Жаңалықтар

Ой тұжырымы

  Ой тұжырымы – берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы. О. т. алғышарттар деп аталатын қорытуға негіз болатын пайымдардан және тұжырым деп аталатын алғышарттардан логик. жолмен шығарылатын жаңа пайымнан тұрады. Алғышарттардан тұжырымға логик. түрде өтуді қорыту дейді. О. т. – бұрыннан бар білімдерден жаңа білімдерді қорытып шығарудың логик. формасы. Мұндай білімдер қорытынды білімдер делінеді. Силлогизм деп аталатын ең қарапайым О. т. екі алғышарттан және тұжырымнан құралады. Алғышарттары екіден көп күрделі О. т-н силлогизмдер тізбегіне бөліп қарастыруға болады. Алғышарттардан тұжырымға логик. өту олардың арасындағы мазмұны бойынша байланысты қажет етеді. Ондай байланысы жоқ пайымдардан ой қорыту мүмкін емес. Пайымдау барысында жаңа ақиқат білім алу үшін екі шарт орындалуы тиіс: 1) алғышарттардың ақиқат болуы; 2) қорыту ережелерінің қатаң сақталуы. Сонда ғана О. т. ақиқат тұжырым береді және логик. жағынан дұрыс құрылған болады. Қорыту ережелерінің қатаңдығына орай О. т. демонстративті (қажетті) және демонстративті емес (шындыққа ұқсас) болып екіге бөлінеді. Демонстративті О. т. тұжырым алғышарттардан қорытылып шығатын, демонстративті емес О. т. тұжырымның алғышарттардан қорытылып шығуы ықтимал сипат алады. О. т. ой қозғалысының бағытына орай үшке бөлінеді: индуктивтік (жекеден жалпыға қарай), дедуктивтік (жалпыдан жекеге қарай) және аналогия бойынша (жекеден жекеге қарай). Берілген бір пайымды түрлендірудің арқасында іске асатын О. т. тікелей О. т. деп аталады. Олардың төрт түрі бар: айналдыру, ауыстыру, предикатқа қарсы қою, логик. квадрат бойынша О. т. Бұлардың әрқайсысының өз логик. қорыту ережелері бар. Бірнеше (екі және одан көп) пайымнан тұратын О. т. орағытылған деп аталады. Орағытылған О. т-ның ең кең тараған түріне қарапайым кесімді силлогизм жатады. Мұнда алғышарттар есебінде берілген екі кесімді пайымнан қорытылатын тұжырым да кесімді пайым болып шығады. Силлогизмнің құрамына кіретін ұғымдарды силлогизмнің терминдері деп атайды. Олар кіші, үлкен және орташа болып үшке бөлінеді. Кіші термин деп тұжырымның субъектісі болатын ұғым саналады, ал оны өзіне кіргізіп тұрған алғышарт кіші алғышарт делінеді; тұжырымның предикаты үлкен термин деп, ал оның өзінде тұтатын алғышарт үлкен алғышарт деп аталады; екі алғышартта да бар, бірақ тұжырымда жоқ ұғым орташа термин болады. Бұл терминдер ретіне қарай S (кішісі), P (үлкені) және M (орташасы) деген латын әріптерімен белгіленеді. Орташа термин шеткі екеуін байланыстырып, логик. қорытуға жол ашады, ол болмаса қорыту да мүмкін емес. Қарапайым кесімді силлогизмнің өз логик. (жалпы және айрықша) ережелері бар. Орташа терминнің алғышарттарда алатын орнына байланысты силлогизмнің фигуралар деп аталатын төрт түрі, өз ретінде әр фигураның 16 модусы болады. Барлығы 64 модустың тек 19-ын ғана дұрыс қорытумен аяқталады, яғни логик. ережелердің талабына сай келеді; бұлар дұрыс модустар деп аталады. Кесімді силлогизмдерден басқа күрделі О. т. да болады. Мыс., гипотет. О. т., т.б. М. Сәбит  
05.12.2012 08:20 20009

 

Ой тұжырымы – берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы. О. т. алғышарттар деп аталатын қорытуға негіз болатын пайымдардан және тұжырым деп аталатын алғышарттардан логик. жолмен шығарылатын жаңа пайымнан тұрады. Алғышарттардан тұжырымға логик. түрде өтуді қорыту дейді. О. т. – бұрыннан бар білімдерден жаңа білімдерді қорытып шығарудың логик. формасы. Мұндай білімдер қорытынды білімдер делінеді. Силлогизм деп аталатын ең қарапайым О. т. екі алғышарттан және тұжырымнан құралады. Алғышарттары екіден көп күрделі О. т-н силлогизмдер тізбегіне бөліп қарастыруға болады. Алғышарттардан тұжырымға логик. өту олардың арасындағы мазмұны бойынша байланысты қажет етеді. Ондай байланысы жоқ пайымдардан ой қорыту мүмкін емес. Пайымдау барысында жаңа ақиқат білім алу үшін екі шарт орындалуы тиіс: 1) алғышарттардың ақиқат болуы; 2) қорыту ережелерінің қатаң сақталуы. Сонда ғана О. т. ақиқат тұжырым береді және логик. жағынан дұрыс құрылған болады. Қорыту ережелерінің қатаңдығына орай О. т. демонстративті (қажетті) және демонстративті емес (шындыққа ұқсас) болып екіге бөлінеді. Демонстративті О. т. тұжырым алғышарттардан қорытылып шығатын, демонстративті емес О. т. тұжырымның алғышарттардан қорытылып шығуы ықтимал сипат алады. О. т. ой қозғалысының бағытына орай үшке бөлінеді: индуктивтік (жекеден жалпыға қарай), дедуктивтік (жалпыдан жекеге қарай) және аналогия бойынша (жекеден жекеге қарай). Берілген бір пайымды түрлендірудің арқасында іске асатын О. т. тікелей О. т. деп аталады. Олардың төрт түрі бар: айналдыру, ауыстыру, предикатқа қарсы қою, логик. квадрат бойынша О. т. Бұлардың әрқайсысының өз логик. қорыту ережелері бар. Бірнеше (екі және одан көп) пайымнан тұратын О. т. орағытылған деп аталады. Орағытылған О. т-ның ең кең тараған түріне қарапайым кесімді силлогизм жатады. Мұнда алғышарттар есебінде берілген екі кесімді пайымнан қорытылатын тұжырым да кесімді пайым болып шығады. Силлогизмнің құрамына кіретін ұғымдарды силлогизмнің терминдері деп атайды. Олар кіші, үлкен және орташа болып үшке бөлінеді. Кіші термин деп тұжырымның субъектісі болатын ұғым саналады, ал оны өзіне кіргізіп тұрған алғышарт кіші алғышарт делінеді; тұжырымның предикаты үлкен термин деп, ал оның өзінде тұтатын алғышарт үлкен алғышарт деп аталады; екі алғышартта да бар, бірақ тұжырымда жоқ ұғым орташа термин болады. Бұл терминдер ретіне қарай S (кішісі), P (үлкені) және M (орташасы) деген латын әріптерімен белгіленеді. Орташа термин шеткі екеуін байланыстырып, логик. қорытуға жол ашады, ол болмаса қорыту да мүмкін емес. Қарапайым кесімді силлогизмнің өз логик. (жалпы және айрықша) ережелері бар. Орташа терминнің алғышарттарда алатын орнына байланысты силлогизмнің фигуралар деп аталатын төрт түрі, өз ретінде әр фигураның 16 модусы болады. Барлығы 64 модустың тек 19-ын ғана дұрыс қорытумен аяқталады, яғни логик. ережелердің талабына сай келеді; бұлар дұрыс модустар деп аталады. Кесімді силлогизмдерден басқа күрделі О. т. да болады. Мыс., гипотет. О. т., т.б.

М. Сәбит

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға