Жаңалықтар

Ақпарат жайлы ұғым

  Ақпарат–– істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің   қызметі туралы хабарлау,мәлімет беру. Ақпарат билігі–ақпарат  құралдарының қоғамда атқаратын рөлі. Ақпарат құралдары хабарларды  халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар   жүргізуге және т.с.с. мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда   тұрақтылық,  ынтымақтастық  ахуал   орнығады   немесе   тұрақсыз   жағдай   қалыптасады.Ақпарат  құралдарының   адамдарға  тигізетін  ықпалын  ескере  келе,әдетте,оны   заң  шығарушы,атқарушы,сот  билігімен   қатар  қойып, «төртінші  өкімет»  деп  те  атайды.Ақпарат  құралдары –– кең  мағынасында: бұған  жұртышылыққа хабар тарататын құралдардың  бәрі ––  газет,журнал.телевизия  және  радио,ғылыми  хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер,ғылыми жинақтар,жарнамалық  мәтіндер,таблоидтар  жатады.Қалыптасқан  мағынасында:  мерзімді  баспасөз,  телевизия  мен  радио,ақпарат  агенттіктері,әр  түрлі   байланыс  жүйелері  енеді.Баспасөз,телевизия  және  радио   тек  ақпарат  тарататын  құрал  ғана  емес,олар  көпшілікке  ұсынылатын материалдарын  түсіндіреді,бұл  материалдарына  көркемдік  түр  мен  сипат  береді,сол  арқылы  көрерменнің, тыңдарманның  эстетикалық  сұранысын  өтейді.Ақпарат  құралдары  –– мемлекеттік  тәуелсіздігінің  саяси-эконмикалық  және ғылыми-технологиялық  дербестігімен  пара-пар  басты   белгілерінің  (атрибуттарының) бірі.Ақпарат  саясаты –– мемлекеттік  органдардың  қоғамдағы  ақпараттар  желісін   дамытуға  бағытталған  ретеушілік   қызметі.Бұл  тек  телекоммуникацияларды, ақпараттық  жүйелерді немесе  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  ғана  емес,барлық  түрдегі  ––  іскерлік,  бәзілдік, ғылыми-танымдық,хабарламалық, т.б. сипаттағы  ақпараттарды  жасауға,сақтауға    өңдеуге,көрсетуге,таратуға  байланысты  өндірістік  үрдістер  мен  қарым-қатынастардың  бүкіл  жиынтығын  қамтиды.   Баспасөз,радио,телевидениенің  негізгі  міндеті –– жалпы  информацияны  жинап,өңдеп,халықа   ұсыну.Ал  жалпы «Бұқаралық  ақпарат  құралдары»  деген  атаудың  өзі  мына  жайларды  білдіреді.  1.Бұқараға  бағыт  немесе арнау.Яғни  барлық  ақпарат  мәселелері  қоғамға,халыққа,көпшіліктің  аудиториясына  арналмақ,олармен  тікелей  байланыс  орнатылмақ.  2.Бүкіл  ақпарат  көпшіліктің  сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын  қанағаттандыру  үшін  берілмек.  3.Қоғамдық  істерге  байланысты   әрі  халық  күткен  мәселелерге  белменді  позиция  ұстап,соған  жұртты  жұмылдыруға  атсалысу  болмақ.  4.Көпшіліктің  пайдалануына  ақпараттың  тиімді, қолайлы  әрі  арзан  болуын  қарастыру.Жұрт  ақпарты  қиналмай  қабылдайтындай  болу  керек.  5.Жұртшылықтың  бәрі  бірдей  және  тұрақты  түрде  ақпарат  хабарларды  алып  отыруға  мүмкіндік  туғызу.  6.Қажет  еткен  жағдайда  әркімнің  ақпарат  орынданына   қатысуына  жол  ашу.     Радио  және  телехабар  таратудың  сан  қырлы  міндеттерін  ғалымдар  бірнеше  топқп  бөледі:   1.Ақпараттық:тыңдарманды,көрерменді  ақпаратпен  құлақтандыру  міндеті.Бұған  жарнаманы  да  қосамыз.  2.Қоғамды  әлеуметтік  топтастыру  міндеті:интеграциялық  міндет,қоғамдық   пікірді  жеткізу   мен  қалыптастыру,  қарым-қатынас, тәрбие,  үгіт-насихаттық  және  ұйымдастырушылық  функциялары.  3.Мәдени-ағартушылық  міндеттері:эстетикалық,ағартушылық  және  демалдыру ––  ойын-сауықтық  функциялары.    Радио  үйі –– радиохабарлардың  дыбыс   жазудан  бастап  эфирге  шығуына  дейінгі  процестер  жүзеге  сауға  арналған,арнайы  құрал-жабдықтармен  жарақаттандырылған  ғимарат.  Ал  радиохабар дегеніміз  дыбыстық  информациялар  жиынтығы.Осы  дыбыстық  информациялардың  сан  алуан  түрлерін  әуе  толқынына  дайындап,тарататын  қызметкерлер  радиоүйінде   еңбек  етеді.Сондай  дыбыстық  информациялардың  түрлері   төмендегідей:     Хабар––бір  тақырыпқа  бағытталған  ақпарат. Ақпаратқа  сөз  ған  емес,музыка  да  жатады. Бағдарлама ––  бір  арнаға, тақырыпқа   арналған  хабарлар жиынтығы. 1.Сөдік  хабарға  лекция,  баяндама,дикторлық  сөз ,  көркем оқу, репортаж, комментарий жатады. 2.Вокалды аспапты   музыкалар. 3.Аралас  хабарлар.Әдеби-драмалық  хабарлар,яғни сөз  де ,музыка  да  аралас. Осы аталған дыбыстық, эффектілер  жиынтығы арнайы студияларда жасалады. Радио күйінде жүзеге  асырылатын  процестер–магниттік дыбыс жазу, монтаж жазылған  дыбыстың  естілуін, яки қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық  пункттерден  жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау топ  қызмет етеді, сонымен бірге  жалпы  қызмет  көрсетушілер  тобы  да  бар. Ақпарат жинақты баяндау формасы, тұжырымды сөз- сөйлемдер арқылы мемлекеттің іші және сыртындағы болып жатқан хабарлық құны бар, көпшілік білгісі келетін, бірақ әлі хабар таппаған істерді дер кезінде хабарлап отырады. Дәстүрлі ақпараттық көзқарастың ұғымы бойынша кемелді бір ақпарат мынадай бес факторды дайындаған болуы керек. Яғни қайсы уақыт, қайсы орын, қандай адам, қандай оқиға, қандай себеп екендігі айтылуы шарт болып есептеледі де, мұны ағылшын тілінде «бес W" ( When, Where, Who, What, why) деп атайды. Бірақ қазіргі кезде көптеген ақпарат қызметкерлері немесе ақпарат зерттеушілер "Ақпараттық жазбада "қашан, қай жерде, қандай оқиға" сынды үш фактор кем болмауы керек. Ал қандай адам, нендей себеп сынды факторлар кейбір шағын хабарларда айтылмай қалса да, ол хабардың кемелді болуына кері әсерін тигізбейді", - деп есептейді. Ақпараттың ең басты шарты, ол - шын болуы керек.  Анығырақ айтатын болсақ, хабарды құрайтын бес түрлі фактор - уақыт, орын, адам, оқиға секілділер түгелдей шын болуы, бейнеленген оқиғаның туылу себебі, даму барысы, оқиға туылған орта, шарт-жағдай, сондай-ақ ең соңында шығарылатын қортынды түгелдей қаз-қалпында, нақтылы болуы керек. Оларды асырып  айтуға немес орынсыз қысқартуға мүлде болмайды. Ондағы пайдаланылған материал, санды мәліметтер, тарихи фактілер мүлтіксіз анық болуы шарт. Оның сыртында әрқандай ақпараттық хабарлардың тез, дер кезінде болуы, шын және сенімді болуы, жаңа да жанды болуы, қысқа да нұсқа болуы талап етіледі. Ақпараттық хабарлардың оқырманы, тыңдаушысы өте көп болғандықтан, олардың мәдениеттік қабілеті біркелкі болмайды. Сондықтан олардың түсінуіне қолайлы болу үшін хабардың мазмұны айқын, формасы ықшам, сөз-сөйлемдері тиянақты, ұғымды болуы керек.  
05.12.2012 08:16 14493

 

Ақпарат–– істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің   қызметі туралы хабарлау,мәлімет беру. Ақпарат билігі–ақпарат  құралдарының қоғамда атқаратын рөлі. Ақпарат құралдары хабарларды  халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар   жүргізуге және т.с.с. мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда   тұрақтылық,  ынтымақтастық  ахуал   орнығады   немесе   тұрақсыз   жағдай   қалыптасады.Ақпарат  құралдарының   адамдарға  тигізетін  ықпалын  ескере  келе,әдетте,оны   заң  шығарушы,атқарушы,сот  билігімен   қатар  қойып, «төртінші  өкімет»  деп  те  атайды.Ақпарат  құралдары –– кең  мағынасында: бұған  жұртышылыққа хабар тарататын құралдардың  бәрі ––  газет,журнал.телевизия  және  радио,ғылыми  хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер,ғылыми жинақтар,жарнамалық  мәтіндер,таблоидтар  жатады.Қалыптасқан  мағынасында:  мерзімді  баспасөз,  телевизия  мен  радио,ақпарат  агенттіктері,әр  түрлі   байланыс  жүйелері  енеді.Баспасөз,телевизия  және  радио   тек  ақпарат  тарататын  құрал  ғана  емес,олар  көпшілікке  ұсынылатын материалдарын  түсіндіреді,бұл  материалдарына  көркемдік  түр  мен  сипат  береді,сол  арқылы  көрерменнің, тыңдарманның  эстетикалық  сұранысын  өтейді.Ақпарат  құралдары  –– мемлекеттік  тәуелсіздігінің  саяси-эконмикалық  және ғылыми-технологиялық  дербестігімен  пара-пар  басты   белгілерінің  (атрибуттарының) бірі.Ақпарат  саясаты –– мемлекеттік  органдардың  қоғамдағы  ақпараттар  желісін   дамытуға  бағытталған  ретеушілік   қызметі.Бұл  тек  телекоммуникацияларды, ақпараттық  жүйелерді немесе  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  ғана  емес,барлық  түрдегі  ––  іскерлік,  бәзілдік, ғылыми-танымдық,хабарламалық, т.б. сипаттағы  ақпараттарды  жасауға,сақтауға    өңдеуге,көрсетуге,таратуға  байланысты  өндірістік  үрдістер  мен  қарым-қатынастардың  бүкіл  жиынтығын  қамтиды.

  Баспасөз,радио,телевидениенің  негізгі  міндеті –– жалпы  информацияны  жинап,өңдеп,халықа   ұсыну.Ал  жалпы «Бұқаралық  ақпарат  құралдары»  деген  атаудың  өзі  мына  жайларды  білдіреді.

 1.Бұқараға  бағыт  немесе арнау.Яғни  барлық  ақпарат  мәселелері  қоғамға,халыққа,көпшіліктің  аудиториясына  арналмақ,олармен  тікелей  байланыс  орнатылмақ.

 2.Бүкіл  ақпарат  көпшіліктің  сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын  қанағаттандыру  үшін  берілмек.

 3.Қоғамдық  істерге  байланысты   әрі  халық  күткен  мәселелерге  белменді  позиция  ұстап,соған  жұртты  жұмылдыруға  атсалысу  болмақ.

 4.Көпшіліктің  пайдалануына  ақпараттың  тиімді, қолайлы  әрі  арзан  болуын  қарастыру.Жұрт  ақпарты  қиналмай  қабылдайтындай  болу  керек.

 5.Жұртшылықтың  бәрі  бірдей  және  тұрақты  түрде  ақпарат  хабарларды  алып  отыруға  мүмкіндік  туғызу.

 6.Қажет  еткен  жағдайда  әркімнің  ақпарат  орынданына   қатысуына  жол  ашу.

 

  Радио  және  телехабар  таратудың  сан  қырлы  міндеттерін  ғалымдар  бірнеше  топқп  бөледі:

  1.Ақпараттық:тыңдарманды,көрерменді  ақпаратпен  құлақтандыру  міндеті.Бұған  жарнаманы  да  қосамыз.

 2.Қоғамды  әлеуметтік  топтастыру  міндеті:интеграциялық  міндет,қоғамдық   пікірді  жеткізу   мен  қалыптастыру,  қарым-қатынас, тәрбие,  үгіт-насихаттық  және  ұйымдастырушылық  функциялары.

 3.Мәдени-ағартушылық  міндеттері:эстетикалық,ағартушылық  және  демалдыру ––  ойын-сауықтық  функциялары.

 

 Радио  үйі –– радиохабарлардың  дыбыс   жазудан  бастап  эфирге  шығуына  дейінгі  процестер  жүзеге  сауға  арналған,арнайы  құрал-жабдықтармен  жарақаттандырылған  ғимарат.

 Ал  радиохабар дегеніміз  дыбыстық  информациялар  жиынтығы.Осы  дыбыстық  информациялардың  сан  алуан  түрлерін  әуе  толқынына  дайындап,тарататын  қызметкерлер  радиоүйінде   еңбек  етеді.Сондай  дыбыстық  информациялардың  түрлері   төмендегідей:

    Хабар––бір  тақырыпқа  бағытталған  ақпарат. Ақпаратқа  сөз  ған  емес,музыка  да  жатады. Бағдарлама ––  бір  арнаға, тақырыпқа   арналған  хабарлар жиынтығы.

1.Сөдік  хабарға  лекция,  баяндама,дикторлық  сөз ,  көркем оқу, репортаж, комментарий жатады.

2.Вокалды аспапты   музыкалар. 3.Аралас  хабарлар.Әдеби-драмалық  хабарлар,яғни сөз  де ,музыка  да  аралас. Осы аталған дыбыстық, эффектілер  жиынтығы арнайы студияларда жасалады. Радио күйінде жүзеге  асырылатын  процестер–магниттік дыбыс жазу, монтаж жазылған  дыбыстың  естілуін, яки қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық  пункттерден  жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау топ  қызмет етеді, сонымен бірге  жалпы  қызмет  көрсетушілер  тобы  да  бар.

Ақпарат жинақты баяндау формасы, тұжырымды сөз- сөйлемдер арқылы мемлекеттің іші және сыртындағы болып жатқан хабарлық құны бар, көпшілік білгісі келетін, бірақ әлі хабар таппаған істерді дер кезінде хабарлап отырады.

Дәстүрлі ақпараттық көзқарастың ұғымы бойынша кемелді бір ақпарат мынадай бес факторды дайындаған болуы керек. Яғни қайсы уақыт, қайсы орын, қандай адам, қандай оқиға, қандай себеп екендігі айтылуы шарт болып есептеледі де, мұны ағылшын тілінде «бес W" ( When, Where, Who, What, why) деп атайды. Бірақ қазіргі кезде көптеген ақпарат қызметкерлері немесе ақпарат зерттеушілер "Ақпараттық жазбада "қашан, қай жерде, қандай оқиға" сынды үш фактор кем болмауы керек. Ал қандай адам, нендей себеп сынды факторлар кейбір шағын хабарларда айтылмай қалса да, ол хабардың кемелді болуына кері әсерін тигізбейді", - деп есептейді.

Ақпараттың ең басты шарты, ол - шын болуы керек.  Анығырақ айтатын болсақ, хабарды құрайтын бес түрлі фактор - уақыт, орын, адам, оқиға секілділер түгелдей шын болуы, бейнеленген оқиғаның туылу себебі, даму барысы, оқиға туылған орта, шарт-жағдай, сондай-ақ ең соңында шығарылатын қортынды түгелдей қаз-қалпында, нақтылы болуы керек. Оларды асырып  айтуға немес орынсыз қысқартуға мүлде болмайды. Ондағы пайдаланылған материал, санды мәліметтер, тарихи фактілер мүлтіксіз анық болуы шарт. Оның сыртында әрқандай ақпараттық хабарлардың тез, дер кезінде болуы, шын және сенімді болуы, жаңа да жанды болуы, қысқа да нұсқа болуы талап етіледі.

Ақпараттық хабарлардың оқырманы, тыңдаушысы өте көп болғандықтан, олардың мәдениеттік қабілеті біркелкі болмайды. Сондықтан олардың түсінуіне қолайлы болу үшін хабардың мазмұны айқын, формасы ықшам, сөз-сөйлемдері тиянақты, ұғымды болуы керек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға