Жаңалықтар

Схоластика

Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді. Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал. Универсалия Схоластиканың пайда болуынан бастап, бүкіл орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында универсалиялар туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша “универсалис” дегеніміз – “жалпы”, “бәріне ортақ” деген мағына береді. Дау “универсалия қалай өмір сүреді?” деген сұрақ төңірегінде болды. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шықты. Біріншілері “универсалия шын мәнінде өмір сүреді” деп санады, сондықтан олар “реалистер” деп аталды. Екіншілері “объективті шындықта “жалпылық” жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді” деген қорытынды жасады. “Универсалияның орны – тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Универсалия ол – зат емес, ол – атау”. Бұл топ “номиналистер” деп аталды. Реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі – концептуализм. Концептуализмнің өкілдері “универсалия” өздігінен өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес, жеке құбылыстар да жалпыға тән нәрсе, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша “ұғым” – “концептус”), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі деп білді. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі – П.Абеляр. Схоластиканың айрықша танымал өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді. Қорытынды Схоластикалық ойлау әрдайым дедукция жолымен жүреді, индукцияны пайдаланбайды; оның негізгі формасы – силлогизм. Жалпы алғанда схоластика тексті талдау, мазмұндау формасындағы философия. Ол жаңадәуірлік ақиқатты тәжірибенің көмегімен ашуға тырысқан ғылымға қарама-қайшы келеді.  
05.12.2012 08:14 28721

Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.

Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.
Универсалия
Схоластиканың пайда болуынан бастап, бүкіл орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында универсалиялар туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша “универсалис” дегеніміз – “жалпы”, “бәріне ортақ” деген мағына береді. Дау “универсалия қалай өмір сүреді?” деген сұрақ төңірегінде болды. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шықты. Біріншілері “универсалия шын мәнінде өмір сүреді” деп санады, сондықтан олар “реалистер” деп аталды. Екіншілері “объективті шындықта “жалпылық” жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді” деген қорытынды жасады. “Универсалияның орны – тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Универсалия ол – зат емес, ол – атау”. Бұл топ “номиналистер” деп аталды. Реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі – концептуализм. Концептуализмнің өкілдері “универсалия” өздігінен өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес, жеке құбылыстар да жалпыға тән нәрсе, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша “ұғым” – “концептус”), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі деп білді. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі – П.Абеляр. Схоластиканың айрықша танымал өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді.
Қорытынды
Схоластикалық ойлау әрдайым дедукция жолымен жүреді, индукцияны пайдаланбайды; оның негізгі формасы – силлогизм. Жалпы алғанда схоластика тексті талдау, мазмұндау формасындағы философия. Ол жаңадәуірлік ақиқатты тәжірибенің көмегімен ашуға тырысқан ғылымға қарама-қайшы келеді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға