып жылжуға мәжбүр етті деген діни қиялға қайшы келмеді. Коперник Николай. Ғарыш әлемі жөніндегі діни көзқарастарға Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперник (1473-1543) күйрете соққы берді. Ол 1507 жылы Жер жәнә баска планеталар Күнді айналып жүреді деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдеді. «Аспанденелерінің айналысы туралы» атақты еңбегін жазды. Онда: «Жер жұмыр шарға ұқсас, сондықтан ол барлық жағынан өзінің ортасына тартылады. Солай бола түра, оның домалақтығы оның бетіндегі тауларының биіктігінен, аңғарларының тереңдігінен біліне бермейді. Бірақ бүтіндей алғанда ол оның домалактығына нұқсан келтіре алмайды. Теңізде жүзушілердің байқаулары бойынша, су кеңістігінің түрі де осындай, себебі Жер кемеден көрінбейді және керісінше, кеме діңгегінің (мачта) үстінде жанып тұрған от қашықтаған сайын жағада қалған сияқты болып көрінеді де, біртіндеп төмендей береді, ақырында батқан Күндей жоқ болады, - деп жазды. Коперник өзінің ашқан жаңалықтарын ұзақ уақыт жариялай алмады. Жаңа ілім оны шіркеудің қуғынына ұшыратып қана қоймай, жаппай кінәлауға және келемежге душар етуі мүмкін еді. Күн Жерді айналады дегенге бүкіл дүние жүзі сенетін. Тек Коперник елес ақиқатқа қайшы деп есептеді. Коперниктің ұзақ жылғы еңбегі - «Аспан денелерінің айналысы туралы» кітабының бір данасы ғана тек 1543 жылы ол қайтыс болған күні жарық көрді. Достары кітабының бірінші данасын қолына ұстатқан кезде ол өлім халінде жатыр еді. Коперниктің ашқан жаңалығының тарихи маңызы зор. Ол басқа планеталар және Күн Жерді айналады деген адасушылықтан құтқарып, ғылымда еркін ойлауға жол ашты. Католик шіркеуі бұл қағиданың адамдарға тигізетін ықпалынан шіркеу беделіне нұқсан келеді, беделін түсіріп, адамдардың қорқыныш сезімін азайтады деп қауіптеніп, оларды және оның жақтастарын қатты қудалап отырды. Осыған қарамастан Коперниктің ашқан жаңалықтары ғылымда бүтіндей төңкеріс жасады.  
05.12.2012 08:29 8871

Еуропа елдерінде ғылым мен білімнің дамуы
Географиялык ашулар тұсындағы Колумбпен Васко да Гаманың саяхаттарынан кейін, басқа теңізшілер де дүние жүзінің түкпір-түкпіріне қауіпті теңіз саяхаттарына шығуды тоқтатқан жоқ. XVII ғасырдың басында Австралия құрлығы ашылды. Орыс аңшылары Солтүстік Азияның зерттелмеген жерлеріне еніп, Тынық мұхит жағаларына шықты. Батыл саяхатшылар құрлықтың, теңіздер мен мұхиттардың көп бөлігін зерттеді. География ғылымы тамаша табысқа жетті.
Ашық теңізде кеменің қай жерде жүргенін дұрыс анықтау үшін планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы білу керек болды. Дінбасылар Птолемейдің аспан шырағы эпицикл шеңберлерімен айналады, әрбір шеңбердің ортасы Жерді айналады, Жер қозғалмайды деген ілімін қуаттады. Бұл ілім Жер мен адамды Құдай жаратты, ол Күн мен планеталарды Жерді айналып жылжуға мәжбүр етті деген діни қиялға қайшы келмеді.
Коперник Николай.
Ғарыш әлемі жөніндегі діни көзқарастарға Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперник (1473-1543) күйрете соққы берді. Ол 1507 жылы Жер жәнә баска планеталар Күнді айналып жүреді деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдеді. «Аспанденелерінің айналысы туралы» атақты еңбегін жазды. Онда: «Жер жұмыр шарға ұқсас, сондықтан ол барлық жағынан өзінің ортасына тартылады. Солай бола түра, оның домалақтығы оның бетіндегі тауларының биіктігінен, аңғарларының тереңдігінен біліне бермейді. Бірақ бүтіндей алғанда ол оның домалактығына нұқсан келтіре алмайды. Теңізде жүзушілердің байқаулары бойынша, су кеңістігінің түрі де осындай, себебі Жер кемеден көрінбейді және керісінше, кеме діңгегінің (мачта) үстінде жанып тұрған от қашықтаған сайын жағада қалған сияқты болып көрінеді де, біртіндеп төмендей береді, ақырында батқан Күндей жоқ болады, - деп жазды.
Коперник өзінің ашқан жаңалықтарын ұзақ уақыт жариялай алмады. Жаңа ілім оны шіркеудің қуғынына ұшыратып қана қоймай, жаппай кінәлауға және келемежге душар етуі мүмкін еді. Күн Жерді айналады дегенге бүкіл дүние жүзі сенетін. Тек Коперник елес ақиқатқа қайшы деп есептеді. Коперниктің ұзақ жылғы еңбегі - «Аспан денелерінің айналысы туралы» кітабының бір данасы ғана тек 1543 жылы ол қайтыс болған күні жарық көрді. Достары кітабының бірінші данасын қолына ұстатқан кезде ол өлім халінде жатыр еді.
Коперниктің ашқан жаңалығының тарихи маңызы зор. Ол басқа планеталар және Күн Жерді айналады деген адасушылықтан құтқарып, ғылымда еркін ойлауға жол ашты. Католик шіркеуі бұл қағиданың адамдарға тигізетін ықпалынан шіркеу беделіне нұқсан келеді, беделін түсіріп, адамдардың қорқыныш сезімін азайтады деп қауіптеніп, оларды және оның жақтастарын қатты қудалап отырды. Осыған қарамастан Коперниктің ашқан жаңалықтары ғылымда бүтіндей төңкеріс жасады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға