Жаңалықтар

"Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже"

  "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" - 1891 жылғы 25 наурызда Ресей императоры III Александр кол қойған құжат.  Ол Ресей империясының дәстүрлі қазақ қоғамына әкімшілік-сот реформасын енгізуін аяқтап, өлкеге тұтастай саяси өктемдігін орнатуын, экономикалық тұрмысын шексіз билеп-төстеуін заңдастырды. "Ережеге" сәйкес Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығымен қатар тағы бір әкімшілік бөлік — Дала генерал-губернаторлығы құрынып, орталығы — Омбы қаласы болды. Құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу облыстары кірді. Ген.-губернаторға шектеусіз билік берілді. Жергілікті халықты басқарудың сайланбалы негізі қағаз бетінде қалды. 1с жүзінде патша әкімшілігінің басшылары болыстар мен ауылнайларды сайлау өткізбей-ақ тағайындады, ал сайлаған жергілікті шенеуніктерді әскери губернатор бекітуге тиіс болды; ол жаңадан сайлау өткізу құқын иеленді. Ереже бойынша бір бо¬лыс шетіндегі, көршілес рулар арасындағы жер дауы, жесір дауын — болыстық съезд, ал түтін иелері (жеке адамдар) арасындағы дауларды ауыл басқарма¬сы талқылады. Болыстар мен ауылнайлар шешуші рөл атқарды. Осыған байланысты ел ішіне жік түсіп, 3 жылға сайланатын болыстық пен ауылнайлыққа әр ру өз адамын өткізуге жанталасты. Қалыптасқан моральдық-құқықтық принциптер бұрмаланып, мансапқорлық, парақорлық, озбырлық жайлады. Сот төрелігі саласы да өзгертілді. Билер сотының орнына сайланбалы халықтық судьялар билігі пайда болды. Бұл әдет нормаларының, шариғат сотының қағидаларын бұзып, дәстүрлі әділеттік сезімнің тілін үзді. Қазақстанның терр.-әкімшілік құрылымдарындағы және алеуметтік-экономикалық даму бағытындағы өзгерістер империяның отаршылдық мүдделерін қорғайтын жаңа салық жүйесінің қабылдануына жол ашты. Отырықшылдық тұрмыс кешіп, егіншілікпен айналысатын мұғажырларға (казак-орыстарға, орыс шаруаларына) қарағанда ауа райының амалына тәуелді, кіріптар қазақ шаруалары салық төлеушілердің негізгі бөлігін: 1880 ж. — 90,5%, ал 1897 ж. 82,0% құрады. Жетісу және Сырдария облыс тұрғындарынан — 2 сом 75 тиын, далалық төрт облыс тұрғындарынан 3 сом мөлшерінде алынатын түтін алымы мемлекеттік салықтың бір түрі ретінде жүрді. Ішкі (Бөкей) Ордада салық салудың айрықша түрі қолданылды. Бұрынғы "зекет", "соғым" алымдарына ақшалай төлем — мал басына салық салу енгізілді. Арнаулы низамдарда салық жинаудың пропорционалдық жүйесі басым сипат алды да, ең қарапайымы, әр қилы әлеуметтік топтардың материалдық әл-ауқатын есепке алу жағы ескерілмеді. "Ереже" жер пайдалану ісінде қазақтардың мүдделерін аяқ асты етті. Оның 119-бабындағы "Көшпелілер жайлаған жерлер мен осы жер аумағындағылардың барлығы, соның ішінде, ормандар мемлекеттік меншік болын танылады" деген жолдар көптеген әділетсіздіктерге жол ашты. Жерге орналастыру барысында патша әкімшілігі малшы қазақтарға топырағы құнарсыз, шөл, шөлейтті жерлерді ғана берді. Сондықтан олар өздерінің иелігіндегі жайылымдар мен шабындықтарды казак-орыстардан кіреге (жалға) алуға мәжбүр болды; станица атамандары мұндай кіріптарлықты асыра пайдаланып, өрісі тарылған қазақ шаруаларын тікелей тонауға — негізсіз алым-салықтар салуға көшті. Олардың озбырлық әрекеттерін казак-орыс басқармалары қолдап отырды, ал қазақтардың занды талап-шағымдарын қаперге алған жоқаласы Тұтастай алғанда, 1891 ж. 25 наурызындағы Ереже — Ресей патшалығының қазақ өлкесін отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған, байырғы тұрғын халықтың дәстүрлі әлеуметтік-экономикалық тұрмысына нұқсан келтіре отырып, құқықтық санасын, рухани аңсарын езгіге түсірген ресми акт болды.  
05.12.2012 08:12 6302

 

"Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" - 1891 жылғы 25 наурызда Ресей императоры III Александр кол қойған құжат. 
Ол Ресей империясының дәстүрлі қазақ қоғамына әкімшілік-сот реформасын енгізуін аяқтап, өлкеге тұтастай саяси өктемдігін орнатуын, экономикалық тұрмысын шексіз билеп-төстеуін заңдастырды. "Ережеге" сәйкес Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығымен қатар тағы бір әкімшілік бөлік — Дала генерал-губернаторлығы құрынып, орталығы — Омбы қаласы болды. Құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу облыстары кірді. Ген.-губернаторға шектеусіз билік берілді.
Жергілікті халықты басқарудың сайланбалы негізі қағаз бетінде қалды. 1с жүзінде патша әкімшілігінің басшылары болыстар мен ауылнайларды сайлау өткізбей-ақ тағайындады, ал сайлаған жергілікті шенеуніктерді әскери губернатор бекітуге тиіс болды; ол жаңадан сайлау өткізу құқын иеленді. Ереже бойынша бір бо¬лыс шетіндегі, көршілес рулар арасындағы жер дауы, жесір дауын — болыстық съезд, ал түтін иелері (жеке адамдар) арасындағы дауларды ауыл басқарма¬сы талқылады. Болыстар мен ауылнайлар шешуші рөл атқарды. Осыған байланысты ел ішіне жік түсіп, 3 жылға сайланатын болыстық пен ауылнайлыққа әр ру өз адамын өткізуге жанталасты. Қалыптасқан моральдық-құқықтық принциптер бұрмаланып, мансапқорлық, парақорлық, озбырлық жайлады. Сот төрелігі саласы да өзгертілді. Билер сотының орнына сайланбалы халықтық судьялар билігі пайда болды. Бұл әдет нормаларының, шариғат сотының қағидаларын бұзып, дәстүрлі әділеттік сезімнің тілін үзді.
Қазақстанның терр.-әкімшілік құрылымдарындағы және алеуметтік-экономикалық даму бағытындағы өзгерістер империяның отаршылдық мүдделерін қорғайтын жаңа салық жүйесінің қабылдануына жол ашты. Отырықшылдық тұрмыс кешіп, егіншілікпен айналысатын мұғажырларға (казак-орыстарға, орыс шаруаларына) қарағанда ауа райының амалына тәуелді, кіріптар қазақ шаруалары салық төлеушілердің негізгі бөлігін: 1880 ж. — 90,5%, ал 1897 ж. 82,0% құрады. Жетісу және Сырдария облыс тұрғындарынан — 2 сом 75 тиын, далалық төрт облыс тұрғындарынан 3 сом мөлшерінде алынатын түтін алымы мемлекеттік салықтың бір түрі ретінде жүрді. Ішкі (Бөкей) Ордада салық салудың айрықша түрі қолданылды. Бұрынғы "зекет", "соғым" алымдарына ақшалай төлем — мал басына салық салу енгізілді. Арнаулы низамдарда салық жинаудың пропорционалдық жүйесі басым сипат алды да, ең қарапайымы, әр қилы әлеуметтік топтардың материалдық әл-ауқатын есепке алу жағы ескерілмеді. "Ереже" жер пайдалану ісінде қазақтардың мүдделерін аяқ асты етті. Оның 119-бабындағы "Көшпелілер жайлаған жерлер мен осы жер аумағындағылардың барлығы, соның ішінде, ормандар мемлекеттік меншік болын танылады" деген жолдар көптеген әділетсіздіктерге жол ашты. Жерге орналастыру барысында патша әкімшілігі малшы қазақтарға топырағы құнарсыз, шөл, шөлейтті жерлерді ғана берді. Сондықтан олар өздерінің иелігіндегі жайылымдар мен шабындықтарды казак-орыстардан кіреге (жалға) алуға мәжбүр болды; станица атамандары мұндай кіріптарлықты асыра пайдаланып, өрісі тарылған қазақ шаруаларын тікелей тонауға — негізсіз алым-салықтар салуға көшті. Олардың озбырлық әрекеттерін казак-орыс басқармалары қолдап отырды, ал қазақтардың занды талап-шағымдарын қаперге алған жоқаласы Тұтастай алғанда, 1891 ж. 25 наурызындағы Ереже — Ресей патшалығының қазақ өлкесін отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған, байырғы тұрғын халықтың дәстүрлі әлеуметтік-экономикалық тұрмысына нұқсан келтіре отырып, құқықтық санасын, рухани аңсарын езгіге түсірген ресми акт болды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға